Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:50, дипломная работа
Шаруашылық-ауыз суымен қамтамасыз ету үшін жер үсті, жер асты және атмосфералық суларды пайдаланады. Жер үсті сулар- бұлар ашық су көздері: өзендер, ағысы бар және ағысы жоқ көлдер, су қоймалары, теңіздер, мұхиттар. Әртүрлі ашық суат суларының органикалық қасиеттері, химиялық және биологиялық құрамының өзіндік ерекшеліктері бар, себебі олар әр түрлі факторларға байланысты. Суды тұщы және ащы сулар деп бөледі. Өзендер мен көпшілік көлдердің суы тұщы суларға жатады.
3. Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы.
Ауыз су сапасына қойылатын талаптар
Ауыз судың сапа критерийлері:
ҚР. 3.02.002.04. Сан ЕменН-де 4 топ көрсеткіштерді бөліп көрсеткен, олар судың сапасы жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетіндігін анықтауға мүмкіндік береді:
Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, 1-кестеде көрсетілген нормативтерге сәйкес, бағаланады.
Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1 мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50- аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл) бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 –ден кем болмауы керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.
Термотолерантты (ыстыққа
төзімді) колиформды бактерияларды, 100
мл суға үш рет зерттеу жүргізіп,
анықтайды. Анықталған нәтижесі теріс
болуы керек. Колифагтар мен лямблия
цисталарын анықтау тек жер бетілік
су көздерінен сумен жабдықтау жүйелерінде,
суды тарататын жүйеге беру алдында,
ал сульфитредуцирлеуші
Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы, оның құрамындағы химиялық заттардың мөлшері - табиғи суларда ең жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай-ақ, антропогенді текті зиянды заттардың нормативтеріне сәйкес келуімен анықталады. Химиялық кұрамы бойынша ауыз судың сапасын бағалайтын көрсеткіштерге жалпылама көрсеткіштер, табиғи суларда ең жиі кездесетін және жаһандық таралу алған антропогенді зиянды органикалық және бейорганикалық химиялық заттар, суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін зиянды химиялық заттар, адамның іс-әрекет нәтижесінде сумен қамтамасыз ететін су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар жатады (2,3,4,5 – кестелер).
Ауыз су құрамында 1- және 2- қауіптілік класына жататын және зияндылықтың санитарлық-токсикологиялық белгісі (с.-т.) бойынша нормаланған бірнеше химиялық заттар анықталған кезде, суда анықталған әрбір заттың концентрациясының әр қайсысына тиісті ШРЕК-не қатынасының қосындысы 1-ден аспауы тиіс (суат суларының сапасына қойылатын талаптар сияқты). Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
С1факт/ С 1рұқсат + С2факт. / С 2рұқсат... + Сn факт / С n рұқсат ≤ 1
мұндағы - С1, С 2, Сn – 1- және 2- қауіптілік класына жататын жеке химиялық заттардың концентрациялары: факт. – фактіге негізделген; рұқсат– рұқсат етілген.
Шаруашылық-ауыз суымен қамтамасыз ету үшін жер үсті, жер асты және атмосфералық суларды пайдаланады. Жер үсті сулар- бұлар ашық су көздері: өзендер, ағысы бар және ағысы жоқ көлдер, су қоймалары, теңіздер, мұхиттар. Әртүрлі ашық суат суларының органикалық қасиеттері, химиялық және биологиялық құрамының өзіндік ерекшеліктері бар, себебі олар әр түрлі факторларға байланысты. Суды тұщы және ащы сулар деп бөледі. Өзендер мен көпшілік көлдердің суы тұщы суларға жатады. Кейбір ағынсы жоқ көлдер мен су қоймаларында судың буланып кетуіне байланысты, әсіресе ыстық климат жағдайында, тұздардың концентрациясы жоғарылап кетеді. Кейбір көлдердің суында табиғи тұз мөлшері тұрақты түрде жоғары болады. Теңіздер мен мұхиттардың суында тұздылық жоғары болады. Егер, тұщы суларда тұздың мөлшері 1 г/л-ден аспайтын болса, теңіз суында оның мөлшері 35-37 г/л-ге жетуі мүмкін.
Ашық су көздеріндегі судың
сапасы тұрақсыз болады. Ол өзен арнасы
жынысының сипатына, судағы органикалық
заттардың (су шөгінділерінің) ыдырау
процесінің қарқындылығына, ағысы жоқ
сулардың көгеріп кетуіне, жауын-шашынның
түсіміне, жыл мезгілдеріне, су тасқынына
т.б. байланысты. Барлық ашық су көздерінің
сырттан ластануын, әсіресе елді
мекендерге жақын жатқан учаскелер
мен ағынды сулардың құйылатын жерлеріндегі
биологиялық және химиялық заттармен
тұрақты түрде ластануының
Сумен қамтамасыз ету үшін
жер беті суларының ішінен, көбінесе,
өзен суларын пайдаланады. Себебі, өзен
суының дебиті үлкен, өздігінен тазару
және қайта қалпына келу қасиеті
жоғары, әлсіз минералданған, жұмсақ,
бірақ суға араласқан бөлшектер
көп және түстілігімен ерекшеленеді.
Әсіресе арнасы сазды өзендердің
сулары лайлы болады. Судың түстілігі,
негізінен, топырақтағы органикалық
заттардың ыдырауы кезінде
Барлық жер үсті сулары микробтармен және органикалық заттармен жоғары деңгейде ластанған, сондықтан олардың суын тек тиісті өңдеуден өткізгеннен кейін ғана шаруышылық- ауыз суы мақсатында қолдануға болады.
Жер асты сулары түрлі тереңдіктерде жатады. Олар жауын- шашын суларымен жер бетіндегі сулардың топырақ арқылы сүзілуінен пайда болады. Жердің ең жоғарғы қабатында топырақ сулары немесе беттік сулар жиналады. Олардың жоғары жағындағы су сүзіліп өтетін қабаттың қалыңдығы жұқа және су өткізгіш болғандықтан, бұл сулар микробтармен және химиялық заттармен жоғары деңгейде ластанған. Оның үстіне, олардың дебиті тұрақсыз, жаз кезінде олар кеуіп кетеді. Мөлшерінің аздығы және сапасының төмендігі ол суларды шаруашылық- ауызымен қамтамасыз ету үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді..
Беттік сулардан көбірек тереңдікте, 1-2- ден бірнеше 10 –даған метрге дейінгі тереңдікте грунт сулары жатады. Олар жердің бетінен алғанда жер жынысының бірінші су өтпейтін пластасы үстінде (ложе) жиналады. Бұл сулардың үстіндегі жер жынысының қабаты (төбе жабындысы) су өткізгіш болып табылады, сондықтан грунт суларының ластануы мүмкін. Төбе жабындысыы неғұрлым қалың болса, грунт сулары соғұрлым таза болады, себебі, патогенді микроағзалар мен органикалық ластағыш заттар жоғары орналасқан жыныстардан судың сүзіліп өтуі кезінде ұсталып қалады. Грунт сулары мөлдір, түссіз, құрамында оттегі болмайды, ал 5-6 м тереңдікте бактериялармен іс жүзінде ластанбайды. Тұз мөлшері грунттың химиялық құрамына байланысты.
Грунт суларын ауылдық елді – мекендерде шахталық және тұрбалы құдықтар жасау арқылы пайдаланады.
Жер бетінен сүзіліп келген сулар, сондай-ақ, грунт сулары су өткізбейтін қабаттың еңіс бойымен төмен жылжи отырып, олардан жоғары және төмен жатқан жыныстың су өткізбейтін пласттарының ішіне енуі мүмкін (1-сурет). Осындай пласттар арасында жиналып, олар пластаралық суға айналады. Олардың төбе жабындысы мен арнасы су өткізбейді. Су іріккіш горизонттарда құм, құйыршық тас, әктас, т.б. су сақтаушы қызметін атқарады. Кейбір жағдайда су іріккіш горизонттар бос, су толған қуыс түрінде болады, яғни жердің астындағы өзендер мен көлдер болып саналады. Пластаралық сулар грунт суларынан төмен ондаған метрден мыңдаған және одан да артық метрлерге дейінгі тереңдікте орналасады.
Пластаралық сулар қысымды
және қысымсыз (артезиан) болып бөлінеді.
Қысымды сулар
Бұл сулардың үлкен қысымы оларға ластағыш заттардың түсуіне кедергі болады. Қысымсыз сулар пласттар арасындағы кеңістіктің бәрін толтырмайды, сондықтан да орналасқан тереңдігінен жоғары көтерілмейді.