Әдебиетке шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік,орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой.гигиена.docx

— 97.84 Кб (Скачать файл)

Төлдерді суықтан, ылғалдан және өтпе желден қорғайды. Оларды құрғақ, таза және жұмсақ төсенішпен қамтамасыз етеді. Төлдегеннен кейін бес күннен соң биені құлынымен басында 30-40 минутқа, кейіннен уақытын біртіндеп арттыра отырып серуендетуге шығарады. Ауа райы жылына биелерді құлынымен қоса жақсы шалғынды құрғақ өрісте көбірек ұстау керек. Бұл құлынның ауруға төзімділігінің артуына, ішкі ағзалары мен қаңқа бұлшық етінің жақсы дамуына мүмкіндік жасайды.

Құлын анасын тәулігіне 20-30 рет емеді, сондықтан емізетін биелерді жұмысқа пайдалануға, алыс жолға мінуге болмайды. Пайдаланатын биелердің құлындарын біртіндеп емес, бірден 5-6 айлық жасында, асыл тұқымды биелерден 8 айдан кейін айыруды ұсынады. Анасынан айырғаннан кейін құлындарды биелерден бөлектеп, екіден немесе секцияларда топтан (мүмкін болса қатты балшық бетонды еденде) ұстайды. Ең бастысы жаңа туған құлындарды суықтан (қорада температура 6-10° С болу керек), алғашкы дымқылдан және желден сақтау керек. Сондықтан оларға құрғақ, таза әрі жылы төсеніш керек.

        Құлын кезінде организмнің жетік интенсивті өсуі енесінің сүтіне байланысты.Құлынның 1 кг салмағы 10литр енесінің сүтін қажет етеді.Сол үшін құлынды биені жұмысқа салуға болмайды.Құлын енесімен бірге жайылымда жүргенде 1-1,5 ай кезінде шөпке үйрене бастайды.Ал енді екі айлық кезінде жем беруге болады.Құлынға жемді беруді 200-300 грамнан бастайды да кейіннен оның көлемін көбейте береді,ал енді енесінен ажыраған кезде 2,5-3,0 кг дейін жеткізеді.Қысыкүні құлындарға арналған рационда дәнді және бұршақ пішіндері, сәбіз, сұлы, арпа, күнжара, жүгері және азықтық бұршақ болғаны дұрыс.

     Құлынның рационы витаминді, минералды  қоспалар және балық майын  енгізеді.

     Құлынды кейбір шаруашылықтарда  8-12 бастан топтап,жарық, кең қорада ұстайды. Мұндай секцияларда жем-шөпке арналған ақыр, су ішетін ыдыс болуы тиіс.

     Құлынды мұндай қорада топтап  ұстағанда қораның іші таза, ауада  басқа жарамсыз иістер болмау  керек, желдеткіштер жүйесі үздіксіз  жұмыс істеп тұруы тиіс. Сонымен қатар жел өті болуы керек.

     Құлынды топтап баққанда оны  жынысына, жасына, қоңдылығына қарай  бөледі. Жас, кейін туған және  нашар құлындарды бөлек бөліп, бөлек топ құрайды. Ұрғашы және  еркек құлындарды бөлек бағады. Енесінен ажыраған құлындарға (6-8 айлығында) жақсы жайылым ұйымдастырады және қыста оларға сапалы, құнарлы жоңышқа, бидайық және шөптен жасалған ұн береді. Құлынның астауына сәбіз, жалайтын тұз, кальций, бор болғаны дұрыс.

      Жаздыкүні күндіз табиғи немесе  көп жылдық шөп егілген жасанды жайылымда бағады, ал түнге қарай шарбаққа немесе секцияға қамайды. Құлындардың тұяқтарын, терісін қадағалап тұру керек.

     Жаратылуға арналған құлындарды  әр күні бір бағытпен жүгіртіп  отыру керек. Мұндай жаттықтыру  құлын организмінің жетік өсуіне, төзімділікке үйренуіне, жеке жатығуына, өзінің ықпалын тигізеді.

     Табындың жылқы шаруашылығы жағдайында еметін кұлындарды ұстауға ерекше назар аударады. Емізетін биелерге құлынымен бірге жақсы шалғында epic бөлінеді. Шөптердің ісіп қатаюы кезінде еметін құлындарды құнарлы азықтармен үстемелеп азықтандырады. Ондай жағдайда анасынан айыру көктем кезінде өткізіледі. Анасынан айырылған құлындарды таңбалайды және ноқтаға, байлауға, жетекке үйретеді. 1,5 жылдың жасқа дейін әр түрлі тұқымдық және әр мақсатқа арналған құлындарды іс жүзінде бірдей жағдайда күтіп-бағып өсіреді. Құлындарды күту. Туу белгісі білінгенде биенің астына құрғақ таза сабан төсейді. Биелер көбінесе түнде туады. Туу үрдісі 8-10 минуттан аспайды. Жаңа туған құлынның аузын, тұмсығын және құлақтарын шаранадан тазартып, кіндігін түбінен 5 см қалдырып кеседі де, хирургиялық көмек көрсетіп, арнаулы залалсыздандырылған жіңішке жіппен байлап, кесілген жеріне 5%-дық йод ерітіндісін жағады. Жаңсы жетіліп туған құлын 20-30 минуттан кейін аяқтанып, енесінің емшегін іздей бастайды. Осы кезде құлынды емізбес бұрын енесінің емшектеріне жиналған алғашқы (қара) уызды сауып тастап, сонан кейін үрпісін арнаулы ерітіндімен залалсыздандырады да, құлынды сүйемелдеп емізеді. Алғашқы уызды құлынға туғаннан соң 1-1,5 сағат өткен соң береді. Алғашқы үш жұмаға дейін құлын ене сүтімен азықтанады, ол әрбір 30-40 мин сайын емеді (тәулігіне 50-60 мәрте).

Құлынды биені күн сайын жетелеп құлынын ертіп серуендетеді, күн суықта – қора ішінде, ал жылы күні –далада, бұл құлынды еріп жүруге дағдылдандыру үшін және биенің жыныс ағзалары тезірек қалпына келіп ұрықтануы үшін қажет. Бір жұмадан соң оларды серуен алаңына шығарады, алғашында 20-30 минут, кейіннен күн сайын серуенді ұзарта береді.

Құлындарға бір айдан соң қосымша азық бере бастайды. Ерте туған құлындар (қаңтар, ақпан) жайылымды жақсы пайдаланады, ал кеш туғандар күзге әлсіз болып жетеді. Құлындарды 5-7 айлығында енесінен айырады, оларға сапалы шөп, құнарлы азық береді. Тәулігіне 15-20 г ас тұзын беріп отырған жөн өсіру. Құлын енесін еміп өседі, ат қорада және табында баққан жағдайда құлын 8-9 айлығына дейін, ал таза жайылымда баққанда ұзақ уақыт бойы енесімен бірге жүреді. Жылқыны табындап баққанда құлынды биелердің жақсы жайылымда болып, таза су-атпен қамтамасыз етілуін қадағалау қажет. Мұндай жағдайда әр бие тәулігіне 10-15 литр сүт береді, құлыны жақсы өсіп, 7-8 айлығында 200-240 кг және одан да ауыр тартып, қысқа қоңданып, есейіп түседі.

Ат қорада, жайылымда және табында үйірлеп баққанда құлын үш айлығынан бастап жармаланған жемге үйретіледі. Құлынға берілетін жемді бие жеп қоймау үшін жеке оттыққа салынады. Ат қорадан тысқары жерде құлындарды үстеп азықтандыру үшін құлын өтіп, бие өте алмайтындай етіп діңгекке сырғауыл шегелеп төрт бұрышқаша жасалады. 3-4 айлығындағы құлынға тәулігіне 0,5 кг, ал енесінен айырарда 1,5-2 кг жем беріледі. Кұлынды енесінен бірдеме айырмайды, енесінен айырғанға көндіккенше ол әуелі бірнеше күн бойы жеке қорада немесе ат қораның бір бұрышында бөлек күтіледі. Кораның ыңғайы болмаған жағдайда бірінші табындағы енесінен айырылған құлындар екінші табынға, ал екінші табындағы құлындар бірінші табынға жіберіледі. Сөйтіп, бие мен құлын бірін-бірі іздеп, табыннан қашпайтын болады. Енесінен айырылған құлындарды қамқорлықпен күтіп, жақсылап азықтандыру, мал дәрігерлерінің мұқият қарап жүруі қажет, өйткені нақ осы кезде құлындар сақау ауруына шалдыққыш келеді.

Құлындар енесінен айырғанға дейін, яғни қыркүйек, қазанда таңбаланады. Таңбалау дегеніміз – қыздырылған темір таңбалар арқылы құлынның терісіне сандар мен белгілерді күйдіріп салу. Сандардың биіктігі -10 см. Оң жауырыны мен оң жақ мықынына құлынның рет саны, туған жылының соңғы екі саны мен шаруашылықтың белгісі күйдіріп басылады.

Құлын өсірудегі қоралардың жылулық тепе – теңдігі. Қора-жайдағы жылу тепе-теңдік мал қораларының сыртқы конструкциялары микроклиматты сақтауда маңызды роль атқарады. Әрине, оның өзі малдың өнімділігіне, құрылыс конструкциясының ұзаққа шыдамдылығына айтарлықтай әсер етеді. Қорадағы жылу балансы — ол жылудың кірісі мен шығысының ара қатынасы. Жылу көздері жоқ қорадағы жылудың түсу мөлшері малдан шығатын жылу мөлшерімен анықталады. Жылу малдың денесінен бөлінуі арқылы жиналады.Ал шығыны — сыртқы ортамен жылу алмасу кезінде және сыртқы қорғаушы элементтерді жылытуға кеткен еден, терезе, есік, қақпа) жылудың шамасымен анықталады.  Жылу балансын мына төмендегідей жағдайларда есептейді:

  • қораны жобалау кезде жергілікті климаттық жағдайларда;
  • қораның қоршау жақтауларының жылулық қасиеттерін анықтау үшін;
  • сыртқы температураның ең төменгі деңгейін анықтау үшін (бұл температура қора ауасының температурасын оптимальды деңгейде ұстау үшін анықталады);
  • ең суық кезеңде қорадағы температураны болжау үшін;
  • жылу жүйелерінің қуаттылығын анықтау үшін.

Құлын тұрған қорадағы жылу балансын есептеудің басты мақсаты — мал қораларында қолайлы температура мен ылғалдылықты жасау. Мал қоралары үшін жылу тепе-теңдігін аса суық кездердегі температуралық көрсеткіш пен ауаның ылғалдылығын ескере отырып сақтау керек. Жылудың тепе-теңдігі әр қора-жайдағы жылудың шығуы мен кіруінің арасындағы теңдік.

Қыс кезінде суық ауаны жылытатын жылудың жетіспеушілігіне байланысты, әсіресе жылытылмайтын қораларда ауа температурасының төмендеуі және қабырғалардың ішкі беттерінде су тамшылары пайда болуы мүмкін. Мал қораларында жылудың шығыны үш бөліктен тұрады:

  • сырттан кіретін ауаны жылытуға (есепті ауа алмасу жағдайында) кететін жылу;
  • қоршау жақтауларынан жоғалатын жылу (қоршау жақтаулары калың болған сайын жылу аз жоғалады);
  • еден, астау және т.б. дымқыл беттерден шығатын судың булануына кететін жылу.

Құлын тұрған қораның жылу балансын есептегенде жылудың барлық шығысын қосып кіріспен салыстырады. Негізінде жылудың кірісі мен шығысы бірдей болуы міндетті. Былайша айтқанда, қорадағы қолайлы температураны ұстап тұру үшін жылу балансы 0-ге тең болуы керек.

Суық кезеңде қорада керекті ауа алмасу деңгейі мен нормативтік температураны ұстап тұру үшін міндетті түрде қосымша жылу көздері қарастырылуы қажет. Қолданылатын жылу көздерін тиімді пайдалану үшін мамандар әр қораға сай жетпейтін жылудын мөлшерін анықтап отырулары қажет. Жылу дефициті — ол жылудың жетіспеушілігі. Жылу дефицитін толықтыру үшін қоралардағы саңылауларды қымтайды, ондағы мал басының мөлшерін сақтайды, электр жүйелі қондырғыларды және т.б. қолданады.

Қораларды терезелер мен жарықтандыру. Терезелердің саны мен мөлшері ғимаратқа қажетті және сәулеттік шешімге сай болуы керек. Терезелер ғимараттарды сырттан бөліп тұратын және табиғи жарық беретін, ішін желдендіріп отыратын қажетті элементтер. Сондықтан да терезелердің ауқымының аздығы қажетті жарықты қамтамасыз ете алмайды, ал үлкен терезелер қора-жай ішін салқындатып немесе тым ысытып жібереді.

Терезе қимасы қораптардан, жақтаулардан, алдына төселген тақтайшалардан және сыртқы су аққыштан тұрады. Терезелер бітеу, ашылмалы-жаппалы, бір не екі қабат әйнектелген болып жасалуы мүмкін.

Мал қора-жайларының жарықтандырылуы — микроклимат туғызудың маңызды факторы. Алайда, терезе көздерінің саны мен әйнектеу аумағының көлеміне байланысты онан жылу сыртқа шығып кетіп жатады. Ағаш жақтаулы бір қабат терезелердің жылу өткізгіштік коэффиценті 5,8 Вт/(м2хС), ал қос қабат терезенікі — 2,67 Вт/(м2хС).

Ал күшті жел соққан кездс терезе арқылы шығып кететін жылу мөлшері 200-300 пайызға дейін артады. Терезенің еденнен биіктігі байлауда ұсталатын мал қоралары мен бұзау үйшіктерде 1,2-1,3м , сиырлар бос жүретін қораларда — 1,8-2,4м , шошқа кораларында кемінде 1,2м , кой мен кұс қораларында — кемінде 1 метр, қолдан ұрықтандыру пункттерінде — 0,68 м деңгейінде қолданынылып жүр. Осындай жағдайларда қора-жайлар жақсы жарықтандырылса, жануарлар жаурап, тоңа қоймайды.

Жылқы тұратын мал қораларын желдету жүйелері. Желдетудің негізгі қызметі — қора-жай ішінен ластанған ауаны шығарып, оны сыртқы таза ауамен ауыстыру. Жануарлар мен құстар айналаға жылу, дымқыл бу, көмірқышқыл газын шығарады және жануарлар ки нәжісіндегі органикалық заттар бұзылады да, аммиак, күкіртті сутегі және басқалар пайда болады. Ауасы толық тазартылмаған қора-жайда зиянды заттар тым көп жинақталып қалады. Содан барып малдың зат алмасу процесі төмендейді, жалпы физиологиялық жағдайы әлсірейді, жемін қорытуы мен сіңімді заттарды қабылдауы төмендейді. Соның салдарынан малдың табиғи төзімділігі мен денсаулығы төмендейді, өнімділігі мен өнім сапасы азаяды. Сондықтан да қора-жай ішінде микроклиматтың қалыпты сақталуы үшін ауаны тазартып тұру аса пайдалы.

Мал қораларды желдетудің түрлері. Мал қораларында желдетудің табиғи, механикалық және аралас түрлері қолданылады. Табиғи желдету ешқандай энергия көзін шығын етпей сыртқы ауа мен ішкі ауаның тығыздығы мен температурасының айырмашылығы арқасында жұмыс істейді. Табиғи ауа алмасу тек ішкі ауа мен сыртқы ауа температура айырмашылығы 8-10°С жоғары болғанда ғана жүреді. Ауа қозғалысының бағыты «төменнен-жоғары», «жоғарыдан-төмен», «жоғарыдан-жоғары» және басқадай болуы мүмкін.

Табиғи желдету құбырлы және құбырсыз болып бөлінеді. Құбырсыз желдетуге оның қарапайым жүйелері жатады: терезе (форточка) төбе саңылаулары және басқалары арқылы.

Құбырсыз желдетудің кемшіліп кажетті мөлшерде ауа алмасу деңгейін жыл маусымына сәйкес қамтамасыз ете алмайды және реттеуі қиын. Құбырлы желдету жүйесі құбырсызға қарағанда анағұрлым тиімді. Мұнда қорадағы ластанған ауа оны сыртқа шығаратын құбырлар (шахталар) арқылы шығарылады, ал таза ауа — арнайы құбырлармен кіргізіледі. Ауаны сыртқа шығаратын құбырлар саңылаусыз әрі жақсы қымталған (жылытылған) болуы керек. Себебі қорадан шығатын жылы ауа құбырдың жоғарғы жағына жеткенше суымау керек. Егер құбыр нашар қымталған жағдайда оның қабырғасында су жиналып, ауаны copy жылдамдығы азаяды. Ауаны сыртқа шығаратын шахта жоғарғы жағыңда ондағы ауаның қозғалысын жылдамдататын жабдықтармен (дефлекторлармен) жабдықталған олар құбырларды әрі жауын-шашыннан қорғайды). Дефлектордың жұмыс істеу принципі желдің әсерінен болатын эжекция құбылысына негізделген. Шахтаның ішінде айналмалы жапқыш (заслонка) болады, оның көмегімен ауаның сыртқа шығу мөлшері реттеліп отырады. Ауаны сыртқа шығаратын құбырлардың (шахтаның) жұмыс істеу қабілеті олардың биіктігіне тікелей байланысты. Ауа шығаратьш шахталардың көлденең кесіндісі 0,8х0,8-ден 2,0-2,5 м дейін барады. Ауа кіретін каналдар (мөлшері 0,2x0,2 м) көлденең қабырғалардың жоғарғы деңгейінен 1,8-2 м биіктікте орналастырылады, ал терезенің астындағы саңылаулардың көлденең кесіндісі 1,7x0,06 м шамасында болады. Республикамыздың әртүрлі климаттық жағдайларында табиғи желдетудің құбырлы түрінің соңғы кезде тиімді деп табылуда. Мұнда таза ауа шатырда немесе төбеде арнайы орналасқан каналдардан (тесіктерден) кіреді де, лас ауа — ұзын (биіктігі 8-9 м), әрі үлкен, төменгі жағы еденнен 0,5 м биіктікте орналасқан моношахта (бір шахта) арқылы сыртқа шығарылады. Мұндай биік шахтаның ауа copy қабілеті өте жоғары болады. Ауа алмасу «жоғары-төмен» бағытымен жүргізіледі, ал жұмыс қабілеті шахталардың (ауа кіргізілетін және ауа шығарылатын) көлденең кесіндісіне байланысты.

Желдетудің табиғи жүйелері негізінде жылқы қораларында қолданылады. Айта кететін жағдай, табиғи желдетудің аталған түрлері сыртқы ауа температурасы төмендегенде (-12°С төмен) немесе өте жоғарылағанда жеткіліксіз жұмыс істейді. Соның салдарынан суық кезеңдерінде қораларда температураның күрт төмендеуі, ылғалдылықтың молаюы, тұманның пайда болуы, зиянды газдардың шоғырлануы байқалады, ал қабырғалар бетінде су тамшылары жиналады. Аталған қолайсыз құбылыстардың бәрі желдету жүйесінің тиімсіздігінің төмендігін көрсетеді. Қазақстан жағдайында табиғи желдетудің аса тиімдісі В.В.Шведовтың дефлекторларымен жабдықталған кірмелі-шықпалы ауа алмасу жүйесі болып табылады.

Информация о работе Әдебиетке шолу