Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 17:07, курсовая работа
Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік,орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-маңызы да өзгерді.
Қазіргі жылқы тұқымдарының зоологиялық тәртіппен жіктегенде олар сүтқоректілер класына(Mattalia),дара(тақ) тұяқтылар (Perissodactyla) отрядына, жылқы тұқымдарына (Eguidae), жылқы туыстарына (Eguus), кәдімгі жылқы түрлеріне (E.caballus) жатады. Жылқы: есек,құлан,зебра және қазіргі жылқы болып төрт туысқа бөлінеді. Олардың ішіндегі екі түрі жылқы мен есек қана қолға үйретіліп, үй жануарларына айналған.
ЖЫЛҚЫ ӨСІРУ– жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 – 6 ретке дейін). Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының хим. құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиол. күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1,8–2,2%-тей белок болады, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы кездеседі. Әсіресе қымыз А және С витаминдеріне бай (қ. Қымыз). Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай-ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады. Қазір Қазақстанда 1 млн-нан астам жылқы өсіріледі (2002). Жылына олардан 40 мың т-дан астам ет, 35 мың т-ға жуық қымыз өндіріледі. Жылқы өсірудің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи-шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы з-ттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т.б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемл. шаруашылықтар (Ақтөбе обл., Атырау обл., т.б.) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 9 мыңнан асты (2000). Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы шаруашылығы ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орталық,оңтүстік,шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. Жылқыны үйірлеп бағудың бірнеше әдісі бар. Бос бағуда жылқы жыл бойы жайылымда болады, қатты боран не көк тайғақ болғанда ғана пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына және жасына қарай табынға бөлінеді. Шаруашылықтағы жылқының санына байланысты табында 150 – 180 бие, 180 – 200 бойдақ жылқы, ал жазық далада 350 жылқыға дейін болады. Боран және аяздан қорғау үшін жайылымда жеңіл-желпі жылқы қора, қалқа, ықтасын лапас салынады, құдық қазылады, суаттар жасалады. Жайылым орталығына әр жылқыға 3 – 5 ц пішен, 0,5 – 1 ц жем қорын дайындайды. Құлынды 10 – 12 айлығында енесінен айырады. Қорада не қоршалған шарбақта 1 айғырға 20 – 25 биеден үйірлеп шағылыстырады. Қолда ұстап баққан жылқыны қыста ашық, жылы күндері жайылымға шығарады, қатты боран, аязды күндері қорада ұстап пішен және жем береді. Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік,орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді. Ет өндіру бағытында Жылқы өсіру кезінде жыл басында табын құрамында 35% бие, 6%байтал, 14% ұрғашы тай, 14% ұрғашы жабағы, 2% айғыр, 5% құнан, 10% еркек тай, 14% еркек жабағы; ет-сүт бағытында өсіргенде 45% бие, 5% байтал, 5% ұрғашы тай, 18% ұрғашы жабағы, 2% айғыр, 3% құнан, 4% еркек тай, 18% еркек жабағы болуы қажет. Қазақстанның әрбір аймақтарының табиғи экон. жағдайларына байланысты асыл тұқымды фермада ат қора-жайылым (көбінесе, қолда ұсталады) әдісін қолданғанда ат қорада әр жылқыға едені 10 – 14 мг орын болады; ат қораның ауласын екіге бөледі: а) биенің күйтін байқайтын және шағылыстыратын алаң; ә) Тай мен құнандарды үйрету және баптау алаңы.
Курстық жұмысымның мақсаты: Мал қораларындағы зоогигиеналық талаптар, құлындарды өсіру,күтіп – бағу технологиясы, микроклимат параметрлерін қадағалау, желдету, жылу балансын, жарықтандыру, төсеніш түрлері, азықтандыру нормасы мен рационы, енесінен бөліп алумен танысу.
Курстық жұмысымның міндеттері:
жұмысымды оқыған адамдарға түсінікті етіп, терең ашып жазу.
Мырзабеков, Ж., Ибрагимов, П. [1]. XX ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізгені туралы, атап айтқанда, мал саны күрт азайды, азық сапасы мен малды күтіп-бағу деңгейі төмендеп зоогигиеналық талаптар сақталмағаны баяндалады. Мал шаруашылығындағы қол жеткен техникалық прогресс тез арада ғайып болып, үлкен мал кешендері бос қалып, ал шағын мал қораларында тиісті зоогигиеналық жоне ветеринариялық-санитариялық талаптарды, нормаларды іске асырушы керекті жүйелер істен шықты.
Нәсіпбаев,Т. [2]. Мал шаруашылығының жетілуі, өсіп - өнуі туралы баяндалады. Жануарлардың денесі жасушалар мен жасушасыз құрылымдардан (синцитий, симпласт) және жасушааралық заттардан қалыптасқан ұлпа дегеніміз – ағзаның тарихи қалыптасқан жеке жүйелері, жасушалар мен олардың туындыларынан тұратын және өздеріне тән морфофизиологиялың, биохимиялық қасиеттері бар құрылым екені баяндалады.
Тіректі элементтердің орналасу ерекшеліктеріне қарап ғимараттың мынадай түрлерін анықтауға болады. Каркассыз түрі (тіректі қабырғалары бар). Ол – өзара байланысқан қабырғалар мен жабындылардан тұратын қатты да берік қорап. Ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары төбе жабындыларының салмағын көтеріп тұрады. Ғимараттың мұндай түрлері құс шаруашылығы обьектілері мен басқа да құрылыстарын салуда кеңінен қолданылады.
Ал каркасты түрі – тіректерден, кеспелтектерден, негізгі және қосымша құрылыс фермаларынан немесе тіреулерден, ригельдер мен плиталардан құралған ауқымды жүйе. Каркас – ғимараттың негізгі тірегі, ол ендік және бойлық элементтерден тұрады. Каркас типті қора – жайға тән сипат олардың жұмыс ерекшеліктеріне қарай нақты бөлінуінде (тіректі және қорғаушы). Қорғаушы элементтер (ішкі – сыртқы қабырғалар, едендер, қоршаулар, еден – терезе ойықтары) қора – жайдың ішін ауаның зиянды әсерлерінен сақтайды. Осылардың көмегімен қора – жайлардың ішінде қалыпты температура мен ылғалдылық, акустикалық жағдай сақталып тұрады. Сонымен қатар осы екі элементтер бірігіп, ортақ қызмет атқаратын жағдайлар да болады. Оған қабырғалар, каркассыз қора – жайлардағы жабыныш материалдары жатады. Қора – жайдың негізгі конструкциялық элементтеріне табан, ірге тас, қабырғалар, еден, төбе, шатыр және т.б. жатады.
Індеттің ауыр-жеңілдігі мен ұзақтығы ауру қоздырғышының таралу жолына, дамуының жасырын кезеңінің мерзіміне, ауырған мал және ауруға бейім мал санына, мал күтімі мен індетке қарсы шаралардың ұйымдастырылуына байланысты. Мал індетінің пайда болуы мен дамуына әр түрлі табиғи жағдайлар (ауа райы, топырақ, т.б) және әлеум.-экон. жағдайлар әсер етеді. Одан басқа ауыл шаруашылығы құрылысы,мал шаруашылығы дамуының дәрежесі, әлеуметтік қиыншылықтардың (соғыс, мекен ауыстыру, ашаршылық, экономикалық дағдарыстар, т.б.) әсері мол. КСРО тұсында мал ауруларының көптеген түрлері (оба, қараөкпе, маңқа, т.б.) жойылып, сондай-ақ топалаң, жамандат, шошқа обасы, т.б. аурулар сирек ұшырасты.
Жануарлар ағзасының тіршілік әрекетін зерттейтін ілімдер морфология және физиология. Морфология ағзаның пішінін және құрылысын зерттейді. Бұған жататындар - анатомия, цитология, гистология және эмбриоология. (Сыздықов, А.)
Ветеринариялық гигиена (2005ж) оқулығында. Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена {грек, zoon — мал, hygieinos — дені cay) — малды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым екені айтылады.
Ветеринариялық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек екені туралы баяндап студент жастарға баяндайды.
Жеке мал гигиенасы, осы мәселелерді әр түлікке қатысты оның жасына және өнімділік топтарына (төл, асыл тұқымды, сауын малы, бордақыдағы мал, жұмыс малы), биологиялық ерекшеліктеріне сай қолданады жиынтық әсерін айтып береді.
Көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі.
Қораны
үнемі желдетіп, мал ауруында
жүргенде ішін кептіріп отыру.
Кузнецов, А. [3]. Малды суару, азықтандыру және қолайлы жағдай туғызумен қатар, олар әрқашанда күтуді қажет етеді, осы күтудің арқасында мал организмі өзіне қажетті табиғи тітіркендіргіш қабылдайды. Мұндай тітіркендіргіштер организмнің физиологиялық қызметіне, зат алмасу процесіне, организмнің функционалдық қызметінің өсуі мен қалыптасуын арттыруға, сондай-ақ денсаулығы мен өнімділігінің өсуіне өз ықпалын тигізеді.
Мал шаруашылық қораларындағы ауаға садыра жиналып, тұндырылатын жердің зиянды газдары таралмауы үшін ол жер тығыз жабылатын қақпақтармен жабылуы керек. Нәжістер - нәжіс науаларынан транспортерлер көмегімен тазаланылады. Саңылаулы едендерді пайдаланғанда, едендердің астына нәжіс жолдарын орналастырады. Несіп және нәжіс еден саңылауынан нәжіс жолдарына түсіп, онда жиналып біраз уақыттан соң қорадан шығарылады.
Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. [1]. Қора – жайдың табаны. Әрбір шаруашылық құрылыстары үшін негіз болып табылатын ірге тастың асты мен жан – жағындағы топырақ қабаттары бар, ғимарат салмағын көтеріп тұратын оның берік болуына әсері тиетін топырақ қабаттары болып табылады. Кез келген құрылыстың беріктігі мен мықтылығы ең алдымен осы аталған табанға байланысты. Табаны берік, біркелкі, құрғақ, кем дегенде 2 – 3 сантиметрдей отыратын және жылжымайтын болуы керек.
Ірге тас. Бұл салынытын ғимараттың барлық тіректі элементтерін ұстап тұратын жерастындағы бөлігі. Оған қойылатын негізгі талаптар: беріктігі, мықтылығы, атмосфералық құбылыстарға шыдамдылығы, ұзаққа жететіндігі, үнемділігі.
Цоколь (ірге тас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігі) – ірге тастың қабырғамен жалғасатын жері. Цоколь негізінен ірге тастың топырақ бетіне шығып тұратын жоғарғы бөлігі десе де болады. Себебі, цоколь да, ірге тас та біртекті материалдан жасалады. Цоколь қабырғаларды ауа мен топырақ ылғалдарынан қорғап тұрады.
Қора жай қабырғалары. Қабырғалардың жылу және дымқыл өткізбеуін қамтамасыз ету үшін олардың қалыңдығы ескеріледі, немесе аз күш жұмсай отырып жылу жібермейтін материалдар пайдаланылады. Гигиеналық жағынан келгенде қабырғалар жылу жібермейтін материалдардан соғылған жөн. Сондықтан қабырғалардың жылу қорғайтын қасиеті жеткілікті әрі жылуды аз өткізетін термикалық қарсылық коэффициенті жоғары болуға тиіс. Жылуға берік және ауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн.
Төбе жапқыштар. Континенталдық климат жағдайында олар қора – жайды сыртқы әуе кеңістігінің құбылыстарынан сақтайды, қыста да, жазда да, жылу сақтауды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Төбе жапқыштар берік, барынша жеңіл, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп – тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуға тиіс.
Едендер. Едендер құс қора – жайларының қорғаушы элементтері ретінде қызмет етеді. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық – гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына және өнімділік көрсеткіштеріне айтарлықтай деңгейде әсерін тигізеді. Құс фабрикаларының едендері мынадай талаптарға сай келуі керек: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тегіс, тұтас, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып – жинауға қолайлы, құстың әр түрлі әрекеттеріне төзімді берік болуы тиіс.
Демеуғалиев, Е.С. [4]. Таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай – ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман – тоғай маңына салынғаны немесе айналаға ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмау тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны қора – жайдың орналасуына жағдай жасайды. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, өсімдіктерді отырғызуға жарамды болса тіптен жақсы.
Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар жер санитариялық – гигиеналық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болуы керек.
Мал шаруашылығы қора – жайларын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аудару керек. Жер көлемін айқындау құс фабрикаларының кеңейтілуін және оны азықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі 300 мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда – 0,4 – 0,5 м2 болуға тиісті.
Залалсыздандырудың бұл әдісінде қидағы жұқпалы аурулардың көптеген қоздырғыштары 30 күн ішінде өліп қалады. Қиды штабелге салар алдында қи сақтағыштың түбіне бір қабат сабан, шымтезек немесе қалыңдығы 20 см сабанды қидан еден төсейді. Қиды штабелге биіктігі 2 м-ге дейін, ені 2,5 м, ұзындығын қалауынша етіп, бүйірлерінің еңіс бұрышын 70° болатындай шұрық-шұрық тесік қыла отырып салады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда малдар індеттік ауруларға шалдыққыш болып келеді, сонымен қатар індеттік аурулардың алдын-алу шараларының басты мақсаты осы қора жайлардың желдетулерімен қатар микроклиматымен тікелей байланысты болып табылады.
Байжұманов, А.Б. [5]. Жануарлардың жұмыс өнімділігі оның тарту күшімен, қуаттылығы және төзімділігімен, атқарылған жұмыс көлемімен оны атқарудағы қозғалыс жылдамдығымен және атқару жағдаймен сипатталады.
Шаруашылықта жұқпалы ауру пайда болған күннен бастап ұдайы жүргізіліп отырылады. Бұл ауруға қарсы тиімді биопрепарат табылмаған.
Дезинфекцияның тиімділігі көп жағдайда оның қолдану әдісіне байланысты. Қазіргі уақытта дезинфекцияның физикалық, химиялық және биологиялық әдістері белгілі. Іс жүзінде ең жиі қолданылатын әдіс — химиялық дезинфекция. Бұл әдіс химиялық заттарды қолдану арқылы іске асырылады. Химиялық заттарға жататын топтар (қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар, фенолдар, формальдегидтер және осылардың қоспалары) және әртүрлі химиялық заттардан жасалған препараттар. Химиялық дезинфекциялық заттардың ықпалдық әсері кең спектрде болуы тиіс және өте аз мөлшерде оның күші мол, суда жақсы еритін, микроб денесіне тез енетін және оның басты құрамымен тұрақты байланыс жасайтын болуы тиіс.