Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:01, курсовая работа
Инвестициялардың көзі болып жаңадан қалыптасқан құны немесе жаңа табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табыс есебінен және капиталдар нарығындағы несиелердің есебін жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның қарамағында қалған табыс болып саналады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Кіріспе
I- Бөлім. Қаржы инвестицияларының түсінігі
1.1. Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері
1.2. Қаржы инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері
II-Бөлім. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы және қайта бағалануы
2.1. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы
2.2. Инвестицияның құнын анықтау және түгендеу
2.3. Қаржы инвестицияларын шығару, сату және аудару
2.4. Қаржы инвестицияларын қайта бағалау есебі
III- Бөлім. Қаржы инвестицияларының талдануы және аудиті
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
Кіріспе
I- Бөлім. Қаржы инвестицияларының түсінігі
1.1. Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері
1.2. Қаржы инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері
II-Бөлім. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы және қайта бағалануы
2.1. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы
2.2. Инвестицияның құнын анықтау және түгендеу
2.3. Қаржы инвестицияларын шығару, сату және аудару
2.4. Қаржы инвестицияларын қайта бағалау есебі
III- Бөлім. Қаржы инвестицияларының талдануы және аудиті
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
1.Қаржы инвестицияларының түсінігі.
Инвестициялар деп - өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түріне салып жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерлік табыс немесе процент алу.
Инвестициялардың көзі болып жаңадан қалыптасқан құны немесе жаңа табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табыс есебінен және капиталдар нарығындағы несиелердің есебін жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның қарамағында қалған табыс болып саналады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық процесс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамудың мағызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады.
Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақты инвестиция дегеніміз - бұл кәсіпорынның негізгі капиталына және материалды - өндірістік қорының өсіміне салынатын қаражаттар.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға, банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік несие – 1 жылға дейін;
б) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі 1 жылдан астам.
Қысқа мерзімді
– баланста не белгілі күні ғана
әрекет ететін нарық бағасымен, не ағымдағы
сатудың төмен бағасымен
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. арзандатулар сомасы бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған кезде оның кеміген сомасы залалға жатады
Қаржы инвестициясында сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүліктер инвестициясы да жатады.
Жылжымайтын мүліктерге салынатын инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Қысқа мерзімді инвестицияны ұзақ мерзімдік категориясына көшіру мыналармен жүзеге асырылады:
а) ағымдағы сату құнының төмен бағасымен;
б) егер ол бұрын осы құнмен көрінген болса, ағымдағы құнмен.
Қаржы инвестицияларын сату құны дегеніміз – ол осы бойынша активтер алмастырылатын немесе тәуелсіз тараптар арасындағы міндеттемелері төленетін құн.
Қаржылық инвестицияларының ағымдағы құны дегеніміз – ол белгілі бір мерзімдегі активтердің қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша құны.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі мен маңызы өте ерекше. Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
Инвестициялық қорлар – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизім. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорларға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорциалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:
- Кәсіби басқару - нарығындағы жұмысқа ұқсас жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ ол акциялармен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді;
- Диверсификация – портфелді басқаруда диверсификация қауіптілікті төндіреді, бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;
- Шығындарды төмендету – көп санды ұқсас инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады, осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізуге болады;
- Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақ инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.
Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді.Халықтың, институтталынған инвесторлардың, жарналық қорлардың уақытша бос ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп, бағалы қағаздардың айналымын ынталандырып, ақырында инвестициялық ресурстарын өндіріске құйылуына мүмкіндік туғызады. Инвестициялық қорлардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қор туралы» Заңмен реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі.Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қорлар түрінде құрылады және қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарып,оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы ерекше қызметтерді жүзеге асырады.Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығара алмайды.Акционерлермен өзара қарым- қатынасына байланысты инвестициялық қорлар төмендегідей болады:
Инвестициялық қорлар типі қордың жарғысында көрсетілуі керек.Инвестициялық қорларының типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі.Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңдамамен және «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі.Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар.Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.Инвестициялық қорлардың акционерлері кез- келген тұлға бола алады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өз ара инвестициялық қорлар үшін 50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық көрсеткіштер үшін 30000 есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Инвестициялық қордың құрылтайшылар жиналысында міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын, бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын жіне басқа да шектеулердіанықтайтын инвестициялық декларация бекітіледі. өзара қорлардың инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле жасалар кезде орын алып отырған бағасы, олардың нарықтық құнының он пайызынан аспайтын мөлшерде төмендеген кезде, он күннен аспайтын мерзімде сатуға болатын бағалы қағаздар енгізілуі мүмкін. Инвестициялық қорлардың қызметі қатаң шектеледі және бақыланады. Инвестициялық қордың ол шектеулері:
Портфельді басқару – бұл инвестициялық қорлардың инвестициялық делларациясына сәйкес компания басшысының нысаналы қызметі. Компанияның басшысы бағалы қағаздардың ұлттық уәкілеттіоргандарының берген лицензиясы бар және инвестициялық қормен оны басқару туралы жасалған шарт негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға болуы мүмкін.
1.2.Қаржы инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері.
Еліміздің нарықтық экономикалық жолмен даму барысында қаржылық инвестициялардың мағызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарығының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілер, жүздеген сақтандыру компаниялар, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенционалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздарды шығарушы болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технологияны енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан да ірі капитал салымын талап етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарының, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады. Инвестицияны (бағалы қағаздарды-БҚ) есепке алуды қарастырмас бұрын инвестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтап алу қажет.
Эмитенттер – бұл іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарды шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар. Сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышы болып табылады.
Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздардың статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да түрлері болып табылады.