Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 15:00, дипломная работа

Краткое описание

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7
1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
1.3 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22
2. «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31
2.1 «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
2.3 «Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46
3. БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52
3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
3.2 Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................79

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-өзіндік-құнын-төмендету-жолдары.doc

— 700.00 Кб (Скачать файл)

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы нарыққа бағытталған заңдылықтарға сәйкес басыңқы болып, экономикалық көрсеткіштер: өндіріс тиімділігі, отандық азық-түлік өнімдерінің бәсеке қабілеттілігі, олардың халықаралық талаптарға сай болуы басыңқы болып табылады.

"2003-2005 жылдарға  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  агроазықтық бағдарламасының" мақсаты  Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін  ауылшаруашылық кешенінің тиімді  жүйесін және бәсеке қабілетті өнім өндірісін қалыптастыру негізінде қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

  • Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Агробизнестің тиімді жүйесін құру;
  • Ішкі және сыртқы нарықта ауылшаруашылық өнімінің, өңдеу өнімдерінің сатылу көлемін арттыру;
  • Ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын рационализациялау.

Осы Бағдарламада өңдеу салаларының дамуын қарастыратын сұрақтарды біз көре алмадық. Бағдарламаның негізгі құрастырушысы Ауылшаруашылық Министрлігі ауылшаруашылық шикізатын өңдеу сұрақтарымен айналыспайтын болғандықтан, назардан тыс қалды деп есептейміз. Біз ұсынып отырған тоқыма және тігін өнеркәсібінің ҚҚТ-де ауылшаруашылық шикізатын өңдеу қарастырылатын болады (мақтаны, зығырды өңдеу).

Сонымен қатар, Бағдарламада сүт өндірісі үшін станоктар, құрал-жабдықтар шығару туралы сөз қозғалмаған. Қазақстан Республикасында сүт өндірісі үшін құрал-жабдықтар шығаратын бірде-бір машина жасау кәсіпорнының жоқ екенін ескерсек, сүт өндірісінің материалдық базасын жаңалау үшін станоктарды, негізгі капиталды, қосалқы бөлшектерді шетелден ала бермек пе? Сондықтан, біз машина жасау саласының сүт өндірісінде стратегиялық тұтынушы ретінде қарап, осы сала кәсіпорындары үшін де өнімдер шығару қажеттігін анықтаймыз. ҚҚТ-не кіретін сала ретінде машина жасау саласында, тоқыма, сүт өндірісі үшін даму бағыттары келесідей:

    1. Өндірістегі стандарттау жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестеу;
    2. Құрал-жабдықтарды лизингтеу және төлемін 5-10 жылға созу несиесін ұйымдастыру;
    3. Құрал-жабдықтармен кешенді түрде жабдықтау және сервистік қызметті, мамандарды станокпен қолдануға үйретуді ұйымдастыру;
    4. Маркетингтік зерттеу негізінде клиенттердің жеке топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын техника түрлерін шығаратын жаппай өндірістен сериялық, дара өндіріске көшу.

Лизингтік компанияларды ұйымдастыру тек қана машина жасау саласында шешілетін мәселе емес. Негізгі капиталды лизинг арқылы алу қаржы қажеттілігі сезілетін тоқыма және тігін кәсіпорындары үшін оң шешім болар еді. Осы тұрғыдан лизингті дамытуды мемлекеттік деңгейде қолдаған жөн.

ҚР-ның "Қаржылық лизинг туралы" Заңы лизинг түсінігін және лизингтік операцияларды реттеу негізіне жаңа түсінік береді. Заңның 2-бабы лизингті: "Лизинг – ерекше жағдайларда жүретін, заңмен бекітілген, салық, кедендік, амортизациялық жеңілдіктері бар инвестициялық қызметтің түрі", - деп анықтайды.

Лизинг - өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің инновациялық әдісі болып табылады және өндірістік қуаттылықты сыртқы инвестициялау көздерінен үздіксіз және жедел жаңалауға жағдай жасайды. Көп кәсіпорындардың техникалық паркті жаңалауға әлдері келмейтін жағдайда лизингті пайдалану тиімділігі көріне түседі. Лизинг әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде, дамыған нарықтық экономикалы елдерде кең тараған.

Лизингтің мәні техника мен құрал-жабдық тозуы жағдайында арта түседі. Лизингтің арқасында компаниялардың көп қаржы салымдарынсыз қымбат тұратын құрал-жабдықты алып, технологиялық базасын модернизациялауға, қысқа мерзімде қызмет саласын, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде эксперттердің бағалауы бойынша дамыған елдердегі лизинг үлесі инвестициялар көлемінің 15-30 %-ын алады, дамушы өтпелі экономикасы бар елдерде 3-15 %-ын құрайды. АҚШ-тағы компаниялардың 80 %-ы лизингті пайдаланғандықтан, ол мемлекеттік экономикалық саясаттың стратегиялық бағыты болып есептеледі, лизинг бойынша айналым 280 млрд. долларға жетті.

Қазақстанның Қаржы Министрлігінің ақпараттары бойынша, әлеуетті нарық көлемі 800 млрд. теңгені құрайды. Қазір лизингтік операцияларды жалпы лизингтік портфелі 105,9 млн. АҚШ долларын құрайтын негізінен Ірі банктер жанында құрылған 9 лизингтік компания жүргізеді.

Лизингті пайдалану тартымдылығы мемлекет тарапынан (инвестициялық, салық және амортизациялық жеңілдіктер) қолдау көргенде арта түседі. Сол арқылы лизинг негізгі құралдардың жедел жаңалануына, ұлттық экономиканың интенсивті даму факторы ретінде әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілігін арттыруға әкеледі.

Химиялық өнеркәсіп Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриялық стратегиясында қалыптасушы экспорттық блокқа жатады. Қазақстан жері Менделеев кестесінің барлық элементтеріне тұнып отырғандықтан, химиялық өнеркәсіпті дамытуға кең мүмкіншілігі бар. Химия өнеркәсібінің тоқыма және тігін кәсіпорындары үшін шығаратын өнімдері: бояулар, химиялық жіптер, түймелер, полиэфирлік талшықтар шағын бизнес тұлғаларының назар аударатын тұсы. Дегенмен, саланың дамуы өндіруден бастап шикізатты өңдеуді, дайын, ақырғы өнім шығаратын тізбекті қамтитын ірі кешендердің қайта қалпына келуін қалайды. Матаны, талшықты бояйтын бояулар шығаратын бірде-бір химиялық өнеркәсіп кәсіпорнының болмауы ойландыратын мәселе.

Сүт өндірісінде болған дағдарыс салалық ғылымның консервациясына, салалық ғылыми-зерттеу институттарының жойылуына әкелді. Аграрлық шаруашылыққа деген сұраныс азайған жоқ, ал жас мамандарға деген сұраныс нөльге тең, жоғары оқу орындары болашаққа мамандар дайындауда.

Салада ғылыми-зерттеу институттары жоқ. Сүт өндірісінің мүдделерін Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Ассоциациясы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың алдында көтеріп жүргендіктен, осы Ассоциацияны мемлекеттік органдар мен сала кәсіпорындары арасындағы қозғаушы күш ретінде ҚҚТ-не кіргізген дұрыс деп ойлаймыз.

Нарық жағдайында өндіруші өз өнімдерінің өткізілуіне тікелей мүдделі болады. Осы ретте сүт өнімдерін өткізудің бірнеше жолдары болуы мүмкін. Өткізу каналын таңдап алу - кәсіпорын үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Таңдап алынған өткізу каналына талдау өткізіп отыру арқылы нарық талаптарынан, бәсекелестерден шет қалмауға болады. Өткізу каналын таңдауда, осы каналдарға әсер ететін факторларды кешенді қарастыру керек. Өткізу каналының факторларына келесілер жатуы мүмкін: тұтынушылар, тауар, ұйымдастыру деңгейі, сыртқы орта. Осы факторларды жеке-жеке қарастырайық.

Тұтынушылар. Тұтынушылар санын, олардың орналасуын, типін (ақырғы, аралық, өнеркәсіптік, жеке), сатып алу жиілігін, болжамдық өзгеруін ескерген жөн.

Тауар. Тауардың сипаты, тасымалдау ерекшеліктері, бағасы, саны, тұтыну маусымдылығы, санитарлық және заң шектеулері өткізу каналына әсер етеді.

Ұйымдастыру. Кәсіпорынның көлемі, қаржылық жағдайы, құрылымының оңтайлылығы, нарықтағы үлесі, маркетингтік стратегиясы мен тактикасы басты назарда болуы тиіс.

Сыртқы орта. Бәсекелестер саны, бәсеке түрі, экономикалық және заңдық факторлар сыртқы орта факторларын құрайды.

Сүт өнімдерін өткізудің дилерлік желісін таңдап алса, келесі шарттарды ұстанғаны жөн:

  • Дилерлер үшін кәсіпорынның ең аз базалық бағасы бойынша шектеулер  қойылуы;
  • Ай сайынғы ең аз сатып алу көлемін анықтау;
  • Бір дилер арқылы өндірілген өнімнің 25-30 %-ның ғана өткізілуі;
  • Жеңілдіктер жүйесінің сатылым көлеміне байланысты болуы.

Кәсіпорынның өткізу каналы ретінде дилерлік желіні таңдап алуының өз артықшылықтары бар: бартерлік операциялардың, қолма-қол ақшалардың болмауы, сапаны басқаруға, менеджментті жетілдіруге, өндірісті ұлғайтуға, ноу-хау енгізуге, жалпы өндірістік сұрақтарды шешуге мүмкіншіліктерді жұмылдыру.

Қазақстандық сүт өндірісі үшін дилерлік желі арқылы өнім өткізуді ұйымдастыру өткізудің тиімді каналы болуына кең мүмкіншіліктер бар. Кәсіпорынның таңдаған өнімді өткізу каналына сәйкес, қосылған құн мөлшері де әр түрлі болатынын айта кеткен орынды. Кәсіпорынның меншікті сауда орны болса, қосылған құн мөлшері аз болады, ал күрделі өткізу каналын таңдаса, мысалы, өндіруші – агент – дилер - көтерме сауда - жеке сауда - тұтынушы, қосылатын құн мөлшері де жоғары болмақ. Сүт өндірісіндегі ҚҚТ-нің ұзақтығы өткізу каналының ұзақтығына байланысты болады. Қазіргі таңда тоқыма және тігін бұйымдарын кәсіпорыннан тұтынушыға дейінгі өткізудің реттелген жүйесі жоқ.

Бізде экономиканың маңызды сегменті ынталандырусыз қалды. Оларға салықтардың барлық түрін бекітілген тәртіппен төлейтін, қосылған құны жоғары (ҚҚЖ) үлесі бар өнім шығаратын кәсіпорындар жатады. Қазір салық төлеушілердің атаулы категориясы үшін жағдайлар жасау керек. Қосылған құны жоғары кәсіпорындар үшін арнайы салық  режимі корпоративті табыс салығының және қосылған құн салығының (ҚҚС) соммасын 50 %-ға төмендететін салық преференциясын қолдану арқылы жалпы бекітілген тәртіппен салықты есептеу енгізілген. Осы ретте, салықтарды төмендету ҚҚЖ өнім өткізуден түскен табыс соммасы бөлігіне есептеледі. Осындай кәсіпорындар үшін салық мерзімін ҚҚС бойынша, ағымдағы төлемдерді тоқсан бойынша төлеу ұсынылады. Бұл кәсіпорындарда өндірісті дамытуға жұмсай алатын айналым қаржыларының пайда болуы үшін жасалады.  Корпоративті табыс салығы және ҚҚС жыл бойы тоқсан сайын 30-50 %-дық азайтумен төленіп отырады. Берілген режим екі шарт бойынша салық төлеушілерге қолданылуы мүмкін:

  1. Өзі өндірген тауарларды өткізу көлемі жалпы өткізу көлемінің 90 %-ын құрауы керек. Тауарларды өткізудің жалпы көлемі негізгі және негізгі емес қызмет түрлері бойынша табыс жиынтықтарынан тұрады. Бұл шектеу делдалдық, алып-сатарлық қызметпен айналысатын кәсіпорындарға таралмайды, яғни отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған.
  2. Тауарларды өткізу көлеміндегі қосымша құнның үлесі 50 %-дан кем болмау қажет.

Осылайша, арнайы салық режимі жанды еңбек, еңбек ақы шығындарының, амортизациялық аударылымдардың үлесі жоғары кәсіпорындарына қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, арнайы салық режимі машина жасау, химия, металлургия, жеңіл және тоқыма салаларының кәсіпорындарына қолданылады.

Сүт өндірісінде ҚҚТ құру оған қатысатын барлық салалар мен ұйымдар үшін тартымды болып көрінеді. Олардың өндіріс тиімділігін арттырады, жаңа жұмыс орындарын ашады, сәйкесінше, елдің, саланың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп пайымдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім өлшемін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді. Ол ақшалай және натуралды-заттай есептеледі. Өнімнің өзіндік құнына өндіріс үрдісінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары, жұмыс күшінің құндары және қосымша қосылатын шығындар кіреді. Капиталистік елдерде өзіндік құн деген категория жоқ, оның орнына экономикалық шығын деген категорияны қолданады. Экономикалық шығынға өнімнің өзіндік құны, сонымен бірге несиеге пайыз төлемі, арендалық төлем және минималды кәсіпкерлік пайда қосылады. Бұл зиянсыз жұмыс істеуге кепіл болады, сондықтан өзіндік құнды есептеудің орнына экономикалық шығынды есептеген жөн болады.

Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады. Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады. [7]

Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты цехтық (бригадалық), фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді. Өзіндік құн жасақталуына қарай жоспарлы, болжамды және нақтылы болып бөлінеді.

Сонымен қатар, өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың соммасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы. Шығындарды өнім бірлігіне жатқызуына қарай тікелей және жанама шығындар деп бөледі, ал экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары негізгі шығындар және қосымша шығындар деп бөлінеді. Өнім көлемінің өсуіне байланысты өндірістік шығындар пропорционалды, яғни шартты-ауыспалы және пропорционалды емес, яғни шартты-тұрақты болып бөлінеді.

Ағымдағы шығындарға нормативті және сметалық калькуляция жасалады, біріншісі нормалық шығындар негізінде, ал екіншісі жаңадан игерілетін өнімге қолданылады. Сонымен қатар, жоспарлы калькуляция - нормалы шығындардың қосындысы, ол жоспарлы шығындар мен жоспарлы пайданы  байланыстырады.

Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады. [19]

Өзіндік құнға жолдама жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды және тағы басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.

Қорытындылап айтатын болсақ, өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес, өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Егер материалдық ресурстардың бағасына, еңбек ресурсына шығындар өзгермейтін болса, ол уақытта өнімді көбейту тек қана өнімнің өзіндік құнын азайту арқылы іске асады. Ал техникалық ұйымдастыру шараларын іске асыру жоспарын жасақтау, ішкі өндірістік резервтерді пайдалану мүмкіндіктерін талдау қорытындысына сүйеніп жасауды талап етеді.

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары