Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 18:39, дипломная работа
Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;
2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;
4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;
6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.
Кіріспе...........................................................................................................-3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69
Қорытынды......................................................................................................-76
«Байсерке АГРО» ЖШС-нің ақша-қаражаттары баланстың 1,2%-ын құ- райды, яғни 7 692 000теңге. Оның ішінде:
Кесте 7. 2007жылғы ақша-қаражатының қозғалысы Бқ-29692
Дебет |
Кредит |
Сумма |
1010/1030 |
1210 |
448 364 |
1010/1030 |
1210 |
5 640 ОС |
3310/1610 |
1030/1010 |
291 108 |
3130 |
1030 |
5 858 |
3220 |
1030 |
5 338 |
3190 |
1030 |
3 692 |
3150 |
1030 |
9 103 |
3160/3180/3190/3110/3170 |
1030 |
2 932 |
3310 |
1030 |
22 201 |
3310 |
1030 |
32 024 |
1610 |
1030 |
4 063 |
3350 |
1010 |
47 297 |
1030 |
4010 |
150 000 |
1030 |
3310 |
468 723 |
4010 |
1030 |
150 000 |
3310 |
1030 |
511 723 |
3380 |
1030 |
9 387 |
Еңбек ақы төлеу есебі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қыз- метіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.
Мерзімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөл- шерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмыс- шылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Кесімді еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділі- гін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақ- сатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қол- данғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен кәсіпкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энер- гияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақы- сына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе олардың бөлім- шелерінде жұмысшылар менқызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі-бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да – күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі-бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез-келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын-ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын-ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құры- лыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әр-түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұ- мысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары менқызметкерлеріне емес, оларға қыз- мет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың және тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларға жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
«Байсерке АГРО» ЖШС-де жұмысшыларға еңбекақы есептеуді есеп айырысу бухгалтері жүргізеді және еңбекақы есептеу мерзімді нысан арқылы жүргізіледі, яғни қызметкердің жұмыста болғанына еңбекақы төленеді. Дт-7210; Кт-3350; Жұмысшылардың еңбекақысынан мынадай салық түрлері ұсталады: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, зейнетақы жарнасы, әлеу- меттік сақтандыру.
Мысалы, жұмысшының еңбекақысы 20000теңге деп алсақ, зейнетақы жарнасына 10% бөлінеді, яғни 2000теңге. Дт-3350; Кт-3220;
Жеке табыс салығы - жұмысшының еңбекақысынан зейнетақы жарна- сын алып тастап, одан жалақының ең төменгі мөлшерін (10515тг) алып таста- ғаннан қалған сомадан 10% ұсталады, яғни ((20000-2000)-10515)•10%= 748,5 теңге. Дт-3350; Кт-3190;
Әлеуметтік
салықтың Салық кодексінде
Негізгі құралдар есебі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетіл- ген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғима- раттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңы- зы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу бары- сында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі-бір мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындар жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі-бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құ- ралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жа- рамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байла- нысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықтала- ды.
Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіле- ді. Кәсіпорында негізігі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түген- деме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шыға- рылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі-бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құ- ралдар сатып алуға тура келеді. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қай- тарылып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз – негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Негізгі құралдарға амортизация аударым есептеу мына әдістер бойын- ша жүргізіледі:
1.Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
2.Құнды
орындалған жұмыстың, өндірілген
өнімнің көлеміне тепе-тең
Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті