Дайын өнім есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 17:00, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - дайын өнім есебі, сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы және тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебін ашып қарастырып, белгілі бір қорытындылар жасай білу болып табылады. Көзделген бағыттарды дұрыс жобалап, белгілі жоспар құруының арқасында тиімді және таңдамалы шешімдерді қалыптастыруға пайдалы жолдар ізделіп барлық мәселелер толығымен қамтылды деуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ......................................................................................6
1.1.Дайын өнім есебіне жалпы сипаттама...........................................................6
1.2.Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы........................................9
1.3.Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі..........18
1.4.Комиссиондық дүкендердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.........................................................................................................20
1.5.Сатылған тауарды қайтарып берудің, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі.............................................................................22
1.6.Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі.........................................................................................................................26
2.САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ.
2.1.Акциздер...........................................................................................................28
3.АУДИТ.
3.1.Дайын өнім аудиті...........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................40

Вложенные файлы: 1 файл

=дайын өнімнің есебі.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ......................................................................................6

1.1.Дайын  өнім  есебіне жалпы сипаттама...........................................................6

1.2.Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы........................................9

1.3.Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі..........18

1.4.Комиссиондық дүкендердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.........................................................................................................20

1.5.Сатылған тауарды қайтарып берудің, бағадан да және сатудан да       жасалған жеңілдіктердің есебі.............................................................................22

1.6.Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі.........................................................................................................................26

2.САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ  САЛУ.

2.1.Акциздер...........................................................................................................28

3.АУДИТ.

3.1.Дайын өнім аудиті...........................................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ....................................................39

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................40

 

КІРІСПЕ

Экономикалық  іс шараларға көшу ретінде, кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Сондықтан  олар өзара қарым қатынас жасап, қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындау міндеттерін өз жауапкершілігіне алып, тұтынушылардың игілігін қамтамасыз ету үшін өнімді, шығару заңды дербестігін құқығын сақтай отырып табыс табуға тырысады.

Әрине бұл саладағы есеп саясатының жүзеге асуы әртүрлі  деңгейде болды. Бұған қарағанда айналымдағы дайын өнім есебі арнаулы стандарт арқылы белгілі принципке негізделіп, соның нәтижесінде тәжірибелік нұсқауларға сай жұмыс жасауда оны жүргізуде бухгалтер алдына қойған талаптарға сәйкес есептік түп нұсқасын құжаттауда. Бухгалтерлік құжаттың дұрыс толтырылғандығына бақылау жасаған дұрыс.

Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп жүйесі дайын экономикалық тұрғыдан, үздік нәтижелерге жету жолдары іздестіріліп нақтылы стандарттық  жүйеге сәйкестендіріліп бір қалыпта  жұмыс жасауда. Сол сияқты ғылыми техникалық жетістік өрісі кеңею барысында өндірісті жүргізуді қолайлы жағдай туды.

Өнім шығарудың  сапасын, көрсеткіштерін арттыру мақсатында өндірісті басқару жүйесін жақсартып, білікті де білімді маман кадрларын дайындау еңбек ресурстарын тиімді жұмсау, қаржы көздерінің негізгі элементтерін қадағалау, шикізат материалдар тобын энергетикалық шығындарды азайту, жаңа құрал жабдық, техника технологияларды заман талабына сай, қолдану, бизнестік жоспарды нақты жобалау іс шараларын ұйымдастыру керек. Демек қаржылық есеп – қисап беруде әрбір мекеменің балансында оның көрсетілуі тиімдірек нәтижеге жетелейді.

Экономиканың  өнімде қоғамдық өндірістегі әртүрлі  өнімдерді шығару, сапасын арттыру  үшін игерілетін тәсіл амалдарда  толығымен ашып көрсету қажет, экономикалық жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар ақша қатынастарын әлдеқайда өз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуші тауарлардың жұмыстардың, қызмет көрсетудің ұсынымы мен сұранымы болып табылады.

Сауда жүйесіндегі  тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржыға жатқызуға болмайды. Өнімді өндіру үшін оған кететін шығындарды азайту, оларды өндіру жұмыстарын ұлғайту, өнім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын техникаларды қалыптастыру.

Өндірілген  өнімді тұтынушыларға жеткізу, сату нарығын ұйымдастырған кезде бәсеке қабілеттілігіне көңіл бөлу, жарнамалық қызметтерді көрсету, сату жеңілдіктерін қалыптастыру сияқты жан жақты көзқарасты пайда болдырып статистикалық есептік жүйені жетілдірген жағдайда даму салаларына көтеріледі. Тауарларды есепке алу 22 бөлімше шоттарында тіркеліп жүзеге асады. Сондай–ақ 22-шот бойынша айналымдағы дайын өнімді есептеуде субшоттар ашылады, соған сәйкес белгілі тәртіп орнатылады.

Дайын өнімді есептеу  негізгі құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы  әрекет етіп тұрған Заңға сәйкес бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де, есептеу әдісі пайдаланылады. Соған сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен оның төлем мерзіміне қарамастан тауардың сатылған кезеңі анықталды. Дайын өнімді өндіріс секторында дайындап шығарудың маңыздылығы артып келеді.

Сондықтан да мекеменің  бухгалтерлік есеп жүйесіндегі элементтердің  дұрыс жүргізілуі ондағы маман кадрларының  біліктілігі мен білімділігіне және сондай есеп жүргізудегі тәжірибелік мағлұматтары арқылы толықтырылады.

Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп саласындағы жетістіктер  айтарлықтай дамуда және оны ашып көрсететіндей заңдардың іс жүзінде  шығарылып жұмыс жасап жатқаны ақиқат.

Алайда мұндағы  есеп тәртібіне қолданылатын халықаралық  стандартқа негізделген принциптер қалыптасып, соның негізінде жоғары дәрежелі өнімнің шығарылуы сондай – ақ оның нарықта сатылу үрдісінің  ерекшелігі қамтамасыз етіліп, үкімі  өндірістік бақылау жұмыстары атқарылуда.

Өндірістік тапсырмалардың орындалуы барысында жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіпттің барлық салаларында өнім шығару жиынтығы құжаттың нысаны қолданылады.

Жалпы сауда саласындағы олардың атаулы шоттар негізделіп, сол арқылы дебеттеліп және кредиттеліп айналым қалыптасып бухгалтерлік есептегі құжаттық айналымын, олардың түсуі және шығуының негізгі жолдары көрсетіліп осының нәтижесінде жазбалар тапсырылады.

 Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - дайын  өнім  есебі, сатып алынған тауарлардың  есебі мен бағалауы және тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебін ашып қарастырып, белгілі бір қорытындылар жасай білу болып табылады. Көзделген бағыттарды дұрыс жобалап, белгілі жоспар құруының арқасында тиімді және таңдамалы шешімдерді қалыптастыруға пайдалы жолдар ізделіп барлық мәселелер толығымен қамтылды деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ.

1.1.Дайын  өнім  есебіне жалпы сипаттама.

Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімі өндірісте жасалғаны, оның бір тұтастығы, стандартпен немесе техикалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызыметіне өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы ) және басқа да құжаттармен куәландырылғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен ресімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім » деп аталатын активті инменторлық (мүліктік ) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезеңі (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады.

Ағымдағы есепті кезеңде  өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдалануы мүмкін.

Есепті кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолмен шығарылып оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Ауытқудың пайызымен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді.

Ауытқу кәсіпорынның экономикасын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді, оларда дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономикасы (үнемделген) қызыл жазумен, ал артық жұмсалғанын -әдеттегі (дағдылы) - жазумен жазылады.

Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді .

АП=AC/Қ+ЕҚБТТ*100%                                                               

Мұндағы: АП – ауытқу  пайызы;

АС – ауытқу  сомасы;

Қ- қалдық;

ЕҚБТТ – есепті құны  бойынша  түскен түсімдер.

Кәсіпорында есепті кезең барысында  проценттер бойынша есептік бағасы көрініс тапқаны қосымша-1 келтірілген.

Есептік кезеңнің соңында және калкульациялық процесс аяқталысымен дайын өнімнің өзіндік құны анықталады, ол мынаны құрайды:

-А бұйым - 230000 теңге;

-Б бұйым - 870000 теңге.

Ауытқудың пайызы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша =(250000-230000/250000)*100%=8%

-Б бұйым бойынша=(870000-80000/870000)*100%=8,05%

Сатылған өнімнің ауытқу сомасы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша=170000*8%=13600 теңге – экономика (үнемделген);

-Б бұйым бойынша=630000*8,05%=50715 теңге - артық жұмсалған.

Ауытқу пайызының есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:

- қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8110 шоты кредиттеледі - (2000) теңгеге;

 Осы операциямен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - (13600) теңгеге;

- өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі (дағдылы) жазуы жазылады:

Ол кезде 1320 шоты дебеттеліп, 8110 шоты кредиттеледі -70000 теңгеге. Осымен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредитетеледі - 50715 теңгеге.

Дайын өнімді қабылдау – тапсыру накладнойы бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі. Қабылдау - тапсыру құжаты (наклодной) цехта екі дана етіп жазылады.

Дайын өнімді қоймаға тапсырғанан кейін, наклоднойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының (наклоднойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы  мүмкін.

Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық радиотехникалық  кәсіпорындарында жаппай және сериялық өндірістерде, басқада өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады.

Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланылады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурадан дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың орындалуы барысында жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады. Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістіруге болады. Бұл жағдайда оған тиісті наклоднойлар қоса тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерінің келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есепті шоттар бойынша шығарылады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құнымен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құнымен кәсіпорынның келісім бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады.

Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «Дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8110 «Негізгі өндіріс», 8310 «Қосалқы өндіріс» және 8210 «Өз өндірісінің шала өнімдері» деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.

 

 

1.2. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы.

Тауар - материалдық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатып алынады. Сатып алынған тауарлар есебі үшін 1330 «Алынған тауарлар» және 1330 «Басқада тауарлар» шоттар қолданылады. Бұлар мүліктік - активті шоттар. 1330 - шоты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату, делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланады.

Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның  көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдалануы мүмкін. Есептік бағаны таңдау шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субьектінің біріңғай тауарына қатысты үлестірілуі керек.

Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салынған комиссиондық марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін; транспорттық - дайындау және басқада шығыстарын, яғни алынған запастармен тікелей байланысты шығыстарын енгізеді.

Сауда жеңілдіктерін, артық төлеген сомаларын және басқада осы тәріздес түзетулерін, әкелінген, шығындарды анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорында тауардың сатып алынған құны, әдете, есептік баға ретінде бола алады.

Сату бағасы - бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын бағасы. Сату (бөлшек) бағасының құрамына мыналар кіреді:

- сатып алынған құн – бұл құжаттармен қуатталған (шоты тауарлы-транспорттық наклоднойы, кедендік декларациясы) тауардың сатып алынған құны;

- акциз – бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді:

Алкаголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына жеңіл автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға және т.б. акциздің мөлшерлемесін үкімет белгілейді, процентік деңгейге тауардың құнына бөліп немесе натуралды түрде оның физикалық көлеміне бөліп анықтайды ал алкогольдік өнімдер бойынша акциздің мөлшерлемесі оның құрамындағы спиртке тәуелді етіп белгіленуі мүмкін;

- қосылған құн салығы - келесі мөлшерлену бойынша әртүрлі тауар түрлеріне белгіленеді:

0% (нөльдік пайызы бойынша) - экспортталған тауарларға (заңда қаралғандардан басқасы), 15%-барлық тауар түрлері бойынша (ҚҚС-босатылғандардан басқасы);

-сауда үстемесі–бұл бөлшек кәсіпорындарының шығысын жабу үшін және сату операцияларынан табыс алуға арналған үстеме.

Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бөлшек саудадағы тауарлар есебі 1330 «Алынған тауарлар» шотында жүргізіледі, оған мынандай субшоттары ашылады:

Информация о работе Дайын өнім есебі