Азия мен Африка елдерін отарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:30, контрольная работа

Краткое описание

«Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.

Вложенные файлы: 1 файл

5 - dune juzi tarixy - osn - kz.doc

— 360.50 Кб (Скачать файл)

Ерте орта гасырлардагы славяндар. Батыс, оңтүстік славяндар және олардың қоныстары. Қоғамдық құрылысы. Славяндар кәсібі, шаруашылығы.

Ежелгі Киев Русі. Ярослав Мудрый. Киев Русінің мәдениеті. Жазу. Білім. Ежелгі орыс мәдениеті. Ежелгі Русьтің сәулет өнері.

Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктері (2 сағат)

Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері: феодалдық поместье, феодалдық бытыраңқылық, феодалдардың тәуелсіздігі; феодалдық шаруашылық; феодалдық қырқысулар.

Ерте орта ғасырлардағы феодалдар. Феодалдық саты: король, герцоттар мен графтар, барондар, мырзалар. Фсодалдардың тұрмысы мен әдет - ғұрыптары. Феодалдардың замогы. Орта гасырлардагы шаруалар. Шаруалардың жіктелуі: басыбайлы (крепостной) шаруа. Тәуелді шаруа. Шаруалардың міндеткерлігі. Шаруалардын тұрмысы. Феодалдардың шаруаларға жүргізген үстемдігі. Феодалдық қанауға қарсы күрес.

Қайталау (1 сағат)

ІІ бөлім  Орта ғасырлар ( ХІ-ХҮ ғасырлар) ( 23 сағат)

XI—XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері (11 сағат)

Орталықтанған монархиялардың құрылуы. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің қажеттілігі. Король өкіметі, оның қызметі. Мемлекеттік басқару аппаратының қүрылуы. Дворяндық  сословие.

Франция. Француз жерлерінің бірігуі. XI Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия.

Англия. Англиядағы Алқызыл және Ақ раушандар феодалдық соғысы.

III Ричард. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің орнығуы. Тюдорлар әулеті. Ағылшын парламенті.

Германия. Герман жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері. Герман серілігі. Еркін қалалар. Германияның діни орталықтары.

Испания. Арабтармен күрес. Реконкиста. Испанияның бірігуі. Католиктік монархия. Инквизиция және дінсіздерге қарсы күрес. Католик шіркеуі.

Италия. Қала-мемлекеттер және олардың даму ерекшеліктері. Венецияның күшеюі. Флоренция. Медичидің банктік қызметі. Еуропа мемлекеттерінің ішіндегі Италия жерлері.

XI—XIII ғасырлардагы Русь. Феодалдық қатынастардың дамуы. «Русская правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы».

XI—XV гасырлардагы шаруашылық табыстар және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер. Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда болуы. Қала халқының жіктелуі. Жәрмеңкелер. Шығыс елдерімен сауда жүргізу.

Еуропадагы  қала өмірі. Қалалар және халықтың тұрмысы. Қала ақсүйектерінің қалыптасуы. Серілік, серілікті қабылдау анты. Әскери өнер. Орта ғасырлардағы ханымдар және олардың мінез-қүлық ережелері.

XI—XV ғасырлардағы Еуропадагы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы. Ортағасырлық мектептер. Жоғары оқу орындарының ашылуы. Жылнама. Халық аңыздары. Әдебиеттің дамуы. Ғылыми білім.

Орта гасырлардагы өнер. Сәулет өнері. Атақты соборлар мен храмдар. Мүсін өнері. Бейнелеу өнері. Сәулет өнеріндегі шығыстық ықпал.

XI—XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорыктары (1 сагат)

Шіркеу және дін қызметкерлері. Шіркеудің бөлінуі. Христиан қоғамындағы папалардың рөлі. Епископтар мен архиепископтар. Шіркеудің ғылымның дамуына кері әсері. Шіркеу үйінің мақсаты мен символдары. Крест жорықтары. Крест жорықтарының шығу себептері. Шіркеу — шы-ғысқа жорықтың ең негізгі ұйымдастырушысы мен дем берушісі. Кедейлердің Шығысқа жорығы. Кейінгі крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары.

Орта орта ғасырлардагы Шығыс әлемі (5 сағат)

Жапониядағы феодалдық құрылыс. Жапонияда феодализмнің пайда болуы және дамуы. Шаруалардың жағдайы. Қалалардың дамуы. Бір орталыққа бағынған мемлекеттін қалыптасуы. Жапонияның оқшаулануы.

Қытайда феодалдық құрылыстың орнауы

Кытайды біріктіру. Қытай империясының кұрылуы. Қытай императорлары. Сарай қызметшілері. Шаруашылығы. Қолөнер. Қазақ-кытай қатынастары.

Қытайдагы білім берумен өнер. Қытай мектептері. Кітап басу ici. Тарих. Медицина. География. Сәулет және сурет өнері.

Үндістандағы феодалдық құрылыс

Үндістанда феодалдық құрылыстың орнауы. Феодалдық бытыраңкылық. Үндістанды жаулап алу. Бабыр және оның қызметі. Ұлы Моғолдар империясы. Империяның қуатты державаға айналуы. Қолөнер мен сауданың дамуы.

Діни нанымдары мен әдебиеті

Мәдениеттің дамуындағы ерекшеліктер. Буддизм. Индуизм. Ислам. Әдебиет. "Бабырнама" — түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы. Үнді халықтарының билері мен әндері. Ғылым мен өнер. Математика. Астрономия. Медицина. Өсімдіктану. Үнді сәулет өнеріндегі әртүрлілік. Мүсін өнері. Храмдар мен кесенелердің салынуы. Аджант храмы. Тәж-Махал кесенесі.

Түркия. Осман империясының құрылуы. Сұлтанның билігі. Түріктер келгенге дейінгі Балқан елдері. Халықтардың осман жаулап алушыларына қарсы күресі. Түрік мәдениеті. Әдебиет. Ғылыми білімдер. Түрік сәулет өнерінің ерекшеліктері. Мешіттер, кесенелер, сарайлар. Қолөнер. Каллиграфия өнері. Түрік саяхатшылары.

XI-XV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия (3 сагат)

Хорезмшах мемлекеті. Хорезмшах мемлекетінің өрлеуі. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы. Қолөнердің дамуы жоне оның ерекшеліктері. Бұхара мен Самарқандағы азаттық қозғалыстар. Хорезмшах мемлекетінің әлсіреуі. Орталық Азия мен Қазақстан халықтары арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар.

Орта  Азия қалалары. Қалалардың мәдени және гылыми орталыққа айналуы. Үргеніш. Бүхар. Самарқан. Мерв. Башкент (Ташкент). Хиуа. Ниса. Отырар. Тараз. Түркістан.

Ғылыми  білімдердің дамуы. Медреселер мен обсерваториялардың ғылымды дамытудағы рөлі. Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Әбу-Райхан Бируни — ғалым энциклопедияшы. Әл-Хорезмидің алгебраны дамытудағы рөлі. Әбу-Әли ибн-Синаның медицина ғылымын дамытуы. Әдебиет. Ә. Фердоуси. А. Рудаки. Ә. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-Дин. "Жылнамалар жинағы". Қазақ ғалымдары. Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Насыр Исмаил әл-Жауһари әл-Фа-раби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағүн, М. Дулати, Қ. Жалайыри. "Манас" эпосы. Сәулет, сурет өнері және көркемөнер. Сәулет өнеріндегі ерекшеліктер. Мешіттер, медреселер, кесенелер және мұнаралардың салынуы.

Монғол-татар шапқыншылыгына қарсы халықтардың күресі (2 сагат)

Монғол-татар шапқыншылыгы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық. Феодалдық бытыраңқылықтың себептері. Русьте жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия жеріндегі мемлекеттердің де бірте-бірте әлсіреуі.

Монғол-татар шапқыншылыгы. Монғол тайпаларының тұрмысы. Монғол тайпаларының қоғамдық құрылысы. Шыңғыс хан әскерлерінің Орта Азия мен Закавказьеге басып кіруі. Бейбарыс сұлтан. Батый әскерлерінің Руське шабуылы. Алтын Орданың құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі.

Қайталау (1 сағат)

Ill бөлім. Кейінгі орта ғасырлар (XV—XVII ғасырлардың ортасы) (14 сағат)


Еуропа  мемлекеттері (5 сағат)

XVI—XVII гасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Ауыл шаруашылығындағы төңкеріс. Мануфактура. Сауданың дамуы. Ағылшын абсолютизмі. Ирландияны отарлау.

XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Франция. Экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы. Өнеркәсіп және сауда. Абсолютизмнің қалыптасуы. Нант эдикті. Кардинал Ришелье.

XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Германия. Экономикалық жағдайы. Ауыл шаруашылығы. Реформация және шаруалар соғысы. Аусбург бітімі. Князьдар арасындағы қырқыстар. Отыз жылдық соғысқа қатысу.

Кейінгі орта гасырлардагы Испания. Экономикалық жағдайы. Мемлекеттік құрылым. Испанияның құлдырай бастауы. Марискілерді қудалау. Португалияның бөлінуі. Нидерланд буржуазиялық революциясы.

XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Италия. Савонарола. Экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы.

XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың басындағы географиялық ашулар (1 сағат) Географиялық ашулардың қажеттілігі. XV ғасырдағы Америка халықтары. Майя халқы және оның мәдениеті. Ацтектер. Колумбтың Американы ашуы. Географиялық ашулардың нәтижелері.

Орыс  жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (XV-XVI ғасырлар) (3 сағат)

Орыс  жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі. Алтын Орданың әлсіреуі. Тоқтамыстың Мәскеуді талқандауы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. Шаруашылықтағы жетістіктер. Мәскеудің өрлеуі. Куликово шайқасы.

Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Боярлар думасы. Самодержавиелік монархия. Ресейдегі реформалар. IV Иван Грозный. Опричнина.

XVII гасырдагы Ресей. Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы.

Борис Годуновтың таққа келуі. Поляк феодалдарының Мәскеуді жаулап алуы. К. Минин мен Д. Пожарский. Романовтардың таққа отыруы. XVII ғасырдағы Ресей халықтарының мәдениеті.   Батые Еуропа мәдениетінің Ресей мәдениетіне тигізген әсері. Әдебиет пен өнер. Сәулет жөне сурет өнері. Орыс тұрмысының сипатты белгілері

XV ғасырдың аяғы — XVII ғасырдың алғашкы жартысындагы Еуропа халықтарының мәдениеті (4 сағат)

Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Италия - қайта өрлеу мәдениетінің орталығы. Антик дәстүрлеріне қайта оралу. Леонардо да Винчи. Микеланд-жело. Рафаэль Санти.

Сурет өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес.

Еуропа халықтарының ағарту ici мен әдебиеті. Ақсүйектік білім беру. Зиялы қауым. Гуманист жазушылар: Томас Мор, Франсуа Рабле, Вильям Шекспир, Мигель Сервантес.

Ғылыми білімнің дамуы. Табиғат құпияларын ашу. Химия. Джордано Бруно. Николай Коперник. Галилео Галилей.

Қайталау (1 сағат).

Қорытынды қайталау (1 сагат).

 

8 сынып

(барлығы 51 сағат, аптасына 1,5 сағат)

XVII-XX  ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

 (1640 - 1914 жылдар)

 

Кіріспе (1 сағат). Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жаңа кезең тарихының жалпы сипаттамасы мен негізгі мәселелері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуы. Буржуазиялық революциялардың алғышарттары. Буржуазиялық революциялар: себептері, максаттары, қозғаушы күштері, маңызы.

Бірінші бөлім. XVII-XVIII ғасырлардағы Дүние жүзі тарихыныц негізгі оқиғалары (23 сағат)

Англияда  капитализмніц орныгуы және ныгаюы (2 сағат).

Ағылшын буржуазиялық революциясының себептері, революцияның басталуы. Индепенденттердің үстемдік ету кезеңі. Азамат соғыстары. Республиканың жариялануы. Левеллер мен индепенденттердің қозғалысы. О.Кромвель протектораты. Монархияны қалпына келтіру (реставрация). Ағылшын буржуазиялық революциясының маңызы. Конституциялық парламенттік монархия. Англиядағы аграрлық революция. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық жаулап алулар.

XVIII гасырдагы дүние жүзі (2 сағат). XVIII ғасырдағы дүние жүзі елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамулары. Жеке елдердегі капиталистік өндіріс дамуының ерекшеліктері. Аграрлық революция және оның жеке елдердегі өзіндік сипаттары. Өнеркәсіп төңкерісі: оның жеке елдердегі мазмүны, маңызы, өзіндік сипаттары. Ерте буржуазиялық мемлекет. Азаматтык қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасу үрдісі. Еуропалық мемлекеттердің отарлық экспансиясы.

XVIII гасырдагы Солтүстік Америка (2 сағат). Солтүстік Америка континентін еуропалық державалардың отарлауы. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Феодалдық және плантациялык шаруашылық- Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары. Қарулы күрестің басталуы. АҚШ-тың құрылуы. Тәуелсіздік декларациясы. Версаль бейбіт келісімі. Тәуелсіздік үшін болған согыстың негізгі қорытындылары мен мәні.  1787 жылғы Конституция және АҚШ-тың мемлекеттік құрылымы.

Француз буржуазиялық революциясы (2 сағат). XVIII ғасырдағы Франциядағы феодалдық кұрылыстың ерекшеліктері. Капиталистік қатынастардьң дамуы. Француз қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың ерекшеліктері. Ағарту ici және оның француз революциясын дайындаудағы ролі. Революцияның басталуы. Революцияның бірінші кезеңі. "Тамыз зандары". "Адам және азаматтық құқықтарының декларациясы". Революцияның екінші кезеңі. Республиканы жариялау. Гора мен Жиронданың күресі. Францияға интервенцияның басталуы.

Якобин диктатурасы  кезеңі. Якобиндіктердің әлеуметтік-экономикалык саясаты. Террор саясаты. Якобиндіктердің сыртқы саясаты. 9 термидордағы төңкеріс. XVIII ғасырдың аяғындағы француз революциясының маңызы. Францияның басқыншылық соғыстары. Наполеон соғыстарынын сипаты. Францияға қарсы коалициялар. Францияның талқандалуы. Вена конгресі және оның маңызы.

XVIII гасырда Ресейдің дамуы (2 сағат). Ресейдің даму жөнінен алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінен артта қалуыньщ себептері. Ішкі өзгерістердің алғышарттары. I Петрдің билік күра бастауы. I Петрдің шетелдерге саяхаты. Солтүстік соғыстың қорытындылары. Петр реформалары. Феодалдық-крепостниктік шаруашылықтың ыдырай бастауы. Шаруалар көтерілістері. Халык бұкарасын қанаудың күшеюі.

XVII-XVIII гасырлардагы Үндістан (1 сағат). Моғол империясының билігіндегі Үндістанның дамуы. Моғол билігіндегі халықтар мен князьдыктардың әлеуметтік-саяси жағдайы. XVII ғасырдағы Үндістанның солтүстік-батысындағы сикхалардың діни қозғалысы. Сикха мемлекетінің пайда болуы. Маратха мемлекетінің құрылуы. XVIII ғасырдың ортасына қарай Ұлы Моғол империясының ыдырауы. Үнді қалаларындағы қолөнер мен сауданың дамуы. Үнді қауымы. Үндістанда еуропалықтардың пайда болуы. Еуропа мемлекеттерінің Ост-Индия компаниялары. XVIII ғасырдың ортасында ағылшындық Ост-Индия компаниясының Үндістанды отарлауы. Англияның Үндістандағы отаршылдық саясаты.

Информация о работе Азия мен Африка елдерін отарлау