Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:47, контрольная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.
КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68
Мемлекет атынан жоғары
АІЖК-ң 44- бабына сәйкес прокурор іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді.
Азаматтық сот өндірісінде прокурордың іске қатысуының 2 нысаны заңмен қарастырылған.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін және қоғамдық мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Ал, әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
АІЖК 309-бабының 1-тармағы бойынша азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс тек прокурордың арызы бойынша қозғалады.
Талап қоюшы прокурор басқа талапкерден мынандай белгілерімен ерекшеленеді.
- Прокурор баж салығын
- 154- бабтың 1- тармағының 3-4 бөлімдерінде
көзделген талап арызды
- Прокурор өз талап арызында
қандай құқықтың
Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда талап қоюшы мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылмайды.
Прокурор өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасымен басталған істерге қорытынды беру үшін қатысады. Прокурордың бұндай қатысуының өзі 2-түрге бөлінеді.
а) Міндетті қатысу
б) Факультативті қатысу.
Міндетті қатысу заңмен көзделген жағдайда немесе прокурордың қатысуын сот міндетті деп тапқан жағдайда пайда болады.
Заңмен көзделген жағдайға АІЖК 284,299, Неке және отбасы заңының 68,71,96, баптары т.б кіреді.
Прокурордың қатысуын сот міндетті деп табады, егер іс күрделі немесе қоғам үшін маңызы жоғары болса. Іске прокурордың қатысуы жөнінде істі әзірлеу сатысында судья ұйғарым шығарады және оны прокурорға жібереді.Жоғарыда аталған жағдайлардан басқа уақытта прокурордың іске қатысауы міндетсіз болады.
Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы. Оның құқықтары мен міндеттері.
Прокурор бірінші инстанциядағы сотта 2 түрлі нысанда іске қатысу барысында іс-материалдармен танысуға қарсылық білдіруге, дәлелдеулер табыстауға т.б АІЖК-ң 47- баб көзделген құқықтар мен міндеттерге ие болады. бірақ прокурор бітімгершілік келісіміне келе алмайды және оған қарсы талап қойылмайды, себебі прокурор даулы материалдың құқыққатынасының субъектісі болып табылмайды.
Азаматтық іс прокурордың талабы бойынша басталса, сол іс бойынша прокурор қорытынды беруге құқысы жоқ.
Прокурордың апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттарға қатысуы.
Прокурор апеляциялық немесе
қадағалау инстанциясында
беру үшін қатысуға құқығы бар.
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне ҚР Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстық прокурор мен оның орынбасары, аудан прокуроры мен оның орынбасары іске қатысу түрі мен нысанына қарамастан назарылық білдіре алады.
Заңды күшіне енген сот актілеріне ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасары, Бас әскери Прокурор, облыс пркуроры және оған теңестірілген прокурорлар наразылық білдіруі құқықтығына ие.
Прокурорға қарсылық білдіру негіздері:
а) егер пркурор: осы істі мұның алдындағы қарау негізінде куә, сарапшы, маман, аудармасшы сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса.
б) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өнімдерінің біреуінің туысы боса.
в) істің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі немесе оның әділдігіне негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыста алмайды.
Азаматтық процеске басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуы.
1.Азаматтық процеске басқа
мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының,ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуының негіздері және мақсаттары.
2. Мемлекеттік органдардың
3.Мемлекеттік органдардың іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың құқықтары мен міндеттері.
Азаматтық процеске басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуының негіздері және мақсаттары.
Басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, жекелеген азаматтар іске қатысқанда даулы материалдың құқыққатынасының субъектісі болып табылмайды. Сондықтан олар азаматтық процесте талапкер болып саналмайды. Іс бойынша өзінің атынан қозғалған тұлға талапкер болып табылады.
Жоғарыда аталған тұлғалар АІЖК-ң 44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді және АІЖК-ң 47-бабы бойынша іс жүргізу құқықтарын иеленеді және міндеттерді атқарады.
Аталған тұлғалардың іске қатысу негізі органдардың заңмен немесе актілермен белгіленген құзіреттерін, функцияларын немесе қызметтік міндеттерін атқаруы болып табылады. Сондықтан олар іс бойынша тек процессуалдық-құқықтық қызығушылыққа ие болады. Аталған тұлғалар процеске өз атынан қатысады, бірақ бөтен адамдардың мүдделерін қорғайды. Басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы мемлекеттік органдардың іске қатысу мақсаты:
АІЖК-ң 56,57-баптарына сәйкес іске қатысудың екі нысаны бар:
Мемлекеттік органдардың қоғамдық және мемлекеттік мүдделері қорғау үшін сотқа жүгінуі, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.
Процеске қатысудың бірінші нысаны 56-бапта көзделген. Осы бап бойынша аталған мемлекеттік органдар мен ұйымға мыналар кіреді:
1) Қорғаншы және қамқаошы органдар;
- Некені жарамсыз деп тану (неке және отбасы заң 25- бабының 1 -тармағы)
- Ата-аналық құығынан айыру (68 -б 1- т)
- Ата-аналық құқығын шектеу (71- б 3- т)
- Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп немесе қайтыс болды деп жариялау (АІЖК 296- б 2 -т)
- Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану АІЖК (302- б 1,2- т)
(қамқоршы және қорғаншы
2) Мемлекеттік органдар:
- Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану. Азаматтық код (314- б 2 тармақ )
3) Кәмелетке толмаған ісін
4) Ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер.
- Психиатриялық емдеу
- Сайлауға байланысты
5) Жекелеген азаматтар.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар азаматтар өзге тұлғаның мүддесін қорғау арқылы істі қозғағанда мемлекеттік баж салығын және басқа да сот шығындарын төлеуден босатылады, бітімгершілік келісіміне келе алмайды, және оларға қарсы талап қойылмайды.
Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда талапкер жалпы тәртіп бойынша мемлекеттік баж салығын төлейді./3/
Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса сот талап арызды қараусыз қалдырады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар сот жарыссөзінде саңынан сөз кезегін алады.
Мемлекеттік органдардың іске қатысуының прокурордың іске қатысуынан айырмашылығы мынандай:
56-бап бойынша аталған
-56 бапта аталған тұлғалар істі өздерінің қызметтік міндетіне байланысты бастайды.
- Процесте өз атынан қатысады.
Мемлекеттік органдардың іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың құқықтары мен міндеттері.
Мемлекеттік органдардың іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы, яғни азаматтық істер бойынша сотқа қатысудың 2-ші нысаны АІЖК-ң 57- бабында қарастырылған .
Ондай органдарға:
Олар АІЖК-ң 47-бабында көрсетілген құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Мемлекеттік органдардың қорытындысы жазбаша нысанда беріледі. Қорытындыға ұйым жетекшісі қол қояды және мөрмен куәләндырылады. Қорытынды сот процесінде барлық дәлелдемелер зерттеліп болғасын оқылады. Сот және іске қатысулар мен олардың өкілдері қорытындыға байланысты сұрақтар қоюға және қорытындыны түсіндіруін өтінуіне болады.
Мемлекеттік органдардың қорытындысының прокурордың қорытындысынан айырмашылығы
Мемлекеттік органдардың қорытындысы арнайы құзыретіне сай нақты сұрақтарға жауап береді, ал прокурор қорытындыны бүкіл іс бойынша жасайды.
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар.
Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлік жауап беру бұл – азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті мән – жайларды анықтауда заңда бекітілген тәртіпте жеке тұлға – куәнің нақты деректерді хабарлауы немесе айтып беруі. Осы үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Сонымен бірге куәлік жауап беру үшін кез-келген тұлға тартыла бермейді. АІЖК-нің 79-бабының 2-тармағы бойынша аталған тұлғалар куә ретінде жауап алуға жатпайды.
- Балаларды тәрбиелеу туралы
даулар бойынша істерді
- өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өзгеруіне белгілі болған мән-жайлар туралы азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;
- шешім немесе үкім шығару
кезінде мәселелерді істің мән-
- оларға тәубаға келу кезінде
сенім білдірген адамдардан
- заңда көрсетілген басқа
АІЖК-нің 79-бабының 3-тармағы бойынша мына тұлғалар сотта куәлік айғақ беруден бас тартуға құқылы.
- адам өз-өзіне;
- зайыбына (жұбайына) қарсы;
- шеңбері заңмен белгіленген жақын туыстарына қарсы;
Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар