Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 18:39, дипломная работа

Краткое описание

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;
2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;
4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;
6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................-3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

Қорытынды......................................................................................................-76

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 508.50 Кб (Скачать файл)

        5610-шы «Жиынтық табыс(зиян)» шоты салыстырушы операциялық шо- ты болып табылады: онда табыстар (5610-шоттың кредиті) және зияндар (5610-шоттың дебеті) салыстырылады. Табыс 5610-шоттың дебеті бойынша және                 5510-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған зиян)» шотының кре- диті бойынша көрініс табады. Шығын 5610-шоттың кредиті және 5510-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған зияны)» шотының дебеті бойынша көрініс табады.

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау. «Байсерке  Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының  есебі

2.1 «Байсерке  Агро» ЖШС-нің есептік саясатына  сипаттама

 «Байсерке» агрокешені оңтүстік астанадан 15шақырым жердегі Алматы облысының, Іле ауданында, Байсерке ауылы, Д.Қонаев көшесі №1-де орналас- қан, 19,1га жері бар. «Байсерке АГРО» 2001жылы 7желтоқсан күні құрылып, ұнтарту, жарма және макарон өнімдерінің ассортиментін кеңінен өндіретін ірі тауар өндіруші ретінде Қазақстан және ТМД елдерінде кеңінен танылды. «Байсерке АГРО» ЖШС негізгі қызметі ауылшаруашылығы шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру, қайта өндіру, сақтау және қайта қорытып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін (ұн, жарма, макарон тағамдары) және үй жануарларына арналған жем дайындайды. Сонымен қатар қойма үй-жайларын жалға береді.

         Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шетелдерге азық-түлік жіберу үшін қолайлы автокөлік кіретін және теміржолдары бар. Осы қазіргі уақытта кәсіпорында мына төмендегідей цехтар мен өндірістер жұмыс істейді:

-тәулігіне 120т өнім  өндіретін диірмен;

-тәулігіне 5т макарон  шығаратын цех;

-тәулігіне қуаты 100т  күрделі құрама жем зауыты;

-механикаландырылған  мұнара;

-өнімділігі тәулігіне  80т жарма цехы;

-қуаттылығы жылына 70000т  жүгері сорттау зауыты;

-жүгері сабағын кептіруге  арналған СКП-24;

-австриялық «PITKUS» кептіргіші;

-«Целинная 30» кептіргіші;

-жанар-жағар май қоймасы  (ГСМ).

          Ұн тарту өндірісі. «Байсерке АГРО» ЖШС Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген азық-түлік бидайынан алынатын үш түрлі сорттан жоғары дәрежеде тартылған бидай ұнын шығарады. Диірменнің ай сайын шығаратын өнімі 3500т құрайды. Сорттарды тарту кезінде шығарылатын сорттар саны қатаң шектетіледі. Әр бір сортқа мемлекеттік стандарттарды және уақытша техникалық жағдайларда реттейтін көптеген көрсеткіштер орнатылған. Бұл шикізаттарды аймақтық пайдалануға және өнімдердің сапасын тиісінше дәрежеде ұстауға мүмкіндіктер береді.

         Ұн тарту кешенінде өндірілген ұндар, оның сапасын үнемі және жоғары сапада ұстап тұру үшін күнделікті бақылауды қажет етеді. Диірмендегі барлық технологиялық процесті бақылау және өнім сапасын технологиялық бақылау туралы Ережеге сәйкес және зертхана жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты «Диірмендерде технологиялық процестер енгізу және ұйымдастыру» Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-де астықтың сапасына және оның өнімдерінен жасалған азық-түліктерді тексеруді жүзеге асыратын өндірістік-техникалық зертхана бар. Зертхана 2003 жылы «НАЦЭКС» ААҚ Алматы филиалында аттестацияланудан өтті. Зертханада оның қызмет істеуіне қажетті барлық жағдайлар бар.

            Макарон шығару өндірісі. «Байсерке АГРО» ЖШС Италияндық «La Parnigiana» жабдығында ұнның жоғарғы сорттарынан макарон тағамдарын дайындайды. Айлық өнімділігі-150 тонна. Макарон бұйымдарын дайындау кезінде пайдаланылатын шикізаттар нормативтік-техникалық құжаттарға, медикобиологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес.

         «Байсерке АГРО» ЖШС макарон бұйымдары В тобының, 1-класына жатқызылады. Өнімдер Мемлекеттік стандарттың 875-92 талаптарына сәйкес санитарлық нормалармен рецептураларды және технологиялық нұсқаулықтар- ды сақтай отырып белгіленген тәртіппен дайындалады. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары «В» тобының талаптарына сәйкес келеді: біртүсті, ұнның сортына сәйкес, сырты жылтыр, формасы атауына сәй- кес келеді. Фабрика әртүрлі үлгідегі 10 түрлі макарондар шығарады.

          Аралас жем өндірісі. «Байсерке АГРО» ЖШС аралас жем зауыты қүрамында құнарлылығы тиімді, күрделі, біртекті құрамынан тұратын тазаланған және үгітілген әртүрлі жем өнімдерін шығарады. Аралас жем цехында аралас жемге белокпен витаминдер қосылмайды, сол себепті өнімнің өзіндік құны азаяды. Аралас жемнің талап етуіне қарай шашатын түрі шығарылады. Ай сайынғы өнімділігі 3000т құрайды.

          Жарма өндірісі. Қазақстанда жарманы шығаратын 2-кәсіпорын бар және оның біреуі «Байсерке АГРО» ЖШС. Аралас жарманы гүлдің қабығын, ішінара жемістің және ұрықтың қабықтарын тазалау арқылы арпа жармасын тегістеп және жылтырату арқылы алынады. «Байсерке АГРО» ЖШС жарма зауыты жарманың 2түрін шығарады.

          Қойма үй-жайлары. «Байсерке АГРО» ЖШС бір-бірімен жалғасқан 65000т механикаландырылған қоймалық үй-жайлары бар. Өндіріс және азық-түлік өнімдерін қабылдау, сақтау, жүктердің барлық түрлерін жіберу және жеткізумен қатар барлық жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қызмет көрсетеді.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-ның негізгі тұтынатын шикізаттары – арпа мен бидай. Бидайды көбінесе Солтүстік Қазақстаннан тұтынады, соның бірі – Ақмола облысы, Ақкөл бекеті; Көкшетау қаласы. Ал арпаны Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Алтын емел ауылынан және де жеке шаруашылық қожалықтарынан тұтынады. Сөйтіп, арпа және бидайдан - ұн, кеспе, жарма, кебек, аралас жем өнімдерін өндіреді.

         «Байсерке АГРО» ЖШС-ның ірі тұтынушылары: ЖШС «Қараой», ЖШС БК «Монтажник», ЖШС «Асар сүт», ЖШС «Астық», ЖШС ХБК «Ақсай», СПК «Балхашский», ЖШС «Катюша» және  Алматы облысы тұрғындары, тек қана Алматы облысы ғана емес сонымен қатар ТМД елдерінен де тұтынушылар бар, атап айтқанда: Өзбекстаннан ОРТЧП «ГУЗАЛ ДИЕР ЯНГИ АРЫК», КОМП «UNISEL TRADING S.A». Ауғаныстаннан «Rajabi Trading Limited», «RAHMANIAN  LTD» фирмалары. Тәжікстаннан ЖШС «Пиров» ХН, ЖШС «Баракат».

            

2.2 «Байсерке  Агро» ЖШС-нің меншікті капитал  есебін ұйымдастыру

             Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің бірінші бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің екінші бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, резервті капитал және бөлінбеген капитал (жабылмаған зиян) кіреді.  

        «Байсерке АГРО» ЖШС өз шаруашылық қызметін 2001 жылы бастады. Ол кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін 100 айлық есептік көр- сеткіш мөлшерінде меншікті капиталы болуы міндет болатын. Бұл мекемені бір құрылтайшы арқылы 226 500 000 теңгеге сатып алып, 775 айлық есептік көрсеткішпен өз шаруашылық қызметін бастаған.

Кесте 3. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін       шот

Кредиттелетін  шот

  1

Үлес қосушылар мен салымшылардың  акционерлік қоғамның жарғылық қорына

қосқан үлесінің сомасы

 

5110

 

5020,5010

  2

Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы)

2710-2730

2410

1310

1320,1330,1350

1060

1030,1010

 

 

5030

  3

Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы

 

5030

2710-2730

2410

1310 1320,1330,1350

1060

1030,1010

  4

Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына

 

5020,5010

  Қайтарып

   алынған

   капитал 

  5

Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды

 

5030

 

1030,1010

  6

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары

 

5110

 

5020,5010


 

  7

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі

 

5110

 

6250

  8

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың  теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа  байланысты кемуі

 

7430

 

5110

  9

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түсуі

 

1030,1010

 

5110

10

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы

2710-2730

2410

1310

1320,1330,1350

 

 

5110

11

Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына

Қайтарып алынған капитал

1030,1010

12

Сатылып алынған акциялардың сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі:

-егер акциялар өзінің атаулы  құнынан

  төмен бағаға сатылып алынса;

 

 

-егер акциялар өзінің атаулы  құнынан  

  жоғары бағаға сатылып алынса;

 

 

 

 

Қайтарып алынған капитал

 

5510

 

 

 

 

5510

 

 

 

Қайтарып алынған капитал

13

Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы

 

1280,1030,1010

Қайтарып алынған капитал

14

Негізгі құралдарды қайта бағалауға  байланысты бастапқы құнының өсуі

2410

5420

15

Негізгі құралдарды қайта бағалауға  байланысты оларға бұрын есептеліп  жинақталған тозу құнының өсуі

 

5410

 

2420

16

Негізгі құралдарды пайдалануына қарай  қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны

 

5410

 

5510

17

Инвесторлардың,серіктестіктердің активтерін қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестіктердің таза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына

 

 

5440

 

 

2210

18

Қайта бағалаудың нәтижесінде алын- ған ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуі

 

1110-1150

 

5440

19

Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының  өскен сомасына бағасының кемуі

 

5440

 

1150

20

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағалаған сомасы

 

5440

 

6210


       

        «Байсерке Агро» ЖШС-ның резервтік капиталы баланста көрсетілмеген, өйткені мекеме шаруашылық қызметін бастар алдында көп мөлшерде  қарыз- данып, қазірге дейін сол қарыздарын төлеп келеді.

Кесте 4. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар 

Операциялар

Мазмұны

Дебеттелетін шот

Кредитте-летін шот

1

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген  мөлшерде резервтік капитал сомасының  қалыптасуы

 

5510

 

5410

2

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы

 

5510

 

5410

3

Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда  таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы  бар акциялар бойынша дивидент төлеу  үшін жұмсалған резервтік капитал  сомасы

 

 

5410

 

 

3390

4

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі  немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік  капитал сомасы

 

5410

 

5510,5520

5

Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

5410

5510

6

Өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

 

5410

 

5520

7

Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома

 

5410

 

5020,5010

5030


 

         «Байсерке Агро» ЖШС-ның бөлінбеген пайдасы 2006жылы – 4 580 000 тг, 2007жылы – 6 113 000тг. 2006 жылы меншікті капитал баланстың 23,2%-ін құраған, 2007жылы 8,4%-ін құрады.

Кесте 5.  Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда шоты бойынша жүргізілетін операциялар.

                 Операциялар

                    Мазмұны

Дебитте -

летін шот

Кредитте-

летін шот

1

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома

 

5510

 

5410

2

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы  есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капиталға бөлінген сома

 

5510

 

5410

Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті