Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 15:00, дипломная работа
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7
1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
1.3 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22
2. «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31
2.1 «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
2.3 «Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46
3. БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52
3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
3.2 Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................79
Өзіндік құнды кемітудің ең басты көздері – еңбек ресурстары мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану. Ол еңбек өнімділігін арттырады немесе бір уақыт бірлігіне өнім шығару артады, ал екінші қайнар көзі – материалдық шығындарды азайту. Сонымен қатар, өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің тиімділігін арттыру материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты.
Өнімнің қор сиымдылығы мен материал сиымдылығы басты экономикалық категорияларға жатады. Өнімнің материал сиымдылығы өндіріс үрдісінде материалдық шығындарды тиімді пайдалану деңгейін көрсетеді. Неғұрлым жаңа техника мен технология пайдаланылса, оны қолданатын жұмысшылар жоғары дәрежелі маман болса, соғұрлым тауардың материал сиымдылығы кемиді, ол кеміген сайын оның өзіндік құны да кемиді. Өнімнің материал сиымдылығы өндірістік қорға ықпалын тигізеді. Неғұрлым материал сиымдылығы аз болса, соғұрлым материалдық қорға шығын аз керек болады.
Материалдық ресурстарды үнемдеуде материалдық шығынды нормалау үлкен рөл атқарады. Барлық экономикалық болжам-есептер нормативті көрсеткіштерге байланысты болады. Егер материалдық шығындар нормативі технико-экономикалық жан-жақты негізделген болса, онда материалдық шығын азаяды, ал пайдалану тиімділігі артады. Материалдық ресурстарды үнемдеу жолдары әрбір фактор бойынша бөлек есептеліп, қорытынды жасауды талап етеді.
Резервтерді анықтау үшін нақтылы көрсеткіштерді нормативті (жоспарлы) көрсеткіштермен салыстыру қажет. Ол үшін калькуляциялық статьялардың жоспарлы, нақтылы көрсеткіштерін салыстырып, қорытындыларын жеке-жеке талдап, материалдық шығындарды азайту көздерін, нақтылы шараларды белгілеу керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары