Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 10:16, доклад
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бугхалтерлік есеп пәні боп саналады. Бугхалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақыты есепке алынып, бақылау жасау.
ЖШС «Жардем» 1999 жылы құрылды,басшысы Айтжанова Злиха Альмухамбет қызы. Негізгі қызмет атқаруы «Ветеринария саласы» ауыл шаруашылық мал шаруашылығында жұмыс атқарады. Жұмыс орнында бірнеше адам жұмыс атқарады мысалы ; Бас ветеринар, бас бугхалтер, юрист, хатшы, колік жүргізуші.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бугхалтерлік есеп пәні боп саналады. Бугхалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақыты есепке алынып, бақылау жасау.
ЖШС «Жардем» 1999 жылы құрылды,басшысы Айтжанова Злиха Альмухамбет қызы. Негізгі қызмет атқаруы «Ветеринария саласы» ауыл шаруашылық мал шаруашылығында жұмыс атқарады. Жұмыс орнында бірнеше адам жұмыс атқарады мысалы ; Бас ветеринар, бас бугхалтер, юрист, хатшы, колік жүргізуші.
ЖШС «Жардемнің» негізгі атқаратын қызметтері;
Тоқсан сайын малдарға инекция жасау;
Анализ алу;
Қарасам, аусу ауруларын алу шараларын жүргізу;
Малдарды тізімге алу, т.б.
ЖШС Жардем басты органы жалпы қатысушылар жиналысы болып саналады.
Басқару мүмкіндігі жеке бір органы бола алмайды, басшылық органның құрамында үш адамнан кем болмауы тиіс.
Жұмысшылар жетекшілері бас бугхалтер мен ұйым басшысы болып келеді.
Бөлімшелер мен жұмыскерлер серіктестіктің жалпы ережелеріне сәйкес оларға сүйенген міндеттемелеін орындайды. Жұмыскерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысын атқарады және бөлімше басшыларын тағайындауы мен жұмыс орнынан босатуды ұйым басшысы өкімімен жүзеге асырылады. Бөлімшенің жұмыс уақыты қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес анықталады.
“Жардем” ЖШС есеп саясаты мен бугхалтерия бөлімінің қызметі.
Есеп саясаты- бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірбие.
“Жардем” ЖШС есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейн рәсімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлікесепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен рәсімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарымен ғана атқарылады.Есеп жүргізудің жалпы ережелері орталықтанып, белгіленеді, оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі.
Осылайша бүгінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есебінің дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған тәжірбие мен дәстүрлі ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына обьективті алғышарттар пісіп жетіледі.
“Жардем” ЖШС есеп саясаты 2007 жылы 28 ақпанындағы 234-ІІІ Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.
Ақпаратты мүлікке және оның қозғалысына бақылау жасау үшін, тауарлық-материалдық қорлар(ТМҚ),еңбек жіне қаржы ресурстарын бекітілген норма мен сметаға сәйкес мақсаткерлікпен пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруғу қажет.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға, ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруға қажет.
“Жардем” ЖШС бухгалтердің қызметтің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкесі «бухгалтерлік есепті жүргізу үшін мамандандырылған бөлім құруға болады» дегенге сәйкес құрылыс компаниясында бухгалтерия қызметі қызмет атқарады. Бухгалтерия қызметінде 1 адам қызмет атқарады. Бухгалтердің атқаратын қызметтеріне:
Қызмет көрсету бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау, бақылау жасау және оларды есептілік айналымға дайындау.
Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеу, салық және бюджетке төленетінбасқа да міндетті төлемдерді есептеу, заңға сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдарды аудару.
Кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларды есептің сәйкес бағыттары бойынша нақты әрі сенімді бухгалтерлік аппараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды белгіленген ретпен топтастырып архивке жіберу.
Ақша қаражаттарына және тауарлы-материалдық құндылыұтарға түгендеу жүргізуге қатысу.
1.2. Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Ұсынылып отырған осы оқу құралының мақсаты – студенттерге кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу. Бұл болашақ жас мамандарған талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынынң қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қоыртынды беруге, өндірстік өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасз ететін, жоғарыда көрсетілген еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа үйлесімді бесқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргзу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шарушалық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құру барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігін көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі;
актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
шарушалық операцияларды бақылау тәртібі;
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдау мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
қызметінің көлемі, жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргатехника жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық сақтық , қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болуы қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шарушалық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілімейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін
талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын
бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды
анықтау және өндірістің тиімділігін
арттыру үшін кәсіпорынның (фирманың‚ компанияның‚ тағы басқа) шаруашылық қызметінің
жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен
және ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара
байланыста кешенді түрде зерделеу. Оны
орындау кезінде оперативтік‚ статистикалық жән
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын,
"қаржылық жағдай" дегеніміз немесе
"қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Ішкі факторлар
кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына
байланыс-ты болады, ал сыртқы факторлар
кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық.
Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші
өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан
өндірілген өнім мен көр-сетілген қызметтің
құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ,
тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы
қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс
технологиясымен тығыз байла-нысқан қаржылық
тұрақтылығының маңызды факторларының
бірі – активтер-дің тиімді құрамы мен
құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегия-сын дұрыс таңдап алуы болып
табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы
жедел қызметі үшін қажет болатын қаржы-ның
ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
«Актив дегеніміз - бұл өткен
жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен
ба-қыланатын және болашақта кәсіпорынға
экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда
болған кәсіпорынның ағымдағы мін-деттемесі.
Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты
кәсіпорын ресурстары-ның шығынына (сыртқа
кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал - бұл пассивтерді активтерден
алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік
қаражаты».
Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс
және оның элементтері туралы бұл анықтамалар
біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша
оқулықтарымыз-да берілген анықтамалардан
өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік
есеп тура-лы заңды жасаушылар негіз ретінде
батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр.
"Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық
жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі
элементтері – активтер, меншікті капитал
және субъектінің міндеттеме-сі" болып
табылатынын айта келе, олар қаржылық
есептің бұл элементтеріне келесідей
сипаттама береді.
«Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын
мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі
және құқығы болып табылады.
Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның)
белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның
(несие берушінің) пайдасына жасайтын
міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша
төлеу және басқалар немесе белгілі бір
іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің
қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын
талап етуге құқығы бар.
Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз
міндеттемелерін шегеріп тастаған-нан
кейінгі активтері» . Сонымен, қаржылық
есептің негізгі элементтерінің анықтамасын
түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай
айырмашылық жоқ деп ай-туға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есеп беру-дегі негізгі
анықтаулар" №2 стандартымен анықталады.
Ол активтердің, мен-шікті капитал және
міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ
қаржылық есеп беруде анықтауға жататын
ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы
міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады.
Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді
және олардың жиынтық сомасын анықтау,
қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорын-ның
қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді
басқарушылық шешімдер қа-былдауда қажет
болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Баланс қаржылық есеп беруде
үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер. Қалған екі
элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық
қызметі нәтижелері туралы есеп беруде
көрсетіледі.
Қаржылық жағдайды талдау барысында тек
бухгалтерлік баланс мәліметте-ріне ғана
сүйенуге болмайды.