Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 20:00, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдардан кейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын қарастыру;
Тәуелсіз жылдар кезі мен қазіргі уақыт аралығындағы динамикалық өзгерісін анықтау, оған баға беру.
Жоғарыдағы жазбалардан, тараудардан көргеніміздей, қазақтар өз жерінде өткен ғасырларда әрқашан көпшілік құрап келген болатын. Соның арқасында монғол мен ойраттың, жоңғар мен қалмақтың дәл іргесінде тұрып, Шыңғысханның жаһанды жаулаған монғолдарын да сол көптігімен өз құрамына сіңіріп алды, монғол мемлекетіне айналып кеткен жоқ. Қазақтар Жоңғарларды да "ақтабан шұбырынды" жылдарында олардың Қазақ даласын шарлаған аласапыран шабуылдарынан кейін 25 жылдан соң біртіндеп өз жерінен қуып шықты, қазіргідей қазақтың саны өз жерінде аз болса, олай істеу қиынға соғар еді, мүмкін емес те болар еді. Ресейдің тарапынан жасалған отаршылдық қитұрқыларға да сол санының көптігі арқылы ғана төтеп берді, Кеңестердің қызыл қырғынан да сол көптігі арқылы аман қалды. Ал аз халықтар әлдеқашан жойылып кетті. Орыс болып кетті, шоқынып кетті...
Қазақтарды 20 ғасырдың орта шеніндегі қиын демографиялық дағдарыстан алып шыққан екі нәрсе болды: бірі - қазақ халқы 60-70 жылдары бала санын шектеу дегенді білген де жоқ. Және 60 жылдары Қытай шекарасынан өтіп бір мезгілде 140 мың қазақ көшіп келді. Бұрын сол жылдары "60 мың қазақ келді" деп коммунистік КСРО мен Қытай азайтып айтқан. Осының арқасында, жетпісінші жылдардың аяғында елдегі қазақтардың саны қайтадан артып 35 пайызға жетті. Ал Тәуелсіздік алған 1990-91 жылдары Елімізде қазақтар саны 38-40 пайызды құрайтын еді. Бұндай жағдай тарихта болып көрген емес.
Жергілікті халық өз жерінде аз болып отырып, Тәуелсіздік жариялаған емес.
Бұл түгілі
халқы млрд-пен саналатын
Сол-ақ екен жел оңынан тұрғандай болды. 1990-2000 жылдар аралығында елден жалпы саны 3 млн-дай болатын орыс, украин, белорус, неміс, дағыстандықтар, шешендер көшіп кетті. Бұл кезең қазақтардың саны баяғы 30-шы жылдардан соң алғаш рет қайтадан 50 пайыздан асқанын, Қазақстан халқының тең жартысы қазақтар екенін жария етті...
1991-2001 жылдар
аралығы еліміздегі халық үшін
өте қиын, ауыр болуымен сипатталады.
Ел соғыс кезіндегідей
Сол кездерде,
осы он жылдың ішінде, 1990-2000 жылдар ішінде
елімізге шетелдерден 42387 қазақ жанұясы
көшіп келді. Бұл адам санымен
көрсеткенде, 183652 адам ғана еді. Соның
ішінде Өзбекстаннан - 62737, Түркменстаннан
- 22055, Тәжікстаннан -10476, Ресейден - 8490 қазақ
келді. Алыстағы шетелдерден айтқанда:
Монғолиядан - 65202, Ираннан - 5030, Түркиядан
- 3780, Ауғанстаннан -1719, Қытайдан -2214, Пәкстаннан
- 1102, Сауд Аравиясынан - 81 қазақ келген.
Яғни бұл қиын жылдары келгендердің,
қазіргі демографиялық
Алайда демографиялық қиындық онымен бітпеді. Елге 183652 қазақ көшіп келгенмен, 101298 қазақ шетелдерге көшіп кетті. Оның ішінде алыс шетелдерге жақсы тұрмыс іздеп кеткендер де, Ресейге қоныс аударған өздерін қазақтан гөрі орыс ретінде сезінетін орыстілді қазақтар да, немесе қиындыққа шыдамай, келген еліне қайта көшкен оралмандар да болды. Ал елдегі жергілікті халықтың табиғи өсімі тым төмендеді. Бала санының шектелуі халықтың өсімін бере алмайтын дәрежеге жетті. Бұл жылдары қазақтардың елдегі пайызын арттырған - шетелдерге көшіп кеткен 3,5 млн-ға жуық өзге ұлт өкілдері ғана еді. Басқа ұлттар кете берсе де қазақтың пайызы өздері көбеймей-ақ артады екен. Бұл жылдары оралмандарға берілетін мемлекеттік квота саны да тым аз еді: Үкіметіміз 1999 жылы - 500 жанұяға, 2000 жылы - 500 жанұяға, ал 2001 жылы 600 жанұяға ғана квота бөлген. Бұл сан теңізге тамшы болуға да жетпейтін...
Сондықтан, 1991-2001 жылдар аралығындағы шетелдік қазақтар негізінен квотадан тыс, тек қана тәуелсіз жас Отанына деген жалаң ентузиазммен, жай көңілмен ғана көшіп келді. Бұл жылдар ішінде квотамен көшіп келгендерден, квотадан тыс көшіп келгендердің саны әлдеқайда артық болып келді. Бұл тек жанқиярлық қана болатын. Мысалы, 1991 жылдың сәуір айынан бастап, 1992 жылдың сәуірі аралығында Монғолиядан Қазақстанға тек қана чартерлік рейстермен 40102 адам жеткізілді. Бұл шынында да, МХР мен ҚР Үкіметтері мен Баян Өлгей қазақтарының біріккен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болды. Ол кезде тіпті оралмандар, көші-қон туралы Заң да жоқ болатын. Қазақстанның көкпеңбек аспанынан бос күйінде көтерілген жүздеген ұшақтар Монғолияны, Баян Өлгей қыраттарын бетке алып ұшатын, қайтарында тіпті мал-мүлкін де алмастан, тек асқақ сезімін қанат қылып ежелгі еліне қарай ұшқан Моғолиялық қазақтармен әрқашан толып келетін. Сырттай жүдеп жеткен оларды, жүдеп-жадап тұрған Отаны күтіп алатын. Алайда көңіл семіз еді. Ал 2000 жылдарға қарай бұл екпін саябырлап, қазақтарды елге оралту туралы іске күмән келтіріле бастады, себебі жылына квотадағы жылына 500 жанұя әкелу деген тым аз болатын, әрі қанша қазақ елге келсе, оның тең жартысындай қазақ шетелдерге кетіп отыратын еді. Жоғарыдағы келген және кеткен қазақтың саны мынаны көрсетеді: елге 9 қазақ келген сайын 5 қазақ елден кетіп отырды...
Кейін 2001 жылдан кейін экономика мен тұрмыс оңала бастағасын және халықтың өзі нарықтық қатынастарға бейімделе бастағасын, мемлекеттік квота мөлшері де артты. Елбасы оралмандаға бөлінетін квота санын жылына 20 мың жанұяға дейін ұлғайтуға тапсырма берді. Бұл енді әр жыл сайын Қазақстанға 140 мыңнан аса қазақ келіп отыруын қамтамасыз етеді деген сөз. Ал 140 мың адам деген Қазақстан үшін орташа көлемдегі бір қаланың халқы.
Таяудағы өткенімізді қарасақ, 2001 және 2007 жылдар аралығында Елімізге шетелдік қандастардың келуі артты: бұл жылдары Қазақстанға 1426334 қазақ көшіп келді. Оралмандардың ішінде Өзбекстаннан (61,6%), Монғолиядан (14,3%), Түркменстаннан (8,6%), Қытайдан (6,7%) келгендердің пайызы басым болды. Нарық қыспағынан арыла бастаған жергілікті халықтың, соның ішінде қазақтардың да табиғи өсімі арта бастады.
Қазақстанның демографиялық өзгерістер шежіресі де таңғажайып еді. Себебі, жер бетінде бұндай Мемлекеттік деңгейдегі көші-қон үрдісін, қандастарын елге оралту құбылысын Қазақстаннан басқа ешбір ел ешқашанда жасаған емес. Тек Израильды мысалға алады ғой. Израиль шектен тыс бай мемлекет болатын. Және әлемдегі бизнестің де, саясаттың да, ғылымның да, билік пен саясаттың да тұтқасын ұстап отырған Еврейлер де шетінен ықпалды топтар және бай халық еді. Ал Қазақтар қай жерде де қарапайым өмір сүріп жатқан. Соған қарамастан, кішкене Қазақстан әлемде болмағанды жасап, биыл 2008 жылдың тамыз айында Қазақстанға келген 1 млн 500-інші, яғни млн жарымыншы қазақты күтіп алатын болады...
II.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2.1 Халықтың жастық ерекшелік құрамы
ҚР Статистика агенттігінің алдын ала есептеуі бойынша 2003 ж. халықтың саны 14866 мың, 2004 ж. 14951,3 мың адамға жетті. 1959 – 1970 жж. күрделі өнеркәсіп пен көлік кұрылыстарын салу, территориялық - өндірістік кешендердің құрылуы мен дамуы (Маңғыстау, Екібастұз, Павлодар, Қаратау-Жамбыл, Қарағанды, Теміртау, Шығыс Қазақстан (Рудалы Алтай), Қостанай (Рудный), тың және тыңайған жерлерде жаңа кен шарларды ұйымдастыру сияқты жұмыстар жылдам қарқынмен жүргізіле бастады. Сол себепті XX ғ. 60 – шы жж. халықтың жылдық өсу карқыны 2,9 % болды. Яғни бұл кезеңде халықтың саны 3714 мың адамға өсті, немесе 40 % -ға. 1970 ж. бастап өндірістік құрылыстарға күрделі қаржы бөлудің азаюы, табиғи өсімнің кемуі, одақтық (ауданаралық) көші – қонның тиімділігінің азаюы халықтың өсу қарқынының төмендеуіне әкеліп соқты, яғни жылдық өсу карқыны 1,35 %-ға тең болды. 1970 – 1979 жж. екі халық санағының арасында халықтың саны 12,9 %-ға ғана өсті. Соңғы жылдары сыртқы көші – қонның саны көбейді, яғни көшіп кеткен адамдардың саны республикадағы табиғи өсімге жақындады, ал 1993 ж. онымен теңесті. 1993 ж. бастап халықтың саны кеми түсті.
№1 кесте. Қазақстанның және оның облыстарының халық көрсеткіші 1999-2009ж, мың адам
|
1999 |
2003 |
2004 |
2005 |
2009 |
Қазақстан |
14953,1 |
14862,5 |
14951,2 |
15074,2 |
16009,6 |
Ақмола |
836,3 |
748,2 |
748,9 |
747,6 |
737,5 |
Ақтөбе |
682,6 |
668,3 |
671,8 |
678,4 |
757,8 |
Алматы |
1558,5 |
1560,5 |
1571,2 |
1589,5 |
1807,9 |
Атырау |
440,3 |
452 |
457,2 |
463,7 |
510,4 |
Шығыс Қазақстан |
1531 |
1466 |
1455,4 |
1442,0 |
1531,0 |
Жамбыл |
988,8 |
979,5 |
985,6 |
992,0 |
1022,1 |
Батыс Қазақстан |
616,8 |
601,9 |
603,8 |
606,7 |
598,9 |
Қарағанды |
1410,2 |
1333,6 |
1330,9 |
1331,6 |
1341,7 |
Қостанай |
1017,7 |
919,1 |
913,4 |
907,3 |
885,6 |
Қызылорда |
596,2 |
603,8 |
607,5 |
612,0 |
678,8 |
Маңғыстау |
314,6 |
338,5 |
349,7 |
361,7 |
485,4 |
Павлодар |
807 |
748,7 |
745,3 |
743,9 |
742,5 |
Солтүстік Қазақстан |
726 |
682,1 |
674,5 |
665,8 |
596,5 |
Оңтүстік Қазақстан |
1978,3 |
2110,8 |
2150,3 |
2193,5 |
2469,3 |
Алматы қ. |
1129,4 |
1147,5 |
1175,2 |
1209,1 |
613 |
Астана қ. |
319,3 |
502 |
510,5 |
529,4 |
1365,6 |
1995 халықтың ең көп кему жылы (378,2 мың адам) болды. Халықтың санының жылдық кемуі біртіндеп азайып келе жатыр.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің көрсеткіштері бойынша, халықтың санының азаюы 1 каңтар 2000 ж. дейін байкалды. 1 каңтар 2003 ж. бастап халықтың санының аздап та болса өсуі көріне бастады, яғни 14951,3 мың адамды кұрады. Сол 2003 жылдан бастап Қазақстан халқының саны аз – аздап болса да, тұрақты өсіп отырды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенген кезде, 2007 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанның халқы 15571,5 мың адам болды. Бірақ, осы мәліметтер тек ағымдық мәліметтер болғандықтан, оларға тек ағымдағы демографиялық қорытындыларды жасауға ғана болатынын атап кеткен жөн. 2009 жылдың ақпан – наурызында өткізілген Қазақстан Республикасының өткізілген екінші санағының алғашқы мәліметтері бойынша, Қазақстан халқы 16 430 мың адамға дейін жетті. Сол өткізілген санақ пен статистика агенттігінің мәліметтеріндегі айырма 700 мың адам шамасында.
Халықтың өсу карқыны табиғи өсім мен сырткы көші-қонның сальдосымен ара – катынасын салыстыру арқылы анықталады.
Қазақстанда жалпы табиғи өсімнің 1991 ж. бастап төмендегені байқалған болатын, оның төмендеу шегі 1999 ж. байқалады, яғни 65,1 мың адам. Соңғы 2000-шы жж. бастап табиғи өсім аздап та болса көтеріле бастады. 1993 ж. бастап көшіп кетушілер саны ұлғайып, шарықтау шегі 1994 ж. 409,1 адам болды, яғни 1993 жылдан 2002 жылға дейін адамның табиғи өсім саны көшіп кетушілердің орнын толтыра алмады. Халықтың саны сырттан көшіп келушілер (иммигранттар) арқылы да өседі, бірақ иммигранттар мен эмигранттардың сальдосын қарасақ (1991 – 2003 жж.), әлі де теріс көрсеткішті көреміз. Мысалы, 2003 ж. Қазақстанға көшіп келушілер 65308 адам болса, көшіп кетушілер 74370 адам, яғни сальдосы 9062 адам болды.
2003 жылдан
бастап республика халқының
2003 ж. бастап республикадағы табиғи өсім халықтың сыртқы көші – қоны аркылы кеміген саның табиғи өсімнің есебінен толтыру жоғарылай бастады, 19,3 мың адамға өсті. Мұндай процестердің (тенденциялардың) болуына мынандай факторлар әсер етеді:
- Кеңес Одағының ыдырауына байланысты экономикалық және әлеуметтік дағдарыстар;
- Бұрынғы Кеңестік Одақтык республикалардың тәуелсіз егеменді мемлекеттерге айналуы;
- Экологиялық жағдайлардың нашарлауы (ядролық қаруды сынау, Арал теңізінің кұрғауы, уран рудаларының ашық әдіспен өндірілуі, өнеркәсіптің коршаған ортаны ластандыруы т.б.);
- Алыстағы және жақындағы шетелдерге көші-қонның көбеюі;
- Бала табудың азаюы мен өлімнің көбеюі;
- Жоғарғы себептерге байланысты мемлекетаралық көші-қонсальдосының теріс болуы.
Халықтың өсу қарқынындағы мұндай келелі өзгерістерге, республика жұртшылығының болашақта үміт артып отырғаны экономикалық және әлеуметтік өзгерістеріне байланысты. Бүл жайында ел Президента Қазақстан халқына жолдауында: «... алтыншы осал жағымызды кез келген тұрғыдан кауіпті демографиялық өнімсіздігімізде сипаттап отыр. 1992 жылдан бастап соғыстан кейінгі 50 жыл ішінде тұңғыш рет біздің халқымыздың саны кысқара бастады», — деп атап өтті. Сондықтан халықтың санының өсу мәселелері мемлекеттік басты саясаттын бірі болып есептеледі. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасының 2001 – 2005 жж. демографиялық дамуы» және «2004 – 2010 жж. демографиялық және көші – қонның саясаты» туралы бағдарлама қабылданды. Халықтың санының ұдайы өсіп-өнуі және өсу каркыны бала табу мен өсімнің арақатынасының әсерінен құралатын табиғи өсімге байланысты болады.
Халықтың
республикалық аймақтары
№2 кесте
2009 жылғы
халық санағы бойынша
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың
қаңтар-маусым аралығында
2006 жылдың
қаңтар-маусымында АХАЖ
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Информация о работе Қейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу