Ақша қаражатар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 19:51, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рүлi зор.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп бiлуге болады.

Содержание

Кiрiспе
I-ТАРАУ. 1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
II-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.
2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
III-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
IV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi
V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебi
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттар есебі 26 стр.doc

— 313.50 Кб (Скачать файл)

 

 

Мазмұны

 

 

Кiрiспе

 

I-ТАРАУ. 1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың  мәнi мен мақсаты

II-ТАРАУ. Кассадағы және есеп  айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның  есебі

2.1  Кассадағы қолма-қол ақшаның  есебі

2.2  Кассадағы шетелдік валюта  түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.

2.3  Субъектінің оперативтік  кассасындағы қолма-қол ақшаның  есебі.

2.4  Есеп айырысу шотындағы  қолма-қол ақшаның есебі

III-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың  нысандары

IV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi

V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебi

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.

Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.

Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рүлi зор.

Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп бiлуге болады.

Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады.  Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күруге болады.

Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.  

Ι-ТАРАУ.

1.1Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың  мәнi мен мақсаты.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы «Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң» №4 № «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады» делiнген.

Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Осындай кәсiпорындар мен  ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:

1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде  тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын ;

2) Шетелдiк валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есепке алу үшiн  заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттiк мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары  бойынша, қоғамдық ұйымдарға, үндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

4) Республикалық бюджетте  тұрған мекемелерге бюджеттiк  шоттарды;

5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге корреспонденттiк  шоттарды ашады.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын  толық және уақтылы  дер кезiнде  есептеу.

2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың  түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi пайдалануды бақылау.

3) Есеп айырысу, түлеу  тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның  немесе фирманың ақшалай кiрiстерi мен  шығындарын дұрыс есептеу.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:

1) Қолма қолсыз ақша  аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп айырысуларды  уақтылы және дұрыс жүргiзу.

2) Ақша қаражаттарының  қолда бары мен қозғалысын  және есеп айырысу опрацияларын  есептiк тiркелiмдерде толықтай  және жедел түрде күрсету.

3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға  және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.

4) Белгiленген мерзiмдерге  ақша қаражаттары мен есеп  айырысудың жағдайына түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық және кредиторлық  берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн iздестiру.

5) Кассадағы, есеп айырысу  шотындағы және банктегi басқа  шоттардағы ақшалардың бар жоғы  мен сақталуына  бақылау жасау.

6) Есеп айырысу – төлем  тәртiбiнiң сақталуына, материалдық  құндылықтар мен қызметтер үшiн  сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ несие тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақша қаражаттарының есебінің аудиті 
 
3.1. Ақша қаражаттарының есебі аудитінің мақсаты мен міндеті. 
 
Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элеменнтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысыын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бүрмалаулар жасырынған. 
 
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы ммлекеттік, ведомствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн. Студент ағымдық, корреспонденттік шоттар мен кассадағы ақша қозғалысының бастапқы құжаттары негізінде аналитикалық есеп құжаттарын толтырып, оларды есеп регистрлеріне тіркеуі керек. 

Есепті жазу барысында ақша қаражаттары есебінің ұйымдастырылуы, жағдайы туралы мәліметтер есеп мәтінінде  баяндалғаннан кейін, келесідей толтырылған бастапқы құжаттар мен есеп регистрлерін тіркеу қажет: 

        • кассалық кіріс  ордері КО-1;

        • кассалық шығыс ордері КО-2;

        • кассалық кіріс құжаттарын тіркеу журналы КО-3;

        • касса кітабы КО-4;

        • кассирдің ақшаны  қабылдап алуы мен өткізуін тіркеу кітабы КО-5;

        • №1 журнал-ордер;

        • №2 журнал-ордер;

        • №3 журнал-ордер.

        Барлық қажетті есеп регистрлері мен бастапқы құжаттар негізінде кассалық операциялар мен есеп айырысу шотындағы операциялардың жүргізілуін тексеру керек. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен, алынған аванстар, есеп беруге тиісті тұлғалармен, қойылған талаптар, басқа да дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру керек.

Ақшалай операциялар мен кассалық операцияларды тексеру бойынша  аудиторлық қорытынды дайындау керек. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебін, «Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі» №7 ҚЕХС пайдалана отырып, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының кірісі мен шығысына талдау жасау керек.

 
 
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістері арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалдық аудитінінің ерекшетәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады. 
 
Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі функционалдық аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі процент есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған және матрицалық тәсілдер, желілік, желілік емес және өсіңкі бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. 
 
Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мынларды анықтайды:

  •  
    касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  •  
    касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
  •  
    бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
  •  
    касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дүрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
  •  
    Кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
  •  
    Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
  •  
    Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық-ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қлдау жолға қалай қойылған?

 
Осыларға сүйене келіп, төменгі кестеде ақша мен олардың баламаларының төлемі мен қозғалыс циклі функционалды аудитін өткізу бағдарламасының ықтимал нұсқаларының бірі келтірілген: 
 
Кесте №2

 
Аудит процедуралары

 
Ақпарат көздері, бағалаудың критерилері мен тәсілдері

 
1.Ақшалай операцияларды атқаратын  қызметкерлер құрамын білу

 
Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері т.б.

 
2.Ақша алу, сақтау және қолдану  үшін әдістемелік, нормативті және  мате-риалдық базамен қам-тамасыз  етуді тексеру

 
Заңнамалық актілердің, стандарт-тардың, нормалардың, ережелер-дің, нүсқаулықтың, құжат бланкі-лерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының бар-жоғы

 
3.Операцияларды құжат-тық рәсімдеу  мен ақша басқару жағдайын  алдын ала шолудың дұрыстығын  тексеру

 
Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақша-лай қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.

 
4.Ақша қозғалысы жөнін-дегі операцияларды  көрсе-тудің дұрыстығын, толық-тығын, дәлдігін тексеру

 
Төлем тапсырмалары мен талапта-ры, журнал ордерлер, тізімдемелер, сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.

 
5.Кассаны түгендеу мен кассалық  операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды  және қатаң есептегі бланкілерді  тексеру

 
Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істйтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер 1, 1 тізімдеме, Бас кітабы, 401-403, 411, 421-424 шоттары және т.б.

 
6.Ақшаның сақталуы мен мақсатты  пайдалануын тексеру 

 
7.Касса-банк операцияла-рын атқару  мен есеп сақ-тау шарттарын  айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу

 
8.Банк операцияларын, құжаттардың  түгелдігі мен анықтығын тексеру

 
9.Ақшаны есептен шыға-ру, кассалық  және қаржылық тәртіпті сақ-тауды  тексеру

 
10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың  аккреди-тивтік және чектік түр-лерінің, құрылымдық бө-лімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыс-тығы мен заңдылығын тексеру

 
Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген; аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымының түбіртектері, 1 – 3 журнал-ордерлері; 1,2,3 журнал-ордерлеріне тізімдемелер. Қолда-ныстағы заңнамаларға нормативті-анықтама ақпаратының, тізімде-мелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәкес келуі

 
11. Жол-жөнекей ақша сомасының  шынайылығы, өнімді және басқа  іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткі-зуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру

 
3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1 тізімдеме, 411 «Жолдағы ақша» шоты бойынша  Бас кітап, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік  жүкқұжаттар, қабылдау-тапсыру актілері  және басқа бастапқы құжаттар

 
12. Баланс көтсеткіштері-нің Бас  кітап мәліметтері-нің сәкестігін  тексеру 

 
Баланс, 401-403, 411, 421-424, 431-432, 441, 451-452 шоттар бойынша Бас кітап

 
13. Ақша қозғалысының синтетикалық  және анали-тикалық есебін жүргізу  дұрыстығын тексеру

 
Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журнал-ордерлердің тізімдемелері, касса кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар

 
14. Қысқа мерзімді инвестициялар  бойынша операциялардың дұрыс-тығын  тексеру

 
Акциялар, облигациялар, депозит-тік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәмілелер

Информация о работе Ақша қаражатар есебі