"Қыз Жібек" жыры және оның поэтикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 21:03, дипломная работа

Краткое описание

Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .

Содержание

І. Кіріспе (лиро-эпостық жыр және поэтика туралы түсінік)

ІІ. Негізгі бөлім:
І тарау «Қыз Жібек» жырының даму және қалыптасу тарихы.
1.1. «Қыз Жібек» жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.
1.2. «Қыз Жібек» жырының зерттелу тарихы

ІІ тарау «Қыз Жібек» жырының поэтикасы
2.1. «Қыз Жібек» жырында қолданылған көркемдегіш-бейнелегіш
тәсілдер.
2.2. «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-«ҚЫЗ-ЖІБЕК»-ЖЫРЫ-ЖӘНЕ-ОНЫҢ-ПОЭТИКАСЫ.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

Болмапты Бекежанның көңіл шаты.

Бұдан Бекежанның  Арғын  емес, Шекті, оның ішінде Қабақ руынан екені белгілі. Енді Қабақты тікелей таратсақ – Шектіден Өріс, одан Бөлек, одан Айт, одан Қабақ туады. Бекежанның әйелі Салиха деп отырғаны – башқұрт халқының Естек жұртындағы Құрамыс байдың қызы.  Сегіздің шежіресінде «Бекежан 1667 жылы туып, 1730 жылы қайтыс болған» деп жазылған. Сонда жоғарыдағы жыр жолдарына қарағанда «Қыз Жібек» оқиғасы 1692-1694 жылдар шамасында болған.

Бекежаннан Байрақ, Қайрақ, Тайлақ деген үш ұл және Нұргүл есімді қыз туады.

Қожаберген жыраудың «Елім-ай» атты жырында «Ақтабан – шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманындағы Бекежан балалары туралы, олардың кімнен шыққаны, қандай болғаны былайша суреттеледі:

Қатысты Кіші Жүзден Тайлақ мерген,

Сулатты көздегенін атқан  жерден.

Бір мерген Саңырақ атты жараланды

Екеуі де Кіші жүзде Шекті  екен,

Қалмаққа әуел баста  кекті екен.

Ағасы Тайлақ мерген Байрақ, Қайрақ

Олар да жүрек жұтқан бетті екен.

Баласы Бекежанның мерген Тайлақ

Садақпен Жүз  қалмақты атты байлап

Ағасы оның Қайрақ ғаскер жинап

Дұшпанға қарсы аттанды  қару сайлап.

Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітабы жайлы әркім әртүрлі пікір айтып жүр. Бірақ осы кітаптың 260-261 беттерінде мынадай жолдар бар: «Кіші Жүз Шекті батырлары – Қабақ ұрпақтары – Байрақ, Қайрақ, Тайлақ – үшеуі осы Далатаудағы  соғыста үш рулы елдің ұрысын жүргізеді. Мен осылай дегенімде, Бөгембей да құптап жауап береді.» Яғни, Сегіз серінің де, Қожаберген жыраудың да, Қазыбек бектің де Бекежан мен оның балаларының кім және қай жерден шыққандығы жөнінде пікірлері бір жерге тоғысып отыр.

С.Қарамендин жоғарыда аты  аталған мақаласында былай дейді: «Шежіре деректеріне қарағанда, Бекежанның әкесі Айбектің туған ағасы Қарабас байдан бірнеше ұл туып, олардан ұрпақ көп тарап, өсіп өнген. Қарабас кейін рулы елге айналған. Бұл да айна-қатесіз дәлелді пікір. Өйткені, Қарабас Қабақтың шөбересі. Оның Мәмбеталы, Жамалы, Жапақ, Тінәлі, Үмбеталы, Досалы, Өтеулі деген балалары болған. Жоғарыда аттары аталған, Арыстан Тінәліден, Көтібар Жапақтан тарайды. Ал Бекежанның әкесі Айбек Қалдыбай, Жолдыбай, Қайыпберді, Шіңірдің балаларының бірі болуы мүмкін. Өйткені бұлар Қарабастың әкесі Пұсырманмен бірге туған. Бірақ бұлардан ұрпақ аз тараған.

Әлімсақтан бойымызға  сіңіп, халықтың Бекежанға деген  жиіркенішті қарғысына ұшыратқан  жайт-оның Төлегенді жауыздықпен  өлтіруі. Бірақ дастанның Сегіз  сері нұсқасына Төлегенді өлтірген Бекежан емес, сол Бекежанды паналап жүрген қарақшы қожа Кескентерек екендігі айтылған.

Бас болған елдің бұзық наданына,

Мәз болған айласы мен  амалына,

Қожадан жол тонаушы  сотқар шыққан

Бекежан Айбекұлы заманында.

Есімі тонаушының Кескентерек,

Тыңдамай ата-анасын жүрген бөлек,

Ұрлыққа бала кезден әуес болған,

Қан төккіш, мейірімсіз қара жүрек.

Әрине, дастан ұзақ уақыт  бойы қолдан-қолға, ауыздан-ауызға көшіп  жүргендіктен, түрлі өзгеріске ұшырауы  әбден мүмкін. Біреулер оқиғаны бұрмалап, жанынан қосуы да ықтимал. Себебі, бұл кезде яғни, Бекежан жиырма беске толған 1662 жылы оның әйелі Салиха қайтыс болады. Бекежан әйелінің жылын бергесін, біршама уақыттан кейін Түрікпен жұртына Зулфия деген екінші әйелін алып келуге кетеді. Осы сәтті пайдаланып, Кескентерек Төлегенді өлтіреді. Себебі ол Жібекке ғашық болады. Ал Бекежан Жібекпен рулас болғандықтан, жеті атаға жетпейді, ол өз қарындасына ғашық болып, Төлегенді өлтіруі қисынсыз нәрсе.

С.Қарамендиннің мақаласында  былай делінген: «Сегіз серінің «Қыз жібек» жырында Төлегенді Кескентерек деген Қожа жігіті жолда тосып, Кіші Борсық құмы төңірегіндегі Қособа деген көлдің жағасында атып өлтіргендігін ...  Сансызбайдың ағасы Төлегеннен үш жас кіші екендігін, Төлегенді өлтірген соң екі жыл бойы көрсетпей жүрген көк жорға атты Кескентеректі өз тобынан аластап қуғанын суреттеген.

«Осындағы Кіші Борсық құмы деп отырғаны – Шалқардағы атақты құм. Ұзындығы 100, ені – 12-15 шақырым шамасында Арал ауданына дейін созылып жатыр. Ал Қособа көлі дәл сол Кіші Борсықтың басталар жерінде, жоғарыда айтқан Шалқардан Оңтсүтік шығысқа қарай 45 шақырым жерде. Бірақ кейін Аралдың экологиялық апатқа ұшырауына байланысты кеуіп қалған. 1900-1903 жылдары теміржол салынғанда сол жердегі бекетке сол көлдің аты берілген. Әлі күнге Қособа бекеті болып аталады.» [11; 14 б]

Бұдан шығатын қорытынды, «Қыз Жібек» жыры әлі де болса зерттелуді қажет ететін лиро-эпостық жырлардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау.

«Қыз Жібек» жырының поэтикасы.

2.1 «Қыз Жібек жырында қолданылған көркемдегіш - бейнелегіш тәсілдер.»

«Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік стилімен оқырманды өзіне  баурап алады. Жырдың сарыны, әуені батырлар жырының желісіндей айтуға ыңғайлы. Тыңдаушысын жалықтырмайды. Бір оқиғадан соң екінші оқиға қара  сөзбен байланысып, түсініктеме беріле жалғасып отырады. Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс ерекшелігі, сауда-саттықпен айналыса бастаған  кезеңі, орыс отаршылдығымен бірге енген сөздерді кездестіруге болады. Сол сияқты, «Қыз Жібек» жырында  естірту, жоқтау, жұбату, айтыс, жырлай арнау, зарлай арнау, сыңсу т.б. кездеседі. Жырдың өне бойына  зер салып, тоқталғанымызда айшықтау мен троптың түрлері жиі кездесетінін байқауға  болады.

Әсіресе аттың шабысын, батырдың ұрысын суреттегенде «Алпамыс», «Қобыланды батырлар» жырына ұқсайды. «Қыз Жібек» жырының бірнеше нұсқасы барын білеміз. Сол нұсқаларының кез келгені өзіндік жырлану стилімен көзге түседі.

Академик, жазушы  М.Әуезов «Қыз Жібек»  жыры туралы,  «қазақтың өткеннен қалған эпостық  мұрасының ішінде, «Қыз Жібек»  жыры асқан көркемдігімен ерекшеленіп,  оқшау танылады. Дастанның мол да алуан түрлі формасы оның күрделі де шебер композициялық құрылысы үйлесе үндесіп келген» деген.

М.Әуезовтың сөзімен  айтсақ, алуан түрлі  формасы  дегеніміз не? Ол жырдағы естірту, арнайы жырлау, қоштасу, араздасу, түс көру, әмеңгерлік, көңіл айту, өтініш, айтыс, бата, тілек т.б салт жоралғылар мен көркемдегіш құралдар жиынтығы болып табылады. «Қазақ әдебиетіңнің тарихы» деген еңбекте де «Қыз Жібек» жырының көркемдігі біршама ашылған, бірақ авторлық ұжым «Қыз Жібек» жырының мазмұндық ерекшелігін, кейіпкерлердің ерекшелігін таңдауды мақсат тұтқан.

Дастанның ең құнды жағының  өзі оның тілінің таза, бай, көркем болып жасалуында. Сан алуан әсірелеу, көркем ұқсатулардан басқа кейбір жеке-жеке сөздердің шеберлігі де сұлу, жатық. «Ай қараңғы көшесі, айдың өткен кешесі» дейтін сөз кестесінің көркемдігі бұған дәлел бола алады. Жырда мұндай образды сөз кестесі өте көп. «Асуда асу бел дейді, аса бір соққан жел дейді» дейтін  сөз шумақтары да сыртынан қарағанда әншейін ғана бір сөз ұйқасы сияқты» деп айтылған. [14; 566 -588]     [60; 566-588 б]

«Басыр басыр, басырды, аққа құлып жасылды», - дейтін жырдағы ақынның тілінің шеберлігіне, композициялық көркемдігіне шолу жасап, бағыт-бағдар береді. Әрине, бір екі ауыстыру (метафора) ұлғайту (гипербола), кішірейту (литота) мысалдар келтірілген. Ол төмендегіндей:

Қанатым де қияғым,

Табаным да тұяғым,

Көлге  біткен құрағым,

Суырылып озған пырағым.

Кішірейтуге (литота):

Дария шалқар көлеміз

Жер болып қалған суалып.

«Қыз Жібек» жырының көркемдігі, кейде кейіпкердің іс-әрекетін төрт түлік малға салыстыру арқылы көрсетеді. Жырда бұл теңеулердің кездесуі түсінікті де. Өйткені қазақ тікелей мал шаруашылығымен ұзақ жылдар араласқандықтан, жырға да өзінің таңбасын қалдырған. Кезінде, зерттеуші С.Толыбеков 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми теориялық конференцияда жасаған баяндамасында: «В миро эпической поэме» «Кыз Жибек» главная геройня поэмы,  красавица и ханская дочь говорит про себя, что она подобно течению реки, народ  бережет ее как свой скот, весь род  ухаживают за ней, как стадом овец. Ее дяда Каршига, обращаясь к Кыз Жибек говорит ей: «Ты мой камыш, растущий на озере, ты мой лучший скакун». О Кыз Жибек говорится, что она  как скаковый конь ее движения плавны как  движение трехгодалого барана, она  ходит неспеша, выпрямившись, как темно-бурый марал, она как тающее масло, она  же, подобно жирному яженку и.т.д. [5; 15 -19]    

Жырдың өзіне тән  стилін, тілін  көркемдік тұрғысынан қарастырған ғалым Қ. Жұмалиев: «біздің айтайын дегеніміз тілінің жалпы көркемдігі емес,  басқа жырларда жоқ, кейбір ерекшеліктері, жырда кездесетін (эллипсис)сөз  тастап кету туралы  да», - деп өз  ойын білдіреді.

Жұмалиев Қ. Сөз тастап кету, бір жағынан жыр жыршының  ойының логикасының кеңдігін, ұтқырлығын көрсетсе, екінші жағынан оқырманның ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. М. Ғабдуллин де  өзінің жыр туралы пікірін айта келіп, былай түйеді: «Қыз Жібек» ақындық тіл жағынан да әдемі жырдың бірі. Неше түрлі әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, әдемі теңеулер, сөз айшықтары жиі ұшырайды. Жыршы ақын халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген». [9; 274]    

Осындай жақсы ойды  сабақтай келіп, Ә.Қоңыратбаев «Қыз Жібек» жырының тілінде  троп пен фигура мол кездесетіндігін айта  келіп, сөйлемнің түрлі сезімдерді білдіретін арнаулы фигуралық түрлері эпостан да, сөйлеу тілінен де алынған дейді. (Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихиАна тілі). «Қыз Жібек» жырына көз тоқтатып, көңіл бөлген академик З.Қабдолов. «Сондай-ақ, біздің көркемдегіш сөздеріміздің көпшілігі баяғы бабалар дәуірінен бері қарай мың мәртебе қолданылып келеді. Ол әсіресе ауыз әдебиетінде   тұнып тұр», деп, төмендегіндей мысал келтіреді.

Әуелдей бас қосқаным Жағалбайлы;

Жылқысын көптігінен баға алмайды,

Өлгені Төлегеннің рас  болса,

Құдайым Қыз Жібекті  неге алмайды?  [13; 95, 244]    

Бұндай көрікті ойдың  кемелінен көріне білген әдебиеттер  өте көп, соның бірі, Бойжеткеннің тол бойынан табылуға тиісті  тағы бір қасиет-сымбаты мен көркі. Мәселен, халқымыздың  қыз сұлулығы туралы ежелден қалыптасқан талғам түсінігі, «Қыз Жібек» жырында былайша жырланады:

Қыз Жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай

Ақ бетінің қызылы,

Ақ тауықтың қанындай. [21; 52]    

Осындай  жырдың стилінен хабар берген лебіздердің тізбегін соза беруге болады.

Жырдың стилін айтпас бұрын, жырдың екі нұсқасын алып, оның мазмұнына салыстырмалы тексеру жасаймыз. Сонда ғана қай жырдың стилінің көркем екендігіне көзіміз жетеді. Оның үстіне алдымызда  жырдың стилі мен тілі тұр, ал жырдың  мазмұндық көркем дәрежесін білмей жырдың басқа да  түрін аша қою қиын іс.

Ендігі әңгіме «Қыз Жібек»  жырының 1887 ж жазылған Мұсабай нұсқасы мен Қыз Жібектің хикаясы Қазан, 1900, Жүсіпбек Шайхысламұлы нұсқаларын салыстырып, мазмұн ерешелігіне  тоқталыс жасайық.

  Эпос пен ғашық жырында да кездесетін кейіптеу табиғат құбылысына, жан-жануарға тәуелді болып, келтіреді. Өз өмірінің бір   кезеңін екінші құбылыспен береді. «Қыз Жібек»  жырындағы, Төлеген өлейін деп жатқанда, әуелеп ұшқан бес қазға өзінің хал-жайын сипаттап жеткізеді. Еліне айтып баруын сұрайды.

Мысалы: Мұсабай ақынның  нұсқасында:

Сәлем айтып Төлеген,

Бес қазға сонда сөйледі.

Қайырыла кетіп қоңыр  қаз.

Сіздер елге  барғанда,

Күзекке тартып болар  жаз (22).

Бес  қазы шулап ұщып жөнеді.

Арада жалғыз қонады

Таң сарғайып атқанда,

Төлегеннің елін,

Алты жасар Сансызбай,

Жылқы баққан жеріне,

Бес қаз ұшып келеді.

Сансызбай қазды көреді,

Жалғыз ағам Төлеген

Көре алдың ба қоңыр  қаз?

Сонда қаздар сөйлейді.

Аса рудың еліне 

Төлегенді көрдік,-деп,

Жалғыз ағаң Төлеген

Тулап жатыр екен,-деп (24)

Жүсіпбек қожа Шайхысламұлының нұсқасында:

Әуелеп ұшқан алты қаз,

Жерге неге қонбайсың?

Сіздер тірі, мен өлі,

Жатырсың неге демейсің?

Қасірет, қайғы қалымды,

Неге келіп  білмейсің?

Тілсіз мақұлық жануар,

Бірге келген жолдасым,

Қасыма неге келмейсің? (90)

Алдыңнан шығып Сансызбай,

- Көкешім менің Төлеген,

Көрдім бе? десе не дейсің?

Сауыттың көзі сөгіліп,

Сетіней кетті дегейсің. (90)

Міне, осы екі жырда  да, Төлеген ұшып бара жатқан  қаздарды  киелі санап, жалбарынып көмек сұрайды. Төлегеннің қоңыр қаздарға жалбарынып- жауап сұрауы, басқа көне  жырдан ауысқан болуы керек. Мұндай жалбарынуды, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында да кездестіреміз.   Құбылтудың бір түрі алмастыру. (метономия). Жырда ол былай көрініс тапқан.

Мұсабай Жыраудың нұсқасында:

   Сұлу  тауып ала алмай (7)

Он екі жорғаның мойнына (8)

Бір зергерге барады (9)

Бір шоқ қара көрінді (20)

Сүй деп сақау жөнеді (39)

Бір тайыңды тілепті (39)

Сансызбай мінді аттың  беліне. (48)

Жүсіпбекқожа Шайхысламұлы нұсқасында:

Тұлпардың қалған тұяғы (109)

Асындым алмас беліме (109)

Ерлер мінер тұлпарды (107)

Атаңа лағнет, алпыс ит (89)

Иттердің қылған  зорлығай (88)

Қу бауырды қия алмай (81)

Өледі  кемпір- шалыңыз. (58)

«Қыз Жібек» жырының көркемдігі, әр бір оқыған жырда кездесіп отырады. Әсіресе, 1900 жылғы басылымда Қыз Жібектің  көшінің сән-салтанаты,  кетіп бара жатқан қыз-келіншектер, ақ бәйбішелер, бәрі жүзіктің көзінен өткендей сұлу сүреттеледі. Ал, бұл көрініс 1887 жылғы басылымда оншалықты көркем суреттелмеген. Осы орайда салыстырмалы түрде Қыз Жібектің бейнесі суреттелген жерінен үзінді келтіріп, қатар беріп көрелік.

Информация о работе "Қыз Жібек" жыры және оның поэтикасы