ҚР Ұлттық банкі және оның халықаралық өтімділікті реттеудегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:40, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі -Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат
1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы ережелері.
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері,
мақсаты, функциялары және құқықтары.


2.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.
2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi
2.2. Ұлттық Банкінің капиталы және резерві
2.3. Ұлттық Банкінің өкілдері, ұйымдары және филиалдары

Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Валюта реферат.docx

— 47.42 Кб (Скачать файл)

Д . А . Қ о н а е в   а т ы н д а ғ ы   у н и в е р с и т е т

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: ҚР Ұлттық банкі және оның халықаралық өтімділікті реттеудегі рөлі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:_________________________

 

                                                             Тексерген:__________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қ. 2013 ж. 

 

 

 

Жоспар: 

 

  1. Кіріспе 

 

  1. Негізгі бөлім

 

      1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат           

1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы ережелері.           

1.2. Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің  міндеттері,        

 мақсаты, функциялары  және құқықтары.            

 

 

      2.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.           

2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары. 
                Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi                

          2.2. Ұлттық Банкінің капиталы және резерві           

2.3. Ұлттық Банкінің өкілдері, ұйымдары және филиалдары   

 

  1. Қорытынды

 

 

  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

 

 

  Мен өзімнің курстық жұмысымда  жоспарда берілген негізгі бөлімдердің  тақырыптарын ашуға тырысамын. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы, оның негізгі мақсаты неде, қандай міндеттері, функциялары және құқықтары  бар екенің жазамын.

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі -Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.      

   Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.

Ұлттық Банк, мемлекеттің орталық банкі есебінде, Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылық жұйесіне ену процесіне қатысып отыр. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты мүшесі болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім

 

       

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат 

 

1.1.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жалпы ережелері 

 

 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады. Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi және өз қызметiнде  Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заңнама актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

Қазақстанның Ұлттық Банкi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып  табылады. Өзiнiң дербес балансы бар, өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрлесiп тiкелей бағыну схемасындағы бiртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.

Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнама  актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында  және одан тыс жерлерде өздерi болатын  елдiң заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Үкiметiмен үйлестiредi және онымен тұрақты  консультациялар өткiзiп отырады.

Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және егер ол өзiнiң негiзгi функцияларын орындауы мен ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтiн болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседi.

Қазақстан Республикасының  Үкiметi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк  атқармайды, сол сияқты Қазақстанның Ұлттық Банкi де мұндай жауапкершiлiк  алған кезде болмаса, Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк билiк органдары Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң  және ұйымдарының заңнамамен бекiтiлген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес. 
       Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң, басқа да заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  нормативтiк құқықтық актiлерi оның "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка  Казахстана" ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде  жарияланып отырады. 
       Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi, сондай-ақ өзiнiң эмблемасы болады. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының өз мөрi бар. 
  

 

 

 

 

 

1.2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары, өкiлеттiктерi және құқықтары

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  негiзгі мақсаты Қазақстан Республикасында  бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету  болып табылады.

Қазақстанның Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Қазақстанның Ұлттық Банкi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды атқарады:

1) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргізу; 

2) Қазақстан Республикасының  аумағында банкноттар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асыру;

3) банктердiң банк функциясын жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi  және агентi функцияларын және  Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк  органдарға, олармен келiсе отырып  өзге де қызмет көрсетудi жүзеге асыру;

5) төлем жүйелерiнiң жұмысын ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасында  валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

7) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  алтын-валюта активтерiн басқару;

8) қаржы ұйымдарының қызметiн  бақылау мен қадағалауды жүзеге  асыру, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық  Банкiнiң құзыретiне жатқызылған  мәселелер бойынша олардың қызметiн  реттеу.

Соныман қатар, Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының  аумағында банкноттар мен монеталардың эмитентi функциясын іске асырады. Қазақстан  Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен  монеталардың қажеттi санын айқындайды және олардың дайындалуын қамтамасыз етедi. Айналысқа банкноттар мен монеталар шығаруды жеке және заңды тұлғаларға оларды сату арқылы Қазақстанның Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға оларды сату бағасын белгілейдi.

Бұған қоса, бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге жарамдылығын және айырбасталуын  айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау және жою тәртiбiн белгiлейдi. Банкноттар мен монеталарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады және оларды резервтiк мемлекеттік қорларын құрады. 

Қазақстанның Ұлттық Банкi банктердiң банк функциясын жүзеге асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасында  қайта қаржыландыру жүйесiн ұйымдастырады;

2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелеріне бiр жылдан аспайтын мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

3) екiншi деңгейдегі банктер  үшiн соңғы сатыдағы кредитор  болып табылады, соған байланысты  оларға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  Басқармасы белгілеген тәртiппен  және мерзiмге қамтамасыз етiлген, сол сияқты қамтамасыз етiлмеген  кредиттердi ұлттық және шетел  валютасымен беруге құқылы;

4) ақшаның қате аударылу  фактiсi анықталған жағдайда оны  клиенттiң банк шотынан алуға  құқығы бар, клиенттiң ақшаны  банк шотынан акцептемей алуға  берген келiсiмiн растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын дебеттеуге құқылы; 
      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тәртiппен және шарттармен банктерге және басқа ұйымдарға берiлген кредиттер бойынша олардың Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы берешектерiнiң қайта құрылымдауға құқылы.

Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi, агентi функцияларын жүзеге асыру және Үкiмет  пен басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсетеді.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  Қазақстан Республикасының Үкiметiн  тiкелей қаржыландыруына болмайды. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.     

 Қазақстанның Ұлттық  Банкi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк  бағалы қағаздары бастапқы нарыққа  орналастырылған кезде оларды  өз меншiгiне сатып алуға құқығы  жоқ.    

 Ұлттық банк Қазақстан  Республикасының Үкiметiмен келiсе  отырып, оның мемлекеттiк борышына  қызмет көрсетуге қатысады.            

 Қазақстанның Ұлттық  Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс  iстеуiн ұйымдастырy жөнiндегi функциясын  да жүзеге асырады. Ол елдің  төлем жүйелерiн ұйымдастырады,  үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ олардың  жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге  асырады. Сонымен қатар, төлемдердi  және ақша аударымдарын жүзеге  асыру тәсiлдерiн, төлемдердi және  ақша аударымдарын жүзеге асыру  тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен  ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының  мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарны, қолма-қол ақшаны пайдалана отырып  төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi  мен шарттарын белгілейді. Ұлттық банк өз құзыретi шегiнде халықаралық төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.

Қаржы ұйымдарының қызметiн  лицензиялау, бақылау және қадағалауды  жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметiн  реттеудi Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі, қызметiнiң  ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып  табылатын заңды тұлғаларға шетел  валютасымен айырбастау операцияларын  ұйымдастыруға лицензиялар бередi.  

Информация о работе ҚР Ұлттық банкі және оның халықаралық өтімділікті реттеудегі рөлі