Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:30, контрольная работа
«Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.
XVII-XVIII гасырлардагы Осман империясы (1 сағат). XVII-XVIII ғасырлардағы Осман империясыньщ құрамына кірген мемлекеттер мен халықтар. Империянын саяси, әлеуметтік-экономикалык даму ерекшеліктері. Осман империясының құрамына кірген халықтардың үлт-азаттык, қозғалыстары. Осман империясындағы қалалардың дамуы, сауданың өркендеуі. Балкан түбегі мен Кавказ, араб елдеріндегі халықтардың түрік үстемдігіне қарсы күресінін өрлеуі. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының терендей түсуі. Әскери реформалар. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Осман империясының жүргізген соғыстары, оның салдары.
XVII-XVІІІ ғасырлардағы Қытай (1 сагат). Қытайда Цин әулеті үстемдігінің орнауы. Цин әулетінің билігі кезіндегі Қытайдың мемлекеттік және саяси-әлеуметтік жағдайы. Империяның жүргізген басқыншылық соғыстары және сыртқы елдермен байланыстары. Еңбекші халықтың жағдайы. Маньчжур ақсүйектерінің құқықтық артықшылықтары. Халықаралық жағдай. Ресей және басқа да көрші мемлекеттермен байланыс. Қазақ-қытай қатынастары. Егіншілік пен сауданың дамуы. Қалалардын өсуі.
XVII-XVIІІ гасырлардагы Жоңгар хандыгы (1 сагат). Жоңғар хандығының құрылуы. Жоңғар хандығының саяси құрылысы, саяси-әлеуметтік дамуы және шаруашылығы. Жоңғар хандарының жүргізген басқыншылық соғыстары. Жоңғар-қазақ, жоңғар-қытай, жоңғар-орыс қатынастарының дамуы. XVIII ғасырдың ортасында Жоңғар мемлекетіндегі саяси дағдарыстың күшеюі. Цин империясының жоңғарларды талқандау шабуылын бастауы. 1755-1758 жылдардағы соғыс нәтижесінде Жоңғар мемлекетінің талқандалуы. Жоңғар хандығы жерінің Цин империясының құрамына енгізілуі. Шыңжаңның құрылуы.
XVII-XVIІІ ғасырлардагы Жапония (I сағат). Токугава сегунаты. Жапонияның саяси, әлеуметгік-экономикалық даму жағдайы. Сегунаттың ішкі, сыртқы саясаты. Жапон қалалары және олардың сауданы дамытудағы ролі. Жапонияның сырт елдермен байланыстары. Орыстардың және еуропалықтардьщ XVIII ғасырдағы Жапонияға жорықтары.
XVII-XVIII гасырлардагы Иран (1 сагат), XVII ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Сефевид әулетінің билігі. Ирандағы діни топтардың ықпалы. XVIII ғасырдың басында Сефевид әулетінің әлсіреуі. I Петрдің парсы жорығы және оның мақсаты. Надир шахтың билігі кезіндегі Иран. Ауған мемлекетінің құрылуы. Иранда Каджар әулеті билігінің орнауы. Каджарлар билігі кезіндегі Иранның жағдайы. XVIII ғасырдағы орыс-иран соғыстары, себептері мен нәтижесі. Ирандағы Англия мен Ресейдің отаршылдық бәсекелестік күресінің күшеюі.
XVII-XVIII ғасырлардагы араб елдері (2 сагат). Осман империясының құрамындағы араб елдерінің түрік үстемдігіне қарсы күресі. Арабиядағы ваххабистер қозғалысы. Араб елдеріндегі діннің атқарған қызметі, діни қозғалыстар. XVII-XVIII ғасырлардағы Египеттің саяси жағдайы. Египеттің экономикалық дамуы. XVIII ғасырдың соңындағы Наполеонның Египетке жорығы және Египет халқының француз отаршылдарына қарсы күресі. XVIII ғасырда Араб елдеріне еуропалық отаршылдардың келуі. Англияның Арабиядағы, Ирактағы отаршылдық әрекеттері. Магриб елдерінің француз отарына айналуы.
Азия және Африка елдерін отарлау (2 сағат). XVII ғасырдағы Голландияның отаршылдық әрекеттері. Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшындық Ост-Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. XVIII ғасырдағы капиталистік державалардың Азия жөне Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі. Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Қиыр Шығыс елдерінің (Қытай, Жапония, Корея) отаршылдыққа қарсы оқшаулану немесе "жабық есік" 'саясатын үстауының салдары. Отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар.
XVII-XVIII ғасырлардагы ғылым мен мәдениеттің дамуы (2 сағат). Капитализмнің жаңа, прогрессивтік идеялары және олардың мәдениетгің дамуына ықпалы. Жеке қайраткерлердің рөлі. Ғылым және ағарту ici. Фрэнсис Бэкон, Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Рене (Картезий) Декарт, Исаак Ньютон және олардьң ашқан жаңалықтары. XVIII ғасырдағы классицизм. Халықтың тұрмысы, салты және әдет-ғұрпы. Ғылым және мәдениет. Әдебиет пен өнер. Шығыс мәдениеті мен ғылымының дамуы. Шығыс өркениеттері. Шығыстық философиялық ақыл-ой және оның көрнекті өкілдері. Шығыс әдебиеті мен өнері.
Қайталау (1 сагат).
Екінші бөлім. XIX ғасыр - XX ғасырдың басындағы Дүние жүзі (25 сағат)
Кіріспе (1 сағат). Наполеон соғыстарынан кейінгі еуропалық мемлекеттердің экономикалық дамуы. Жеке елдердегі капитализм дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіптік революцияньщ дамуы. Монополистік капитализм, оның жеке елдердегі ерекшеліктері.
Англия (2 сагат). Англияның әлеуметгік-экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуы. Саяси даму. Қоспартиялық жүйе мен оның қоғамның саяси дамуындағы ролі. Парламенттік реформа үшін күрес. Жұмысшы қозғалысы. Луддизм. Чартистер қозғалысы. Англиядағы монополистік капитализм ерекшеліктері.
Франция (2 сағат). Францияның экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. 1830 жылғы революция. Бурбондардың конституциялық монархиясы. Шілде революциясы. Екінші республика. Екінші империя. 1870 жылғы революция. Париж коммунасы. Үшінші республика. Монополистік капитализм табиғаты. Жұмысшылар қозғалысының дамуы. Францияның сыртқы саясаты.
Германия мен Италия (2 сағат). Германия мен Италияның бірігу мәселесі. Германия мен Италияның бірігу барысындағы буржуазиялық-либералдық және демократиялық бағыттар. 1848-1849 жылдардағы революциялар және олардың маңызы. Германияның бірігуі. Италияның бірігуі. Бірігудің маңызы.
Германия және мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Өндірістік даму ерекшеліктері. Саяси құрылым. Жүмысшылар қозғалысы. Марксизмнің пайда болуы және дамуы. Сыртқы саясаты.
Ресей (2 сағат). Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1861 жылғы реформа мен оның маңызы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Индустриияландыру ерекшеліктері. Халықшылдар қозғалысы. Марксизмнің таралуы. Жүмысшы қозғалысы. 1905-1907 жылдардағы I орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.
АҚШ (2 сағат). Әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшеліктері. Буржуазиялық және плантациялық шаруашылық АҚШ территориясының кеңеюі. Құлдықты жою қозғалысы. Азаматтық соғыстың басталуының себептері. Азаматтық соғыстың маңызы мен қорытындысы. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері.
Латын Америкасы (1 сагат). Латын Америкасы отарларының әлеуметтік-экономикалык жағдайы. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық революциялар. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Саяси құрылым. "Монро доктринасы" және оның Латьш Америкасы елдерінің дамуына тигізген әсері.
XIX ғасыр-ХХ ғасырдың басындагы Қытай (2 сағат). XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Цин империясының саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы. Ағылшын отаршылдарының Қытайға енуі. Апиын соғыстары, оның себептері мен нәтижелері. Тайпиндер көтерілісінің нәтижесі, Қытайдың жартылай отарға айналуы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалық және революциялық- демократиялық қозғалыстардың пайда болуы. «Реформаның жүз күні» Сунь-Ятсен. Ихэтуандар көтерілісі. ХІХ ғасырдағы орыс- қытай қатынастары, 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Маньчжур үстемдігінің құлауы. Қытай Республикасының құрылуы.
ХІХ ғасыр- ХХ ғасыр басындағы Жапония ( 2сағат)
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жапонияның саяси- әлеуметттік- экономикалық дамуы. Жапонияда товар- ақша қатынастарының дамуы. Қалалардың өсуі, сауданың өркендеуі. Сауда буржуазиясының дамуы.
Мэйдзи революциясы және оның маңызы. Жапонияда капиталистік қатынастардың дамуы. 1894-1895 жылдардың басындағы жапон имперализмнің дамуы. Орыс- жапон соғысы. ХХ ғасырдың басындағы Жапонияның саяси- әлеуметтік жағдайы.
ХІХ ғасыр- ХХ ғасыр басындағы Үндістан (1сағат).
ХІХ ғасырдың
басындағы тәуелсіз
ХІХ ғасыр- ХХ ғасырдың басындағы Осман империясы ( 2сағат)
ХІХ ғасырдың
басындағы Осман империясының х
Ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі орыс түрік соғыстары. Түркияның жартылай отар елге айналуы. ХІХ ғасырдың соңында Түркияда ұлттық- патриоттық сананың оянуы. Жас түріктер қозғалысы және олардың мақсаты. 1908 жылғы Жас түріктер революциясы, оның маңызы. ХХ ғасырдың басындағы Түркияның саяси- әлеуметтік, экономикалық жағдайы.
ХІХғасыр – ХХ ғасырдың басындагы Иран (1 сагат). XIX ғасырдағы Иранның саяси-әлеуметтік жағдайы. Еуропалықтардың Иранға ене бастауы. Англия мен Ресейдің Ирандағы саясаты. 1848-1852 жылдардағы Ираңдағы бабидтер көтерілісі. Иранның жартылай отар елге айналуы. Иранда ұлттық буржуазияның қалыптаса бастауы. Ұлтшылдық идеялардың дамуы. Діни қозғалыстар, олардың сипаты. 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы және оның нәтижелері. XX ғасырдың басындағы Иранның саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайы.
ХІХ ғасыр – ХХ гасырдың басындагы араб елдері (2 сагат). XIX ғасырдағы Мысырдағы Мүхаммед Әли пашаның билігінің орнауы. Оның жүргізген реформалары, ішкі және сыртқы саясаты. XIX ғасырдың 50-70 жылдарындағы Мысыр. Еуропалық капиталдың Мысырға енуі. Суданның XIX ғасырдағы даму сипаты. Арабия түбегі елдері, олардың саяси дамуы.
Ирак, Сирия, Магриб елдері. Араб ағартушылары, олардың көзқарастары. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы араб елдерінің дамуы. Ұлт-азаттық қозғалыстар. Мысыр, Судан, Арабия түбегі елдері, Магриб елдері, Ирак, Сирия елдері XX ғасырдың басында.
Мәдениеттің дамуы (1 сагат). Ғылым мен техника. Әдебиет және өнер. Мәдениеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті түлғалар: Дж.Байрон, В.Гюго, Г.Гейне, О. де Бальзак, Ч.Диккенс, Б.Шоу, Г.Ибсен, Э.Золя, Дж.Лондон, А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Р. Тагор, И.Франко, Ян.Райнис, Х.Хакимзаде, САйни, Т.Сатылганов, МАхундов. Мәдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер.
Халықаралық қатынастар (2 сагат). Еуропа мен АҚШ-та жұмысшы қозғалысының дамуы. Жұмысшы қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың әсері. Коммунистер одағының құрылуы. Бірінші Интернационал және жұмысшы қозғалысы.
Дүние жүзін бөлісудің аяқталуы және оны қайта бөлісуге ұмтылу. Әскери-саяси блоктардың құрылуы. XIX ғасырдың соңындағы империалист« соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатиялық дайындық.
Қорытынды (2 сағат).
9 сынып
(барлығы 51 сағат аптасына 1,5 сағат)
ҚАЗІРГІ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ
(1914- 2009жылдар)
Бірінші бөлім. Дүние жүзі мемлекеттерінің 1914-1945 жылдардағы дамуы (25 сағат)
Кіріспе (1 сагат). Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы әлем елдері.
ХХ ғасырдың басындағы әлем тарихы (1914-1939 жылдар) Бірінші дүниежүзілік согыс (1 сағат). Соғыстың басталуы, себептері, сипаты және мақсаты. 1914-1916 жылдардағы соғыс қимылдары. Соғысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыс. 1917 жылғы соғыс қимылдары. Ресейдің соғыстан шығуы. Дүние жүзі мемлекеттері арасындағы негізгі қарама-қайшылықтар. АҚШ-тың соғысқа араласуы. В.Вильсонның "14 пункті". Компьен келісімі. Басты державалардың жеңілуі және соғыстың аяқталуы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындылары және сабақтары.
1918-1939 жылдардагы Еуропа жэне Америка елдері (9 сагат)
Орталық Еуропа елдері мен Ресейдегі революциялық қозгалыстар мен төңкерістер. Еуропа елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Негізгі тенденциялар. Ресейдегі ақпан революциясы. 1917 жылғы соғыс қимылдары және Қазан тоңкерісі. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресейдің соғыстан шығуы. Австро-Венгрия мен Германиядағы революциялық дағдарыстар, қарашадағы революциялар. Венгриядағы революция. Венгр республикасы.
Англия. Ұлыбританияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық-саяси дамуы. Д.Ллойд Джордж үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Англияның отарлық саясаты. Жұмысшы қозғалысы. Екінші лейбористер үкіметінің саясаты. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Англияға тигізген әсері. " Ұлттық үкіметтің" кызметі.
Франция. Соғыстан кейінгі кезендегі билеуші топтардың саясаты. Жұмысшы және демократиялық қозғалыстар. Халық майданы: саясаты мен қимылдары. Экономикалық дағдарыс. Антифашистік қозғалыс. Францияның сыртқы саясаты.
Германия. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық-саяси жағдайы. Веймар республикасы. Конституция. Жүмысшы және коммунистік қозғалыс. Экономикалық дағдарыс жөне оның әлеуметтік салдарлары. Г.Брюнинг кабинетінің саясаты. Нацистердің үкімет басына келуі және фашистік диктатураның орнауы. Фашистік Германияның сыртқы саясаты.
Италия. Соғыс нәтижелері және оның Италияға әсері. Буржуазиялық-парламенттік мемлекеттің дағдарысы. Фашистердің билікке келуі. Фашизм және буржуазия. Фашизм және оның негізі. Фашистік тәртіп. 1923-33 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіндегі Италия. Фашистердің сыртқы саясаты.