Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 21:49, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны" филиалының негізгі құралдардың есебі мен талдауын ұйымдастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселерді қарастыру қажет:
•өндірісті басқаруды ұйымдастыру, басқару құрылымын және кәсіпорынның негізгі қаржы - экономикалық кәсіпкерліктерін зерттеу;
•негізгі құралдардың есебін жүргізуді қарастыру;
•талдау жүргізу әдістемесінің мәнін және ролін анықтау.
Кіріспе...............................................................................................................3
Бөлім 1. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің
Қызметін экономикалық талдау..................................................................4
1.1. Өндірісті басқарудың құрылымы және технологиялық процестердің
қысқаша сипаттамасы........................................................................................4
1.2. Кәсіпорынның қаржы - экономикалық қызметін талдау........................11
1.3. Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы бухгалтерлік
есеп пен аудиттің даму концепциясы..............................................................15
2. Негізгі құралдардың есебі.........................................................................24
2.1. Негізгі құралдарды жалпы ұғымы, оларды топтастыру
және бағалау......................................................................................................24
2.2 Негізгі құралдардың келіп түсуі мен есептен шығарылуы
және олардың есебі...........................................................................................26
2.3 Негізгі құралдардың амортизациясының және оларды жөндеудің есебі....................................................................................................................33
2.4 Негізгі құралдарды жалдаудың есебі....................................................................................................................37
2.5 Субьетінің негізгі құралдарды қайта бағалау және үгендеу..............................................................................................................39
2.6 Компьютерлендіру жағдайында негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру......................................................................................................41
3. Негізгі құралдардың аудиті және талдауы...........................................44
3.1. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау.................45
3.2. Өнімді (жұмысты, қызметті), өндіру көлемін арттыру, қор
қайтарымы мен қор шығындылығының резервтері........................................50
Қорытынды......................................................................................................52
Әдебиетттер тізімі............................................................................................54
"Негізгі күралдарды"
халық шаруашылығының
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдарың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бүл субъектідегі неізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топкд жатады.
Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының түрғын үй шаруашылығы және халықкд түрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.
Иелігінде болуына карай негізгі күралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз-субъектіге тікелей және оның балансында көрініс табатын негізгі қүралдар болып табылады. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі қүралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқгалған соң немесе ол аяқгалмай түрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды:
121 -ші "Жер"
122-ші "Ғимараттар мен күрылыс жайлары"
124-ші "Көлік қүралдары" 125-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Қазақстан Республикасының кедендік территориясына уақытша әкелінген (әдетте ол 2 жылға дейін сақгалады) негізгі құралдар 122-125 шотының "Уақытша әкелінген негізгі құралдар" деп аталатын 3-ші субшотында есепке алынады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүлктік емес болып бөлінеді. Мүлікке заттай көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықгар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б.) жатады.
Негізгі қүралдардың есебін дүрыс үйымдастырудың басты шарты оларды бағалауда қабылданған бір түтас принципі болып табылады. Негізгі құраддарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, қүрылымын, тозуын қайта келтіруін және өндіруін жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі қүрал-жабдықгардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құны, сатып өткізу кұны, жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.
Бастапқы құн негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақгы шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай-ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқгы кез-келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Заттың құрмына қарай негізгі құалдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындарды (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ (жер учаскелерін, егістік үшін падаланылатын жер өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Келтірілген негізгі құралдардың әр қайсысының құрамына енетіндер:
Жер- субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құні. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объектілер болып саналады.
Үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік – мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндалақтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әр бір тұрған үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік – құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әр бір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Өткізгіш тетіктер – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және потенциялдардан трансформатор жайына дейін мүліктік объект болып табылады. [10.237 б]
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әр бір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соңғы тиісті заттарды, аспаптарды, оршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады.;
Күш беретін машиналар мен жабдықтар- жылужәне электр энергиясын өндіретін генератор –машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға , яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары.
Жұмыс машиналар мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппарттар және құрал-жабдық.
Өлшеу және реттеу приборлар , қондырғылар және лабороториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді ретеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабороторияларда пайдаланатын приборлар мен аппаратуралар.
Есептеу техникасы - процестердіжылдамдату және автаматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар.
Басқа да машиналар мен жабдықтар – машиналар, аспаптар және басқа құрал жабдық .
Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. әр бір объкт өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік обект болыптабылады.
Құрал сайман- қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар, еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар, сұйық, сусымалы және басқа материалды сақтауға арналған сыйымды заттар.
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әр бір объект - мүліктік объект бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар.
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер.
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз)-ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысынжақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);
Басқа да негізгі құралдар- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады. [11.107 б]
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандығы негізгі құралдардың бастапқа немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін бірі жақсы білетін және мәмліге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өз ара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бғаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құны – негізгі құралдардың бастапқы және болжамған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.
1.2 Кәсіпорынның қаржы - экономикалық қызметін талдау
Экономикалық талдау кәсіпорын дәрежесін көп жақты күрделі, үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу болмайды және үлкен еңбек шығынының уақытын талап етеді. Кез - келген кәсіпорынның негізгі мақсаты үлкен көлемдегі пайданы аз шығын жұмсап алу болып табылады. Бұл үшін кәсіпорынның қызметін сипаттайтын және талдау жолымен осы көрсеткіштердің ішкі және сыртқы факторлар әсерін, экономикалық әдістердің сәйкестігін қолдану үшін негізгі көрсеткіштерді білу қажет. Сол себептен қоғамдық ғылымдардың сараптау процесінің объективті нәтижесі болып табылады. Дербес ғылымдарды талдауды бөлу қажеттілігі пайда болады.
Сонымен экономикалық талдау — бұл бүкіл шаруашылық жұмыстарын жақсатудағы резервтерді ашудың негізгі құралы. Өңдеу кезінде анықталған ақпараттарды зерттеу және жіктеу және талдау, талданып отырған объектіні жан-жақты және терең түсінуге мүмкіндік береді. [14.101 б]
Микроэкономикалық және макроэкономикалық
талдауға бөлінеді. Күрделі өндірістің
шаруашылық қызметі зерттеудің негізінде
кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің
барлық жұмыстарын сипаттайтын техника
—экономикалық көрсеткіш
Нарықты қатынас жағдайында
«Облжылукоммунқуат» МКК - ның шаруашылық
қызметін басқару үшін, олардың жұмыстарын
жоспарлау, есеп және есеп қисаптарын
ұйымдастыру, жұмыстарын ынталандыру
немесе бағалауды жүзеге асыратын экономикалық
көрсеткіштер жүйесі қабылданады. Бұл
жүйе кәсіпорынның және сапалық жұмыс
істейтіндігін сипаттайтын
Экономикалық көрсеткіштер жүйесіне натуралды және ақшалай абсалютті немесе салыстырмалы көрсеткіштер кіреді. Құрылу шарттарына байланысты экономикалық көрсеткіштер жоспарлы және есепті кезеңге бөлінеді. Есепті кезеңдегі көрсеткіштер белгілі кезеңдегі нақты жетістіктері қарастырылып көрсетіледі. Негізгі экономикалық талдаудың мазмұны кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жоспардың немесе өсу қорының орындалу сатысын теріс немесе оң факторларда анықтайды. [24.17 б]
«Облжылукоммунқуат» МКК - ның қаржы - экономикалык қызметін бағалау және оларға талдау жүргізу кесте көрсетілген. Негізгі ақпарат көздері: Бухгалтерлік баланс, үлгі №1 — ПФ «Кәсіпорынның қаржы -шаруашылық қызметінің есебі» үлгі № 1 -Т «Еңбек және оның төлемінің есебі» болып табылады.[6. 74б]
Кесте
2004 — 2005 ж.ж. «Облжылукоммункуат» МКК — ның қаржы қызметін талдау
№ |
Көрсеткіш |
Өлш. бірл. |
2006 ж |
2007 ж |
Ауытқу (+; -) |
Өсу қарқыны % |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен кіріс |
мың тг |
156708 |
187377 |
30669 |
119,5 |
2 |
Өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны. |
мың тг |
129910 |
154771 |
24861 |
119,1 |
3 |
Жалпы кіріс |
мың тг |
26798 |
32606 |
5808 |
141,6 |
4 |
Кезең шығындары |
мың тг |
23022 |
30803 |
7780 |
133,8 |
5 |
Негізгі қызметтен түскен кіріс (зиян) |
мың тг |
3776 |
1803 |
-1973 |
47,7 |
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс (зиян) |
мың тг |
17079 |
33198 |
16119 |
194,4 |
7 |
Кіріс (зиян) барлығы |
мың тг |
1970 |
-31392 |
|
|
8 |
Жұмысшылардың орташа төзімдік саны |
Адам |
43 |
438 |
3 |
100,7 |
9 |
Еңбек ақы ққоры |
мың тг |
35049,6 |
43626,5 |
8576,9 |
124,5 |
10 |
Бір жұмысшының бір жылдық орташа еңбек ақысы |
мың тг |
80,6 |
99,6 |
19 |
123,6 |
11 |
Негізгі құралдың орташа жылдық құны |
мың тг |
222903 |
272704 |
49801 |
122,3 |
12 |
Қор қайтарымы |
- |
0,70 |
0,69 |
-0,01 |
98,5 |