Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 15:37, лекция

Краткое описание

1. Эстетика тарихы.
2. Эстетикалық жорамалдар

Вложенные файлы: 1 файл

Семинар.docx

— 80.62 Кб (Скачать файл)

Семинар №1

Семинар тақырыбы: Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика.

 Семинар жоспары:

  1. Эстетика тарихы.
  2. Эстетикалық жорамалдар.

Тапсырмалар:

  1. №1 тақырып бойынша конспект  дайындау;
  2. №1 тақырып бойынша көпнұсқалы тест сұрақтарын құру;

Семинар мәтіні:

1. Эстетика тарихы.

Адамзат қоғамының дамуы, адамзат мәдениетінің дамуы бір минут эстетикалық таным мен эстетикалық әрекеттен бөлініп көрген жоқ. Эстетикалық көзқарас адамдардың эстетикалық ойлауы мен сөйлеуінен бөлініп көрген емес, қайта адам баласы тіршілік қамы үшін қашан әрекет жасаса-эстетикалық таным сол күннен басталады. Алғашқы тас құрал жасаған аналық заман мен қола құрал жасаған рулық заманда да өзіндік эстетикасы болды деуге болады. Біз оған мынадай дәлел келтіреміз:

Адамзат алғашқы еңбегі, алғашқы құрал жасауы, алғашқы сөзі, алғашқы ойы жаратылыстық болмысты негіз еткен, нақтылы сұлулықты сезінген. Мысалы,                       «Тас ғасыр» адамдары өзі істеген гас құралдарының өздерінің қажетіне жарай алу-алмауына қарап (ұшы үшкір ме, доғал ма? өткір ме, өтпей ме?) жақсы-жаман деп айыра білген. Бергі қола ғасырында-найза, садақ оғын жасау, соқа сияқты өндіріс құрал-жабдықтарын жасаған және соғыс қаруларын қажетке қарай өңдеген. Кейінгі темір құралдар жасауда да, бүгінгі атом лазер заманында да, адамзаттың зат және құбы- лысқа деген өзіндік талғамы, эстетикалық көзқарасы болады.

Сөйтіп, эстетика адамзаттың өндірістік және қоғамдық күресі барысындағы еңбегінен туды, дамыды. Қалыптасып байытылды деуге болады.

Әлем және табиғат адамзат арақатынасы формасы жағынан әр алуан. Ал адам сезімі мен санасына олардың жасайтын әсері де әр алуан. Тіпті, табиғаттағы бір түрлі кұбылыс әр адамға әр алуан әсер жасайды. Мысалы, тау басына түскен таңертеңгі таң шұғыласы, батар күн бояуы, караңғылық, жарық ай, найзағай, қалың орман, тасыған өзен - біреуге куаныш, шабыт берсе, біреуге қайғы-қасірет әкеледі.

Сондықтан әр қандай зат, құбылысты сұлу, әдемі, әсем, көркем, көрікті дегенде, - ол неліктен? - деп сұрақ қоюға, адамнан ба әлде құбылыстан ба? Жаратылыстан ба? Табиғаттан ба? Бір жүйеге жатқызып, себебін табуға тура келеді. Сонымен ол не мүлде, не тәжірибе арқылы қалайда бағаланып, «жақсы», «жаман» деген ұғымға тиянақ табады.

Сөйтіп, эстетикалық әсер адам арақатынаста көрінеді. Дүние сұлулығы адаммен ғана, адам еңбегімен ғана сұлу деуге тура келеді. Өйткені дүниені еңбек жаратты, табиғатты еңбек өзгертті, гүлдентті. Адам мен адам, адам мен табиғат арақатынасы биік талғаммен өлшенсе, парасат болмак та, сұлулық деңгейіне көтерілмек.

Этикалық өлшемдер - ибалылық, жеке басымыздың мәдениеті, тұрмыс-салты, ерлі-зайыптылар ықыласы, ата-ананы құрметтеу, бала тәрбиелеу, жар сүю, қонақ қастерлеу, адамдармен сөйлесе білу, сырласа алу тек адамгершілік нормаға сайып қоймай, осы                этика-эстетикаға да айналып, олардан сән мен салтанат, сұлулык пен сымбат талап етеміз.      

Міне осы этикалық норма эстетикалық қатынастың өлшемдік нормасына айналады деуге болады.

Сөзөнері мен көркемөнер коғамдық сананың көркем жасампаздық категориясына тән нақтылы қоғамдық болмыстың адам миына ерекше әсер еткен сәулесінің образды туындысы. Қоғамдық болмыс әсер етпесе, адамдар нақтылы зат туралы ұғым, түйсік, санада тумас еді. Ал сөзөнері мен көркемөнер осы әдеттегі ұғым, әдеттегі сәуле туындысы емес. Ол нақтылы қоғамдық зат, құбылыс жазушыға ерекше қызықтырарлық немесе жеккөрерлік әсер тудыруы, оған жазушы көзқарасы, мақсаты, тәжірибесі, көркем өнерлік тэрбиесі, қоғамдық мұраты қосылуы шарт. Сондықтан көркемөнер өмірдің адам миындагы сәулесінің мақсатсыз қарапайым түсінік туындысы емес. Сондықтан екінің бірі көрген, естіген нәрселерін сөйлей алады, бірақ екінің бірі көре сала, ести сала көркем шығарма жарата алмайды.

Біздің мақсатымыз табиғат пен қоғамдық өмірдің заңдылықтарын тауып, оны адам қажетіне жаратып, игілігіне айналдыру.

Ал, осы заңдылықтардың негізгі тобы эстетикалық заңдылықтар, эстетикалық ғылымы болса, осы эстетикалық заңдылықтарды ашып, оны зерттеп, адам игілігіне жаратуды мақсат етеді.

Ал, өнер қоғамдық сананың бір түрдегі формасы ретінде қоғамдық еңбек және қоғамдық өмірдің тарихи характерлік жемісі ретінде көркемдікке құмарту, көркемдікке еліктеу, көркемдік бойынша жарату негізінде пайда болған.

Эстетикалық түйсік қоғамдык адамға тән касиет болып, ал хайуанат дүниесінде эстетикалық түйсік, эстетикалық сана болып көрген емес. Өйткені адам эстетикалық түйсігі мен санасы қоғамдық және тарихи сипат алады. Көптеген ұғымға қатысты идеялық сипат алған болады.

Ең ертедегі эстетикалық белгілері - 2010 мың жыл ілгергі бұрынғы тас құрал заманындағы жартастар мен үңгірлерге бұғы мүйізі мен сызылған алғашқы аңшылық суреттері табылды. Алғашқы суреттер көбінесе аңның суреттері, олардың бірқаншалары бар. Мысалы, Өзбекстандағы тесік тас үңгіріне, Сұрман атын өзені бойындағы Шырабат районы жартастарына, Франциядағы Мадлин өңірі, Испаниядағы Алтамыра өңірлеріне алуан түрлі әрекетімен хайуан суреті сызылған еді. Адамдар хайуанаттармен соғыста жеңісін бейнелеуге болған құшарлығы оны көркемсурет онерімен бейнелеу қажеттігінен жартас және үңгір суреттері туған.

Алғашқы сурет жалаң, қарапайым, қопал дөрекіліктен біртін деп жан-жақтылы күрделі, шебер бейнелеу бейімдігіне жеткен деп мөлшерлеуге болады. Бүл тұстағы эстетиканы балалардың қазіргі сурет сызуына аздап ұқсастығы болуы мүмкін, өйткені адам санасының балалық шағы, өте сәйкесе алмай жатса да белгілі салыстыру мүмкіндігіне ие етеді.

Алғашқы аңшылық заманда адамдар аңдардың өзін адамға залалды, залалсызына қарай, қолға үйретуге болатын залалсыз аңдар: бұғы-марал, арқар-құлжа, қарақұйрық, қоян; құстардан: шіл, кскілік, қырғауыл, бөдене, кептер сияқты хайуанаттар мен құстарды бір жікке бөліп; арыстан, жолбарыс, сілеусін, ілбіс, аю, қабылан, қасқыр, қорқау, түлкі сияқты жыртқыш аңдарды бір жікке жіктеп олар ара талас-тартыстарды да бейнелеген.

Міне, бұл суреттер кейінгі сөзөнеріндегі шығармаларда жағымды, жағымсыз кейіпкер тобына жіктеуге, хайуанаттар туралы ертегі, аңшылық аңыздарының туылуына үлкен әзірлік кезеңі болғандығы шындық. Міне, бұл алғашқы эстетикалық өнер туылуына себепші кез болды.

Көне тас ғасырларда тас құралдардың соңы мен егістік жер егу, аңшылықтан жабайы хайуандарды қолға үйретуден басталды да, хайуанаттар образы негізгі эстетикалық сахынаға шықты. Бірақ өмірдің өз жаратушысы адамды да ескерусіз қалдырмады. Көбіне діндік сенімге байланысты ендігі жерде Құдай, әулие, жын-шайтан, дию, пері, образы адам кейпінде жасалды. Мысалы, Сібериядағы Анһара аңғарындағы Малта қыстағынан табылған әйел қуыршақтар және олардың жасану бұйымдары, сондай-ақ олардың ыдыс-аяқтарына сызылған суреттерден мұны анық аңғаруға болады. Тіпті, кейбір зираттардан адам сүйегімен қосып мал сүйегі шықты. Мұның себебі батыр өлсе атын, қаруын қоса көмген және мал сүйегін немесе малды қоса көмуінде, адам қайта тіріледі, дүниеге рухы қайта тіріліп келеді. Сонда малдың етін жеп азықтансын деген сенім дейді. Мәселен, бұған мысал ретінде, қытай халқының Шүйян ақынды еске алу үшін әр жылы 3 мамырда үйіндідегі дән-тұзды теңізге төгетінін айтуға болады. XVII—XVIII ғасырда Алиот Искомос деген Солтүстік Сібірдегі өлген әйелмен бірге қуыршақ жасап, оған шаш тағып, «шығып кеткен жан» деп екіншісін «қайта кірген жан» деп, ал жан кіретін бір тесік жасап қоятын болған. Бұл қуыршақтың аты сол өлген адамның атымен аталған. Бұл тас құралдар дәуірінің соңын ала болған ұғымдар эстетикалық түсініктерден еді. Мұндай наным- сенімдік салт дүниедегі бірқанша ұлттарда қазір бар.

Тұмар мен алқа, білезік асыну кезі осы қола ғасырынан қалған діндік ұғымда, тұмарға молдаларға дұға жазып, қағазды үшбұрыш шүберекке тігіп адам мойнына асып алады. Бұл адамды қауіп-қатерден, жын-шайтандар азғыруынан сақтап, жолаушының жол жүргенде амандық, бақыт-байлық беруге көмек көрсетеді деп біледі. Ал көне заманда мойнына үлкендігі бірнеше кг келетін қола, күміс, темірлерден алқалық бойтұмар асатын әдет осыдан қалған. Ол әкеден балаға, шешеден кызға мұра ретінде сақталып отырған. Оны үлкен адамның батырлық медалі, дене тәрбие де чемпиондық медаль ретінде көріп, тірі кезінде қол жеткен жетістігі, мақтанышы ретінде көрген. Осыдан қалған мұра казіргі білезік, сырға, алқалар. Ол бұл күнде әсемдік, әдемілік бұйымдары есептелінген. Африкада ол тіпті, бір пұт салмақтағы темірге жеткен (20 кг мөлшерінде).

Дыбыстық ырғақ әсері-бұл адамдардың ерте заманғы өнерлерінің бірі. Мұндағы дыбыстық ырғақ күй, дабыл, музыкалық әуен, ән осылардың негізі. Көптеген көне мұралы әдет сақталған тайпаларда күй көп, бұл да дыбыстық ырғақ. Ал дабыл-алғашқы адамдардың соғыста әрекет-қимылын біркелкілестіретін, жігер беретін әдеттегі соғыс бастау мен аяқтату қолбасшылық белгісі ретінде пайдаланған. Ал мұңлы, қуанышты көңіл-күйлерде музыкалық әуенге осы дыбыстық ырғақ (ритм) арқылы айналған.                    Сондықтан дыбыстық ырғақ өз заманының музыка эстетикалық өнері деуге болады. Қытай халқында еңбек істегенде осы дыбыстық ырғақ күні бүгінге дейін адамның қимыл-әрекетін біркелкілестіру үшін істейді. XIX ғасырдың соңында жасаған неміс ғалымы Карл Бюхер (1874-1930) «Өзіндік еңбек пен ритм» атты шығармасында көптеген антропологиялык материалмен еңбек ырғақ, поэзияның қатыстылығын дәлелдеген қымбат, бағалы материал берген еді.

2. Эстетикалық жорамалдар.

Жалпы алғанда эстетиканың туылу себептері мен мәні туралы әр заманның сөзөнері мен көркемөнер теорияшылары әртүрлі жорамалдар жасаған.

Бірінші, көңіл ашу теориясы - адамдар нақтылы өмірде жасағандықтан заттық не рухани игілік тақаршығын тартпай тұра алмайды. Сондықтан адамдар өз зейін қуаты арқылы бай-бақытты, еркіндік әлеміне құштар болады. Осы құштарлық бір сәт болса да көңіл ашумен нақтыланады деп тәлім айтады-Кант, Шиллер, Спенсер қатарлылар.

Екінші, сиқырлы күш теориясы. «Алғашқы адамдардың алғашқы эстетикалық жасампаздығында қалайда бір сиқырлы күш бар, сондықтан ол әдеттегі адамдар қолынан келмейді әрі адамдарды табындыра алады. Мысалға, бір жабайы сиырдың суретін сызуы, адам да жабайы сиырды бой суындырарлық сиқырлы күштің ынтылуының болғандығынан», - дейді Франция археологы Реник.

Үшінші, көңіл-күйдің бейнелену теориясы. XIX ғасырдың соңғы мезгілінде еуропадағы буржуа психологтары «адам баласы тума өз сезімін бейнелей алу қабілетіне ие. Бала қуанса күледі, азаптанса жылайды. Мұндай тума қабілет дауыс, тіл, дене арқылы бейнеленіп, музыка, сөзөнері, билерге айналады», - деп тәлім айтады.

Міне, бұл жоғарыдағылар эстетиканың алғаш туылуында нәтижені себеп етіп көрсеткен. Құбылысты мән етіп баяндаған. Сондықтан биологиялық және психологиялық тұрғыдан жауап бергендіктен де көркемөнердің келіп шығу мәнін түсіндіріп бере алмаған.

Төртінші, еліктеу теориясы. Бұл грек философтары Демокрит пен Аристотель жағынан ортаға қойылған. Оларша «адамдар табиғат пен нақтылы нәрсеге еліктеуден келіп шықты дейді. Адам өрмекшіден-өрмек тоқуды, қарлығаштан-үй жасауды, сайрағыш құстардан-ән айтуды үйрендік»-дейді. Міне, мұнда да қарапайым көркемөнерлік мән мәселесін адамның тума қабілеті негізінде түсіндірілген.

Бесінші, еңбек туындысы. Адамзат қоғамында өндірістік еңбек адамдардың ең негізгі эмелияты. Сондықтан адамдар танымындағы ең негізгі мән алғашқы адамдардың көркемөнер әрекетінен қарағанда, еңбек олардың көркемөнерлік әрекетінің мазмұнын құ- раған. Алдымен еңбек, кейін тіл, ақыры екеуі қосылып, негізгі әрекеттендіруші күш болып қалған. Тағы да Рафаэльдің суреті, Торуалдестің әйкелдері, Вагнердің музыкасы барлыққа келген. Плехановтың сөзімен айтқанда-алғашқы еңбек ісжүзіндегі алғашқы көркемөнерден бұрын да бар еді. «Адамдардың алғашқы зат пен құбылыстардан игіліктену үшін бақылаған, тек кейінгі мезгілде ғана олардың эстетикалық негізде байқады» дейді. Міне, мұнан біз көркемөнердің еңбек туындысы екенін ұғамыз.

Алғашқы қоғамдық құрылым соңынан құлдық қоғам туды. Бір бөлім адамдар еңбектен қол үзіп, ғылым және көркемөнермен шүғылдану мүмкіндігі туды. Құлдық қоғам бір жақтан өндірістік күш пен мәдениет тарихындағы тарихи ілгерлеу мен бұрылысты көрсетсе, тағы бір жақтан әлеуметтік теңсіздік пен таптық зұлымдықтың сұрапыл бір формасын бейнелейді.

Аңыздар заманында гректердің көп кұдайлары жартылай адам ретінде көрінеді. Мысалы, Зевс құдайы барлық қаһарман батырлардың ата-бабасы ретінде көрсетілді. Тіпті, Ескендір Зұлһарнайын өзін Зевс ұрпағы ретінде атады. (Прометей Зевстің отын ұрлап жазаланады. Зевстің оты-акыл, парасат, өнер-көркемөнер, шара-айла, т.б. символы ретінде айтылады). Түркі тектес халықтарда «Оғызнама» дастаны бұған мысал.

Семинар №2

Семинар тақырыбы: Эстетиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Семинар жоспары:

  1. Эстетиканың анықтамасы.
  2. Басқа ғылымдармен байланысы.

Тапсырмалар:

  1. №2 тақырып бойынша жеке  жоба  дайындау;
  2. №2 тақырып бойынша слайд орындау;
  3. №2 тақырып бойынша сабақты талдау;
  4. №2 тақырып бойынша сабақ – оқу кезінде оқу жұмысының негізгі ұйымдастырылуы;

Семинар мәтіні:

1. Эстетика деген не? 

Эстетика - грекше (аstһеtiка) сезім, түйсік, бағыт деген сөзден келіп шыққан. Атау сөз болып, қазіргі беретін ұғымдық мағынасы адамның болмысқа эстетикалық қатынасын, көркем жасампаздық заңдарын зерттейтін көркемдікті тану теориясы, әсемдік туралы ғылым.

Гректер бір кезде бұл ғылымды каllоsка деп те атауды лайық көрген. Ал Гегель (1770-1831) «Көркемөнер философиясы» деп атауды жөн көрген екен. Қытайша «мей шуе - сұлулық ғылымы» мағынасын береді. Ал қазақшада эстетика-сұлу, әсем, әдемі, көркем, көрікті деген мағыналас сөз баламасына тура келеді. Бірақ бізде осы сөздерді қолдануына қарай әртүрлі мағынада қолданылады. Мысалы, сұлу деген сөз адамнан басқаға қолданылмайды. Ал әсем, әдемі, көркем, көрікті, тамаша деген сөздер зат пен құбылысқа қарата талғап қолданылады. Мысалы, мынау әсем жүрісті ат екен. Көркем табиғат екен. Әдемі етік екен деп айтылады да, көркем сиыр екен, эсем табиғат екен, сұлу дала екен деп айтылмайды.

Информация о работе Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика