Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 06:51, реферат
Қылмыстың анықтамасы (заңдылық немесе ғылымый тұрғыдағы) кез келген қылмысқа тән әділеттік және әлеуметтік нышандарға жөн сілтеп тұрады. Бұл нышандар (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамдық қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылық) қылмыстық әрекеттің қылмыс болып табылмайтын өзге құқық
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері
2. Қылмыс құрамының түрлері
3. Қылмыс объектісінің ұғымы және түрлері
4. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері
5. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және белгілері
6. Қылмыс субъектісінің ұғымы және түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қылмыс құрамының түсінігі
және белгілері
2. Қылмыс құрамының түрлері
3. Қылмыс объектісінің ұғымы және түрлері
4. Қылмыс объективтік жағының түсінігі
мен белгілері
5. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және белгілері
6. Қылмыс субъектісінің ұғымы
және түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ι Кіріспе
Қазіргі заманғы уақыт талабына сай қоғамның алдында тұрған күрделі проблемалардың бірі- қылмыс жүйесін ерекше көңіл бөліп, қылмыс құрамының мазмұнын жаңартып тереңірек тоқталу.
Қылмыстың анықтамасы (заңдылық немесе ғылымый тұрғыдағы) кез келген қылмысқа тән әділеттік және әлеуметтік нышандарға жөн сілтеп тұрады. Бұл нышандар (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамдық қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылық) қылмыстық әрекеттің қылмыс болып табылмайтын өзге құқық бұзушылықтар мен әрекеттер арасындағы шекараны анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ, көрсетілген нышандар бойынша мүмкін-ау деген қылмыстық әрекеттер жиынытығының аясында бір қылмысты екіншісінен шектеуге айталық, ұрлықты кісі өлтіруден оқшау ұстаға болмайды. Өйткені, бірінші де, екінші қылмыс та қылмыс ұғымын қарастыратын нышандарды бірдей деңгейде иеленген.
Толып жатқан қылмыстық әрекеттер ішінен нақты қылмысты, яғни ұрлық немесе зорлау, тонау немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қашқындықты жекелеу үшін қылмыс құрамы дейтін ерекше ұғымға жұғыну керек.
Отандық қылмыстық құқық ғылымдарында қылмыс құрамы мәселесін ғылыми тұрғыдан талдау ісінде осынау тақырыпқа екі монография арнаған А.Н. Траниннің еңбегі зор.
Қылмыс құрамы деп- қылмыстық құқық деп қылмыстық құқық теориясында қылмыстық заңмен орнықтырылған, қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс (яғни, мысалы ұрлық немесе қорлау, тонау немесе бұзақылық) ретінде бейнелейтін обьективтік және субъективтік нышандардың жыйынтығы.
Қылмыс құрамы ұғымы нышандардың төрт тобын қарастырады, олар теорияда қылмыс құрамының элементері деп аталады. Бұл қылмыстың объектісі және субективтік жағы. Дәлелдеп келгенде, бұл элементерді жалпылай алғанда құрамды құрастыратын нышандардың мазмұны бойынша ұрлық қорлаудан, ал тонау бұзақылықтан ерекшеленетін болады.
Осы курыстық жұмыста қылмыс құрамының ұғымына терең тоқталып, қылмыс құрамының объективті және субъективті жағын ашып көрсетілді
ΙΙ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері
Қылмыстық Кодекстің
3-бабында жазылғандай «
Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық–құқықтық нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.
Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады.
Қылмыс пен қылмыс құрамы деп ұқсас, бірақ бірдей түсініктер емес. Қылмыс бұл объективті шындықта нақты тұлғамен жасалған әрекет не әрекетсіздік.
Ал қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс құрамынан басқа жағдайлар қылмыстық жауаптылық негізгі бола алмайды. Ал негізсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер қылмыстық қудалау басталған күннің өзінде, қылмыс құрамының жоқ екені анықталған сәтте, ол іс қысқартылып тасталады.
Заңдық әдебиеттерде дұрыс көрсетілген, яғни жасалған әрекет қылмыс құрамының барлық белгісінен тұратын болса, бұл қылмыстық жауаптыққа жеткілікті негіз болып табылады. Басқа барлық жағдайлар жүргізілген іске қатысы бар болса, сот жаза тағайындағанда есепке алынады. Бұдан түсінетініміз қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік іске аспайды. Сонымен қатар қылмыс құрамы басқа да маңызды, аса қажетті міндеттерді атқарады. Тек қылмыс құрамы негізінде қылмысты саралау процесі жүзеге асады, яғни қылмыс құрамы құқық қолданушыға жасалған қылмыстың мазмұнын толық және нақты белгілеп көрсететін ең қажетті қылмыстық – құқықтық үлгі.
Қылмысты квалификациялау
– қылмыстық құқықта өте
Қылмысты дұрыс квалификациялау – бұл қоғамға қауіпті әрекет қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Қылмысты квалификациялау кезінде Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің берілген әрекетке сәйкес қылмыс құрамы бар баптар не баптың бөлімдері нақты көрсетілуі керек, ол аяқталмаған қылмыста, сыбайластықта, Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің сәйкес баптарына сілтеме жасалады. Қылмысты квалификациялау нәтижесі іс жүргізу құжаттарында сипатталады (қылмыстық істі қорғау туралы қаулылар, айыпкер ретінде жазаға тарту туралы қаулылар, үкімді және т.с.с.).
Қылмысты квалификациялаудың мәні – оның қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті жасалған әрекетті заңды түрде есепке алып, кінәлі тұлғаға әділ жазасын беру болып табылады.
Сонымен, құқық қолданушы органдар қылмысты қаншалықты дұрыс квалификацияласа, қоғамдағы заңдылықтың жағдайы соншалықты әділетті болады.
2. Қылмыс құрамының түрлері
Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жақ; субъект, субъективтік жақ. Қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.
Қылмыс объектінің
астарынан түсінетініміз –
Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, себепті байланысты да жатқызады. Мысалы: ұрлықтың құрамы, осы әрекет арқылы меншік иесіне зиян келуі. Бұдан басқа объективті жақ қылмысты жасау жағдайы, орны, уақыт, тәсілі, қаруы және құрал-жабдықтары жатады.
Қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған және қылмыстық заңмен қарастырылған белгілерге ие физикалық тұлға табылады белгілері: есі дұрыс, анықталған жасқа толу және кей жағдайларда арнайы белгілері болады (мамандығы, лауазымы және т.б.).
Қылмыстың субъективтік жағын адамның мінез-құлқының ішкі психикалық жағын сипаттаушы белгілер құрайды: кінә, себеп және қылмыс мақсаты.
Теорияда қылмыс құрамының белгілерін екіге бөледі: негізгі және арнайы.
Негізгі белгілері (міндеттеуші не жалпы) – бұл әрбір қылмыс құрамында болатын белгілер. Осы белгілердің білгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді. Негізгі белгілерге жататындар: қылмыс объектісінде – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс объективті жағында — әрекет не әрекетсіздік; қылмыс субъектісінде физикалық тұлға, есі дұрыстық, жасы, қылмыстың субъективті жағында – кінә.
Арнайы белгілер (факультативті, толықтырушы) – бұл белгілер заң шығарушының барлық елес тек қана қылмыс құрамының бір бөлігін негізгі белгілерге толықтыру ретінде пайдаланатын белгілері. Арнайы белгілері жататындар: қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыс пәні, қылмыстық объективті жағында – салдар, себепті байланыс, қылмыс жасаудағы жағдай, уақыт, орын әдіс, қару және құрал-жабдық;
Қылмыс субъектісінде лауазымды не қызметтік жағдайы, соттылығы және т.б.; қылмыстың субъективті жағына ол – себеп мақсат.
Қылмыс құрамының
негізгі және арнайы болып бөлінуі
тек қана теориялық мәнге ие, ең
бастысы қылмыстық–құқықты
Кейбір жағдайларда арнайы белгілер қылмысты квалификацияғанда есепке алынады. Егер арнайы белгі қылмыс құрамына кірмесе, онда ол қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және жаза бекіткенде есепке алынады.
Қылмыс құрылымының жалпы түсінігі – қоғамға қауіпті әрекетінің қылмыс ретінде сипат алуы, оны қылмыс не қылмыс емес екенін тану немесе оны дұрыс квалификациялауға қажетті элементтер жиынтығы. Осы жоғарыда қараған жағдайларды практика жүзінде қолданғандақылмыс құрамын жіктеудің маңызды зор, яғни қылмыс құрамын анықталған түрлнрге бөлеміз. Қылмыс құрамын жіктеудің негізіне жататындар: әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі – заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты, қылмыстың объективтік жағының жіктелуіне байланысты.
Негізгі қылмыс құрамы – бұл белгілі бір әрекеттің негізгі, тұрақты белгілерінің жиынтығынан тұратын құрам. Толықтырушы белгілерді, яғни жасаған әрекеттің қоғамдық қауіптігінің дәрежесін көтеруші, төмендетуші белгілерін қарастырмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқының 96-бап 1-тармақшасында қарастырылған кісі өлтіру құрамы.
Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жауапкершілікті не жазаны ауырлатушы жағдайлар болса, онда ол қылмыс құрамының квалификациялық түріне жатады. Бұндай квалификациялық белгілерге әр түрлі жағдайлар жатады: қылмыстың қайталануы, әдісі (ерекше қатігездік, зорлау және т.б.), соттылығы, ұйымдасқан топ болуы, қаскүнемдік пиғылы, мақсаты және тағы сол сияқтылар.
Квалификациялық қылмыс құрамы Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің баптарының әртүрлі тармақтарында мазмұндалады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 96-бап ІІ-тармақшасындағы кісі өлтіру құрамы.
Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жеңілдетуші белгілер болса, онда ол артықшылықты қылмыс құрамына жатады. Бұл белгілі қылмыс құрамының ерекше бөлімінің бір бабының әр түрлі тармақтарында немесе жеке бапта болуы мүмкін. Мысалы, артықшылығы бар кісі өлтіру құрамдары бар баптар: жаңа туған баласын анасының өлтіру (96-бап);
аффект жағдайында кісі өлтіру (98-бап); қажетті қорғаныс шегінен шығып кісі өлтіру (99-бап); қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі шараларды шегінен тыс қолдану (100-бап).
Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып бөлінеді.
Жай қылмыс құрамы – бұл құрам элементтерінің қиындық жоқ құрал. Онда ерікті қылмыс құрмайтын бір ғана әрекетті, тарауды не сатыны сипаттайды, яғни құрам элементтерінің барлығы тек бір-біреуден тұрады.
Қандайда болсын құрам элементтерінің қиындығы бар болса, ол күрделі қылмыс құрамы. Мысалы, қарақшылық (яғни бұнда меншікке және меншік иесіне зиян келеді); зорлау (бірнеше әрекеттермен: психикалық не физикалық күш көрсету арқылы, не тұлғаның дәрменсіз халін қолданып жыныстық әрекет жасау); кінәнің екі түрімен (адамның дене мүшелерін трансплантация үшін не басқа жағдайларға пайдалануға мәжбүрлеп көндіру салдарымен абайсызда кісі өліміне әкеп соқса).
Күрделі қылмыс құрамының әр түрлілігі альтернативті қылмыс құрамы деп аталады, онда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бәрнеше нұсқалары көзделеді, олардың әрқайсысы өз алдына қылмыстық жауапкершілікке негіз бола алады, мысалы, заңдылық кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.
Қылмыстың объективті жағының жіктелуі практикада маңызды орын алады. Сондықтан қылмыс құрамын объективтік жағына қарай үшке бөлеміз: материалды, формальды және келтелік.
Салдарлар қылмыстың
аяқталуының қажетті белгісі
шығатын құрал материалдық
Егер жасаған әрекеттен салдарлар пайда болмаса, онда ол қылмыс деп танылмайды (мысалы абайсыз әрекеттер) не қол сұғушылық не қылмысқа дайындық деп сараланады (көздеген салдарлар туғызуға бағытталған қасақаналық әрекеттер).