Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:20, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсету.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................. 3-5 бет

І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ............................... 6-11 бет

1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері .................................................... 6-11 бет

1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы............................................................. 12-22 бет

ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері .................................................................... 23-37 бет

2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ................................................................... 23-37 бет

2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі ..................................................... 38-55 бет

Қорытынды ................................................................................... 56-57 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................... 58-59 бет

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-білім-мазмұнындағы-Абай-шығармаларындағы-құлықтық-тәрбие-мәселелері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

 

«Халықаралық Қазақ- Түрік» университеті

 

 

 

Кафедра: Педагогика және психология

 

 

Диплом жұмысы

 

 

Тақырыбы: «Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері»

 

 

Қорғауға жіберілсін:     

Кафедра меңгерушісі: п.ғ.к., профессор С.С.Тілеуова

_____________________________________

«___»___________________200___ж.

                          

 

 

 

 

Студент:  Шалабаева Г.

      Мамандығы: Бастауыш оқыту

педагогикасы мен әдістемесі

Ғылыми жетекшісі: Аға оқытушы

Ж.Б. Балажанова

 

 

 

 

 

 

Шымкент – 2008 ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе ..................................................................................................   3-5 бет

 

І - тарау.   Бастауыш   оқыту  процесінде оқушыларды

адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызы   ...............................   6-11 бет

 

1.1. Адамгершілік тәрбиесі  туралы  түсінік, 

оның  мақсат – міндеттері   ....................................................    6-11 бет

 

 1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде  пайдаланудың  маңызы.............................................................   12-22 бет  

 

ІІ- тарау.  Ана  тілі сабақтарында Абай  шығармаларын  оқушыларды

адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың

әдіс-тәсілдері   ....................................................................   23-37 бет

 

2.1. Ана  тілі  оқулықтарында  Абай  шығармаларының 

берілу  жүйесі   ...................................................................   23-37 бет

 

2.2. Абай  шығармалары арқылы  оқушыларды  адамгершілікке

тәрбиелеу  тәжірибесі   .....................................................    38-55 бет

 

Қорытынды ...................................................................................    56-57 бет

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі .....................................................    58-59 бет

 

Қосымша .............................................................................................    60-65 бет

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі  қоғам  талабына сай  елімізде  туындап  жатқан  әлеуметтік – экономикалық  өзгерістер  мен  жариялықтар  білім  беру  саясатына  жаңа  көзқарас қалыптастыруды  қажет  етеді.  Қазақстан  Республикасы  «Білім   туралы» заңында  «білім беру жүйесінің  басты  міндеті – ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері   негізінде  жеке  адамды  қалыптастыру  мен  дамыту  үшін  қажетті  жағдайлар  жасалу  қажет» деп  көрсетілген.  Жеке  адамды  дамытудың  басты  бағыты – жаңа адамгершілік  құндылықтарды  орнықтыру  екендігі  белгілі.  Мұндай  ауқымы  кең  міндетті  шешуде  көркем  шығармалардың алтын  орны  ерекше.  Көркем  туынды да  халықтың  тарихи  жүріп  өткен  жолдары,  өмір  белестері,  елдік – ерлік дәстүрлері,   тұрмыс – салты, психологиясы  жинақталған,  табиғаты  кескінделген,  адамгершілік  ұғым  түсінігі  көрініс  табады.   Осындай  талғамы  биік  оқушы   жүрегіне  жол  табатын  шығармалар  қатарына  Абай  туындылары  жатады.  Әлемдік  деңгейдегі  ақындардың  бірі,  мәдениет, пәлсапа, музыка,  ой  дүниесінің  алыбы,  ағартушы-демократ,  шешен,  аудармашы, тәрбиеші-ұстаз  Абай  тек  бір  ұлттың  көлемінде  ғана  емес, оның  асыл  мұрасын оқытудың  өзекті  мәселелері  ұстаздар  қауымының  алдына  қазіргі  кезеңдердегідей   ерекше  жауапты,  аса  қиын  да  күрделі  сұрақтарды  қоймас  еді.  Қазіргі мектеп  алдында  бүкіл  саналы  ғұмырының  басым  бөлігін  Абайға  арнаған  данышпан  Әуезов  «Тек  шөмішпен  ғана  сүзіп  алдым» деген  Абайдың,  оның адамгершілік  мұраттары  таныту  кезек  күттірмейтін  іс, жауапты  міндет  ретінде  қойып  отыр.[1] 365 б.

    Абай  шығармашылығына  арналған  әдістемелік  зерттеулерге  М.Әуезовтың  «Абай еңбектерінің  биік  нысанасы», Р.Сыздықованың «Абай  шығармаларының  тілі», Қ.Бітібаеваның «Абай  шығармаларын  оқыту»,  педагогтар  Т.Тажібаевтың  «Философские,  психологические, педагогические  взгляд  Абая  Кунанбаева», философ  Ғ.Есимовтың  «Абайдың 150 жылдығы», филолог  Сүйіншәлиевтің «Абайдың  қара  сөздері» атты  еңбектерін  жатқызуға  болады. [2] 45-47 б.

    Бұл  біздің  «Бастауыш  мектеп  білім  мазмұны  Абай  шығармаларындағы  адамгершілік  тәрбие  мәселелері» деп  аталатын  дипломдық  жұмысымыздың  тақырыбының  өзектілігін  дәлелдейді.

    Дегенмен  бұл  еңбектерде  жоғары  сынып  оқушыларына  оқыту мәселелері  қарастырылады.  Сондықтан  біз  бастауышта  Абайдың  адамгершілік  қағидаларын  таныту  жолдарын зерттеу  жұмысымыздың  объектісі етіп  алдық.

     Зерттеу  жұмысымыздың  мақсаты:

     Бастауыш  мектеп  білім  мазмұны  Абай  шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің  педагогикалық  және   әдістемелік  жолдарын  негіздеу.

    Бұл  мақсаттан  туындайтын  міндеттер:

  1. Абай  туралы  зерттеу  еңбектеріне  сүйене  отырып,  оның  өскен  ортасы,  педагогикалық  көзқарасы  туралы  сипаттап  жазу.
  2. Бастауышта  Абайдың  адамгершілік  мұратын  ұғындыру  жолдарының  әдіс-тәсілдерін  көрсету.

Зерттеу  пәні - ана  тілі сабақтарында Абай  шығармаларындағы адамгершілік  мәселесі.

Зерттеу  жұмыстарында  қолданылған  әдістер:  Абай  туралы  әдеби –сын  зерттеу,  философиялық, филологиялық,  тарих,  педагогикалық   еңбектерді  оқып  танысу,  талдау  жүйелеу.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың әдіс намалық ақпараты келтірілді.

Бірінші тарауда, адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік беріліп, оның мақсат- міндеттері, бастауыш сыныптағы оқыту процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы, адамгершілік тәрбиесін беруде Абай шығармаларын пайдаланудың жолдары баяндалды.

Екінші тарауда, ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс – тәсілдері көрсетіліп, ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының берілу жүйесі, Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі жөніндегі озат іс –тәжірибелер жинақталды.

Қорытынды бөлімінде, зерттеу мәселесіне байланысты тұжырымдар жасалып, кейбір әдістемелік ұсыныстар келтірілді. Жұмыстың соңында оны орындау барысында оқып танысқан және пайдаланған 35 әдебиеттің тізімі көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-Тарау.   Бастауыш  оқыту  процесінде  оқушыларды

адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызы.

 

    1. Адамгершілік  тәрбиесі  туралы  түсінік, оның  мақсат-міндеттері.

    Құлық тәрбиесі – адамгершілікті  тәрбиелеудің  құрамды  бөлігі.  Мұның  міндеті – моральдық  межелер  мен талаптарды  қоғамның  әрбір  мүшесінің  игілігі  ету: оларды терең  құлықтық  сенімдеріне,  жоғары  құлықтық  қылықтарына  және  шын  мінез – құлқына айналдыру.  Құлық  тәрбиесінің  шеңберінде  тұлғаның  құлықтық  санасы,  оның  қоғамдық  борышқа, өз  міндеттеріне  қатынасы  қалыптасады.  Құлықтық  тәрбие  әсемдікке  көзқарас  қалыптастыруда  әлеуметтік  тәрбие  институттарының  тәжірибелік  жұмыстарын  қамтиды.  Құлық тәрбиесінде  беделінің   үлкен  мәні  бар. Тәрбиешінің  өзінің  тәрбиелі  болуы – құлық тәрбиесіндегі  өзекті  мәселе.

    Жеке  адамды  адамгершілік  жағынан  қалыптастыру - әртүрлі  факторлар  мен  жағдайлардың  әсерінен  іске  асатын  күрделі  де, жан – жақты процесс.  Жас  жеткіншек  әртүрлі  ішкі  және  сыртқы,  қоғамдық  және  табиғи  факторлардың  әсерімен  дамиды.  Өзін  қоршаған  ортадағы  көптеген  құбылыстар  тікелей  әсер етіп,  оның  мінез – құлқымен  моральдық  бейнесінде  із  қалдырады. [3] 113 б.

    Мораль  барлық  қоғамдық  өмірдің  саласында – еңбекте,  тұрмыста,  саясатта,  ғылымда,  отбасында  және  халықаралық  қатынаста  адамның  мінезі  және  санасын  реттейді.

    Мораль  этикалық  зерттеу объектісі. Этика – бұл философиялық  ғылым, сананың  формасы,  қоғамдық  қатынастардың  түрі.  Этикаға  нормативтік  этика  және мораль  теориясы  кіреді.  Нормативті  этика игілік,  жақсылық,  жамандық,  әділеттілік  мәселелерін  зерттейді, жеке  адам  мінез – құлқының  кодексін  жасайды.  Мораль  теориясы моралдың  мәнін,  нормаларын,  тарихи  сипатын  анықтайтын  заңдылықтарын  зерттейді.  Нормативті  этика  және  мораль  теориясы  бір – бірімен  тығыз  байланысты,  оларды  бөліп  қарастыруға  болмайды.

    Моральдық  немесе  адамгершілік  сезімдер адамдардың бірлесе  жасаған  әрекеттері  негізінде  туып,  дамиды  да  осы  қоғамда  үстемдік  етіп  отырған  адамгершілік  ережелеріне  бағынады.  Олар  басқа  адамдар  мен  адамның  өзінің  мінез – құлқы, әсерінен  туады.  Көңіл – күйінің  осындай  халде  болуы – адамның  өзі үшін  де, басқалар  үшін  де  міндетті  түрде  қажет деп  санайтын  мораль  ережелеріне  қылықтарының  сай келуі  немесе  келмеуін  өзінше  бағалаудың  нәтижесі.

    Адамгершілік  сезімдердің  ерекшелігі – олардың  әсерлілігі,  яғни  айқын  көрінетін  эстетикалық  сипаты.  Адамгершілік  сезімдердің  зстетикалық  сипаты  дегеніміз  адамдарды  жігерлендіріп  отырады,  олар  өзінің  барлық  күші  мен  энергиясын  кездескен  қиыншылықты  жеңуге  жұмсап,  сөйтіп  мақсатқа  жетуге  мәжбүр  ететін  күш  пайда  болады.

    Нормативті  этика  және  мораль  теориясы  әрбір  азаматты  саналылықта  тәрбиелеуде,  адамгершілік  тәрбиесі  теориясы  мен  практикасын  дамытуда  елеулі  орын  алады.  Нормативті  этика  және  мораль  теориясы  негізінде моралдың  мына  түрлерін  атауға  болады:  ұжымшылдық  мораль,  гуманистік  мораль, белсенді,  қарекетшіл  мораль.

    Әрбір  адам  өмірінде, іс - әрекетінде кездесетін  мораль  категорияларын  (жақсылық,  жамандық,  борыш,  ұят,  адалдық,  әділеттілік, қайырымдылық, абырой,т.б.) терең  ұғынуы  қажет.

    Моральдық  этикалық  нормалар,  халықтың  ұлттық  әдет – ғұрыптары  қалыптасқан  дәстүрлі  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып  отырады,  жастардың  мінез – құлқына  байымды  әсер  етеді  өйткені,  халқымыздың  өзі келешек  ұрпаққа  айтар  ақылын,  адамгершілік  үлгісін,  салт – сананы, дәстүрлерді  насихаттап  келді.  Халқымыз  өзінің  бай  тәжірибесіне  сүйеніп,  ұрпақты  адал еңбекке,  өнер – білімге  тәрбиелейді,  үйелменнің, ауыл –аймақтың,  елдің  ар – намысын  қорғау  сияқты  ізгі  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырады.

    Қай  қоғамда  болмасын,  оның  барлық  салаларында  өмірде,  еңбекте,  тұрмыста,  үйелмендік  жеке  қатынастарда,  мораль адамның  мінез – құлқын,  сана – сезім  реттейді. Мораль  принциптері  белгілі  қоғамдық  бастауларды,  өмір  құрылысын,  қарым – қатынас  формаларын  қуаттайды,  бекітеді  немесе  керісінше  өмір  талаптарына  байланысты  олардың  өзгеруін  талап  етеді.

    Адамгершілік  дағдыларының  мектеп  оқушыларының  моральдық  бейнесін  қалыптастырудағы  орны  ерекше.  Дағды - әрекетті  орындаудың  қалыптасқан  тәсілі. Қандай  да  болмасын  адамгершілік  дағдыларының  негізінде  шартты рефлекторлық  байланыстарды  қалыптастыру  және бекіту  жатады.   Дағдының  ерекшелігі  оның  автоматтануы  болып  табылады.  Мінез – құлық  дағдылары баланың  жеке  басының  ерекшеліктерін  қалыптастыруда  маңызды  роль атқарады.  Мысалы,  баланы  адамдармен  инабатты  сәлемдесуге  үйретеді. Оған  адамдар  мен өмірдің  түрлі  жағдайларында  қалай  амандасу  керек  екенін  түсіндіреді.  Сан рет  қайталау  нәтижесінде  балада  үлкен  адамдарға  инабатты сәлем  беру дағдысы  қалыптасады.

    Қазіргі  кезеңде  көпшілік  арасында  жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарының  мақсаты  мен мазмұны  әр  адамға,  оның  ой - өрісіне,  сезіміне,  мінез- құлқына  ықпал  жасауы  тиіс.

    Кез-келген қоғамда  қауымдасып өмір  сүру  ережелерін  сақтау  қоғамдық  тәртіпті  ұстаудың  ең  маңызды  шарты  болып  табылады.  Түрлі елдерде  бұл  ережелердің  жергілікті  жағдайларға,  дәстүрлер  мен  салттарға  тәуелді  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  үйелмендегі  және  қоғамдағы тәртіп  ережелерін  үйреншікті  орындауда  адамдардың  өндіріс  пен  тұрмыстағы  күрделі  өзара  қарым – қатынасы  тасада  қалады.

    Қазіргі  ғылым  тұрғысында  адамның  өміршең белсенді  қалпы – адамның  қоғамдық  мәнінің  біртұтас  қасиеті. Ол адамның  әлеуметтік  және  табиғи  ортамен  қарым – қатынас  шеңберін  құрайды. Өзінде  адамның  және  қоршаған  ортаның  шындығының  күрделі  құнды  қатынастар  жиынын  біріктіріп,  өміршең  белсенді  қалып  адамның  қоғамдық мәнінің  әлеуметтік  бағдарының  сипатын, оның  азаматтық  тәртібі  және  іс - әрекетінің түрін  анықтайды.

    Адамның  қоғамдық  мәнінің  әлеуметтік  қалпында  өнегелікті  сенімдер ерекше  роль  атқарады.  Сенім – адамның  қоғамдық  мәніне  енген  білім.  Жалпы  сана  сияқты,  өнегелікті  сана,  қандай  деңгейде  болмасын  өзінің  нәтижесі  ретінде әрдайым  белгілі  бір бағаға  ие  болады,  яғни  шындықты  белгілі  бір  дәрежеде  білу  болады.  Айтылған  білімді  қоғам  өмір  сүретін  өнегелік  ережелерді,  принциптерді  түсіну  болып  табылады.

    Мінез – құлық  мәдениеті  жөніндегі  білім  өнегелі  тәртіптің  алғы  шартын  ғана  жасайды.  Адамның  қоғамдық  мәнінің  өнегелік  дамуының   негізінде  оның  өнегелік  тәжірибесін  қалыптастыру  жатады.  Осымен  қатар  өнегелік  тәжірибеде адам  тәртібінің  барлық  тәжірибесі сұрыпталмайтынын  еске  алу  керек.  Ең  алдымен  ол  үшін белгілі  бір маңызы  бар  және қажетті   жоғары  ой - өрістік  және сезімдік  белсенділік  туғызатын  өнегелік  әрекеттер  сұрыпталады.  Олар  адам санасы  мен сезіміне елеулі  із  қалдырады,  тек бұрынғы  емес,  жаңа  өмір шеңбері  мен жағдайларда  онан  арғы  тәртібіне  ықпал  жасайды.

    Адамның  өзін  қоршаған  әлемге,  алатын  білімге,  өмір  сүріп,  дамитын  жағдайларға  қатынасы  баға  беру  сипатында  болады.  Білім  адамның  сезімі  мен  күйзеліс  шеңбері  арқылы  өткенде  ғана өнегелік  көзқарастардың  жалпы жүйесіне  қатынасады  және оның  моральдық  сезіміне  дейін  көтеріледі. Күйзеліс моральдық  ережелердің  сезімдік тасмалдаушысы  ретінде  көрінеді.

    Мектеп  тәртібінің  қалыптасу  барысының  нәтижесі,  адамның  мәнінің  маңызды сапалық қасиеті – тәртіптілік. Оның  негізінде адамның  қоғамдық  мәнінің  еркін  дамуы,  өз тәртібін  қоғамдық  мүддеге бағындыру  білігі,  мақсатты жүзеге  асыру  жолында өз құлқының  ынтасын  өшіре  отырып  қиындықтарды жеңе  білуі  жатады.

Информация о работе Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері