Әдебиетке шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік,орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой.гигиена.docx

— 97.84 Кб (Скачать файл)

Ауа алмасудың техникалық жағынан жетілген түрі, оның жасанды жүйелері (механикалық желдету). Ауа алмасудың жасанды түрлері желдеткіш қондырғыларды пайдалану арқылы жүргізіледі. Желдеткіш қондырғылар ауаны еріксіз керекті бағытта қозғалтып алмастырады. Олардың көмегімен сыртқа шығаратын ауа мен қораға кіргізілетін ауа мөлшерін (зоогигиеналық нормаға сәйкес) реттеп отыруға мүмкіншілік туады.

Ауаның қозғалу себебіне қарай (сиректелген, жоғары немесе қалыпты қысым) механикалық ауа алмасу жүйелері шығаратын (сыртқа соратын), кіргізетін (ішке соратын) және кірмелі-шықпалы болып бөлінеді. Мұнда желдетудің сыртқа шығару жүйесі қорадан лас ауаны еріксіз атмосфералық ауаға шығарады. Соның арқасында қорадағы ауа қысымы азайып, сыртқа ауа арнайы ауа кіретін желдеткіш тесіктерден, барлық саңылаулардан ішке қарай ұмтылады. Ауаның бұлай ішке кіруі жылы кезде жақсы болғанмен, қыста қолайсыз. Себебі, ауа температурасы төмендейді, желорай (сквозняк) пайда болып организмге қолайсыз әсерін тигізеді. Сондықтан желдетудің сыртқа шығару жүйесі жақсы істеу үшін қорадағы барлық тесіктерді (желдеткіш құбырлардан басқа) қымтау керек.

Желдетудің ішке кіргізу жүйесі сыртқы таза ауаны қораға еріксіз кіргізуге арналған. Бұл жағдайда қорада қысым жоғарылап лас ішкі ауа барлық тесіктерден сыртка шығарылады. Әрине, мұнда қажеті жоқ тесіктер мен саңылаулар ауа алмасуға едәуір кедергісін тигізеді. Бұл жүйенің артықшылығы қыс кезінде кіретін ауаны белгілі бір температураға дейін жылытуға немесе жазда ауаны салқындатуға, әрі ауаны шаңнан, микробтардан және аммиактан тазартуға (сүзгілер арқылы) болады.

Аталған ауа алмасу жүйелерінің (ауаны еріксіз сыртқа шығару немесе ішке енгізу) жұмысын мұқият талдағанда оларда кемшіліктер бар екені және оларды жан-жакты жетілдіру керек екені анықталды. Сондықтан қазіргі соғылатын мал қораларында желдетудің аралас жүйелерін пайдаланған тиімді деп табылуда. Мұндай жағдайда жүйе жақсы істеу үшін енгізілетін ауа мөлшері 10-20 пайызға шығарылатын ауадан артық болу керек. Былайша айтқанда қорадағы ауаның қысымы сыртқы ауа қысымынан жоғары болу керек.

Құбыр, төсеніш гигиенасы және қиды сақтау малдарды ұстайтын орындарда қиды (несеп, нәжіс) қорадан дер кезінде шығару үшін құбыр пайдаланады. Нәжіс еденнен ағып кетуі үшін едендердің еңкіштігі 2-3 см, ұзындығы 1 м, сондықтан қи садыралары жиналатын орындарға бойлай нәжіс ағар орлар жасалады және олар да еңкіштеу болуға тиіс. Сұйық тұндыратын орынға сұйық фракциясы түсіп, қорадан тысқары сұйық садыра жиналатын орынға жиналады.

Мал шаруашылық қораларындағы ауаға садыра жиналып, тұндырылатын жердің зиянды газдары таралмауы үшін ол жер тығыз жабылатын қақпақтармен жабылуы керек. Нәжістер – нәжіс науаларынан транспортерлер көмегімен тазаланылады. Саңылаулы едендерді пайдаланғанда, едендердің астына нәжіс жолдарын орналастырады. Несіп және нәжіс еден саңылауынан нәжіс жолдарына түсіп, онда жиналып біраз уақыттан соң қорадан шығарылады.

Малдарды қалың ауыстырылмайтын төсеніштерде ұстағанда (яғни ескі төсенішті алмай, жаңа төсеніштер салып отырады) құбырлық құрылымдар жасалынбайды. Төсеніш және қиды сақтау. Әдетте төсеніш ретінде қыстық сабан, құрғақ ағаш үгіндісі, шымтезек қолданылады. Құрғақ ағаш ұнтағының ылғал сыйғызғыштығы жоғары, бірақ тыңайтқыштық сапасы төмен болады. Қиды сақтау үшін ферма маңындағы және далалық қи сақтағыштарды қолданады. Далалық ки қоймаларын бөлім-бөлім етіп жобалайды және оларды тыңайтатын алқапқа жақын жерде орналастырады. Ферма маңының қи сақтағыштары тереңдетілген, қи сақтағыш тереңдігі – сұйық қи үшін 5 м-ге дейін, ені – кем дегенде 12-20 м, тайқы жері және түбі – қатты материалдан болуы керек. Жер бетіндегі қи сақтағыштарды фермаға жақын орналастырады, тереңдігі 1,5-2 м, түбі су өтпейтіндей болуы тиіс.

Қи сақтағышты жабдықтаған кезде бір малдан тәулігіне түсетін нәжіс және несеп мөлшерін еске алған жөн.

Залалсыздандырудың бұл әдісінде қидағы жұқпалы аурулардың көптеген қоздырғыштары 30 күн ішінде өліп қалады. Қиды штабелге салар алдында қи сақтағыштың түбіне бір қабат сабан, шымтезек немесе қалыңдығы 20 см сабанды қидан еден төсейді. Қиды штабелге биіктігі 2 м-ге дейін, ені 2,5 м, ұзындығын қалауынша етіп, бүйірлерінің еңіс бұрышын 70° болатындай шұрық-шұрық тесік қыла отырып салады.

Төсеніш материалы қосылмаған нәжістен тұратын қиды салу (төсеу) үрдісінде сабанмен, шымтезекпен, ағаш үгіндісімен 4:1 есебімен араластырады. Құрғақ қиды қи садырасымен немесе сумен 1 куб метріне 50 л есеппен дымдайды. Қаланып салынған қиды бір ай ұстайды. Залалсыздандырылған қиды тыңайтқыш ретінде және басқа штабельдерді жабу, қалау үшін қолдануға болады.

 

3.3.Құлынды биені азықтандыру.

    

     Құлындаған биеге алғашқы күндері  жеңіл қорытылып, ас қорытуына  себептесетін бидай кебегі, сұлы  жармасы, арпа мен жүгері ұнтағын беріп, біртіндеп сүттілігін арттыратын көкшөп, пішендеме мен тамыртүйнектер үлесін молайтады. Сөйтіп оны сүтейтіп,құлынын алғашқы кездегі негізі қорегі ене сүтімен қамтамасыз етеді. Құлындағаннан кейін 2-3 күн биеге суға шыланған кебек пен аздаған майда, жұмсақ пішен беруден бастап, 5-6 күнде толық нормалы азықтандыруға көшіреді. Құнарлы жемді 3-4 күннен бере бастайды. Құлынды биенің әр 100 кг т.с. шаққанда рацион азығымен- әр 1 а.ө. 100-105 г қорытылатын протеин болатын 2 а.ө. жеткізілуге тиіс. Құлынды бие отты жайылымда бағылып, оның оты жеткіліксіз жағдайда сапалы пішен, сұлы, кебек күнжарамен толықтырылады.

      Сауын биені азықтандыру. Құлындағаннан кейінгі уақытта бие сүттілігі- 10-12 л дейін, ал сүтттілерінікі- 15-20 л дейін жетеді. Бір сауым маусымында биеден 1500-2500 л сауылады да одан шипалы сусын- қымыз дайындауға болады. Құлындаған биені қымызға байлап сауатын болса, организмнің мұқтаждығын жасына, тірілей салмағы мен қоңына, тәуліктік сүттілігіне сәйкестендірілген азықтандыру нормасы бойынша азықтандырады.

                                                                                                             1 кесте

Желіс және мініс тұқымды биені азықтандыру нормасы

 

Тірілей салмағы, кг

Азық өлшемі

Қорытылатын протеин, г

Кальций, г

Фосфор, г

Каротин, мг

Ас тұзы, г

Буаз биеге

400

6,8

750

50

35

150

25

450

7,7

810

55

40

170

28

500

8,5

900

60

45

190

30

550

9,3

990

65

50

205

33

Құлынды биеге

400

8,4

840

60

45

185

25

450

9,0

900

70

50

200

30

500

10,0

1000

75

55

220

35

550

11,0

1100

80

60

240

40

Сауылатын биеге

400-5*

7,1

750

55

30

160

30

400-10*

10,5

1100

80

50

235

35

500-10*

11,6

1220

90

50

260

40

500-15*

14,5

1520

107

62

327

45


  

    Құлындағаннан кейінгі мерзімде биені сүтейтін, сүттілігін арттыра түсетін- дей есеппен, кестеде келтірілген негізі азықтандыру нормасымен нақты саумы бойынша қажетігінен 15-20% арттырып, яғни үстемелеп азықтандырады. Үстемелеп азықтандыруды биенің күнделікті сауымы оған қарамай көбеймеген кезде тоқтатып, ары қарай нақты сауымы бойынша азықтандыруға көшеді. Сауылып жүріп буаз болған биенің азықтандыру деңгейін 5-10% көбейтеді. Сауын биені жабық қорада ұстағанда жазда көкшөпті турап беріп, қыста олардың рационына сапалы пішен мен құнарлы жем қоспасына қоса сүтейтетін азықтардан -5-10 кг қызылша мен сәбіз, 5-8 кг картоп, 10-20 кг жақсы сақталған сапалы сүрлем мен пішендеме енгізеді.

    Құлынды азықтандыру. Туғаннан кейінгі бір сағаттың ішінде құлын енесінің емшегін іздей бастайды, ал әлсіз құлындардың ауыздануына көмек- тесу керек.Құлының тез өсіп, жылдам жетілуі үшін ене сүтімен қоса басқа азықтарды жеуге ерте үйреткен абзал. Бұл мәселеге әсіресе бие сауылатын шаруашылықтарда баса назар аудару қажет. Қажетті жағдайда құлынды сиыр сүтімен асырайды. Ондай жағдайда майлылығы бие сүтінен екі есе артық, белогы да жоғары, ал қанты кем сиыр сүтінің құрамын бие сүтінікіне жақын- дату үшін 1 л үшінші бөлігі сумен толықтырылып, үстіне 30 г қант қосады. Осындай қосынды сүтті жылытып құлынға алғашқы 3 күнде тәулігіне –12рет, 0одан кейігі 3-4 күнде – 10 рет, 2-3-ші аптада-7 рет, 4-10-шы аптада- 10-16-шы аптада- 3 рет бөліп ішкізеді. Қосынды сүт мөлшерін алғашқы күндері- 3-5л бере бастап, 2-ші аптаның аяғында- 12-15 л жеткізеді. Бір жарым айлық құлындарды минералдық қосындылар мен жеңіл қорытылатын ұнтақталып қауызынан тазартылған сұлы мен апа жармасының қосындысына үйретеді.

     Құлынның дұрыс азықтандырылуын  қалыпты өсіп-жетілуіне, яғни белгілі  мерзімде қажетті салмақ қосымын  бақылап біледі. Тұқымы ұсақ құлындар  тәулігіне 0,7-0,8 кг, ал тұқымы ірілері- 1,4-1,6 кг салмақ қосып отырады.Алты айда құлын сақа жылқы салмағының – жартысына, ал бір жаста 3/1 жетіп, күнделікті- 0,4-0,5 кг салмақ қосуы керек. Құлынды жақсы дамып, тәбеті ашылуы үшін үнемі далада таза ауада күн сәулесі астында серуендеп тұрады. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелері- нің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Ене сүтін құлын кемінде 5-6 ай емуі керек, өйткені енесінен тым ерте айрылу күшті стресс беріп, басқа жемшөпке жақсы үйренбесе қатты жүдеп, өсуі тежеледі. Сондықтан құлынды әбден оттығып әлденгенше 7-8 айлығына шейін енесінен ажыратпаған жөн. Тоғыз айлық тұқымдық құлындарға енесінен айырылғанда алғашқы күндері тәулігіне 2-3 кг кебек пен жармаланған сұлының тең қоспасын араластырып беріп, 4-5 кг жақсы пішен, 3-5 кг сәбіз не қызылшаны үш бөліп жегізеді- алдымен суарып, піен береді де, одан кейін шырынды  азық жегізіп, ең соңынан жем салады. Жазда отты жайылымға жайып, қажетті жағдайда қосымша жемдейді.

        Егер бие әлі көк шыға қоймаған кезде, яғни қыста немесе ерте көктемде құлындаса оны жақсы сақталған пішенмен, дән жармасымен және сұлымен азықтандырған дұрыс. Құлындағаннан кейін екінші және үшінші күні биенің тұяқтарын тазартып, жиектерін тегістейді. Өйткені буаздығының соңғы айынада тұяқ мүжіледі. Ат қорада күтіп- бағу кезінде құлындағанына 5-8 күн болысымен биені де, оның құлынын да ( егер оның денсаулығы жақсы болса) кездіре беруге болады. Құлынды биені ешуақытта суық желді, жауын-шашынды күндері сыртқа шығаруға болмайды. Бұл жағдайлар оларды түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Егер биелер жайылу кезеңінде құлындаса 8-9 күн бойы биені қорада ұстап, содан соң ғана құлынмен қосып өріске шығаруға болады.Биенің де,оның құлынының да ас қорыту жолдарын бұзып алмас үшін өріске бірте-бірте үйрету қажет.

      Содан соң мынадай ережелерді  де естен шығармау керек: 1) Жаңа  құлындаған биені екі апта  өтпей жұмысқа салуға болмайды; 2) Ондай биелер тек жеңіл жұмысқа  ғана пайдаланылады,ешуақытта базарға, жағдай құлын үшін өте зиян, оның үстіне жол ұзақ болса  бие де, құлын да шаршайды;3) Жұмысқа  жегілген биенің құлынын әрбір  екі сағат сайын емізіп тұру  қажет, құлынды биені құлыннан  бөлінуге тура келетін жұмысқа  жібермеу керек.

     Құлынның дүниеге келген кездегі салмағы енесінің салмағының 10% шамасын құрайды,ол туғаннан кейін өз бетімен қозғалуға қабілетті болады. Дүниеге келген құлындар үшін, қанқа бай, иммундық және профилактикалық қасиеті бар бие уызының маңызы зор.

      Құлынды бие күтіміне ерекше көңіл аудару керек. Төсеніші әрқашан қалың болуға тиіс. Үнемі тазартып, серуендетіп отырған дұрыс. Сондай-ақ суық су беруге болмайды, оны ат қорасы температурасындай етіп жылытып берген жөн.

      Құлындар алғашқы жылы тез  қарқынмен өседі. 2 айлығында оның  салма- ғы үш есе, алтын айлығында 5 есе өсіп, ал 12 айлығында ересек  жылқы салмағының 65%-не жетеді. Жергілікті тұқымның құлындары алғашқы айларда тез өседі.

      Табында бағылатын құлындардың  өсімталдығы біркелкі емес, сатылы  дамуға бейім, олар көктем мен  жазда жақсы өседі де, қыста  өсуін бәсеңдетеді. Жас төлге  протеин, витамин және минералды  заттарға бай құнарлы азық  беру қажет. Ал қорада бағылатын  құлындардың үстін күн сайын  тазалап, 1-1,5 ай сайын тұқайларын  тазартып отыру керек.

     Асыл тұқымды төлдің өсуін  бақылау үшін алдыңғы қатарлы  жылқы заводтарының тәжірибесіне  негізделіп, асыл тұқымдарының мемлекеттік  кітабында жарияланған өсу шкалалары пайдаланады. Шаруашылықтағы төлдің салмағы мен өлшемдерін өсу шкаласындағы осы тұқым төлінің өлшемдері мен салмағына салыстырып, шаруашылықтағы төлдің қаншалықты табысты өсіп келе жатқандығын анықтайды.

Информация о работе Әдебиетке шолу