Азия мен Африка елдерін отарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:30, контрольная работа

Краткое описание

«Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.

Вложенные файлы: 1 файл

5 - dune juzi tarixy - osn - kz.doc

— 360.50 Кб (Скачать файл)

9-сынып:

    •   негізгі ұлт – азаттық қозғалыстар және олардың маңызын түсіндіреді
    • XX ғасыр тарихының негізгі дәуірлерін және соларды анықтайтын процестерді ажырата біледі;
    • XX ғасырдағы Ресей, Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің саяси тарихындағы ең маңызды да бетбүрысты оқиғаларды сипаттай алады;
    • соңғы жүз жылда Еуропада, Азияда және Африкада пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді атай алады;
    • XX ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуының негізгі кезендері мен тенденцияларын анықтай алады;
    • XX ғасырдагы ғылым мен техниканың негізгі жетістіктерін;
    • XX ғасырдағы негізгі қоғамдық және саяси қозғалыстардың мәнін, олардың маңызын ажырата біледі.

 Білім алушылар:

  • қазіргі заман тарихындағы реформалар мен революциялардың орны мен маңызын корсету, оларды жүзеге асырған қайраткерлер туралы айтып бере алады;
  • қазіргі заман тарихындағы азаттық күрестердің нәтижелері мен маңызына баға бере алады;
  • қазіргі заман тарихындағы идеология мен саясат арасындағы байланысты назарда ұстау алады;
  • халықаралық қатынастардың жалпы тұрғысындағы жекеленген оқиғалардың мәні мен маңызын ашып көрсетуді меңгере алады;
  • екінші  дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралык жағдайға;
  • қазіргі заман дәуіріндегі жанжалдар мен соғыстардың себептері мен салдарларына сипаттама бере алады;
  • әртүрлі елдердегі саяси жүйелер мен режимдерге (демократиялық, авторитарлык, тоталитарлық);
  • XX ғасырдағы өз елдері мен адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің дамуының негізгі белгілеріне  сипатама бере алады;
  • соңғы жүз жыддықта Еуропада, Азияда, Африкада пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді картадан корсете алады;
  • әртүрлі елдердің саяси жүйелері мен режимдеріне салыстырмалы сипаттама жүргізу (қарастырылып отырған режимдердің саяси тәжірибесінің фактілеріне сүйену арқылы);
  • өз елі мен дүние жүзіндегі саяси оқиғаларға шолу жасау (тарихи алғышарттарын көрсете отырып);
  • нақты ситуациялардағы жеке елдердің, блоктардың, қозғалыстардың, жетекшілердің үстаған позицияларын салыстыра алады;
  • халықтар арасында қалыптасқан ынтымақтастыққа, сондай-ақ теке тірестікке мысалдар келтіре алады.

 

ІV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Осы пәннің тарихи материалын оқып, танып білу және оны  меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.

Иллюстрациялап  түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклетерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.

Ішінара іздену әдісі – оқушыларды бірте-бірте белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді. Мәселен, бояулы суретке, құжатқа түрлі сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге, оқулық мәтінімен байланыстыра оқытуға үйретеді.

Информациялы  – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.

Әңгімелесу  әдісі – бұл әдістің білімдік те, тәрбиелік те және дамытушылық та маңызы зор. Ол бүкіл сыныпты қамтиды, оқушылардың белсенділігін арттырады, олардың таным қызметін, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін дамытады және оқыту барысында ұжымдық сипаттада жүргізуге болады.

Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға  бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша әсіресе мәдениет тақырыптарын өту барысында кеңінен қолдануға болады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.

Репродуктивті әдіс – Оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды көздейді.Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен, ұқсас белгілеері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше нақты мысалдар келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады.

Тарихи  құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.

Біліктерді  қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.

Ақпараттық  – коммуникациялық технология әдісі. Оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту үшін қолданылады. Осы арқылы білім алушылар мәтінмен жұмыс жасауға үйренеді, яғни көпшілікке арналған ақпараттық нысандармен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді. Олар ақпаратты материалдарды жинаудың жаңа тәсілдерін игеріп, пайдаланады. Хрестоматиялық материалдар негізінде электронды карталарды тақырыптар бойынша пайдалануға болады. Қорытынды сабақтарда кешендік тестілеуді компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізуге болады.

Зерттеу әдісі – Шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.

Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.Тарихтан жаңа тақырыпты үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану барысында материалдық мәдениет ескерткіштері, бейнелеу өнерінің шығармаларымен жұмыс жасау арқылы да болады.

Тарихи - көркем шығармаларды пайдалану әдісі – Тарихи-  көркем шығармамен сабақ барысында өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Мұндай тәсілдер дамытуға пайдасы көбірек тиеді. Оқушылар көбіне тарих оқулығындағы текспен және көркем әдебиет үзіндісімен қатар жұмыс жасайды. Оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен деректерді пайдалана отырып, өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды.




Информация о работе Азия мен Африка елдерін отарлау