Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)......................................................................................................................8
1.2 Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс.................12

II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-ЖАСЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ РЕТІНДЕ
2.1 Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыстардың сипаты..............................................18
2.2 Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұны..................21
2.3 Жеткіншектік кезеңіндегі дағдарыстық мәселесінің психологиялық шешімдері...................................................................................................................27

Қорытынды.................................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

ЖАС ЕРЕКШЕЛИК ДАГДАРЫС -ПСИХОЛОГИЯ....doc

— 690.50 Кб (Скачать файл)

Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны

 

 

ЖОСПАР

 

 

 

Кіріспе....................................................................................................................3

 

I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ  ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ

1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық   кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)......................................................................................................................8

1.2  Дағдарыс кезеңіндегі  жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс.................12

 

II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-ЖАСЕРЕКШЕЛІКТІК  ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ  РЕТІНДЕ

2.1 Жеткіншек кезеңіндегі  дағдарыстардың сипаты..............................................18

2.2 Жеткіншектік дағдарыстың  негізгі қайта құрылуының мазмұны..................21

2.3 Жеткіншектік кезеңіндегі  дағдарыстық  мәселесінің психологиялық  шешімдері...................................................................................................................27

 

Қорытынды.................................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дағдарыс психологиялық дамудың ерекше құбылысы ретінде өте ертеден қарастырылып, біраз уақыт өткен соң бұл ұғымды эмпирикалық түрде қарастыру тоқтатылғанмен, қазіргі кезде бұл мәселеге деген қызығушылық күшеюде. Оның ішінде біздің тақырыбымызға арқау болып отырған, яғни зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі  - жас ерекшеліктік дағдарыстарына деген көзқарастар қазіргі кезде қызығушылық тудыруда. Сондықтан, зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі де - жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұнын толық зерттеу арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.

  Дағдарыс кезінде өзінің терең қайта өзгеруін талап ететін, дүниені түсінудегі  санаға симайтын, әлеуметтік-рөлдік қатынастар  баланы  шыны бетіне соғылған көбелек сияқты етеді. Жағдайлар өзінің қауырттығымен заттар арқылы әрекетті меңгерудегі баталған бағдар құрылымын бұзады, әлеуметтік қатынастардағы және рөльдік мінез-құлық формасындағы басты қажеттілік ретінде бағдарды туғызады.

Дағдарыс кезінде іс-әрекет толқыны объективті кедергілерге ұшырап, оны уақытша бөгелу ретінде санап, одан өтіп кетуге тырысады. Бұл баланың өжеттігінен, бірбеткейлігінің артуынан көрінеді, қыңырлық ең кінәмшілдік оны қоршаған әлеуметтік ортаға ықпал ету тәсілі ретінде көрінеді. Кейін бұл психологиялық толқын артқа, жеке бастың ең терең бастапқы қабатарын қайта құруға - оның қажеттілікті қисындылық саласына қарай бұрылады. Осыдан кейін қозғалыс пайда болған кедергілерді ескеріп, заттық-когнитивтік схемаларды меңгеруге қарай, іс-әрекетті, эмоциялық ерік-жігердің реттелу деңгейі арқылы жүреді. Сөйтіп, іс-әрекет бірнеше рет айналып өтетін органикалық қозғалыс сияқты дамуда ширатылады. Дамыған ой даналығы күрделі өмірлік жағдайлардың объективті қайшылықтарын шамамен айналып өту қабілеттілігі арқылы анықталады.

Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін.

Жас ерекшеліктік кезең дағдарыстарының адам өміріндегі алатын орны Д.Б. Элькониннің анықтамасы бойынша кезеңдердің әрбір жұптары жеке адамның   дамуындағы бір дәуірді құрайды. «Бір дәуірден келесісіне өту, баланың операциялық-техникалық мүмкіндіктері, міндеттері мен іс-әрекет қисындары арасындағы сәйкессіздік тұсында пайда болады» [1; 24б].

Дағдарыс психологиялық дамудың ерекше құбылысы ретінде өте ертеден

қарастырылып, біраз уақыт өткен соң бұл ұғымды эмпирикалық түрде қарастыру тоқтатылғанмен, қазіргі кезде бұл мәселеге деген қызығушылық

күшеюде.

Бір дәуірден екіншісіне өту кезіндегі дағдарыстар жеке адамның әрі қарай дамуына сөзсіз әсер етпей қоймайтын жағдай. «Баланың жеке басында прогрессивті дамуы, жаңа нәрсенің ұдайы қалыптасу барысында барлық жаста нақты білінеді, ал дағдарыс кезеңдерінде өшеді, уақытша тоқтайды»,— деген. Л.С.Выготскийдің пікіріне сүйенсек, дағдарыстардың жас ерекшелігіне қарай өтіп отыруы, адамның кейінгі өмір сүруінің қайнар көзі секілді. Дағдарыс кезеңінде бала ешнәрсені алмайды, қайта бұрынғы алғандарынан айырылады».

Зерттеу жұмысының пәні:  Жас ерекшеліктік психологиясы, балалар және жеткіншектер психолоиялары және жткіншектік кезеңдегі баланың дамуындағы дағдарыстар психологиялары.

Жас ерекшелік психологиясының зерттеу объектісі: 1 жас, 3 және 5 жастағы балалардағы дағдарыстар, балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңіндегі, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықтағы дағдарыстар, қыз балаларда 11—13 жаста, ер балаларда 13—15 жастағы, қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысындағы дағдарыс кезеңдері.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Жас ерекшеліктік дағдарыстарды зерттеу арқылы олардың мәнін, құрылымын, мазмұнын анықтау. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орнын, оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезеңдерін, осы жастарда болатын жас ерекшелік дағдарыстарын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығын анықтау. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшеліктерін,  олардың үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастарын зерттеу, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтерін бақылау т.б. осы кезеңдердегі жас ерекшеліктік дағдарыстарын толық зерттеу арқылы тақырыптың мәнін, мазмұнын ашу.

Зерттеудің міндеттері:

  • жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық дағдарыстардың  пайда болуын зерттеу;
  • Жас ерекшеліктік дағдарыстардың сипатын топтастыру;
  • Жеке адам дамуының дағдарыстық   кезеңдерін (жас ерекшеліктеріне қарай) зерттеу;
  • Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгерістерді анықтау;
  • Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыстардың сипатын бақылау;
  • Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұнын ашу;
  • Жеткіншектік кезеңіндегі дағдарыстық  мәселесінің психологиялық шешімдерін жасау;
  • Дағдарыстарды  ерекшеліктікке сәйкес жіктеу (кестемен).

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Жас ерекшеліктер дағдарыстарын Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Н.С.Лейтес, Б.Д.Эльконин және т.б. көптеген психологтар өз еңбектерінде атап көрсетті. Бала дамуының дағдарыстық кезеңдер теориясына сәйкес Л.С.Выготский  әрбір өтпелі немесе дағдарыстық кезең, біріншіден, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі баланың обьективтік орны, екіншіден, ішкі позициясының өзгеруі арқылы көрінетін дамудың әлеуметтік жағдайының өзгеруін дәлелдеді. Бұл кезеңдердің негізгі мазмұндық ерекшеліктері П.П.Блонский мен Л.С.Выготский еңбектерінде жазылған. П.П.Блонский көрінетін ауысулардың нақтылығы, айқындылығына көңіл бөледі. Л.С.Выготский «ең алдымен ауыспалы кезең бұл баланың өткен тәжірибесінен жинаған ерекшеліктерін жоғалтуымен көрінетін кезең» дейді.

Л.С.Выготскийдің жеке адамның дамуындағы сезгіштік кезеңдер идеясына сүйене отырып, көптеген психологтар әрбір жас кезеңінің психикалық даму сипаттамаларын бөліп көрсету қажеттілігін көрсетеді. Н.С.Лейтестің көрсетуінше, балалық уақытында көрінетін дамудың жоғары мүмкіндіктері тек өтпелі, белгілі бір уақытқа ғана байланысты болады.

Сонымен қатар, Л. С. Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін алға қойды.

М.И.Лисина зерттеулері үшін басты мәселе адамның жас мөлшерінің дағдарысы болған. (1 жас, 3 және 7 жас). М.И.Лисина дағдарыстық кезеңді зерттей келе тұлғалық өзгерістің әр жас мөлшеріне тән екенін аңғартады. С.Ю. Мещеряковтың пікірінше, алғашқы жылдың тұлғалық өзгерістің бастысы жағдайлық белсенділік болып табылады. Белсенділік өз тілектерін дамытуға, қоршаған ортаға және ересек адамдарға бағытталған. Т.В.Ермоловтың жұмыстарының нәтижесінде 3 жастың дағдарыс кезінде бала жалпы заттық іс-әрекеттің субьектісі болады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады. Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен карым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, кауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).

Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.

Зерттеу жұмысының болжамы:  Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бір-ақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа  көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік әзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларыныц өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты, олар:

1) ересектіктің дамуын  тежейтін жайлар: балалардын көбінде басқадай тұракты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Зерттеу жұмысының әдістері: Дағдарыс психологиялық дамудың ерекше құбылысы ретінде өте ертеден қарастырылып, біраз уақыт өткен соң бұл ұғымды эмпирикалық түрде қарастыру тоқтатылғанмен, қазіргі кезде бұл мәселеге деген қызығушылық күшеюде. Көптеген уақытқа дейін бұл мәселе терминологиялық қарама-қайшылықты тудыру мүмкіндігіне байланысты, көптеген әдебиеттерде қарастырылмады. Қарастырылатын мәселенің адекваттылығына байланысты, «дағдарыс» ұғымының орнына «ауыспалы кезең» ұғымын қолданған дұрыс болады. Себебі актілі түрде алатын болсақ, бала өзінің дамуының бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысады. Ауыспалы кезеңде, екі жастың кездесуінің негізінде, бір жастың даму кезеңінің тоқтауын және екінші жастың дамуының басталуын көрсететін дағдарыстар туындайды. Бұл мәселенің педагогикалық тәжірибеде қарастырылуының практикалық құндылығы, осы жастағы балалармен жұмыс істеудің қиындығына байланысты болып отыр. «Бала өзінің дамуында белгілі бір кезеңдерде қиын тәрбиеленетін жүріс-тұрысымен көрінеді» деп жазады Л.С.Выготский.

Зерттеудің жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК  ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ

 

1.1 Жеке адам  дамуының дағдарыстық   кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)

 

Әрбір жас кезеңінде бала өзіне деген қандайда бір қатынасты талап етеді.

Білім беру орындағы, оның ішінде, білім берудің тәжірибелік психологиясы мектепке дейінгі шақты (3-6/7 жас), мектептік шақты (6-9 жас), жасөспірімдік кезеңді (10-14 жас) және ерте жастық шақ уақытын қамтиды (15-17 жас).

Л.С.Выготский жасты жалпы даму циклінде сандық әрі сапалық өзгерістермен сипатталатын ерекшелік деп көрсетеді. Жас ерекшеліктері жалпы дамуға бағытталатын, жастың аса ерекше өзгерістері мен сипаттары арқылы көрінеді. Қандай да бір жас кезеңі жеке адамның арнайы психикалық процестері мен қасиеттеріне, психологиялық сапаларына сезгіш деңгейде болады. Әрбір жас кезеңінің дамуының бастапқы шағында тек осы жасқа ғана тән бала мен орта арасында қайталанбас қатынас туындайды. Мұны Л.С.Выготский осы жастың әлеуметтік даму жағдайы деп атаған. Дамудың әлеуметтік жағдайы осы жас кезеңіне сәйкес келетін психикалық даму динамикасы мен сапалы психикалық құрылымдар арқылы сипатталады. Осыған орай, әрбір жас кезеңіне жекелеген ерекшеліктерімен жаңа құрылымдардың жиынтығы ғана емес, сонымен қатар жеке адам құрылымының бірегейлігі және осы жас кезеңіне тән даму тенденциялары жатады. Басқаша айтқанда, баланың жас ерекшеліктік психологиялық сипаттамасы оған тән жекелеген сипаттармен емес, әрбір жас кезеңіндегі жеке адамдық құрылымының әртүрлілігімен көрінеді. Л.С.Выготскийдің жеке адамның дамуындағы сезгіштік кезеңдер идеясына сүйене отырып, көптеген психологтар әрбір жас кезеңінің психикалық даму сипаттамаларын бөліп көрсету қажеттілігін көрсетеді. Н.С.Лейтестің көрсетуінше, балалық уақытында көрінетін дамудың жоғары мүмкіндіктері тек өтпелі, белгілі бір уақытқа ғана байланысты болады. Сондықтан да дамудың жоғарғы қарқынында, әрбір жас кезеңінің жастық жетістігі айқын түрде көрініп, жеке адамның дамуына маңызды үлесін қоса білуі маңызды болып саналады [3].

Информация о работе Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны