Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 18:11, курсовая работа
Берілген курстық жұмыстың мақсаты болып есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының есебін ұйымдастыру табылады. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер атқарылуы тиіс:
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуін көрсету;
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру;
тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды қарастыру;
іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операцияларын талдау;
материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысуды бейнелеу;
өкілетті шығындарды есептеу.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық негіздері………..................................................................………..…....………….5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуі…………………….……………………..…...................……. 5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру……………………………………………….………………….…..7
«Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ қысқаша сипаттамасы..............................................................................................................9
2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі.......................................................................................………………..…14
Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу………………………..........………………………….…………………14
Іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу…….....………..…..21
Материалдық зиянды орнын толтыру бойынша есеп айырысу…...............27
Өкілетті шығындарды есептеу…………...........………………………..…...31
Қорытынды..................……………………………………………………..…….34
Қолданылған әдебиеттер тізімі……..............……….…………………………..35
Қоғам өзінің қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау және комбинат территориясындағы заңды тұлғалардың мүлкінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында күзет қызметін жүзеге асырады.
Негiзгi қызмет түрлерi болып:
Қоғам құрылтайшыларымен төленетін жарғылық қордың көлемі 97 206 000 теңгені құрайды.
Қоғамның жарғылық қорын ұлғайту акционерлердің жалпы жиналысының шешiмi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ережеге сай акцияларды шығару және орналастыру негізінде жүзеге асырылады.
Таза табыс (бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер төлегеннен кейінгі) қоғамның иелігінде қалады және акционерлердің жалпы жиналысының шешiмi бойынша белгіленген тәртіпке сай бөлінеді, соның iшiнде дивидендтерді төлеуге. Қалған бөлiгi акционерлердің жалпы жиналысының шешiмi бойынша қоғамның дамуына және басқа мақсаттарға жұмсалады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жыл қорытындысына сәйкес жай акциялар бойынша дивидендтер төлеудің мақсатқа сай еместiгi туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қоғам органдары
Егер қоғамның барлық дауыс беруге құқылы акциялары бір акционерге тиесілі болса, бұл жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы өткiзiлмейдi. Заң және осы жарғы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдердi жоғарыда аталған акционер өзі қабылдайды және ол жазбаша түрде рәсімделеді, егер бұл шешімдер артықшылығы бар акциялармен куәландырылған хұқықтарды шектемеген жағдайда.
Акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның коммерциялық құпиясы болып табылмайтын мәселелерді талқылау барысында қоғам акционерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатысуына және сөйлеуіне мүмкіндік бар. Аталған тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртiбiнде қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысуға хұқығы жоқ.
Заңмен және осы Жарғымен акционерлердің жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелерді қоспағанда, қоғам қызметіне жалпы басшылық ету директорлар кеңесімен жүзеге асырылады.
Директорлар кеңесін өткізу форумы директорлар кеңес мүшелерiнiң жалпы санының 50 және оданда жоғары пайызын құрауы тиіс.
Директор акционерлердің жалпы жиналысымен сайланады.
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi аудит қызметі ұйымдастырылған.
Iшкi аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оған өзiнiң қызметі жөнінде есеп береді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
«Желаев астық өнімдері комбинаты» акционерлік қоғамының 31.12.2006 жылғы балансы (қосымша Ә алынды) көрсетілген.
«Желаев астық өнімдері комбинаты» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын және табыстылық деңгейін Дуйсенбаев К.Ш пікірінше қолданылатын көрсеткіштер негізінде талдау кесте-2 көрсетілген [8, 60-72б.].
Кесте-2
2006 жылдың басы мен соңындағы «Желаев астық өнімдері комбинаты» акционерлік қоғамындағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
№ |
Көрсеткіштер |
Жыл басында |
Жыл аяғында |
Жыл бойындағы өзгеріс |
Құрылымның өзгеруі (4-2) | |||
Сомасы,мың тг. |
Үлесі % |
Сомасы, мың тг. |
Үлесі % |
(3-1) Мың. тг |
% (5:1*100) | |||
1
1.1
1.2 |
Активтердің жалпы сомасы Қысқа мерзімді активтер a) ақша қаражаттары б)қысқа мерзімді дебиторлық берешек в)қорлар г)ағымдағы салықтық активтер д)өзге қысқа мерзімді активтер Ұзақ мерзімді активтер а)ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар б)Негізгі құралдар |
1823705
842547
30059
222733
514742
73355
1658
981158
495819
485339 |
100
46,2
1,65
12,2
28,2
4,02
0,1
53,8
27,2
26,6 |
4627869
3913457
74502
3073904
665766
92184
7101
714412
--
714412 |
100
84,6
4,1
168,5
36,5
1,9
0,15
15,4
--
15,4 |
2804164
3070910
44443
2851171
151024
18829
5443
-266746
--
-266746 |
153,8
364,5
147,8
1280,1
29,3
25,7
328,3
-27,2
--
-54,9 |
х
38,4
2,45
156,3
8,3
-2,12
0,05
-38,4
--
-11,2 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 2804164 мың теңгеге немесе 153,8 %-ға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
2-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 7,6 пунктке аз болса (46,2-53,8), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 69,2 пунктке асып кетті (84,6-15,4) және 84,6 %-ды құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында 0,86=(84254:981158), ал жыл аяғында 5,5 (3913457:714412) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыннан артуының нәтижесінде өсіп отыр.
Әрі қарай, келесі 3-кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
Кесте-3
Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
№ |
Көрсеткіштер |
Жыл басында |
Жыл соңында |
өсуі(+), кемуі (-) | ||
Сомасы, мың тг. |
Үлесі, % |
Сомасы, мың тг |
Үлесі, % | |||
1 |
Ағымдағы активтер: a) ақша қаражаттары б)қысқа мерзімді дебиторлық берешек в)қорлар г)ағымдағы салықтық активтер д)өзге қысқа мерзімді активтер |
842547
30059
222733
514742
73355
1658 |
100
3,6
26,4
61,9
8,7
0,2 |
3913457
74502
3073904
665766
92184
7101 |
100
1,9
78,5
17,0
2,4
0,2 |
+364,5
+147,8
+128,0
+29,3
+25,7
+328,3 |
Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді.
«Желаев астық өнімдері комбинаты» акционерлік қоғамындағы есепті жылы ақша қаражаттары да 147,8 %-ға өсті және ол жыл аяғында 74502 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 1,7 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса жоғары. Біздің кәсіпорынымызда ақша қаражаттары жыл аяғында 74502 мың теңгені құрады. Бұл жыл басындағымен салыстырғанда 2,5-ке көп.
Сонымен қатар дебиторлық борыш та 128,0 %-ға өсті. Егер оның көлемі жыл басында 222733 теңгені құраса, жыл аяғында ол 3073904 мың теңгені құрайды.
Дебиторлық борыштың өсуі кәсіпорынға кері әсерін тигізеді. Бұның нәтижесінде айналыстағы ақша қаражаты азаяды.
2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі
2.1 Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу
Есеп саясатының тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу бойынша бөлімі немесе жеке ережесі келесі аспектілерді қамтуы тиіс:
Тауар үшін нақты ақшамен төлем жүргізетін барлық тұлғалар кәсіпорында бекітілген ережелермен таныстырылуы тиіс. Осы барлық процедураларды орындаған жағдайда бақылау жүйесі тиімді жұмыс істей алады.
Аванстық есептіліктің тапсырылу мерзіміне ерекше көңіл бөлу қажет. Егер кәсіпорында есеп беруге тиісті тұлғалар ертерек берілген аванстық есептілік бойынша есеп бермесе, есептелінуге тиісті ақша қаражаттарын бермеу қажет деген ереже қатал сақталынып, белгіленуі тиіс. Есеп беруге тиісті тұлғалар бұл ережемен алдын ала таныстырылған кезде және осы ережені орындамаған жағдайда басқарушылықпен белгілі бір іс-әрекеттер бекітіледі, кәсіпорынның алдын ала белгіленген процедуралар бойынша қызметкердің еңбек ақысынан ұстап қалуға немесе есептелінуге тиісті ақшаны кассаға қайтартуға құқығы болады.
Егер басқарушылық қарыз ақшаны шығынға жіберу туралы шешім қабылдаса және де өз шешімін бұйрықпен растаса, онда шығынға жіберілген қарыз Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер туралы” Кодексінің 151 бабына сәйкес материалдық түрдегі қызметкердің пайдасы болып саналады және төлеу көзінде игеріледі [2].
Жеткізушілермен өзара қарым-қатынаc кезінде түрлі қиыншылықтар туындауы мүмкін. Олардың ішінде ең негізгісі – бухгалтерлік есепте операцияның көрсетілуі үшін керекті құжаттардың берілмеуі.
Салық кодексінің 546 бабы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жадысы болатын бақылау-касса машиналарын қолдану және чегін беру арқылы жүргізіледі. Бұл ереже келесілерге қолданылмайды:
1. жеке кәсіпкерлерге (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа):
2. салық төлеушілерге.
Квитанцияларды, билеттерді, талондарды, почта төлемдері белгілерін немесе құзыретті мемлекеттік орган енгізген қорытынды негізінде уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысандар бойынша чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуіне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыретті мемлекеттік орган қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
3. адвокаттарға.