Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 21:49, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны" филиалының негізгі құралдардың есебі мен талдауын ұйымдастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселерді қарастыру қажет:
•өндірісті басқаруды ұйымдастыру, басқару құрылымын және кәсіпорынның негізгі қаржы - экономикалық кәсіпкерліктерін зерттеу;
•негізгі құралдардың есебін жүргізуді қарастыру;
•талдау жүргізу әдістемесінің мәнін және ролін анықтау.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
Бөлім 1. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің
Қызметін экономикалық талдау..................................................................4
1.1. Өндірісті басқарудың құрылымы және технологиялық процестердің
қысқаша сипаттамасы........................................................................................4
1.2. Кәсіпорынның қаржы - экономикалық қызметін талдау........................11
1.3. Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы бухгалтерлік
есеп пен аудиттің даму концепциясы..............................................................15
2. Негізгі құралдардың есебі.........................................................................24
2.1. Негізгі құралдарды жалпы ұғымы, оларды топтастыру
және бағалау......................................................................................................24
2.2 Негізгі құралдардың келіп түсуі мен есептен шығарылуы
және олардың есебі...........................................................................................26
2.3 Негізгі құралдардың амортизациясының және оларды жөндеудің есебі....................................................................................................................33
2.4 Негізгі құралдарды жалдаудың есебі....................................................................................................................37
2.5 Субьетінің негізгі құралдарды қайта бағалау және үгендеу..............................................................................................................39
2.6 Компьютерлендіру жағдайында негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру......................................................................................................41
3. Негізгі құралдардың аудиті және талдауы...........................................44
3.1. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау.................45
3.2. Өнімді (жұмысты, қызметті), өндіру көлемін арттыру, қор
қайтарымы мен қор шығындылығының резервтері........................................50
Қорытынды......................................................................................................52
Әдебиетттер тізімі............................................................................................54

Вложенные файлы: 1 файл

Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.docx

— 196.17 Кб (Скачать файл)

Негізгі құралдар өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салу, машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алу, өз күшімен  құрал - саймандар дайындау, басқа  тұлғалар мен субъектілерден ақысыз тегін алынған негізгі құралдардың, кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылар  қосқан үлес нәтижесінде, малдардың  төлдерін негізгі табынға ауыстыру, көп жылдық жас —өсімдерді негізгі  құралдарға қосу нәтижесінде келіп  түседі. Негізгі құралдар келіп түскен кезде арнайы құжаттар есепке алынғанда, негізгі құралдар сатып алынғанда, тегін түскенде, т.с.с. жағдайларда  негізгі құралдарды қабылдау топтастыру актісі (үлгі № НҚ - 1) толтырылады. Негізгі  құралдар тегін түскен жағдайда қабылдау коммисиясы әрбір жекелеген 1 — данадан  акті жасайды. Қабылдау комиссиясы субъект  жетекшісінің өкілімен тағайындалады. Олардың құрамына бас инженер, механик, цех немесе бөлім бастықтары, бухгалтерияның қызметкерлері кіреді. әр жеке объектіге  акт жеке жасалынады. Егерде қабылданып отырған объектілер бір типті  болса, құндары бірдей болып бір  типті болса, құндары бірдей болып  календарлық ай ішінде қабылданған  болса, онда бірнеше объектісіне  қабылдау актісін жасауға беріледі. Бұл актілерге комиссия мүшелері қол қояды. [19.107 б]

Бұл актілерге комиссия қол  қойып техникалық құжаттарды тіркеп бухгалтерияға өткізеді. Негізгі құралдар кәсіпорын ішінде орын ауыстыруы мүмкін, мысалы, бір цехтан екінші цехқа беру. Ондай жағдайда актіні 2 - дана етіп толтырады, бір данасы бухгалтерияға өткізеді. Ал екіншісі тапсырушыға өткізіледі. Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде акт үш дана болып жарияланады. Әрбір объектіге мүліктік тізімде нөмір белгіленеді. Ол нөмір № НҚ — 1 үлгідегі мүліктік тізімге енгізіледі. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда әр мүліктік объектіге ашылған «мүліктік корточкада» жүргізіледі. Мүліктік корточка негізгі құралдардың барлық түрлеріне арналған бір тұтас үлгісі негізінде (үлгі № НҚ - 6) жүргізіледі.

Негізгі құралдарды пайдалану кезінде бірте - бірте тозып, ақырында пайдалану қасиеттері түгелімен ерекше рухани тозуының нәтижесінде экономикалық жағынан оларды әрі қарай пайдаланудың ешқандай мәні қашпайды. Мұндай негізгі құралдар пайдаланудан шығарылады, яғни жойылады. Негізгі құралдардың есептен шығарылуының басқада есептері болуы мүмкін. Мысалы, артық негізгі құралдарды сату, басқа мекемеге пайдалануға беру, үлес түрінде басқа шаруашылықтың жарғылық капиталына енгізу, түрлі апаттардың нәтижесінде және т.б.

Негізгі құралдарды есептен  шығару қалдық құны мен жүргізіледі. Актілерде есептен шығарылған объектілердің сипаттамасын бере отырып, баланстан шығарылу есептері негізгі бөліктердің, тетіктердің, тораптардың, құрастырушы бөлшектердің техникалық хал - ахуалының сипаттамасын жазып, оларды жөндеу мүмкін еместігін негіздейді.

Объектіні жою нәтижесінде  анықтайды. Табиғи зіл - залалар, апаттар  салдарынан, сондай — ақ мерзімінен бұрын тозып не бөлшектеніп кеткен объектілерді есептен шығарғанда себептерін көрсету мен қатар кінәлілерге  қолданылған шараларды, көрсететін құжаттары да болуы қажет.

Актілерді субъект басшысы  бекітеді. Оларды бекіткеннен кейін  ғана объектіні бөлшектеуге болады. Жоюдың нәтижесінде алынған қосалқы  бөлшектер агрегаттар, металл сынықтары  және басқада құндылықтардың бағасына қарай арнайы шоттарға кіріс ретінде  пайдалану немесе сату мүмкіндігі қарастырылады.(17.28б)

Негізгі құрал - жабдықтарын  есептен шығарудың қабылданған  қабылданған тәртібін бұзған жағдайда, сондай - ақ жою нәтижесінде алынған  материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау ( жойып немесе өртеп жіберу) анықталса оған кінәлі лауазымды  адамдар жауапқа тартылады.

Басы артық пайдаланылатын құрал - жабдықтарды, көлік құралдарын приборларды, құрал — саймандарды, мүлікті жұмысқа пайдаланылатын және өнім алатын малды басқа заңды  немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

Кесте 3.

«Облжылукоммунқуат» МКК - ның негізгі құралдарының келіп  түсуі

мен есептен шығарылуының есебі

Мазмұны

Сомасы

Дт

Кт

1

Металошифер дайындайтын  станок жабдық -тары сатып алынады.

50000

123

671

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Осы станок кәсіпорын ішінде орын ауыстырды.

50 000

123-

123-

 

 

 

 

02

01

3

Автокөлік ГАЗ — 52 — 1 толық  тозу құны мен есептен шығарылады.

100099

133

124

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Техникалық құбыр өткізгіштері іске

жарамай бөлшектеніп қабылданады.

208200

201

123

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Қазандық ғимаратты бөлшектеніп

материал ретінде қоймаға қабылданады.

192000

208

122

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі құралдардың келіп  түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру  (орнын ауыстыру) актысы негізгі  құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға  сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуіне  рәсімдеу үшін, негізгі құрал жабдықтардың  бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін,  негізгі құралдарды қоймадан  пайдалануға берілуін  рәсімдеу үшін, сондай –ақ басқа да субъектілерге  берілген кезінде  олардың негізгі құралдардың  құрамынан шығару үшін  қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде  субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы  әр бір жекелеген объектіге бір  данадан акт жасайды. Негізгі  құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін жасауға  тек шаруашылық  мүлкінің, құрал  сайманның , жабдықтардың және т.б. объектілердің  есебін жүргізген кезде, егер бұл  объектілер бір типті болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін  осы объектіге  қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп  акт  бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер  қол қойып, субъект жетекшісі  немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. [11.17 б]

Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою  құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъект  дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайын, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен  шығады. Ал болжамдық жою құны  негізінен  шаруашылық жүргізуші  субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың  техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа дакөрсеткіштерінен шығады.

Негізгі құралдар кәсіпорын  ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех  қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының  қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екінші тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт екі  дана етіп толытырлады.

Неігізгі құралдарды басқа  субъектіге сату кезінде актінің  үш данасы жазылады: алғашқы екеуі  өткізуші субъектіде қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдардың алыс беріс актісі толтырылады.

Негізгі құралдарды бірдей өндірістік  немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, тхникалық сипаттамасы  және құны бірдей шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей  шаруашылық мүліктің бір  типті заттарымен, құрал сайманнан  тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

 

 

Кесте 4

 

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Сома, теңге

Шоттар корреспонденциясы

Дт

Кт

1

2

3

4

5

1

Негізгі құралдырды кәсіпорынның өз ішінде орнын ауыстыру

200000

121-125

121-125

2

Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алынады:

  • келісім шарттық құнына
  • ҚҚС сомасына

 

 

 

150000

 

24000

 

 

 

122-125

 

331

 

 

 

671

 

671

3

Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымдарына салған негізгі құралдары кіріске алынады.

 

 

 

 

600000

 

 

 

 

121-125

 

 

 

 

511

4

Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардан  алынады:

  • баланстық құнына
  • ҚҚС сомасына
  • Беруші жақтың есептеу сомасына

 

 

 

 

250000

40000

 

100000

 

 

 

 

122-125

331

 

122-125

 

 

 

 

641-643

641-643

 

131-134

5

Жиыны (бастапқы құны)

350000

х

х

6

Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:

  • баланстық құнына
  • берілген күнге дейін есептелінген тозу сомасына

 

 

132000

 

 

28000

 

 

122-125

 

 

122-125

 

 

727

 

 

131-134

7

Барлығы

160000

х

х

8

Түгендеу барысында есепке алынбаған  негізгі құралдар анықталады.:

-негізгі  құралдардың эксперттік жолымен  анықталған қалдық құнына 

- негізгі  құралдардың электрлік жолымен  анықталған, бірақ есепке алынбаған  тозу сомасына

 

 

 

 

64000

 

 

 

18000

 

 

 

 

122-125

 

 

 

122-125

 

 

 

 

727

 

 

 

131-134

9

 Барлығы 

82000

х

х

10

Кәсіпорынның өзі дайындаған негізгі  құралдары:

  • негізгі өндіріс цехынан
  • көмекші өндіріс цехынан

 

 

 

300000

 

200000

 

 

 

122-125

 

122-125

 

 

 

900

 

920

11

Барлығы

500000

х

х


    

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты  адамға бекітіп, мүліктік каточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін  беріп, мүлікті мүлікті тізімге  алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар коррспонденциясы жасалынады. [24.10 б]

Бұл мүліктерді бір ған  карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Барлық негізгі құралдар үшін Мүлік  карточкасының нысаны төменде келтіліген.

Бұл карточка бухгалтерияға  келіп түскен негізөгі құралдардың  актілері, техникалық құжаттар негізінде  толтырылады. Карточкада объектілердің  және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша  техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізігі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың  шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің  субъект ішінде орын ауыстыру кезінде  «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру  актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептеп  шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз  бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары  біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта  құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» негізінде  жазылады.    

 

 

2.3 Негізгі құралдардың  амортизациясының және оларды 

жөндеудің есебі

 

Амортизациялық аударымдар өнімнің жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі  элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын  көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің  бұзылуына, бұдан барып салық  салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады. Амортизация латынның өтеу деген  сөзінен шыққан. Амортизация —  тозына қарай негізгі қүралдардың  құнын олардың көмегімен өндірілетін  өнімге аударатын объективті процесс, арнайы ақша қаржыларын негізгі қүралдарды қарапайым кеңейтіп өндіру үшін өндіріс  немесе айналым шығындарына енетін, амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға  қатысу ерекшеліктері объективті негіз  болады.

Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмсалады. Амортизация нормасы амортизациялық аударымдардың жылдық сомасынның негізгі  құралдарын орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген қатынас.(19.36б)

Амортизациялық аударым  нормалары әдетте негізгі қүралдардың  бастапқы және қалпына келтіру құнына процентпен белгіленеді. Есептелген амортизация  сомасы ай - сайын өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген  қызметтің өзіндік құнына аударады. Жаңадан пайдалануға берілген негізгі  құралдар бойынша амортизация есептеу  келіп түскен айдан кейінгі айдың  бірінші күнінен бастап, шығын  кеткен негізгі құралдар бойынша  шыққан айдан кейінгі айдың бірінші  күнінен бастап тоқтатылады.

Жалпы алғанда негізгі  құралдар бойынша амортизация есептеудің жалға беру шартыньщ немесе шарт талаптарына  сай жалға беруші немесе жалға  алушы жасайды.

12 «негізгі құралдар»  бөлімшесінің шоттарында есептелген  негізгі құралдар бойынша амортизациялық  аударымдарды жалға алушы жасайды.  Бұл ұзақ мерзімде алынған  құралдар болып есептелінеді.

 

«Облжылукоммунқуат» МКК - да негізгі құралдардың тозуы 13 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады:

131 - Ғимараттар мен құрылыс  жайларының тозуы;

132 - Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш құралдарының тозуы;

133 - Көлік құралдарының  тозуы;

134 - Басқаларының тозуы.

Бұл шоттарға мынадай аралық шоттар алуға болады:

1. Меншікті негізгі қүралдардың  тозуы.

2. Ұзақ мерзімге жалға  алынған негізгі құралдардың  тозуы.

Бұл шоттар пассивті шоттар. Бұл шоттардың кредиті бойынша  есептелген амортизация есептеуі белгіленеді, ал дебетінде амортизация сомасын  есептеп шығарады.

Бухгалтерлік есептің  № 6 «Негізгі құралдардың есебі» деп  аталатын ұлттық стандартында амортизацияны  есептеудің мына әдістері ұсынылған:

1. Негізгі құралдардың  құны бойынша амортизацияның  бір қалапты есептеу әдісі,  яғни объектінің құны оның  қызмет ету мерзімі ішінде  өндіріс шығындарына біркелкі  апарылады. Бұл бухгалтерлік есептің  отандық тәжірибесінде қолданып  жүрген әдіс.

2. Амортизацияны - есептеудің  жеделдетілген әдістері. Бұл әдістері  өндірістік мақсатта пайдаланылатын  негізгі құралдардың көптеген  турлері пайдаланудың алғашқы  жылдарына тиімдірек жұмыс істейтін  немесе жоғары өнімділік қабылетін  көрсетеді деген паймдауға негізделген.

Амортизацияны есептеудің жеделдетілген  әдісі мынадай 2 әдіске бөлінеді:

1. Кумулятивтік әдіс - латын  тілінен аударылғанда - озу, жиналу  деген мағынаны білдіреді, яғни  сандарды қосу бойынша тозудың  есептелу тәсілі, есептеу коэффициентінің бөлігі болып табылады, объектінің қызмет ету мерзімдегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі мен аудиті