Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 15:00, дипломная работа
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7
1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
1.3 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22
2. «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31
2.1 «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
2.3 «Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46
3. БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52
3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
3.2 Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................79
Өндірістік шығындардың құрылымын талдаған кезде жұмысшы күшіне жұмсалатын шығындарды анықтаудың да өзіндік орны бар.
8-кесте – «Адал»
АҚ-ның жұмысшы күшіне
№ |
Көрсеткіштер |
2004 жыл |
2005 жыл |
Ауыт-қуы, % | ||
мың тг. |
% |
мың тг. |
% | |||
1 |
Жұмысшы күшін ұстауға кеткен барлық шығындар |
69826,0 |
100,0 |
96902,0 |
100,0 |
38,8 |
2 |
Еңбек ақы қоры, соның ішінде: |
60586,0 |
86,8 |
90756,0 |
93,7 |
49,8 |
2.1 |
Кесімді, мерзімді және басқа да еңбек ақылар |
51498,1 |
- |
77142,6 |
- |
49,8 |
2.2 |
Ынталандырушы сипаттағы төлемдер |
9087,9 |
- |
13613,4 |
- |
49,8 |
3 |
Еңбек ақыға кірмейтін төлемдер мен шығындар |
9240,0 |
13,2 |
6146,0 |
6,3 |
-33,5 |
Жоғарыдағы 8-кестеде «Адал» АҚ-ның жұмысшы күшіне жұмсаған шығындарының өзгерісін анықтаймыз. Кәсіпорынның 2005 жылғы жұмысшы күшін ұстауға кеткен шығындары 2004 жылғы көрсеткіштен 38,8 %-ға артып, 96 902 мың тг. теңелді. Осы шығындардың ішінде жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2004 жылы 60 586 мың тг. құраса, 2005 жылы 90 756 мың тг. теңесті.
Еңбек ақы қорының құрамындағы кесімді, мерзімді және басқа да төлемдегі еңбек ақылар, ынталандырушы сипаттағы төлемдердің үлесі 2004 жылы барлық жұмысшы күші шығындарының ішінде 86,8 %-ға, 2005 жылы 93,7 %-ға шамалады. Еңбек ақы құрамына кірмейтін төлемдер мен шығындар 2005 жылы өткен жыл көрсеткішінен 33,5 %-ға кеміді.
Ендігі кезекте, кәсіпорынның өндірістік шығындарының сипатын анықтап, оған талдау жасаймыз.
Жалпы алғанда, әрбір өндіріс өзінің қызмет етуі барысында тиісті шығын жұмсайды және ұтымды баға қалыптастыру арқылы табыс табады. Шығындылықтың төмен болуы, оның тиімді жұмсалуы баға саясатына ықпал етеді.
Кәсіпорынның барлық шығындарын үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Тікелей шығындар - өнімнің өзіндік құнына тікелей кіретін, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты шығындар болып табылады. Тікелей материалдық шығындардың соммасының өзгеру факторлары жалпы кәсіпорын бойынша әр бұйымның жеке өндірісіне, өнімнің бір бірлігіне кеткен материалдық шығындардың көлеміне және материалдарға кеткен орташа деңгейлі бағаның өзгеруіне себеп болады.
Келесі кестеден көріп тұрғанымыздай, өнім өндірісіне тікелей әсер ететін факторлардың ең біріншісі - шикізат. Бұл көрсеткіш сүт тағамдарының өндірісінде 50 %-дан жоғары орынды алып отыр, ал қалған электр энергиясы мен қораптаманың беделі онша жоғары емес.
9–кесте - Өнім өндірісіне кететін тікелей материалдық шығындардың соммасына әсер ететін факторлардың есебі
№ |
Материалдар |
Жылдар |
Ауытқулар | |||
2004 |
2005 |
+/- | ||||
Сүттің барлық түрі бойынша | ||||||
1 |
Шикізат |
29 787 620,0 |
30 790 730,0 |
1 003 110,0 | ||
2 |
Қораптама |
9 845 298,0 |
9 996 385,0 |
151 087,0 | ||
3 |
Электр энергиясы |
793 853,0 |
795 945,0 |
2 092,0 | ||
4 |
Жалпы өнім өндірісі |
2 116 419,5 |
2 117 524,6 |
1 105,1 | ||
Айранның барлық түрі бойынша | ||||||
1 |
Шикізат |
23 151 600,0 |
23 390 450,0 |
238 850,0 | ||
2 |
Қораптама |
13 786 521,0 |
13 975 550,0 |
189 029,0 | ||
3 |
Электр энергиясы |
848 255,0 |
850 360,0 |
2 105,0 | ||
4 |
Жалпы өнім өндірісі |
2 139 337,0 |
2 450 202,0 |
310 865,0 | ||
Қаймақтың барлық түрі бойынша | ||||||
1 |
Шикізат |
45 003 767,0 |
45 116 658,0 |
112 891,0 | ||
2 |
Қораптама |
15 295 873,0 |
15 456 958,0 |
161 085,0 | ||
3 |
Электр энергиясы |
1 617 718,0 |
1 620 612,0 |
2 894,0 | ||
4 |
Жалпы өнім өндірісі |
1 877 425,7 |
1 881 562,5 |
4 1368,8 | ||
Сүзбенің барлық түрі бойынша | ||||||
1 |
Шикізат |
1 348 275,0 |
1 365 985,0 |
17 710,0 | ||
2 |
Қораптама |
1 013 416,0 |
1 152 579,0 |
139 163,0 | ||
3 |
Электр энергиясы |
61 539,0 |
65 212,0 |
3 673,0 | ||
4 |
Жалпы өнім өндірісі |
178 333,9 |
179 523,0 |
1189,1 |
Өнімнің бір данасына кеткен шығындар мен шикізаттардың шығыны өнімнің сапасына, оны басқа материалдардың түрлерімен алмастыруға, шикізат түрінің құрамын өзгерткенге, техника мен технологияға және өндірістің ұйымдастырушылығына, жұмысшылардың квалификациясына, шикізаттар қалдықтарына және тағы басқа факторларға байланысты болып келеді. Ең алдымен, осы немесе басқа факторлардың әсерінен болатын материалдық шығынның өзгерісін білу керек. Содан кейін ғана, жоспарланған бағаны нақты өнім көлеміне көбейту керек:
∆МЗхі = ∆УРхі × Ціпл × ∆МЗхі × VВПіф.
Материалдың орташа бағасының деңгейі шикізат нарығына, инфляциялық факторларға, материалдық ресурстардың топтық құрылымына, дайындалатын транспорттық шығындар деңгейіне, шикізат сапасына және тағы басқаға байланысты болады. Олардың әрқайсысы үшін, жалпы материалдық шығындардың соммасының өзгерісін білу үшін басқа түрдегі немесе басқа фактордағы материалдық топтардың орташа бағасы өзгеру керек. Оны сәйкес түрдегі қолданылған материалдардың фактілік көлеміне көбейту керек:
∆МЗхі = ∆Цх і× УПіф × ∆МЗхі × VВПіф.
Көп кәсіпорындарда жоспардан жоғары шикізат қалдықтары болады, бірақ оларды өткізуге немесе басқа мақсаттарда қолдануға болады. Егер оларды мүмкін болатын және бір шикізат құнымен бағаласа, онда өзіндік құнға кірген өнімнің материалдық шығындарының неше соммаға ұлғайғанын көруге болады.
Жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтар өнім бағасының қымбаттауына және оның өндірісінің азаюына әкеледі. Материалдық емес шығындардың соммасы нешеге өскенін анықтау үшін жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтардың көлемін түпкі материалдардың жоспардағы бағасына көбейту керек.
Бір материалды екінші материалмен алмастыру өнімнің бір данасының, тұтынушылық материалдарының көлемінің өзгерісіне ғана емес, сонымен қатар оның бағасына да әсер етеді. Оның өнімнің бір данасына кеткен материалдық шығындарға байланысты өзгерісін анықтау үшін алмастыратын материалдар шығындарының айырмашылығын алмастыратын материалдар құнына көбейту керек, ал материалдарды алмастыратын баға мен алмастырылған материалдар бағасы арасындағы айырмашылықты алмастыратын шығындар нормасына көбейтіп, шыққан нәтижені қосу керек:
∆УМЗ = (УР1 - УР0) × Ц0 , ∆УМЗ = (Ц1 - Ц0) × УР1 .
Құрал-жабдықтарды және машиналарды эксплуатациялап, қамтамасыз етуге кететін шығындардың өзгеру факторлары және құрамы жеке және жалпы шығындар статьяларына байланысты: цехтық және жалпы шаруашылыққа кететін шығындарды талдау әдістері, коммерциялық шығындар бойынша жоспарды орындау бағалары.
Жанама шығындар - өнімнің өзіндік құнында келесі баптарда кешенді түрде берілген: құрал-жабдықтың эксплуатациясына және оны қамтамасыз етуге кеткен шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар, коммерциялық шығындар. Бұл шығынның талдауы олардың нақты көлемінің 5-10 жылға арналған тауарлық өнімнің бір өнімге шаққандағысын салыстыру жолдарымен, сонымен қатар есептік кезеңдегі жоспар деңгейімен жүзеге асады. Бұндай белгілер олардың динамикасында өнімнің өзіндік құнының денгейі жоспармен салыстырғанда қалай өзгергенін және оның тенденциясының үлкейгенін немесе кішірейгенін көрсетеді.
Қолданудың келесі үрдісінде қосымша шығынның қатысты және абсолютті өзгерістермен байқалған себептері анықталады. Өзінің құрамы бойынша олар - кешенді баптар. Ереже бойынша олар шығынның бірнеше элементтерінен тұрады: құрал–жабдықтарды және машиналарды ұстауға және экспуатациялауға кеткен шығындар, оған техникалық құрал–жабдықтар мен машиналардың амортизациялық шығындары, жөндеуге кеткен шығындар, тауарларды зауыт ішінде тасымалдауға кететін шығындар, МБП–ның ширауы және тағы басқа. Кейбір шығындар (мысалы, амортизация) өнім өндірісінің көлеміне байланыссыз және шартты-тұрақты болады. Ал басқалары жалпылай және толықтай өзгеріске байланысты да, шартты–ауыспалы болып табылады. Олардың өнім көлеміне байланыстылық денгейі коэффициент көмегімен анықталады. Олардың көлемі тәжірибелік жолмен немесе сол шығынның соммасының және өнім өндірісі көлемінің үлкен жиынтығының корелляциялық талдау көмегімен анықталады.
10-кесте - 2004-2005 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның негізгі қорының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
№ |
Көрсеткіштер |
2004 жыл |
2005 жыл |
Ауытқулар | |||
Жыл басы |
Жыл аяғы |
Жыл басы |
Жыл аяғы |
+/- |
% | ||
1 |
Бастапқы құны |
263254 |
302875 |
302875 |
353103 |
50228 |
16,6 |
2 |
Жиналған тозу |
31567 |
66927 |
66927 |
107453 |
40526 |
60,5 |
3 |
Қалдық құны |
231687 |
235948 |
235948 |
245650 |
9702 |
4,1 |
4 |
Орташа жылдық құны |
233817,5 |
240799,0 |
6981,5 |
3,0 |
Кестеден көріп отырғанымыздай, негізгі құралдардың орташа жылдық құны әлдеқайда жоғарылаған. 2004 жылмен салыстырғанда, 2005 жылы орташа жылдық құны 6 981,5 мың тг. құрап, 3 %-ға артты. Оны анықтау үшін қалдық құнының жыл басындағысын жыл аяғындағысына қосып, 2-ге бөлеміз.
11-кесте - 2004- 2005 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның ағымдағы активтерінің айналым коэффициентін сипаттайтын көрсеткіштер
№ |
Көрсеткіштер |
Жылдар |
Ауытқулар, +/- | |
2004 |
2005 | |||
1 |
Өткізілген өнімнен түскен түсім |
250633,0 |
362648,0 |
112015,0 |
2 |
Ағымдағы активтердің орташа көлемі |
95106,5 |
110676,5 |
15570,0 |
3 |
Ағымдағы активтердің айналым коэффициенті |
2,64 |
3,28 |
0,64 |
4 |
1 күндегі ағымдағы активтердің айналым ұзақтығы |
136,4 |
109,8 |
-26,6 |
5 |
Айналым корының беріктік коэффициенті |
0,38 |
0,31 |
-0,07 |
Бұл кестедегі ағымдағы активтердің айналым коэффициенті өткізілген өнімнен түскен түсімнің ағымдағы активтердің орташа көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол 2004 жылы 2,64 болса, 2005 жылы 3,28 болып өсті.
Жоғарыда келтірілген кестелердегі көрсеткіштер жанама шығындарға өз әсерін тигізеді.
Келесіде шығындардың әр бабы бойынша қорларды үнемдеу немесе шығындарды артық төлеуге қатысты себептерді анықтау керек.
Амортизацияның жалпы соммасы машиналар мен құрал-жабдықтың санына, оның құрылымына, құнына және амортизация нормасына байланысты. Құрал–жабдықтардың құны аса қымбат машиналарды сатып алуға және де инфляцияның арқасында жоғары бағалауға байланысты өзгеруі мүмкін. Амортизация нормасы қор құрамында құрылымдық жылжуға байланысты өзгеруі мүмкін:
∆ НА = (УР1 - УР0) × Ц0 , ∆УМЗ = (Ц1 - Ц0) × УР1 .
Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары