Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2014 в 07:52, курсовая работа

Краткое описание

Курстык жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Delphi – де программа дайындау, програма мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

Мәлімет базасы делфи.docx

— 295.44 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

     Ақпараттық коммуникациялық  технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені бізге белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандайда бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын.Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеяларын қолданбайтын саланы айту қиын.

       Республикамыздың білім беру  саласында жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгерген мамандарға деген сұраныстардың артуы мен оларды даярлаудағы кәсіптік, әрі ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді.

       Педагогикалық білім беру саласындағы  бүгінгі күнгі алға қойылған  мақсаттардың бірі жаңа ақпараттық  технологияны білім беру жүйесіне  пайдалана алатын ұстазды дайындау  болып табылады.Білім беру саласында  білім сапасын бағалауға компьютерді  қолданудың үлкен мүмкіншілігі  бар. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді.

       Есептеуіш техниканың қарқынмен  дамуы тиімді программалық құралдарды жасау-обьектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Жылдам құру жүйесінің негізінде (RAD – Rapid Application Development- қосымшаларды жылдам құру ортасы ) визуалды жобалау мен оқиғалы обьектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған. RAD жүйелерінің ішінде Borland Delphi және Visual Basic орталары әртүрлі программалар құруға мүмкіндік береді:қарапайым бір терезелік қосымшалардан бастап, үлестірілген мәліметтер қорын басқару программаларына дейін. Borland Delphi ортасындағы программалау тілі- Object Pascal тілі.

        Программалау іскерлігін үйрену  үшін нақты есептер шығарып, программасын  жаза білу қажет. Ол үшін программалау  тілі мен оны құру ортасын  меңгеру керек. Обьектілі бағдарланған  программалау жүйелерінде программмалаудағы  негізгі ерекшелік алдымен программалау  синтаксисі мен компоненттерді  пайдалануды үйрену болып табылады.

        Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6 – нұсқалары жарық көрді. 5,6- нұсқалардың бір- бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де   Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6- да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.

         Delphi – дің негізгі ерекшелігі  онда қосымша құруда компоненттік  және обьектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі  жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді  орындайтын компоненттерден  жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, обьектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында жинақталған.         

       Курстык жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Delphi – де программа дайындау, програма мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ,  мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың  жазылу түрлерін білу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ

 

    1. Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама

 

       Delphi ортасы – программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта. Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады:

  1. басты негізгі терезе;
  2. обьектілер тармағының терезесі;
  3. обьектілер инспекторының терезесі;
  4. броузер терезесі;
  5. формалар терезесі;
  6. программа кодының терезесі.

        Delphi- ді алғаш шақырғаннан кейін Inprise – бен байланыс  Delphi  Direct терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарациясының WEB беттеріне кіруге мүмкіндік туады.

 

1       


2


 

3


 

4


 

5


 

6


 

 


 

 

 

 

      Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан. Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас терезенің элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.

 

                 

1.2.Пиктографиялық  батырмалары. Терезелерді түзету

 

         Пиктографиялық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 7 топқа бөлінеді. Әрбір топ бір панельде орналасады;

    1. Standard тобы;
    2. View тобы;
    3. Debug тобы;
    4. Custome тобы;
    5. Desktops тобы;
    6. Internet тобы;

                                                

 

           Delphi ортасының 5 нұсқасынан бастап, үш  жаңа интерфейстік элементтермен толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан.Осы инструменттердің көмегімен программист Delphi - дің қалған терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап , оны түзету файлында сақтап қоюға болады. Әдетте екі немесе үш терезенің негізгі конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі және отладка.Форма жасау кезінде экранда форманың өзі, обьектілер тармағы мен обьектілер инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.

          Терезелердің сәйкес өлшемі мен  оны орналастырудың күйін келтіргеннен  кейін, оны мысалы, «Design desk» деген  атпен сақтауға болады. Кодтау  режимін түзеткеннен кейін «Code desk», отладкалық режимді  «Debug desk»  деген атпен сақтауға болады.

                        

                         

 

1.3. Delphi ортасының компоненттер палитрасы

 

      Компоненттер палитрасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және оның қажетті компонентті жылдам іздеуін қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандайда да бір басқару элементін  түсінеміз. Компоненттер көмегімен программаның сүтбесі (каркасы)жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін  терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б.

     Батырмалар панелі тәрізді, компоненттер палитрасы да түзетіледі. Ол үшін  арнайы  редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және Properties опциясын таңдағанда пайда болады.

      Компоненттер палитрасы   қосымшаға қатысатын компоненттерді таңдау мүмкіндігін береді. Компоненттер бұл Delphi – қосымшаны жинауға қажетті “құрылыс блоктары” Компоненттер пиктограмма түрінде тақтада орналасқан. Delphi – ді іске қосқанда Standard беті белсенді болып тұрады. Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою, пиктограмма қосу немесе кейбір пиктограммаларды басқа бетке жылжыту үшін Palette Properties диалогтық терезесі қолданылады. Ол диалогтық терезені ашу үшін Component/Configure Palette командасын немесе компоненттер политрасының кез – келген жерінде тышқанның оң жағындағы контексті менюдің Properties (қасиет) командасы қолданылады.

 

                                              

 

1.4.Формалар терезесі. Обьектілер тармағының терезесі

 

     Windows жобасы болашақта программа жазатын терезе болып табылады. Басында бұл терезе бос болады.Дәлірек айтсақ, ол  Windows – дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан тұрады.Әдетте терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады.

        Әрбір жаңа жоба үшін автоматты түрде форма терезесі беріледі және ол Form1 деп аталады.Форма – ол жобаланған программаның, онда орналасқан бейнеленген және бейнеленбеген компоненттерімен бірге интерфейстік элементі (жоба терезесі, диалогтық терезе, ақпараттық терезе және т.б.). Delphi – ді алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1  атауымен көрінеді.

 

 

        Бұл терезе  екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компонентер арасындағы байланысты көрнекі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонентті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және обьектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу  Code Insight  механизімінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол OnClick оқиғасын өңдеу үшін дайындалғанды код терезесіне орналастырады.

   Обьект – бұл нақты өмірдегі объектке, оның қасиетіне сәйкес келетін кейбір құрылым. Delphi-дегі обьект – бұл динамикалық құрылым. Айнымалы обьект мәліметтерден емес, обьектінің мәліметтеріне сілтемеден тұрады. Сондықтан программист осы мәліметтер үшін жады (память) бөлуді ойластыруы тиіс. Delphi тілінде обьект алаңдарына енуге шектеу қою обьект қасиеттерінің көмегімен орналасады. Обьект қасиеті, осы қасиеттің мәнін сақтайтын алаңмен және қасиет алаңына енуді қамтамасыз ететін екі әдіспен сипатталады. Қасиеттің мәнін орналастыратын әдіс – қасиетті жазу  әдісі (write), ал қасиеттің мәнін алатын әдіс қасиетті оқу әдісі (read) деп аталады.

 Обьектілер тармағының  алдын – ала бар кластарға алаңдар, қасиеттер және әдістер қосу арқылы жаңа кластарды анықтау мүмкіндігін береді. Жаңа кластарды алудың мұндай механизмін туынды деп атайды. Бұл кезде жаңа пайда болған класс (ұрпақ) алдыңғы негізгі кластың қасиеттері мен әдістеріне ие.

                

 

1.5. Обьектілер инспекторының терезесі.

 

     Обьектілер инспекторы обьектілер қасиетін орналастыру мүмкіндігін береді және программа құру кезінде әдістерді тағайындайды. Обьектілер Инспекторы терезесі екі беттен  тұрады: Properties және Events.

  Properties беті компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады. 

Кесте жолының оң жақ бағанын тышқанмен белгілеу ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін екпінді жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетіне үш нүкте     (... ) немесе     батырмаларының бірі пайда болады. Үш нүкте (... ) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұхбат терезесін экранға шығарады,      батырмасын белгілеу қарапайым қасиеттің мүмкін болатын мәндерінің тізімін шығарады. Обьектілер инспекторы терезесінің  жоғарғы бөлігінде орналасқан барлық компоненттердің апшылатын тізімі орналасады. Форманың  өзі де компонент болғандықтан, оның аты да осы тізімде болады.


  Тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын терезенің контекстік менюінде терезені түзетуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, StayOn Top командасын таңдағаннан кейін, Обьектілер Инспекторы терезесі онын екпінділігіне тәуелсіз басқа терезелердің үстінде «қалықтап» жүреді.  Delphi ортасы оқиға өңдеушілердің көмегімен хабарларды қабылдап, өңдейді.Жиі қолданылатын оқиғалардың тізімі 1- кестеде көрсетілген.

 

    1. Кесте

Оқиға

Оқиғаның сипаттамасы

On Activate

Форманы екпінді жасағанда пайда болады.

On Create

Форма құруда пайда болады.Бұл оқиға өңдеушіге форма құру кезінде өтетін әрекеттердің оқиғасын беруге болады, мысалы, бастапқы мәндерді тағайындау.

On Click

Тышқанның батырмасын компонент ке  басқанда пайда болады.

On Dbl Click

Компонентке тышқанның батырмасын екі рет басқанда пайда болады.

On Key Press

Клавиатурадағы клавиштарды басқанда пайда болады.Key параметрінің типі  Char және басылған клавиштың ASCII кодынан тұрады мысалы,клавиатурадағы Enter клавишінің коды  #13, ал   Esc клавишінің коды  #27. Әдетте бұл оқиға қандай да бір клавишты басқанда берілетін жауап үшін пайдаланады.

On Key Down

Клавиатурадағы клавишты басқанда пайда болады. Бұл оқиғаның өңдеушісі басылған клавиш жөнінде және Shift, Alt, Ctrl клавиштары, сондай-ақ тышқанның басылған батырмалары жөнінде ақпарат алады.


 

                    
1.6. Программалар кодының терезесі

 

     Код терезесі – программа мәтін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған  Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық  ғалым Н.Вирт 1970 жылы  ұсынған және оны Borland  коорпорациясының қызметкерлері жетілдірілді.

Информация о работе Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама