Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 18:11, курсовая работа

Краткое описание

Берілген курстық жұмыстың мақсаты болып есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының есебін ұйымдастыру табылады. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер атқарылуы тиіс:
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуін көрсету;
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру;
тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды қарастыру;
іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операцияларын талдау;
материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысуды бейнелеу;
өкілетті шығындарды есептеу.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық негіздері………..................................................................………..…....………….5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуі…………………….……………………..…...................……. 5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру……………………………………………….………………….…..7
«Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ қысқаша сипаттамасы..............................................................................................................9
2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі.......................................................................................………………..…14
Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу………………………..........………………………….…………………14
Іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу…….....………..…..21
Материалдық зиянды орнын толтыру бойынша есеп айырысу…...............27
Өкілетті шығындарды есептеу…………...........………………………..…...31
Қорытынды..................……………………………………………………..…….34
Қолданылған әдебиеттер тізімі……..............……….…………………………..35

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_4406.doc

— 273.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық негіздері………..................................................................………..…....………….5

    1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуі…………………….……………………..…...................……. 5
    2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру……………………………………………….………………….…..7
    3. «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ қысқаша сипаттамасы..............................................................................................................9

2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі.......................................................................................………………..…14

    1. Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу………………………..........………………………….…………………14
    2. Іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу…….....………..…..21
    3. Материалдық зиянды орнын толтыру бойынша есеп айырысу…...............27
    4. Өкілетті шығындарды есептеу…………...........………………………..…...31

Қорытынды..................……………………………………………………..…….34

Қолданылған әдебиеттер тізімі……..............……….…………………………..35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кәсіпорынның қызмет ету процессінде есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысумен байланысты сұрақтар туындайды.

Сондықтан есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу кәсіпорынның шаруашылық жұмысының ажырамас бөлігі болып есептеледі. Қаржы-шаруашылық қызмет үдерісінде кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды, қызметтерді және басқа да қызмет көрсетулерді қолма-қолсыз ақшаға ғана емес, сонымен қатар қолма-қол ақшаға сатып алуға мәжбүр болады.  Мұндай жағдайларда жұмыскерге ұйымның бұйрығымен есеп беруге тиісті ақша қаражаты беріледі.

Есеп беруге тиісті ақша қаражаты шаруашылық-операциялық мақсатта, алдағы іссапар шығындарына, шаруашылық шығындарын төлеуге, өкілетті мақсатта, жеке тұлғадан немесе басқа ұйымдардан өнімді сатып алуға беріледі. 

Берілген курстық жұмыстың мақсаты болып есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының есебін ұйымдастыру табылады. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер атқарылуы тиіс:

  • есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуін көрсету;
  • есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру;
  • тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды қарастыру;
  • іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операцияларын талдау;
  • материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысуды бейнелеу;
  • өкілетті шығындарды есептеу.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімі есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық негіздері болып келеді. Бұл бөлімде есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының нормативтік-құқықтық реттелуі, осы тұлғалармен есеп айырысу операцияларының ұйымдастырылуы қарастырылады.

Екінші бөлімі есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі. Бұл бөлім тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу, іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операциялары, материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу, өкілетті шығындарды есептеу деген сұрақтарды қамтиды.

 Жалпы, есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операциялары үшін біріңғай талабы ретінде кәсіпорынның есеп саясатында қарастырылған және бекітілген бақылау процедуралар мен  құжаттар тізімі болады.

 Жұмыстың объектісі ретінде «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ таңдалды. Бұл акционерлік қоғам негізінде қызметкерлерді іссапарға жіберу қағидалары көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық негіздері

 

1.1 Есеп беруге тиісті  тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуі

 

Әрбір кәсіпорын, ұйым өзінің есеп саясатын құру барысында нормативтік-құқықтық құжаттарды негізге алуы тиіс.

Мысалы, “Желаев астық өнімдері комбинаты ” АҚ қызметінің шарттарына сәйкес есеп саясатының құқықтық негізін ҚР заңи және нормативтік актілері негізінде өңделген нұсқаулар және басқа да ұйымдық-басқарушылық құжаттар құрайды. Осы құжаттар негізінде қаржылық - шаруашылық операциялардың бухгалтерлік және салықтық есебі шығарылады.

Жалпы есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды дұрыс есептеу үшін, сонымен қатар осы сұрақтар бойынша есеп саясатын құру үшін белгілі бір нормативтік құжаттарға негізделу қажет.

Кесте 1 – Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің тізімі

Нормативтік-құқықтық актілердің атауы

1

“Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер туралы ” ҚР Кодексі 12.06.2001ж. (26.03.2007ж.)

2

28.02.2007 жылғы Қазақстан Республикасының  “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” №234 Заңы

3

22.09.2000 жылғы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің “Мемлекеттік бюджет  қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы  территориясында мемлекеттік мекеме  қызметкерлерінің, сонымен қатар  Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының  қызметтік іссапарлары туралы ережелерді бекіту туралы” №1428 Қаулысы

4

24.12.2001 жылғы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің “Салық салынатын  табысты анықтау кезінде ұсталымдарға тиісті болатын Қазақстан Республикасынан тыс жерде іссапарда болған уақыты үшін төленетін  тәуліктік және өкілетті шығындардың нормаларын бекіту туралы ” №1677 Қаулысы

5

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

6

ХБЕС 21

7

ҚР “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заң, 10.12.1999 ж. №493-I (түзетулер мен қосымшалармен)


«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы бухгалтерлік есепті реттейтін негізгі нормативтік – құқықтық акт болып табылады. Бұл заң бойынша ҚР Ұлттық Банкімен тіркелмеген қағазды және электронды түрдегі бастапқы құжаттарды кәсіпкерлер және ұйымдардың өз еркімен құрастыруға құқығы бар және олар келесідей міндетті реквизиттерді қамту керек: құжат атауы, жасалған күні, құжат өз атынан жасалған ұйым атауы немесе дара кәсіпкердің тегі және аты-жөні, операцияның немесе оқиғаның мазмұны, операцияның немесе оқиғаның өлшемінің бірліктері (сандық және құндық көрінісінде), операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және қолы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі [1].

“Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер туралы ” ҚР Кодексі 12.06.2001ж. (26.03.2007ж.) салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді [2].

22.09.2000 жылғы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің “Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы территориясында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының  қызметтік іссапарлары туралы ережелерді бекіту туралы” №1428 Қаулысы. Бұл құжаттағы ережелер мемлекеттік мекемелер үшін регламент етілгеніне және басқа субъектілерге арнап сілтеме жасалмағанына қарамастан, осы ережелердің көптеген шарттары басқа субъектілермен де қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге бұл шарттарды кәсіпорын есеп саясатында қарастыру лайықтырақ [3].

ХБЕС 21 бойынша “Валюта бағамының өзгерісінің әсер етуі” шетел валютасымен жүргізілетін операциялар мен оқиғалар, операция жасаған күнінің валюта бағамының өлшемімен есеп [6]

 

1.2 Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операциясын ұйымдастыру

 

Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу кәсіпорынның шаруашылық жұмысының ажырамас бөлігі болып есептеледі. Қаржы-шаруашылық қызмет үдерісінде кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды, қызметтерді және басқа да қызмет көрсетулерді қолма-қолсыз ақшаға ғана емес, сонымен қатар қолма-қол ақшаға сатып алуға мәжбүр болады.  Мұндай жағдайларда жұмыскерге ұйымның бұйрығымен есеп беруге тиісті ақша қаражаты беріледі.

Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуда бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар көрінісінің анықтылығына көп мән беріледі. Бухгалтерлік есепте операцияларды дұрыс құжаттамаусыз салықтық есепте шығыстарды шегерім ретінде тану мүмкін емес.

Бухгалтерлік есепте есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды анық көрсету мақсатында негізгі талап міндетті бақылау рәсімдері мен құжаттары бар есеп саясатын бекіту болып табылады. 

Есеп беруге тиісті тұлғалардың тізімін және олармен есеп айырысу ережелерін, бухгалтерлік есеп тәртіптерін анықтайтын, есеп саясатына енгізуге болады. Тек осы тізімге енгізілген тұлғалар ғана есеп беруге тиісті ақша қаражатын ала алады. Ол тізім кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Кәсіпорын  өз қызметі барысында тек қолма-қолсыз есеп айырысуды ғана жүргізбейді. Кей жағдайларда есеп айырысуды қолма-қол ақша негізінде жүргізу ыңғайлы. Мысалы: кеңсе тауарлары, шаруашылық мүлік, жанармай және тағы басқа. Қолма-қол есеп нәтижесінде есеп беруге тиісті тұлға сатып алған заттар үшін аванстық есепті дайындап, бухгалтерияға тапсырады. Егер сатып алу барысында ақша түгелімен жұмсалмаса, онда жұмыскер қалдықты кассаға қайтару тиіс. Ал егер де жұмыскер берілген ақшаға өз ақшасын қосса, онда ол ақшаны ұйым жұмыскерге қайтару тиіс. 

Тауар үшін нақты ақшамен төлем жүргізетін барлық тұлғалар кәсіпорында бекітілген ережелермен таныстырылуы тиіс. Сол себептен бұйрықта есеп беруге тиісті тұлғалардың тізімін ғана жазып қоймай, сонымен қатар әр қайсысы қандай соманы ала алады, аванстық есептілікті бухгалтерияға қандай мерзімге және қашан тапсыруы керек екенін көрсету қажет.  

Біріншіден, қызметкер кәсіпорын кассасынан ақшаны тек белгілі мақсаттарға ала алады. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне ақша қаражатын (тәулік ақысы, баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығындар, тұрғын үй жалдауға)  іссапарға жіберген кезде береді. Бірақ қызметкер ақшаны алмас бұрын кәсіпорын басшысы іссапар туралы бұйрық шығару қажет. Онда қызметкердің тегі, қызметі, жіберу жері мен мақсаты, және де қанша іссапар сомасы берілу керек екені көрсетіледі.

Екіншіден, есеп беруге тиісті құралдарды басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен өз кәсіпорын атынан нақты ақшамен есеп айырысатын қызметкерлер алады. Бұл жағдайда кәсіпорын басшысының атына керек соманы беру өтінішімен арыз жазылады. Онда кімге және қандай мақсатта ақша берілетіні көрсетіледі. Мысалы: жүргізуші АЗС-тен жанар-жағар май, хатшы маркаларды, конверттерді, бухгалтер – арнайы дүкендерден құжат бланкілерін сатып алады.

Егер қызметкер есеп беруге тиісті ақша бойынша мерзімде есептеспесе де, жеке тұлғалардың табыс салығын ұстауы керек емес. 

 

 

 

 

1.3 «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ қысқаша сипаттамасы

 

«Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында Мәжіліс хат № 2 20 қазан 2004 жылы бекітілді. Акционерлік қоғам «Желаев астық өнімдері комбинаты» 20 қазан 2004 жылы куәлік №122-1946 - АҚ/ИУ Шығыс - Қазақстандық облыс әділетінің басқарумен тіркелген, ОКПО коды 00960652.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің жеке теңгерімі, банкілік есеп-айырысу шоттары бар, өзінің атын мүліктік және жеке мүлiктiк емес құқықтарды алу және іске асыру, міндеттеме жүктеу, сотта талапкер және жауапкер болуға хұқығы бар заңды тұлға болып табылады.

Қоғамның өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшiн жеке мөрі, бланкiлерi және басқа да реквизиттері бар.

Қоғам өзінің шаруашылық қызметін жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Жарғыға сүйенеді.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ережеге сай заңды тұлғалардың жарғылық қорларына қатысуға хұқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде бекітілген ережеге сай қоғам өзі орналасқан жерден тыс аймақта заңды тұлға болып табылмайтын, қоғамның атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын филиалдары мен өкілдіктерін ашуға хұқығы бар.

Информация о работе Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі