Ақша қаражатар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 19:51, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рүлi зор.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп бiлуге болады.

Содержание

Кiрiспе
I-ТАРАУ. 1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
II-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.
2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
III-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
IV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi
V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебi
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттар есебі 26 стр.doc

— 313.50 Кб (Скачать файл)
 
   
   

 
 
    Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

         Кассир  – материалдық жауапты адам. Ол  касса операцияларын жүргізу  тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

         Кассадағы  операциялар есебі 1010-“Кассадағы  қолма-қол ақша” бөлімшесінің  активті жинақтаушы шоттарында:

       1010 - “Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол  ақша” және 452- “Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында жүргізіледі.

         “Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол  ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісі бекіткен кассалық  операцияларды жүргізу тәртібіне  сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

         Кассаға  ақша қабылдау кассаның кіріс  ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир  қол қояды. Кассаға ақша салған  жеке немесе заңды тұлғаларға  бас бухгалтер мен кассир қол  қойған ақшаны қабылдағаны туралы  түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.

         Кассадан  ақша беру кассаның шығыс ордерімен  немесе басшы мен бас бухгалтер  қол қойған тиісінше рәсімделген  төлем тізімдемелерімен ақша  беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.  

         Сенімхат  бойынша берілген ақша жағдайында  касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.

         Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

         Банктен  ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу жазылады.Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

         Касса операцияларының  есебін кассир Касса кітабында  жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге  және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы  мен бас бухгалтер қол қойып  куәландырады.

         Касса кітабының  әрбір парағы тең екі бөліктен  тұрады. Олардың бірін кассир  бірінші дана ретінде толтырады  және ол кітапта қалады.; екіншісі  көшіргі қағаз арқылы бергі  және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде  парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

         Есеп бланкісі  операциялар аяқталғанға дейін  бір күн бойы жыртылмайды. “Соның  ішінде жалақыға” деген жолдың  бойында касса бойынша шығысқа  есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.

         Касса операциялары  шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен  алынғаны және кімге берілгені  жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

         Кассирдің  есебінде корреспонденцияланатын  шоттарға белгі жасалады, содан  соң оның деректері 1010 – “Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол  ақша” шотының дебеті мен кредиті  бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

         Касса бойынша  операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті  мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға  кассир есебінің түсуіне қарай  жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған  шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

 

 

 

 

 

Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы

1

 

Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары

1010

6010

2

Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті

1010

1410

3

Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары кассаға келіп түсті

1010

1030

4

Тауарларды сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары

1010

6010

5

Артық тұрған материалдарды сатқаннан қолма-қол келіп түскен ақша

1010

6130

6

Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кассаға қайтарылды

1010

1251

7

Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алып,жұмсамаған сомасы кассаға қайтарылды

1010

1252

8

Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақша

1010

5020

9

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы кассаға қабылданды

1010

1251,1260

10

Енщілес, тәуелді серіктестіктердің берешек сомасы кассаға келіп түсті

1010

1240-1230

 

 

 
   

11

Кассаға банк және банктен тыс мекемелердің несиелері келіп түсті

1010

3010-3020

12

Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан төленді

101-106

1010

13

Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді

2040-2010

1010

14

Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны кассадан төленді

1310-1317

1010

15

Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан төленді

7110,

7440

1010

16

Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді

1330

1010

17

Кассадан есеп айырысу немесе валюталық шотқа ақшалай түскен түсімдер аударылды

1040,1050

1010

18

Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын қайта сатудан түскен табыс кассаға қабылданды

1010

521

19

Акционерлер мен үлес қосушыларға есептелінген дивидендтер сомасы кассадан төленді

3031-3032

1010

20

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомасы кассадан төленді

3350

1010

21

Субъектінің лауазымды тұлғалар алдындағы борышы кассадан төленді

682

1010

22

Құнды қағаздарды сатуға байланысты шығындар кассадан төленді

7410

1010

23

Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан төленген сома

1251

1010

24

Субъектінің кассасынан жұмысшы қызметкерлерге берілген несие сомасы

1252

1010

25

Кассадан жұмысшы қызметкерлердің депонеттелген(уақытында алмаған) еңбекақы сомасы төленді

3440

1010

26

Банк немесе банктен тыс мекемелерден алынған несиелер сомасы кассадан қайтарылды

4010-4030

1010


 

   2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.

 

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020 шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

         Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

         Валюта  түскен кезде 1020-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

         1050-“Ел  ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол  ақша” шоты – валюта шотынан  валюта түскен кезде;

         2110-“Алынуға  тиісті қарыздар” шоты – кассаға  алынған валюта түсімінің сомасына;

         6120-“Бағам  айырмашылығынан түскен табыс”  шоты – тиісті шетел валюталарына  қатысты теңге бағамының құлдырауы  жағдайындағы бағам айырмашылықтарының  сомасына;

         1251-“Қызметкерлер  мен басқа да адамдардың қарыздары”  шоты – есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

         Валюта  кассасынан валюта берген кезде  – 1020-шот кредиттеледі және мына  төмендегі шоттар дебеттеледі:

         1252-“Қызметкерлер  мен басқа да адамдардың қарыздары”  шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;

         1050-“Ел  ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол  ақша” шоты – валюта шотына  өткізілген валюта сомасына;

         7430-“Бағам  айырмашылығы бойынша шығыстар”  шоты – тиісті валюталарға  қатысты теңге бағамының көтерілуі  нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.

 

 

 

2.3  Субъектінің оперативтік  кассасындағы қолма-қол ақшаның  есебі.

 

Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады.№1034  6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

         Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.

         Ақша операциялық  кассаға түскен кезде 1010”Операциялық  кассадағы қолма-қол ақша” аралық  шоты дебеттеледі және мына  шоттар кредиттеледі:

         6010-“Дайын  өнімдерді сатудан түскен кіріс”, 704-“Көлік ұйымдарының жүктер  мен жолаушылар тасымалы жөніндегі  қызметтерінен түскен табыс”  шоттары және басқа да шоттар-кассаға  алынған түсімнің сомасына;

         1210- “Алынуға  тиісті қарыздар” шоты – сатып алашылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.

         Кәсіпорын  кассасына түскен түсімді өткізгенде  – 1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010 шотының  “Операциялық кассадағы қолма-қол  ақша” субшоты кредиттеледі.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

 

         Банкі шоттары  теңгемен де, шетелдік валютамен  де ашылуы мүмкін. Банк келісім  бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік  шоттарын ашқан кезде, шот иесінің  пайдасына келіп түсетін ақшаны  қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

         Банк пен  Қазақстан Республикасының резиденті  – заңды тұлға мен оның жекелеген  құрылымдық бөлімшесі арасында  келісім жасау үшін: қойылған  қол үлгілері және мөр таңбасы  бар құжаты клиенттің салық  есебіне қойылғанын растайтын, салық  қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

Информация о работе Ақша қаражатар есебі