Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 18:39, дипломная работа

Краткое описание

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;
2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;
4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;
6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................-3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

Қорытынды......................................................................................................-76

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 508.50 Кб (Скачать файл)

Мұндағы: Ұмз – ұзақ мерзімді міндеттемелер;

                    Мак – меншікті айналым капиталы;

                    IIб П – баланс пассивінің екінші бөлімі;

3.Тауарлы-материалдық  қорлардың негізгі қалыптасу  көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы  көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер  мен қарыздар сомасына қосу  жолымен, мына формула арқылы анықталады:

                                      НК = Мак/ұз + Кнқ.

  Мұндағы: НҚ – негізгі құралдар;

                   Қнқ – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар; 

  Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қам- тамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.

  1.Меншікті айналым капиталының (Ма.к.) артықтығы (+) немесе жетіс- пеушілігі(-)

                                    ± Мак = Мак – ҚШ.

  Мұндағы: ҚШ – тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар;

  2.Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалып- тасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Мак/ұз):

                                    ± Мак/ұз = Мак/ұз – ҚШ.

  3.Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артық- тығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):

                                    ± НК = НК – ҚШ.

  Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамта- масыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оныңтұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:

  1)қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы;

  2)қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

3)тұрақсыз қаржылық  жағдайы;

4)дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы;

Қаржылық жағдайдың  абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипат- талатын уақытта қалыптасады.

                              ҚШ <Мак немесе Мак >ҚШ.

Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық  қорлар меншікті айналым капиталы- мен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардантәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немесе пайда- лануға мүмкіндігі жоқ.

Қаржылық жағдайдың  қалыпты тұрықтылығы мына теңсіздікпен сипат- талады.

                                           Мак/ұз < ҚШ < НК.

Бұл келтірілген қатынас  тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын  тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі «қалыпты» - меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипат- талады:

                                    ҚШ > НК немесе НК < ҚШ

Бұл қатынас кәсіпорын  өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін «қалыпты емес»  болып, яғни негізделмеген болып  саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін  жағдайға сәйкес келеді.

Қаржылық тұрақтылықты қоймада,

Бұдан кейін дайын өнімнің тез өсуінің және қоймада тауарлардың іркіліп қалу себептерін зерттеу керек. Бірақ бұл ішкі қаржылық талдаудың жұмысы.

Талданып отырған кәсіпорынның қаржылылық жағдайын анықтайық.

Ішкі талдау кезінде  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабі- летсіздігі балансын құру негізіндетереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреді:

1.Төлемеушіліктің жалпы  мөлшері:

- банктің қарызы бойынша  уақыты өтіп кеткен борыштар;

- жабдықтаушылардың есеп  айырысу құжаттары бойынша уақыты өтіп                         кеткен борыш;

- бюджетке салықты  толық төлемеу;

- басқа да төлемеу  соның ішінде еңбекақы бойынша  да;

2.Төлемеушіліктің себептері:

- меншікті айналым  қаражатының жетіспеушілігі;

- тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тысқорлары;

- сатып алушылар уақытында  төлемеген, тиеліп жіберілген  тауарлар;

- акцептен бас тарту  себепті сатып алушылардың жауапты  сақтауындағы тауарлар;

- айналым қаражатын  күрделі құрылысқа, жұмысшылардың  алған қарыз- дары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінген қаржылан- дыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар.

3.Қаржылық шиеленісті  азайту көздері:

- уақытша бос меншікті  қаражаттар;

- қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың  дебитор- лық борыштан асып кетуі);

- айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері және тағы басқа қарыз қаражаттар.

Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы  көздерінің жалпы мөлшерін толық  есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).

Тауарлы-материалды қорлардың  қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қор- ларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.

Тауарлы-материалдық  қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.

Қорытындылай келе айта кету керек, арнай әдебиеттерде кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген. Оларды келесі атаулармен 4топқа бөледі:

  • қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы нашар кәсіпорындар;
  • банкрот кәсіпорын;

Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың келесі негізгі бағыттары бойынша қарастырылады:

    1. қалыпты (біркелкі) өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қыз- метін қамтамасыз ету;
    2. ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;
    3. кәсіпорынның дамуы бойынша көлемді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі (нарықтың жаңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеру және т.б.).

Қаражатты жұмсаудың  осы бағыттарын қаржы ресурстарымен  қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсыбір топқажатқызудың өз әдістемесін ұсынады.

Айталық, егер кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға  мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек. Егер алдыңғы екі функция орындалып, ал үшіншісін бағалауға қаражат жетпесе, онда оның жағдайы орташа болады. Ал егер қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы банкрот болуға (құлдырауға) жақын. 

 

                     

 

 

3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру

         Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруа- шылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байла- нысты.

        ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері».

        Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъек- тілердің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білін- бейді(оны қолмен ұстауғаболмайды).

        30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік, қосымша төленген және қосым- ша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс(жабылмаған зиян).

        Жарғылық капитал аудиті. Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жар- ғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруа- шылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдас- тыру-құқықтық түріне байланысты.

        Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдай- ларды қарастырады:

        А) жарғылық капитал көлемінің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуын;

        Ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;

        Б) бухгалтерлік есепте жарғылық капиталының шамасы ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған операциялардың дұрыстығы, көбі- несе олардың ішінде төмендегідей өткізбелерге көп көңіл бөледі:

        - Д-т 5110 «Төленбеген капитал» шотына және К-т 5030 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың  салымдары сомасына;

        - жарғылық капитал мөлшері ұлғайғанда К-т 5030 «Салымдар мен пай- лар» шотына, 2400 «Негізгі құралдар», 1310 «Материалдар», 1310 «Тауарлар», 1060 «Банктердегі, аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша», 1030 «Ұлттық валюта ағымдағы корреснонденттік шоттар- дағы ақша» және 1010 «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелердің шот- тарына жазу түседі.

     Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процеду- ралары кіреді:

            Кесте 10. Жарғылық капитал аудитінің бағдарламасы.

         Аудит процедуралары

              Ақпарат көздері

1.Баланс көрсеткіштерінің Бас  кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру

Баланс, 5020, 5010, 5030,5110 шоттары бойынша  Бас кітап

2.Жарғылық капитал қозғалысының  синтетикалық және аналитикалық  есебін жүргізудің дұрыстығын  тексеру

Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізімі, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер және т.б.

3.Жарғылық капиталды қалыптастырудың  дұрыстығын тексеру

Қолданылып жүрген заңнама, құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама

4.Құрылтайшылардың жарнасын (салымдарын) кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексеру

НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру  актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүк  құжаттар, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазулар және т.б.

5.Жарғылық капитал өзгерісінің  негізділігін және оны құрылтайшы  құжаттарға енгізудің мерзімділігін  тексеру

Құрылтайшылардың (меншік иелерінің) және акционерлердің жалпы жиналысының  шешім хаттамалары, эмиссия жобасы мен құрылтайшылық шарты

6.Кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна ретінде салынған мүлікті және басқа да мүліктік құқықтарды түгендеу

Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі  салыстыру тізімдемесі (ведомость) және т.б.

7.Қолданыстағы заңнамамен салыстырғандағы  жарғылық капитал есебінде анықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу

Аудитордың тұжырымдары, есептеулері  және ұсыныстары


  

          Резервтік капитал аудиті. Резервтік капитал  - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шы- ғынның орнын жабу үшін құрылады.

         Басқаша айтсақ, резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттеме- лерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республика- сының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда – кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құры- лады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында  резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.

        Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жа- рияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

        Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бас- тап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.

        Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңартуға міндетті.

        Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі:

  1. Резервтік капиталға аударымдар – К-т 5410 «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 5460 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Д-т 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылма- ған зияны)» шоты бойынша.
  2. Резервтік капиталды пайдалану Д-т 5410, 5460 шоттары бойынша жаз- ба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады:

А) «Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 3030 бөлім- шесі және 3390 Басқа да шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 3390 бөлімшесі бойынша есепті жылдың табысы болмаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға диви- денттер мен кіріс төлеуге;

Ә) «Бөлінбеген табыс(жабылмаған зиян)» 5500 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті