Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 15:55, курсовая работа
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді.
Кiрiспе...................................................................................................................3
1. Бизнес-жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері......................4
1.1.Бизнес-жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi......................................4
1.2.Бизнес-жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері...................................5
2. Бизнес-жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы.........................10
2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері..............10
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігі және оны бағалау әдістері......14
3. Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы..................................................................................................................21
3.1. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы..................................................................................................21
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................25
Жоспар
Кiрiспе.......................
1. Бизнес-жоспар оның
мәні, қағидалары және элементтері...................
1.1.Бизнес-жоспардын сипаты,
қызмет ерекшелiктерi.................
1.2.Бизнес-жоспар, оны құрудағы
мақсаты мен әдістері......................
2. Бизнес-жоспардың
кәсiпорынды дамытудағы маңызы........................
2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері..............10
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспар
тиімділігі және оны бағалау әдістері......14
3. Нарық жағдайында
бизнес-жоспар құру қажеттілігі және
оның маңызы........................
3.1. Стратегиялық жоспарлаудың
ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кiрiспе
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.
Жоспар жасау кездегі шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.
Тақырыптың өзектілігі: Кәсіпорын дамудың негізгі қозғаушы күші мен оның негізгі локомотиві болып табылады. кәсіпорындағы бизнес жоспар міндетті түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорын шаруашылығы үшін бизнес жоспардың алатын орны ерекше.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бизнес жоспардың мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспардың тиімділігін көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
-
бизнес жоспардың құрылымын
-
кәсіпорын шаруашылығындағы
-
кәсіпорын шаруашылығындағы
Курстық жұмыстың
құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Бөлімдердің ататуы,
құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына,
мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
1. Бизнес - жоспар
оның мәні, қағидалары және элементтері
1.1.Бизнес - жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi
Бизнес-жоспар – бұл біздің
экономикалық лексикамызда біршама жаңа
категория. Кез келген жаңа элемент сияқты
оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс түсінілуі
керек.
Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады .
Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге қажет болатын барлық кезеңдер мен ресурстарды қамтиды.
Төменде бизнес-жоспардың пайдасына бірнеше дәлелдер келтіріледі:
Сіздің бизнес-жоспарды жасау
кезінде жұмсаған ой-пікіріңіз сізге немен
айналысуды қаласаңыз соны тұтастай көруге
және жекелеген аспектілерге назар салмауға
мүмкіндік береді. Егер ұшқыш өз ұшағында
жанар-жағар майдың бар-жоғын тексермей
ұшса, онда айтарлықтай қайғылы салдар
күтуге болады. Сондықтан ол әрбір ұшудың
алдында нені тексеру керек екендігі белгіленген
«тізімді» пайдаланады.
Ұқсас түрде «бизнес әлеміне ұшуға» аттанар
алдында, ешқандай жағдайда көзден таса
қалмауы тиісті күдікті жерлердің тексерілуі
қажет.
Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік ойды немесе дамып келе жатқан істің табысқа жету мүмкіндіктерін жақсырақ бағалауға көмектеседі. Егер бизнес-жоспар жақсы орындалған болса, онда ол сіздің осы ойдың жүзеге асу мүмкіндігіне жасаған зерттеуіңіздің көрінісін береді.
Бизнес-жоспар сондай-ақ,
істің өзін дұрыс жүргізуге
көмектесетін құрал болып табылады. Кәсіпорынды
жоспарсыз
басқару, машинаны бір отвертканың көмегімен
ғана жөндеуді
қалаумен бірдей. Жоспардың өзі осы машинаны
жөндеуге
көмектесетін қосымша құрал болып табылады.
Қандай болса да бизнес-жоспарға ие болу, жоқтан жақсы.
Сіздің бизнес-жоспарыңыз
бизнес-ойларыңызды фирма-дан
немесе бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік
береді.
Банкирлер, инвесторлар және потенциалды серіктестер мыналарды білуді қалайды:
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап беруі қажет.
Болып жатқан оқиғаларға әсерлену қағидасы бойынша жүзеге асырылатын істерге қарағанда, бизнес - жоспар негізінде жүзеге асырылатын істердің табыстылыққа жету мүмкіншілігі молырақ.
Сіз жаңа іс бастасаңыз немесе қазіргі бизнесті дамытатын болсаңыз, бизнес-жоспар сізге негізгі бағытты ұстануға көмектеседі және жеңіл-желпі, әрі алаңдататын детальдарға салынудан сақтайды.
Бизнес – жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек. Өндірілетін тауарға (қызмет) деген сұранысты анықтау қажет. Нені сатамын, калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға жауап алу керек. Тұтынушылар тауарды (қызмет) қана емес, олардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды сипаттап алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті (маркетинг мамандары олады маркетинг комплексі, кешені дейді) тауардың өз қасиетін, оның бағасын, бірелген тауарға сұранысын қанағаттандырады және оның жөнелту орнын қосады.
1.2.Бизнес- жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері
Бизнес істі жүргізу мен іскерлік қатынастарының субектісіне және меншік қатынасына қарай оный мынандай түрлері болады.
Нарықтық экономикада кез келген бизнестің стратегиясы және тактикасы болады. Бизнестің стратегиялық мақсаты - өндірісті, жұмысты ( қызмет ) жүзеге асыру процесінде пайданы ( табысты, байлықты ) молайту .
Тактикалық мақсаты – осы стратегиялық нұсқаманы әр әріптеспен және клиентпегн нақты жұмыс істеу барысында белгілі мәмілені жүзеге асыруда қолдану. Бизнестің бір бірімен байланысты , бірін бірі толықтырып отыратын шаралар және операциялар жолы арқылы бірте – бірте ойлаған мақсатқа жеткізетін әрекет жоспарлары немесе бағдарламалар шетел нәтежесінде бизнес жоспар деп аталады.
Бизнес-жоспарды жасау кезінде екі кезең бар:
А. Ақпараттар жинау.
Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау үшін сіздің алдыңызда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде мүмкіндігінше көп білу қажет.
Сіз мыналарды білуіңіз қажет:
Қызмет – сіз не істеп жатырсыз
немесе не істегіңіз
келеді, соны нақты анықтау қажет.
Нарық – сіздің тұтынушыларыңыз
кімдер, олар қай
жерде және нені қалайды, сіздің бәсекелестеріңіз
кімдер және т.б.
Қаржы – сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттілік-терін қанағаттандыра отырып, пайда таба аласыз ба?
Қолыңызда жеткілікті мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың, салыстырмалы мәліметтердің және т.б. жоқ болуынан қорықпаңыз.
Сіз өзіңізге қатысты қызметтің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін адамның дәл өзі болып табыласыз. Сіздің кез келген қосымша ақпаратты қарапайым жолмен табуыңыз өте маңызды.
В. Ақпараттарды жөнге келтіру.
Қандай да болмасын кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз. Сіз серіктеріңізге, оларды көндіру үшін өз білетініңізді қалай жеткізетіндігіңіз аса маңызды болып табылады. Жоспар бәрін тегіс қамти алатын және қысқа болуы керек.
Сіздің жоспарыңыз жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы, ол жасалған мақсаттарға сай болуы керек. Мысалы, егер сіз шағын дүкен ашқыңыз келсе, онда сіздің жоспарыңыз компьютер өндіріп және оларды халықаралық нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші жағдай бойынша айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын.
Сондай-ақ, егер сіз банкіден несие алу үшін өз жоспарыңызды пайдалансаңыз, онда сіз оған фирма жөнінде, басшылық және т.б. жөнінде мәліметтер беруіңіз керек. Егер сіз өз жоспарыңызды фирманы басқарудың ішкі құралы ретінде пайдалансаңыз, бұл мәліметтер сіз үшін аса тиімді емес.
Сондықтан бизнес-жоспарды дайындаудың бірыңғай ережесі жоқ.
Бизнес-жоспарының құрылымы :
- Титулдық бет
- Мазмұны
- Қысқаша баяндама
- Бизнес сипаттамасы
- Нарық
- Ұйымдастыру және басқару
- Қаржылық жоспарлар
- Қосымша.
Бизнес-жоспардың жасалуы өз алдына бір мақсат емес екендігін айта кету маңызды деп есептейміз. Оны жасағаннан кейін іс жүзінде жүзеге асыру анағұрлым маңыздырақ. Сонда барып жоспар тек жай қағаз емес, ал кәсіпкерлік қызметті басқаруға болатын құжат болады. Тағы бір маңызды нәрсе бизнес-жоспар алдын ала болжамдалған және әлдеқашан пайда болған өзгерістермен тұрақты сәйкестендіріліп отырылуы керек. Біраз уақыт өткеннен кейін атқарылған жұмыстарды бағалаңыз және күтілген нәтижемен салыстырыңыз, ауытқулардың себептерін анықтаңыз, орындалмаған жұмыстарды жеңілдету жолдарын табуға тырысыңыз және сіз өзіңіздің басты әрі негізгі мақсаттарыңызға жету үшін жоспарды пайда болған өзгерістерге сәйкес келетіндей етіп қайта түзетіңіз. Сөйтіп, жоспарды пайдалану логикасы келесідей көріністе болуы керек:
Бизнес-жоспар нені қамтуы қажет және оны қалай жасау керек деген мәселелер осы бөлімнің талқыланатын пәні болып табылады. Біз атап өткендей, бизнес-жоспарды жасаудың бірыңғай ережесі жоқ, әрбір жоспар ол өзі дайындалған мақсаттарға және өзі сипаттап отырған бизнес-жоспарға сәйкес келуі керек. Кез келген бизнес-жоспар оның авторының жеке белгілерін қамтиды. Төменде біз бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс негізгі бөлімдерге тоқталамыз: