Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 18:11, курсовая работа
Берілген курстық жұмыстың мақсаты болып есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының есебін ұйымдастыру табылады. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер атқарылуы тиіс:
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуін көрсету;
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру;
тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды қарастыру;
іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операцияларын талдау;
материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысуды бейнелеу;
өкілетті шығындарды есептеу.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық негіздері………..................................................................………..…....………….5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуі…………………….……………………..…...................……. 5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру……………………………………………….………………….…..7
«Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ қысқаша сипаттамасы..............................................................................................................9
2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі.......................................................................................………………..…14
Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу………………………..........………………………….…………………14
Іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу…….....………..…..21
Материалдық зиянды орнын толтыру бойынша есеп айырысу…...............27
Өкілетті шығындарды есептеу…………...........………………………..…...31
Қорытынды..................……………………………………………………..…….34
Қолданылған әдебиеттер тізімі……..............……….…………………………..35
Бүкіл жасалынған шығындарды растайтын, барлық құжаттары тіркелген, іссапардан қайтқан күннен кейін бес күн ішінде аванстық есептілікті тапсыру қажет. Бухгалтердің міндетіне, керекті құжаттардың бар болуын, барлық қосымшалардың дұрыс рәсімделуін тексеру, қорытындыны арифметикалық есептеу және құралдарды мақсатты қолдану.
Осыдан кейін бухгалтер аванстық есептілікте тексерілді деген белгі қояды (Қосымша Ғ). Тексерілген аванстық есептілік кәсіпорын басқарушысымен бекітіледі. Бухгалтерлік қызмет аванстық есептіліктің бөлімдеріне және барлық керекті ақпараттың дұрыс толтырылуына назар аударуы тиіс.
Дайындалуы аяқталмаған аванстық есептілік, бухгалтерлік есептің ережелерін бұзу ретінде, заңға сәйкес емес салық салу мақсатында шегерімдерді тануға әкеп соғады.
Егер тапсырманы орындау үшін қызметкерді басқа жерге жіберуді және сол жерден күнделікті тұрақты жұмыс орын жеріне қайту мүмкіншілігі бар болса, осындай жағдайда шығындардың қай түрлері қайтарылады?
Егер мұндай жағдайлар үнемі болып келсе, онда есепте олардың көрсетілу тәртібін дербес бекіту лайықты болады. Практикада:
Осы екеуінің әрқайсысы басқарушымен келісуі керек.
Жұмыс берушінің ақшасына оқу немесе білімін жоғарлату.
Еңбек туралы Заңның 88 бабы негізінде жұмыс беруші өз мақсатында, өз ақша қаражатына, жұмыскерлерді оқыту немесе оқуға жіберуге құқығы бар. Осындай жағдайда жұмыскер, жұмыс берушіге қандай мерзім бойы жұмыс істейтіні туралы келісім жасасады. Егер екі жақтың біреуінің ынтасымен келісім шарт бұзылса, жұмыскер жұмыс берушіге ақшаны қайтарады [8].
Кейбір кәсіпорындар, жұмыс істеу участкісі шегінде үнемі жол жүруде. Мұндай жұмыс іссапар ретінде қарастырылмайды. Және мұндай жұмысшыларға 0,35 АЕК көлемінде еңбекақы есептелінеді.
ҚР шегінен тыс қызмет көрсету бабындағы іссапарлар.
Шетелге іссапарға жіберудің құжаттарын дайындау ережелері, жоғарыда қарастырылғандарға сәйкес. Сондықтан ҚР шегінен тысқары жерлерге жіберу ерекшеліктеріне тоқталайық.
Шетелге іссапарға жіберудің алдында жұмыскер қолына алдағы шығындар үшін ақша қаражаты беріледі. Бұл жағдайда іссапар куәлігі толтырылмайды, себебі шекараны өту мерзімі паспортта белгіленеді.
№1677 қаулысы бойынша қарастырылған шама шетел валютасымен болғанмен, практикада есеп беруге тиісті тұлғаға ақша қаражаты шетел валютасымен де, валюта бағамын ескере отырып, ұлттық валютасымен де беріледі.
Шетелге іссапарға жіберілген қызметкерге келесідей шығындары өтеледі:
Шетел іссапарынан келген тұлғалардың барлығы бес күннен кешіктірмей аванстық есептілікті тапсыруы міндетті. Аванстық есептілікке келесідей құжаттар тіркелуі қажет: тұрғын үй-жайды жалдау туралы, іссапарға баратын жерге жетуге және қайту туралы, кедендік қызметтің белгілері қойылған паспорт копиясы, валюта айырбастау туралы квитанциялар, басқа да құжаттар (виза дайындау және т.б.)
ХБЕС 21 бойынша “Валюта бағамының өзгерісінің әсер етуі” шетел валютасымен жүргізілетін операциялар мен оқиғалар, операция жасаған күнінің валюта бағамының өлшемімен есепке алынады [6].
Курстық айырма, курстың өзгеруіне байланысты, шығын немесе табыс ретінде танылады, табыс және шығыс есептілігінде: 6250 немесе 7430.
2.3 Материалдық зиянды орнын толтыру бойынша есеп айырысу
ҚР “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңының 89-92 бабында, 10.12.1999 ж. №493-I (түзетулер мен қосымшалармен), және азаматтық заңдылық нормалармен жекеше еңбек туралы келісім шарттың жақтарының материалдық жауаптылығы туралы сұрақтар регламент етіледі [7].
Берілген қағидалар жұмыскердің жұмыс беруші алдында келтірілген залал үшін, сонымен бірге жұмыс берушінің жұмыскерге келтірген жарымжан немесе басқа сөзбен айтқанда денсаулыққа зиян үшін жауаптылығын қарастырады. Осы екі жақтардың бір-бірінің алдындағы жауаптылығын қарастырайық.
Жұмыскерлердің материалдық жауапкершілігі.
Еңбек туралы заңның 91 бабы бойынша жұмыскердің келтірілген залалдың толық құнын өтеу керек деп, осындай жағдайларда танылады:
Сонымен қатар келтірілген залал үшін толық материалдық жауаптылық келесідей шарттардың болған жағдайда ғана жұмыскермен өтеледі:
Тікелей нақты залал болып, кез-келген әрекетімен немесе әрекет етпеуімен келтірген, мүлікті жалпы немесе бөлшектеп бұзу. Соның нәтижесінде жұмыс берушіде ол мүлікті қалпына келтіруге немесе оны қайта сатып алуға қажеттік туындайды.
Құқыққа қайшы әрекет болып, жұмыскердің, ішкі ереже тәртібімен, нұсқаулармен, заңдылықпен бекітілген өз еңбек міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамауы.
Себепті байланыс, жұмысшының әрекетімен немесе әрекет етпеуімен залал келтіру нәтижесінде туындайды. Басқаша айтсақ, егер құқыққа қайшы әрекет болса, бірақ залалға әкелмесе, онда материалды жауаптылық болмайды.
Жұмыскердің жауаптылығы басым болуы үшін кінәнің дәлелдері қажет. Егер жұмыскер кінәсі дәлелденбесе, онда жауаптылық та туындамайды.
Келісім шарт жақтарының материалдық жауаптылығы жеке келісімде айқындалады.
Компания активтері сайма-сай бақылау жүйесімен сақтандырылуы керек. Осындай эффектті шараларды және ақша қорын, ТМҚ және басқадай құндылықтарды сақтау үдерістерді қолданғанда жұмыскерлердің материалдық жауаптылығының туындау мүмкіндігі кемиді.
Еңбек туралы заңның 92 бабы бойынша толық материалдық жауаптылық туралы келісім келесідей жұмыскерлермен жасасу мүмкін:
Осындай жұмыстар мен мамандар тізімі кәсіпорын өз бетінше құрастырады және ұжымдық келісімдерде бекітіледі, ал олардың болмау жағдайында басқадай ішкі құжатта.
ҚР еңбек туралы заңының 89 бабы бойынша: екі жақты жеке келісім шарттың, басқа жаққа зиянын келтірген, бір жағы сот шешімі немесе өз ерікті тәртіп негізінде төленеді [7].
Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі
ҚР еңбек туралы заңының 90 бабы бойынша: егер қызметкерге залал немесе басқадай жұмыс міндетін жасау барысында жұмыс берушінің кесірінен денсаулыққа зиян келтірілген болса, жұмыс беруші, сақтандыру өтеу төлемін есепке алмағанда, ҚР нормативті-құқықтық актілермен қарастырылғандай зиян сомасын өтеуі қажет [7].
ҚР Азаматтық кодекстің 937 бабы бойынша, егер қызметкерге залал немесе басқадай денсаулыққа зиян келтірілген болса, жәбірленуші жоғалтқан еңбек ақысы, сонымен қатар денсаулыққа кеткен шығындарды (емделуге, дәрілерді сатып алуға, протездеу, санитарлы-курорттық емделу және тағы басқалары), егер жәбірленуші осындай көмектерді қажет етеді және ондай жәрдемдерді тегін алмайды деп танылса, өтеледі [5].
Салық Кодексінің 144 және 316 баптарының 3 пункті бойынша егер қызметкерге залал немесе басқадай жұмыс міндетін жасау барысында жұмыс берушінің кесірінен денсаулыққа зиян келтірілген болса ҚР заңдылығы бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық салынбайды [2].
Салық салу.
Салық Кодексінің 144 және 316 баптарының 3 пункті бойынша егер қызметкерге залал немесе басқадай жұмыс міндетін жасау барысында жұмыс берушінің кесірінен денсаулыққа зиян келтірілген болса ҚР заңдылығы бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық салынбайды [2].
Салық кодексінің 92 бабы бойынша шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген шегерімдерге жатады. Салық кодексінің 100 бабында егер қызметкерге залал немесе басқадай жұмыс міндетін жасау барысында денсаулыққа зиянын өтеуге кеткен шығындар шегерімдерге апарылады [2].
Сонымен жеке тұлғалар табыстарының мынандай түрлеріне салық салынуға тиісті емес: жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянда ҚР заңдарына сәйкес өтеу.
2.4 Өкілетті шығындарды есептеу
Салық кодексінің 93 бабы бойынша өкілдік шығыстар - өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге, сондай-ақ директорлар кеңесінің отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстар жатады [2].
Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткізу, оларды көлікпен қамтамасыз ету, келіссөз кезінде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар - өкілдік шығыстарға жатады.
Банктер, бос уақытта ойын сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстарға өкілдік шығыстарға жатпайды және шегерілмейді. Өкілдік шығыстар ҚР Үкіметі белгілеген нормалар шегінде шегерімге жатқызылады.
ҚР үкіметі бойынша 24.12.2001ж. №1677 өкілдік шығыстардың нормалары тағайындалды. Олар:
№ |
Шығыстардың аты |
Мөлшері (айлық есептеу көрсеткіштері) |
1 |
Аталған адамдарды ресми қабылдау бойынша шығыстар (күніне бір адамды есеп айырысудан) |
8,0 дейін |
2 |
Келіссөз кезінде тамақтануға арналған шығыстар (күніне бір адамды есеп айырысудан,аудармашыны қоса алғанда) |
1,5 дейін |
3 |
Ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстар (сағатына) |
1,0 дейін |
4 |
Транспорттық қызметтер (сағатына) |
1,0 дейін |
Сонымен қатар нормалармен мыналар қаралған:
▪ қабылдау кезінде қатысушылар жағындағы қатысушылар саны қабылдау делегациясының қатысушылар санынан аспауы керек.
▪ бес адамнан артық аудармашылар мен қызмет көрсетуші тұлғалардың саны делегацияның құрамында болса, міндетті түрде бір аудармашы мен қызмет көрсетуші тұлға делегацияның бестен кем емес мүшелеріне тиісті болып анықталады [4].
ҚР Үкімет қаулысын №1677 кірістірумен байланысты өкілдік шығыстар нормасының кейбір баптары өзгерістерге ұшырады. «Аталған адамдарды ресми қабылдау» бабы кәсіпорында қандай шығыстарды алу керектігіне қиыншылықтар туғызады [4]. Сол себептен басқа нормативтік актілерге бұл сұрақ бойынша көңіл аудару керек.