Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2014 в 18:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН ТЕКСЕРУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ............................................................................................... 6
Оқыту процесіндегі білім бақылаудың маңызы...................................... 6
Білім білік дағдыны анықтаудың педагогикалық тексерудің түрлері... 11

2. Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ...................................................................................... 14
2.1 Бақылаудың бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері............................... 14
2.2 Жаңа материалдарды пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері............................................. 21

Қорытынды.......................................................................................... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................... 28

Вложенные файлы: 1 файл

Береш Әсем.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3

 

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН  ТЕКСЕРУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ............................................................................................... 6

    1. Оқыту процесіндегі білім бақылаудың маңызы...................................... 6
    2. Білім білік дағдыны анықтаудың педагогикалық тексерудің түрлері...  11

 

2. Тестілеу  арқылы оқушылардың білім, білік  Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ...................................................................................... 14

2.1  Бақылаудың бір  түрі-тест және оны өткізудің  әдістері............................... 14

2.2 Жаңа материалдарды  пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері............................................. 21

 

Қорытынды.......................................................................................... 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................... 28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.

Мұғалім мен оқушының арасындағы байланысын,қызметтік-тұлғалық деп айту артық,өйткені мұғалім үшін ең бастысы баланың тұлғалық қасиеттері,тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы емес,олардың жетістігі болып табылады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

           Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1]. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың өзектілігі: Бүкіл адамзат қоғамның, XXI ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.

Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім, біліктерінің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мәселесі қойылған. Белгілі бір көлемдегі білік дағдыларды меңгерумен қатар табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері кеңейте отырып, оларда шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, оларды үнемі бақылау, әрине қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуы, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек мектеп қана.

Тестілеп бақылап оқыту әдісіне негізделген технология оқушының ойлау, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, оқытудың мақсаты өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни субьективті тәрбиелеп шығару. Оқытудың ендігі жердегі мақсаты оқыту әдістерінің оқушының өз бетімен ізденіп қызмет жасау әдістері мен тәсілдерімен толығуын қажет етеді. Осыдан жаңа шарттар мен талаптар да туындайды. Әдістемелік жүйені осылайша жаңалау, сәйкестік оқулық әдістемелік, дидактикалық - өте күрделі бақылауды, тексеруді, тестлеуді қажет ететін жұмыс.

Оқушылардың білім, білік, дағдыны тексеру әдісінің бір түрі 
тестілеу болып отыр. Қазіргі бақылау мен бағалаудың, яғни тест түрімен 
тексеру, барлық мектеп тәжірибесінде бар. Әлі де болса жүзеге толық 
түрде аса қойды деп айту да қиын. Осы тұрғыдан алғанда зерттеп отырған 
мәселеміздің өзектілігін байқауға болады.

Зерттеу мақсаты: Оқушыларының білім,білік, дағдыларын қалыптастыру әдісі, оларды тестілеу арқылы анықтау, оны практикада жүзеге асырудың жолдарын айқындау.

Зерттеу міндеттері:

- бастауыш сатыда оқушының іс әрекетін анықтау үшін жүргізілетін ұлттық педагогикалық тестілер жөнінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасай отырып, проблеманы теориялық тұрғыдан негіздеу;

Қалыптастыру әдістері: бақылау, салыстыру, тестілеу, талдау, сауалнама.

Курстық жұмысының теориялық қолданылымы:

Бастауыш мектептерде білім, білік дағдылары тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда оқушылардың білім, білік дағдысы артады осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілін оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.

Курстық жұмысының практикалық қолданылымы:

Курстық жұмысында ұсынылып отырған оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.

 

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН ТЕКСЕРУДІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, С.Ф.Сухорский, Чергинский «Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова Педагогика. - Алматы , 2004 -443 б», ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға болады. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.

20-жылдары үй тапсырмасын  беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.

30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін  есепке алуды, бақылау және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.

40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.

Онда білімді бақылау оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметі ойластырды.

Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.

80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін  есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.

«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:

Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.

Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді.

Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.

Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский «Қазақ   тілі       терминдерінің   салалық   ғылыми   түсіндірме   сөздігі. Педагогика және психология. Алматы. Мектеп, 2002 -956 б» қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік.

Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.

Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.

Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.

Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.

Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Сөйтсе де, әлі де болса оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.

Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.

  1. Дағдылану - соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басының 
    тіршілігінде пайда болатын қылықтар.
  2. Дағдылану   -   үйренумен,   жаттығумен,   бір   әрекетті   бірнеше   рет пайдаланумен дәл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның бұрынғы 
    тәжірибесіндегі әдеттермен байланысып, жүзеге асады.
  3. Дағдылану зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматизм тәрізді деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар, мәселен, ақыл-оймен байланысты, автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.
  4. Дағдылану бір қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзінің әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса - сол әрекетін басқа әрекеттерге де көшіре алады. 
    Мысалы, адам әр уақытта оң қолымен жазып, сол қолымен еш уақытта жазбаған болса, ол сол қолымен де жаза алады. Дағдылану өте күрделі процесс. Оған бірнеше жекелеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, мылтықты жақсы ататын құрал ету үшін, әуелі оның бірнеше жалқы, жеке бөлшектерінің қандай қызмет атқаратынын үйрену қажет. Адамда заттарды еске түсіру дағдылануы көп болса, оның әрекеті соншама жемісті болмақ. Дағдылануды қалыптастыруда адам баласында саналы әрекеттер үлкен орын алады. Көбінесе біз кейбір әрекеттерді қайталап дағдылануды үйренгенде, ол дағдыланудың неге керегі бар, біз неге оған үйренеміз, оның қандай пайдасы бар, оны қалайша атқару керек деген мәселелердің барлығын ойлап, саралап, санамыздан өткізіп отырамыз. Бұл жағдай адам баласында дағдыланудың пайда болуы хайуанаттар дағдылануынан өте айрықша екендігін көрсетеді. Дағдыланудың физиологиялық негізі адамдағы шартты рефлекстердің пайда болуымен байланысты. Дағдыланудың физиологиялық негізі мидың шарларының әрекеті Дағдылануды сипаттарына қарай екі түрге ажыратуға болады:
  5. Автоматизмге айналған дағдыланулар.
  6. Автоматизмге айналмаған дағдыланулар.

Информация о работе Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ