Азия мен Африка елдерін отарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:30, контрольная работа

Краткое описание

«Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.

Вложенные файлы: 1 файл

5 - dune juzi tarixy - osn - kz.doc

— 360.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы

 

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

6 - 9 сыныптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2010

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы

 

жалпы білім беретін  мектептің 6-9 сыныптарына арналған

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

 

 

Бағдарлама  авторлары: Тұрлығұл Т.Т., Жусанбаева Г.М., Төлебаев Т. Ә., Мәшімбаев С.М ., Құсайынова Р.Т., Шупеков А.Ш., Қожахметұлы К.Қ Бекіш Р.М

 

 

 

 

Жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптарына арналған «Дүние жүзі тарихы» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – Астана, 2010. –34 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 © Ы.Алтынсарин  атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010 

 

І. ТҮСІНІК ХАТ

 

   «Дүние жүзі тарихы» пәні орта  білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.

Дүние жүзі тарихы жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына, өзінің жеке тарихи түп тамырын түсіне- білуіне, тұрмыстық, алуан түрлі моральдық адамгершілік мәселелерін дұрыс шеше білуіне көмектеседі

 Тарих оқу пәнінің негізгі нысаны — адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен осы күнге адамзат тарихының аса маңызды құбылыстарымен, оқиғаларымен таныстырады.

Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.

Мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу болып табылады

«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

    • оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
    • дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір- біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу;
    • тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып, оқушыларды дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған қарай тарих ғылымын шығармашылықпен қарауға үйрету;
    • оқушылардың дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың және отанымыздың рухани байлығын құрметпен қарауға дайындау;
    •   оқушыларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу, олардың бойында шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке, соғысқұмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу;
    • тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы  оқушыларды ізгіліккке,саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбеке сүйгіштікке, олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру;
    • оқушылар бойында қоршаған орта мен табиғатқа ұқыптылықпен қарап, қорғау сезімін қалыптастыру;
    • оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
    •   Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру

 

Пән бойынша  оқу жүктемесі 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандартының типтік оқу жоспарына  сәйкес «Дүние жүзі тарихы» оқу пәні бойынша  оқу жүктемесі:

6  сыныпта аптасына – 1  сағат,  оқу жылында 34 сағатты;

7 сыныпта аптасына –  1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

8 сыныпта аптасына –   1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты;

9 сыныпта аптасына –   1,5  сағат, оқу жылында 51 сағатты құрайды.

 

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы базалық  білім мазмұны аясында мектептің  мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың  талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады. Мысалы, «Динозаврлар әлемі», «Саяхатшылар естеліктерінен: рулар өмірі», «Алғашқы діни түсініктер», «Африкадағы көшпелілер», «Ит жеккендер елінде», «Аралдардағы тайпалар», «Жазу қалай пайда болған?», «Алғашқы баспаналар»,  «Біздің арғы ата-бабаларымыз», «Қазақтардағы рулық құрылыс сарқыншақтары», «Әлемнің ежелгі дүниедегі жеті кереметі», «Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер», «Қытай өнертапқыштары», «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіп тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар».

 

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ

Білім мазмұнының сыныптар бойынша бөлінуі

 

6 сынып

 (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

 

  ЕЖЕЛГІ  ҚОҒАМДАР  МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР

Кіріспе (1 сағат)

Ежелгі  Қосөзен мемлекеттері (3 сағат)

Шумер және Аккад мемлекеттері. Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және оның алғашқы тұрғындары. Қала-мемлекеттердің қалыптасуы. Шумер мемлекеті. Аккад мемлекеті. III Ур әулетінің билігі.

 Ежелгі Вавилон. Ежелгі Вавилонның өрлеуі. Хаммурапи заңдары. Б.з.бұрынғы VII - V ғасырлардағы Вавилон.

 Ежелгі Қосөзен мәдениеті. Гильгамеш туралы дастан. Сына жазу. Өнер. Аспалы бақ. Діни нанымдары.

 Ежелгі Египет (5 сағат)

Египетте  мемелекеттің пайда болуы. Ніл алқабының табиғат жағдайы. Нілдің тасуы. Алғашқы мемлекеттер. Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.

Ежелгі  Египеттегі еңбекшілердің жагдайы. Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы. Құлдардың, шаруалардың, қолөнершілердің, тас қалаушылардың және тау-кен жұмысшыларының еңбегі мен халі.

Египеттегі үстем man өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты. Перғауындар, шонжарлар. Көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтары.

Египеттегі ғылыми білім негіздері. Египеттік жазудың шығуы және дамуы. Папирус. Математикалық білім. Аспан әлемі. Ежелгі Египеттегі медицина. Ежелгі Египеттегі мектеп.

Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері. Әдебиет. Ежелгі Египет діні. Египеттегі храмдар. Пирамидалар салу.

Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер (8 сағат)

Ежелгі Ассирия. Табиғат жағдайлары. Ассирия мемлекетінің құрылуы. Урарту. Ассирияның отаршылдық саясаты. Мәдениеті.

Хетт  патшалығы. Кіші Азияның табиғаты. Хетт патшалығының құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Мәдениеті.

Ежелгі Финикия мен Палестина. Табиғи-географиялық жағдайы. Финикия қала-мемлекеттері. Израиль-иудей мемлекеті. Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті.

Ежелгі Парсы патшалыгы. Табиғат жағдайлары. Парсы патшалығының құрылуы. I Дарий. Оның ішкі және сыртқы саясаты. Заратуштра ілімі.

Орта  Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресі. Александр Македонскийдің (Ескендір Зүлқарнайынның) Орта Азияға басып кіруі. Спитаман – тәуелсіздік үшін күрестің даңқты басшысы. Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы.

Ежелгі Бактрия. Бактрия тарихының деректері. Б. з. б. I мыңжылдықтың ортасындағы Бактрия. Мың қала елінде

Кушан патшалығы. Кушан патшалығының саяси дамуы. Экономикалық қатынастары. Мәдениеті.


Парфия патшалығы. Парфия патшалығының құрылуы. Парфиядағы басқару жүйесі. Көшпелілер мен парфиялықтар. Парфияның римдіктерді талқандауы.

Ежелгі  Оңтүстік және Шығыс Азия (5 сағат)

Ежелгі Үндістан. Табиғат жағдайлары. Ең ежелгі қалалары. Үнді мемлекетінің құрылуы. Шаруашылығы. Қоғамдық қатынастары.

Ежелгі Үнді мәдениеті. «Махабхарата» және «Рамаяна». Манудың зандары туралы. Будда діні. Өнер мен білім негіздері.

Ежелгі Қытай. Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы. Шаруашылығы мен қоғамдық кұрылысы. Ұлы Жібек жолы және басқыншылық жорықтар. Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Ежелгі Қытайдың мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті. Конфуций - Ежелгі Қытай данышпаны. Сыма-Цянь - Қытай тарихының атасы. Ғылыми білім мен өнер табыстары.

Қайталау. (1сағат)

 

Ежелгі  Грекия (5 сағат)

Грекияда таптық қоғам мен мемлекеттердің қалыптасуы. Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі. Б. з. бұрынғы ХІ-ІХ ғасырлардағы Грекия. Грекияның қала-мемлекеттері. Афины мемлекеті. Ежелгі Спарта.

Афиныда демократиялық щрылыстыц  дамуы. Аттикадағы демократиялық өзгерістер. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуы. Грекияда Македония билігінің орнауы.

Ежелгі Грек өнері. Грекиялық мерекелер мен ойындар. Олимпиадалық ойындар. Гректердің діни нанымдары мен мифтері. Ежелгі грек театры. Сәулет өнері. Грек мүсіндері.

Ежелгі грек мектебі мен гылыми білім. Грек мектептері. Ғылыми білім: математика, тіршіліктану, медицина, тарих, философия. Грек мәдениетінің маңызы.

  Ежелгі Македония. Табиғат жағдайлары және халқы. II Филипптің ішкі және сыртқы саясаты. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы.

Ежелгі Рим (6 сағат)

 Римде республикалық құрылыстың орнауы. Римнің жаулаушылық соғыстары, Римдік және провинциялық ақсүйектер. Әлеуметтік топтары.

Империя дәуіріндегі Рим. Империялық басқару жүйесінің орнауы. Шет аймақтарда Рим салтын қалыптастыру. Шаруашылық және әлеуметтік дағдарыстың басталуы. Империяның Шығыс және Батысқа бөлінуі.

Ежелгі  Римнің өнері. Рим мектебі. Рим поэзиясы. Шешендік өнер. Құкық.

 Римнің мәдени өмірі. Қалалар және қала өмірі. Сәулет өнері. Мүсін өнері. Христиан дінінің шығуы. Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызы.

Батыс Рим империясының құлауы. Империядағы ішкі қайшылықтардың тереңдеуі. Ғұндардың батысқа жорығы. Ғұндар мен готтардың басып кіруі. Батыс Рим империясының құлауы.

Қайталау (1 сағат)

 

7 сынып

 (барлығы 51 сағат, аптасына 1,5 сағат)

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

 (V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін)

Кіріспе (1 сағат)

Орта ғасырлар ұғымы және оның мағынасы. Ортағасырлар кезеңдері. Орта ғасырларда дүние жүзінде мемлекеттердің құрылуы. Хронологиясы. Еуропаның, Азияның және дүниенің басқа бөліктеріндегі ортағасырлық мемлекеттер.

I бөлім. Ерте орта ғасырлар (V — X ғасырлар) (12 сағат)

V—X ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропа (2 сағат)

Герман тайпалары. Герман тайпаларының Батыс Рим империясына басып кіруі. Ғұн тайпалары. Франк тайпалары және олардың Батыс Рим империясы аумағына басып кіpyi. Франк мемлекетінің құрылуы.

Франктер империясы. Ұлы Карл империясы. Империяның ыдырауы. Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениетінің дамуы.

 Ү-Х ғасырлардағы Византия империясы мен Таяу Шығыс  (7сағат)

 Византия  империясының құрылуы.  Константинополь және басқа

провинциялар. Император билігі және империяны басқару жүйесі. Юстиниан және оның зандары. Славяндардың, арабтардың империя территориясын басып алуы және олардың орнығуы.

VI—X ғасырлардағы арабтар.

Араб тайпалары және олардың географиялық жағынан орналасуы. Әлеуметтік жағдайы. Арабтардың жаулауы. Араб халифатының құрылуы. Халық көтерілістері. Халифаттың құлауы.

Ислам дуниесіндегі мәдениеттің дамуы. Ислам діні. Мүхаммед пайғамбар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Араб тілі. Кітапханалардың пайда болуы. Білім беру ici. Әдебиет. Философия. Өнер.

Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жерінде феодалдық қатынастардың пайда болуы. Эфталит мемлекеті. Эфталиттердің Орта Азия жерлерін жаулауы. Қалаларда шаруашылық пен мәдениеттің дамуы. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Эфталит мемлекетін түріктердің талқандауы.

Ерте орта ғасырлардағы түркі халықтары. Ерте түркі халықтары, олардың мемлекеттері, шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері, олардың тарихи маңызы.

Информация о работе Азия мен Африка елдерін отарлау