Әдебиетке шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік,орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой.гигиена.docx

— 97.84 Кб (Скачать файл)

     Құлын енесінен түс уақытында, қосымша азықтандырып болған  соң бөлген дұрыс. Бөлінуге тиіс  құлын арнайы қорада қалдырылуға  немесе алдын-ала пішен салынып қойылған өжіреге кіргізілуге тиіс. Бие болса жайылымға айдалып жеберіледі немесе жұмысқа аланып кетеді.

     Енелерінен бөлінген құлынды  үнемі бақылауға алып отыру  керек. Мінезі шәлкем-шалыс құлындарға  дауыс көтеріп, мазыздарын сылап-сыйпап тыныштандырған жөн. Сонымен құлындар сол күні, одан түнімен қорада болады. Түнге қарай оларға сұлы беруге болмайды. Осылайша олар 2-3 күн қорада ұсталады да төртінші күні таңертең ғана әуелі қолдан азықтандырып содан соң өріске шығарылады.

      Құлындар осылайша қара күзге  дейін бағылады. Олар күндіз өрісте  болады да, түнде қорға қамалады. Суық түссе өріске жаю уақытты  бірте-бірте қысқартылып, ақырында  тәулігіне 2-3 сағат серуендетілуге  дейін жеткізіледі.

      Құлынды қорада күтіп-бағу жағдайына  көшіргенде бірнеше үй бірігіп  ортақ қорада бақса, ұрғашы құлындар  бір бөлек, еркек құлындар бір  бөлек ұсталынады. Өйткені бұл  кезде олардың жыныстық инстингі  пайда болады.

      Құлындар енесінен бөлінген бойда-ақ  оларға сақа жылқыға қолданыла- тын күтімнің барлық ережесі қолданылады. Ең алдымен құлындар жетекке үйретіледі (егер енесімен бірге болған кезде оған үйретілмесе). Ол үшін құлындар өріске де, серуенге де ноқталап шығарылады. Өрістен соң да, серуеннен соң да олардың ноқтасын сыпырмай, қораға жетектеп кіргізеді.

     Құлындардың ауық-ауық үстін тазалап тұру керек. Оған құлындар бірте- бірте үйретіледі, ол үшін әуелі сыйпап құлынның өзі қасына алмайтын жерін (алқымын, мойнын) қасу, шүберекпен, сүлгімен сүрту керек.

     Бірден ат тарақпен тарай бастауға  болайды. Тұмсығына, еріндері, көзіне, жалпы жұқа, жүн өспейтін тұстарына щетка тигізбеген дұрыс.Оларды сулы сүлгімен немесе губкамен сүрту керек.

     Құлын күтудің ең басты ережесі  оларды таза ауада көп жүргізу. Соған байланысты оларды кез-келген  ауа-райында, тәулігіне 2-3 сағаттан  серуенге шығару керек. Құлындардың  серуендеуіне тегіс, түрлі қоқыстан, темір-тесек сынығынан таза жер  таңдалады.

     Көктемде, жер құрғаған бойда  қорадағы серуен даладағы серуенге  ұласады. Сөйтіп серуенге шығарған  тайларды салт ат мінген кісі 3-4 километрге дейін шоқырақтатып  не желдіріп қайтады. Мұндай серуендеудің  тайлардың бұлшық еттерін қатайтып, жүрек, өкпе қызметін күшейткендіктен, сондай-ақ азыққа деген зауқын  келтіретіндіктен зор маңызы  бар. Оның үстіне үнемі серуенге шығарылып тұрған тай-құлындар жайылымында бағып-күту жағдайына оңай көшіріледі.

      Құлындарды бас білдіру.Дүниеге келген құлынды адамға бірте-бірте үйретеді. Оны құлынның үстіне есілген сабанмен және щеткамен тазалаудан бастайды, тұяқ тазалау аяғын көтеруді және ноқтамен жетекке жүруді үйретеді.

      Желісті жылқы тұқымының зауыттық  жаратуы топтап және дара түріне  бөледі.

      Топтап жарату. Енесіне айырғаннан кейін жас тайларды тобымен немесе табында жарату ұйымдастырылады. Күн сайын белгілі бір уақытта салт аттылар енесінен бөлінген бір топ төлді (еркегі мен ұрғашысын бөліп) құбыомалы желіспен айдап жаттықтырады.

      Тай құлындарды айдаушылардың  біреуі алдында, біреуі топтың  артында болады. Алғашқы зауыттық  жарату кезінде серуен қашықтығы 2-3 километрден аспауы керек. Құлындар  бірінші 600-800 метр қашықтықты өз  еркімен шауып өтеді, кейін 600-800 метрді  құбылмалы желіспен, ал кейін 1000-1500 метрді аяң жүріспен серуендейді.

      Топтап жаттықтыру тәулік бойы  өткізіліп бір күн демалыс  беріледі. Бір-екі жұмадан кейін  тоаптап жаттықтыру қашықтығын 4,5-5,5 километрге дейін ұзартады. Көктемге  қарай бұл қашықтық 10-11 километрге  жеткізіледі. Жаратуға жас малдар  бұл кезеңде алғашқы 1200-1400 м қашықтықты  шауып, келесі 3000-3500 м желіп, сонан  соң 1200-1400 м қашықтықты аяң жүріспен  өткеннен кейін, қайтадан 2500-3000 м қашықтықта желдіріп, ал ақырғы 1200-1600 м бөлігін серуендетіп бітіреді.

     Жегілетін тай үйрету кезінде  ол божыға, яғни делбеге қалыптастырылады. Ол үшін жетектеу кезінде тізгіннің  не шылбырдың орынына ауыздықа  делбе байланады. Оны тайдан 3-4 қадамдай  артта келе жатқан кісі екі  қолымен ұстайды. Тайды екінші  адам ноқтасынан жетектеп отыру  қажет. Бірақ ол тай басын еркін  ұстайтын етіпжетектеуге тиіс. Жетектеуші  кісінің тайдың бүйір тұсынан  жүріп отыруы керек. Үйретілген  тайға делбе өткізілген шығыры  бар айыл тартылады. Мұндай жағдайда  айыл салдырмай ат басын төмен тартпайды. Бұл мақсат үшін ұшында шығыры бар қайыс пайдалануға болады. Осы қайыс ат арқасынан алынып тартылады да, шығырынан делбе өткізіледі. Тай тек делбемен ғана басқарылады.

     Жас ат бастықан соң оны  да, үйреншікті атты да жетекке  алады. Егер үйретіліп отырған  ат шәлкем-шалыс мінез көрсетпесе, иығына түсіріледі. Бірақ жанқайыстың  ұзындығы жас аттың артқы аяғы  тиіп, жанағашқа тимей тұратындай  болуы тиіс.

     Біраз уақыттан соң ат бір-біріне  әбден үйренеді, содан кейін оларды  қосарлап жеге беруге болады.

     Көп ат жеккенде де осылайша  алдымен жас ат пен бұрынна  жегіліп жүреген атты қатар  жегіп үйрету керек.

     Үйретілген құнандарды тек жеңіл  жұмысқа қана жіберу керек. Олармен  тәжірибелі, шыдамды кісі ғана  жұмыс істеуге тиіс. Олармен алыс  жолға шығуға болмайды.

     Құлынды жаттықтыру 1-1,5 жасынан бастап (мінілген құлындар жазғы жайылыста  болғаннан кейін күзден бастап) 2 жасына дейін жалғастырады.

     Табыннан бөлінген құлындарға  әуелі көктемде үйретілген әдістерді  қайталап, сосын жеке ерекшеліктеріне  байылынсты әр түрлі желісті  белгілі бір жүйемен төлді  болдыртпай, жұмыс пен демалысты кезектестіріп үйретеді.

 

 

 

 

3.6.Құлындарда кездесетін аурулар.

 

      Жас құлынның жағдайын мұқият  бақылап отырған дұрыс. Тіршілігінің  алғашқы күндерінде жас құлынның  өздеріне тән ауруларға шалдығуы  мүмкін. Ал ауруға шалдыға қалса  дереу емдеу қажет.

      1.Өлітию. Құлында кей кезде кездесетін тоңғақт түспеу секілді өлітию ауруына шалдықтырады. Құлын күшене береді, арқасы бүгіледі, енесін ембей қалады, ішіне қайта- қайта қарайды, жата береді. Артқы тесігі құйрық түбі доңғақ жағылып былғанады. Егер құлынға дер кезінде көмек көрсетілмесе ол мал болмайды. Сондықтан ең алдымен тырнағы алынып, әбден жуылған қолдың саусағымен тік ішекті тезектен тазарту қажет. Содан соң сабынды жылы сумен (1-2 стакан) клизма жасаған пайдалы.

     2.Кіндік жарығы. Тіршілігінің алғашқы күндері шамадан тыс күш түсуден (секіру,тым көп кезіп, шаршап-шалдығу,т.б.) немесебие туып жатқанда дұрыс көмек көрсетпеу салдарынан құлында кіндік жарығы өршиді (кейде іштен де туатыны бар). Кіндік жарығын айыру оңай: ол жұмсақ, онша ауырсындырмайтын, орнына жеңіл түсетін «тесік». Бұл ауруға шалдыққанда кіндіктің кеңейген, «сақинасынан» соған жақын жатқан жиек бөлігі шығып кетеді. Кіндік жарығынан тартып тастау, бандаж кигізу жолымен емдеуге болады. Бірақ құлынның кіндік «сақинасы» тартылып, өзі де жазылып кетуі мүмкін.

    3.Сарыбуын. Бұл жұқпалы ауру. Мұны биені қынап ауруына шалдықты- рып, құлын тастататын қоздырғыштар қоздырады. Ауру құлын тіршілігінің алғашқы күні-ақ пайда болады. Сары буынға шалдыққан құлынның екінші күні кіндігі кеуіп қабынады. Құлынның қызуы көтеріліп, енесін сирек емеді немесе мүлде ембейді. Содан кейін-ақ буындары, әсіресе тілерсек, тізе буындары іседі. Төлдің іші өтетін жағдай да жиі кездеседі. Онысы сасық болады. Ауру 15-20 күнге созылады да құлын өледі. Бұл ауруды білісімен дереу мал дәрігерін шақырту керек, оған дейін ауру құлынды оқшаулай тұру керек. Төсеніш таза, құрғақ ұстаған дұрыс. Ал бұрын тұрған қорасы міндетті түрде дезинфекцияланады.

      Кейде құлын өте әлжуас болып  туады. Олар аяқтана да, өздігінен  ауыздана да алмайды. Мұндай құлын  көбінесе «әлсіз туған төл  ретінде» шығынға шығады. Бірақ  тәжірибелі кісілер әрбір туған  құлынды аман өсіру қажет деп  әділ айтады. Олар алғашқы күннен-ақ  ондай әлжуаз туған құлынға 2 сағатта  кемінде бір рет енесінің сүтін  беріп, жақсыап тұрып бағады. Астына  қалың етіп төсеніш төсейді. Соның  нәтижесінде құлын көп ұзамай  мал болып қатарға қосылады.

 

 

 

 

 

 

IV.Қорытынды

 

     Сонымен, курстық жұмысымды қорытындылай келе тақырыпқа байланысты өзімнің ой-пікірімді білдіргім келеді.

     Жылқы өсіру– жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады.

   Жаңа туған құлындарды суықтан, алғашқы дымқылдан және желден сақтау керек.Сондықтан оларға құрғақ,таза әрі жылы төсеніш керек.

     Жас төлдерді көбінесе көктемнің басында (наурыз-сәуір) болады, сондықтан ат қорада температура кем дегенде 6-10°С болуы және өтпе желдер болмауы ерекше маңызды.

    Құлын тұратын қораның төбесі қораны шатырдан бөліп, оны жылытады. Қыс кезінде ол жылудың шатыр арқылы берілуіне кедергі келтіреді, ал жазғы аптапта қораны ысып кетуде я сақтайды. Төбесін жылу өткізгіштігі төмен, ылғал тартқыштығы жоғары материалдан жасайды.

    Еден жылы, берік, тегіс және кедір-бұдырлау, мал тайғанақтамас үшін дезинфекция жасауға оңтайлы болуы керек.

   Құлынның рационы витаминді, минералды қоспалар және балық майын енгізеді.

      Құлынды топтап баққанда оны  жынысына, жасына, қоңдылығына қарай  бөледі. Жас, кейін туған және  нашар құлындарды бөлек бөліп, бөлек топ құрайды. Ұрғашы және  еркек құлындарды бөлек бағады. Енесінен ажыраған құлындарға (6-8 айлығында) жақсы жайылым ұйымдастырады және қыста оларға сапалы, құнарлы жоңышқа, бидайық және шөптен жасалған ұн береді. Құлынның астауына сәбіз, жалайтын тұз, кальций, бор болғаны дұрыс.

     Асыл тұқымды төлдің өсуін  бақылау үшін алдыңғы қатарлы  жылқы заводтарының тәжірибесіне  негізделіп, асыл тұқымдарының мемлекеттік  кітабында жарияланған өсу шкалалары  пайдаланады. Шаруашылықтағы төлдің  салмағы мен өлшемдерін өсу  шкаласындағы осы тұқым төлінің  өлшемдері мен салмағына салыстырып, шаруашылықтағы төлдің қаншалықты  табысты өсіп келе жатқандығын  анықтайды.

 

   

   

 

 

 

 

 

 

V. Қолданылған  әдебиеттер тізімі

 

    1. Мырзабеков,Ж. - Ветеринарлық гигиена, - А.: Білім, 2005. -

  3 – 4 б.

  1. Нәсіпбаев,Т.- Жануарлар физиологиясы, - Алматы.:    Қайнар,1995.-112-114 б.
    1. Кузнецов, А.Ф. - Гигиена кормления сельскохозяйственных животных – Л.: Агропромиздат, 1989.- С.25-29.
    1. Демеуғалиев, Е.- Мал азықтандыру, - Алматы, 2000. Б.65-67.
    2. Байжұманов, Ә. - Мал өсіру, - Қайнар, 1987.- 200-203 б.
    3. Әкімбеков, Б.Р., Мүсілімов, Б.М., Әкімбеков, А.Р., Дәленов, Ш.Д. - Жылқы шаруашылығы, - Қостанай, 2007.-12-14 б.
    4. Онегов, А.П.- Гигиена сельскохозяйственных животных, - М.: Россельхозиздат, 1984. С.244-246.
    5. Бозымов, Қ.Қ.- Жылқы және түйе шаруашылығы,-А.: Қайнар, 1993.- 16 б.
    6. Гершун,В.И. – Ветеринарная гигиена, - А.: Қайнар, 1994. – 184 – 190 б.
    7. Кузнецов, А.Ф. - Гигиена сельскохозяйственных животных,– М.: Агропромиздат, 1991.- С.77.
    8. Лаптев А.П., Поливский С.А. - Гигиена ,– М.: Колос,1990.
    9. Бозымов Қ.Қ., Дәрібаев А., Әткешов Ж.С. – Жылқыны азықтандыру- Талғар, 1994.- 100-101 б.
    10. Юрков, В.М. - Микроклимат животноводческих ферм и комплексов, – М.: Россельхозиздат, 1985.
    11. Кузнецов,А.Ф.- Жануарларды күтіп бағу гигиенасы, - М.:Колос, 2003.-145 – 150 б.
    12. Утенкова,Т.А. - Домашняя птица. Разведение и уход. – М.: Вече, 2006. – С. 176.
    13. Морозова,О. - Утки и гуси на вашем подворье, - М.: Феникс, 2002. – С. 200.
    14. Кәдіров ,Н.Т. - Жас мал дәрігеріне кеңес, - А.: Қайнар, 1973.-48-53 б.
    15. Бәшірова Ж. - Мал шаруашылығы негіздері курсын оқыту негіздері. -   Алматы.: Рауан, 1994.
    16. Ставровский,А.Е.- Мал шаруашылығы практикумы, - А.:Мектеп, 1974.
    17. Әлібаев,Б., - Мал өнімдерін өндіру технологиясы, - А.: Фолиант,2010.
    18. Бұлашев,А. - Ветеринария негіздері, - А.: Фолиант, - 2009.
    19. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.- Алматы, 2002. - 4 том.

Информация о работе Әдебиетке шолу