Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 18:39, дипломная работа
Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;
2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;
4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;
6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.
Кіріспе...........................................................................................................-3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69
Қорытынды......................................................................................................-76
3 |
Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы |
5410 |
5510,5520 |
4 |
Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табыс сомасы |
3310 |
5510 |
5 |
Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы |
5510 |
3310 |
6 |
Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы |
5410 |
5510 |
7 |
Негізгі құралдардың белгіленген
әдісіне сәйкес есептелген амортизация
сомасының қайта бағалауға |
5420 |
5510 |
8 |
Өткен жылғы акционерлерге дивидент төленгеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды |
5510 |
5520 |
9 |
Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы |
5410 |
5520 |
10 |
Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтеуге қалдырылды |
5520 |
5510 |
11 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді
(тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден, |
6010,6210 7510,7620 |
3310 |
12 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына |
3310 |
6020,6030 7010,7110 7211,7310 7410,7430 7470 7710 |
Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіп- орындардағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының бар- лығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қыз- мет атқарады:
- болашақта пайдалану
үшін ұйымда болып жатқан
- ұйымның қаржылық-ақпараттық
мәліметін өңдейді, сондай-ақ
оны керек уақытына дейін
- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйым- ды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын не- гізгі кәсіби міндеті пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлік-ақпа- раттық мәліметтерді уақтылы, яғни дер кезінде беру болып табылады.
«Байсерке АГРО» ЖШС-ның арнайы бухгалтерия бөлмесі бар, ол жерде төрт адам қызмет істейді: бас бухгалтер, есеп айырысу бухгалтері, материал- дық бухгалтер және кассир.
Касссирдің міндеті – шаруашылық операцияларын, яғни кассаға келіп түскен немесе кеткен қолма-қол және қолма-қолсыз ақша-қаражаттарын есеп- теу, тіркеу, сонымен қатар бухгалтерлік құжаттарды, ақпараттық мәлімет- терді сақтау.
Материалдық бухгалтер - мекемеге келіп түскен және кеткен тауарлы-материалдық қорларды (шикізат,саймандар,жанар май) және цехтар арасында тасымалданған тауарлы-материалдық қорларды есептейді.
Есеп айырысу бухгалтерінің міндеті – жұмысшылардың еңбек ақы- ларын, уақытша еңбекке жарамсыз күндері үшін және еңбек демалысына шыққандағы ақыларын есептеу.
Бас бухгалтер – мекеменің шаруашылық операцияларының қозғалысын қадағалап, ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметтерін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға дер кезінде жеткізіп беріп отыру бас бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.
Ақша-қаражаттарының есебі. Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі-бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбек ақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құрал- дарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама орнатылған және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орна- ластыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы ар- найы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақтала- ды. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы қажет. Кассадағы ақшаның түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.
Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты және ақша төлеуші заңды немесе жеке аты-жөні, қандай мақсатта және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы,жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөр таңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіп- орындар мен ұйымдардың «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратые басқа да құжат- тарын көрсетуді талап етуі тиіс. Сонымен қатар касса қызметкері осы көр- сетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамдардың аты-жөнін, құжаттарының нөмерін және ол құжаттарды кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Касса- лық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжат- тарды кәсіпорындар менұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге, олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.
Кесте 6. «Байсерке АГРО» ЖШС-нің кассасында мынадай операциялар жүргізіледі:
№ |
Операциялар мазмүны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Тұтынушылармен есеп айырысқанда |
1210 1010 |
6010 1210 |
2 |
Тұтынушылар алдын-ала есеп айырысқанда |
1010 |
3510 |
3 |
Жұмысшыларға еңбекақы төленгенде |
3350 |
1010 |
4 |
Ұйымның қызметкерлеріне қысқа мерзімді дебиторлық қарыз берілгенде |
1250 |
1010 |
5 |
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз қайтарылғанда |
1010 |
1250 |
6 |
Товарлы-материалдық қорларды жеткізу үшін аванс берілгенде |
1610 |
1010 |
7 |
Ұйымның жұмысшыларына материалдық көмек берілгенде |
7210 |
1010 |
8 |
Товарлы-материалдық қор сатып алынғанда |
3310 |
1010 |
Тұтынушылармен есеп айырысқанда - кассир кассалық кіріс ету ордері мен фискалдық чек толтырады, ал счет фактура мен шығыс накладнойын материалдық бухгалтер толтырады.
Жұмысшыларға еңбекақы төлегенде - есеп айырысу бухгалтері жұмыс- шылардың қарызы болса еңбекақысынан ұстап қалып, салық түрлерін есеп- теп, кассирге төлем ведомосін дайындап береді, кассир сол ведомось арқылы жұмысшылармен есеп айырысады.
Ұйымның қызметкерлеріне қысқа мерзімді дебиторлық қарыз бергенде – кассир кассалық шығыс ету ордерін толтырады, қызметкер керек затын алып келгеннен соң, ақшасы жетпей қалуы мүмкін немесе артып қалуы мүм- кін, сол үшін қызметкер кассирмен тағы да есеп айырысу жүргізіп, кассир аванстық отчет толтырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шоттарын ашулары тиіс. Кез-келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
- банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
- кәсіпорынның құрылуы туралы шешімдердің көшірмесі;
- кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарлары- ның қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа да құжаттар;
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар біныңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүр- гізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талап-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы да басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адам- дардың (кәсіпорын басшысы мен бас бухгалгалтердің) қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсе- тетін кәсіпорындар және ұйымдармен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргі- зілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кірістелген және шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Ұйымдардың есеп айырысу шотындағы ақшаларының жұмсалу нөмірі екінші журнал-ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі.
«Байсерке АГРО» ЖШС-ның есеп айырысу шоттары мына Банктерден ашылған:
Бұл есеп айырысу шоттары арқылы ұйым басқа мекемелермен есеп айырыса алады, салық түрлерін төлей алады, сол банктен несие алады, керек болған жағдайда өздерінің есеп айырысу шотынан қолма-қол ақша алады және тағы басқа қызмет түрлерін жүзеге асырады алады. Басқа мекемелермен есеп айырысу төлем тапсырмасы арқылы жүргізіледі. Банк мекемеге күн сайын немесе мекеме қажет еткенде есеп айырысу шотына қанша кіріс, қанша шығыс болғаны туралы үзінді көшірме беріп отырады. Банктен берілген үзінді көшірменің бір ерекшелігі, есеп айырысу шотына келіп түскен сома кредит жағында, ал кеткен сома дебит жағында көрсетіледі. Есеп айырысу шотының есебі 1030- шотта жүргізіледі.
Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті