Қейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 20:00, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдардан кейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын қарастыру;
Тәуелсіз жылдар кезі мен қазіргі уақыт аралығындағы динамикалық өзгерісін анықтау, оған баға беру.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 80.19 Кб (Скачать файл)

Көші – қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарынікінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай жағдай 2001 – 2005 жылдарда да сақталып отыр және ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі:

1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79 %; ал ауылда — 57-60 %); 

2) әдетте, мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының 23% - ын құрайды (ал қалада — 30%).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 

 

3.1 Демографияны жақсартуға  арналған саяси бағдарламалар

 

Әупірімдеп жүріп екінші ұлттық санақты да аяқтадық. Толық қорытындысы  әлі ресми жарияланбаса да, негізгі  келбеті белгілі болды. Мәселен, 2015 жылы халық санын 20 миллионға  жеткізу туралы межеміздің ауылы  алыста екендігіне көз жеткіздік. Дегенмен иісі қазақты қуантқан жаңалық: мемлекет құрушы ұлттың үлес салмағы 67 пайызға жетті. Мұндай көрсеткішті ешбір демограф маман алдын ала болжап айтқан жоқ еді, ең оптимистерінің өзі «алпысты» да қанағат тұтқан болатын. 

Бұл санақ ұлы даладағы қазақтың пайыздық үлес салмағы осы мекенде жүргізілген ең алғашқы санақтың қорытындысымен теңескенін көрсетіп отыр. Яғни 1911 жылғы патша үкіметінің санағы бойынша, Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы 67 пайызды құраған болатын. Одан бергі уақытта төмен қарай құлдиладық, тіпті есігіміз айқара ашылған тың игеру кезінде 29 пайызға дейін құлдыраған заман өтті. Әлхамдулла, бүгінде 67 пайыз Алашпыз, тағдырдың жазуымен кері кеткен қазақ жұрты бастапқы мәреге қайта оралдық.  
1999 жылғы санақ бойынша, Қазақстан тұрғындарының саны 15 миллионның төңірегінде болса, осы жолы 16 млн 402 мың 861 адамды құрадық. Сырт көзбен қарағанда, Қазақстанда демографиялық құбылыстар өте баяу жүріп жатыр деген қорытындыға жетелейді. Шетелдік сарапшылар осындай тұжырым жасап, тіпті БҰҰ Қазақстанды өсімі баяу мемлекеттердің қатарына жатқызып қойды. Дегенмен олар елдегі демографиялық құбылыстардың ішкі себептеріне көңіл аудармаған. Қазақстанда қазақтардың жедел өсімі байқалса, ал славян тектес өзге ұлт өкілдерінің саны жыл сайын төмендеп келеді. Нәтижесінде жалпы халықтың саны өспей, көбеюші халықтың үлес салмағы

артып жатыр. 

Елдік санасы кешігіп барып, ХІХ  ғасырда ғана пісіп-жетілген Батыс мемлекеттері бүгінде ұлттық саясат жүргізуді елден артық біледі. Олай дейтініміз, Еуропа елдерінің мемлекеттік құрылымы либералды демократияның заңдылықтарына негізделгенімен, мемлекеттік саясаттың түпқазығы алдымен ұлттық саясатқа тәуелді. Жә, жарайды, Қазақстан бір кезде «Кеңес Одағының қоқысына» айналған мемлекет болсын-ақ делік. Сан түрлі халықтарды тағдыр айдап, Қазақстанға тап қылған екен. Алайда осыдан туған аяушылық сезімімен төл мәдениетімізді, жер бетінде бір ғана ұлтқа тән қазақ тілін құрбан етіп беру екі дүниеде кешірілмес күнә болар еді. Бір кездері «одақтың қоқысы» болсақ, енді «әлемнің қоқысына» айналып кетпеу үшін әрекеттенуіміз қажет.

Ақпан айының 25-сі мен наурыздың 6-сы аралығында өткен санақ қорытындысының шеті көріне бастағанда-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы тақырыпқа қатысты сөз сөйлеп үлгерді. Астанада өткен Қазақстан әйелдерінің V форумы барысында: «Біз Қазақстанның жалпыадамдық және демографиялық даму мәселелері бойынша жалпыұлттық саясаттың жобасын жасауымыз қажет», – деп мәлімдеді.

Содан бері елдегі ресми мекемелердің біразында мемлекеттік тілге  бетбұрыс аңғарыла бастағандай. Мәселен, өткен айда Сыртқы істер министрлігі ісқағаз жүргізуде толығымен мемлекеттік тілге өткендігін мәлімдеді. Осы дүйсенбіде Үкімет отырысы толығымен дерлік қазақ тілінде өтті. Үкіметбасы Мәсімов уәде еткендей, бұдан былай да бұл игі үрдіс жалғаса бермек. Тәуелсіз ел болғалы Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік тілде өткен алқалы жиын әлгі орыстілді журналистердің шамына тиіп кетіпті. Бәлкім, орыстілді журналистерді дағдарысқа қарсы бағдарлама секілді қайта мамандандыру жобасына бағыттайтын кез жеткен шығар. Егер өзге мүмкіндіктерімізді былай қойып, тек демократияның заңдылықтарына ғана салатын болсақ, телеарналардың барлығын 50 де 50 емес, жаңа статистикаға негіздеп өзгерте берсек те болар. Алла бұйыртса, алдағы үш-төрт жылда-ақ 70 пайызды еңсереміз. Демек, бұл кезде тілдік норма 70/30 болмақ. Бәлкім, «халықтың 70 пайызы да қазақша білмейді ғой» деп уәж айтатындар табылар. Дегенмен бұған да есеби тілмен жауап беріп көрелік. Елімізде қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдері бар. Мысалы, санақ кезінде «қазақ тілін білесіз бе» деген сауалға өзбектердің 94 пайызы «әрине» деп жауап берген. Өзекеңдер шүлдірлеп сөйлегені болмаса, мемлекеттік тілді білу жағынан, пайызға салғанда, қазақтардан асып түседі екен. Өйткені ана тілін білетін қазақтар 91 пайызды құрады. Оның үстіне өзбектердің тек 48 пайызы ғана орыс тілін біледі екен. Енді есептей беріңіз, еліміздегі өзбектердің саны 510 мың адамды құрайды, Қазақстандағы санының көптігі жағынан қазақ пен орыстан кейін үшінші тұрған халық. Бұдан өзге халықтардың да қазақ тілін білудегі белсенділігі анық көрінді: 220 мың адамды құрайтын татарлардың 68,6 пайызы, 95 мың адамды құрайтын түріктердің 80 пайызы, 95 мың әзірбайжанның 68 пайызы, күрттердің 64,2 пайызы, шешендердің 41,3 пайызы, қырғыздардың 93,8 пайызы, дүнген, кәріс, гректердің 35 пайызы «қазақ тілін білемін» деп жауап берді. Қаншалықты білетіндерін қайдам, дегенмен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген ілтипаты зор екені көрінді. «Білемін» деп жауап бергендердің сөзіне сенсек, 70 пайызды артқа тастап, одан да үлкен көрсеткіштерді берер еді. Ұзын сөздің қысқасы, бұл санақтың қорытындысы ұлттық саясаттың жаңа арнаға түсуіне мүмкіндік беріп тұр. Әсіресе тіл саясатына сапалық өзгеріс әкелері анық. 

Қазақтың санын көбейтудің екі  бұлағының көзін ашу қажет. Бірі – шетелдегі 5 млн қандастарымыздың ұлы көшін атажұртқа қарай  бұруды стратегиялық мақсат ету. Яғни стратегиялық мақсат аясында Көші-қон  комитетінің құзырын ұлғайтып, уақытша  министрлік мәртебесіне дейін көтерген жөн. Сөйтіп, қазақ ұлтының демографиялық  саясатының басы-қасында жүрегі «қазағым»  деп соғатын, сауатты азаматтардың отырғанын қалар едік. Келесі бұлақ  көзі – кәдеге аспай тұрған демографиялық  ресурсты, яғни әрнені желеу етіп, соқа басымен сопайып жүрген бойдақ қыз-жігіттердің  отасып, үй болуына рухани-әлеуметтік алғышарт жасау. Сүбеде алтау-жетеу ағайынды баланы тең өсірген халықтың ұлы – он шақты, қызы моншақты болып жататын ізгі дәстүр әрбір қазақтың отбасынан табылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды   

 Қазақстанда  демографиялық дүмпу жүріп жатыр,  яғни дүниеге келген балалар  саны күрт өсуде. Бұл үшінші  дүмпу болып саналады. Біріншісі  соғыстан кейін 60-шы жылдардың  басында болса, ол кезде қазақ  әйелдері 7-8 баладан туды. Екіншісі 1987-88-ші жылдары шыңға шықты,  ол кезде бір әйел 4-5 баланы  өмірге әкелді. Үшіншісі осы соңғы  жылдары байқалып отыр. Қазір  қалалық әйелдер 2-3 баладан, ауылдағы  әйелдер 3-4 баладан тууда. Оны  демографиялық толқын деп те  атаймыз. Толқын толқынды туғызады, ойысу ойысуды туғызады. Яғни, бірінші  дүмпу - аталары болса, екінші  дүмпу - әкелері, үшіншісі - балалары. Бұл өзі табиғи заңдылық. Яғни, бұл дүмпу бәрібір болатын  еді. Өйткені екінші дүмпудегі  балалар өсіп-өркендеп, қазір үйленіп,  үйлі-баранды болып жатыр. Сондай-ақ, бұл дүмпуге туудың деңгейі  де қосылып отыр. Әрбір әйел  адамға шаққанда баланың саны  артуда. Қазақстанда қазақ әйелдерінің  бала туу көрсеткіші 1999 жылы әбден  төмен түсіп кетіп, бір әйелге  шаққанда 2,1 баладан келсе болса,  қазір 2,7 балаға дейін көтеріліп  отыр. Енді біз дүмпудің шыңына  жетіп, бұл санды 3 балаға дейін  көтерейік деп отырмыз. Үш бала  деген, шынын айтса, бәлендей  үлкен көрсеткіш емес. Яғни бұл  дүмпу ата-аналардың санының көбеюінен,  жастардың үйленуінен болып отыр. Былтырдың өзінде 147 мың жас неке  құрды, басқа жылдармен салыстырғанда  үйленуге ниет білдірушілер саны  өсіп келе жатыр. Демек биыл  да «бэби бум» болады. Бұл ағылшын  тілінен аударғанда «бөбек дүмпуі»  деген мағына береді. Қазақша  «қара домалақтардың тасқыны»  деп те айтуға болады. Қазір  бұл тасқынды мемлекет те, қоғамдық  пікір де қолдап отыр. Мемлекет  қалай қолдап отыр? Биылдан бастап  жөргек ақы екі есе өсті  – 70 мың теңге. Содан кейін  бала бір жасқа жеткенше он  ай бойы жәрдемақы алады, егер  отбасының жағдайы нашар болса,  онда бала 16 жасқа толғанша әлеуметтік  көмек беріліп тұратын болады. Бұл үлкен көмек.

Қазір тағы бір айта кетерлік жағдай, оны сырт көз байқамауы да мүмкін. Қазір  демографиялық дүмпуге 40-жастан асқан  әйелдер де өз үлесін қосып жатыр. Олар егде тартып қалса да, әлеуметтік жағдайы жақсарған соң, оның үстіне денсаулығын жақсарту мақсатында балаларын  өмірге әкеліп жатыр. Жалпы әйелдер  үшін ең бала туатын жас 23-24 жас. Ал екінші бір мен байқаған жағдай, қазір  қалада тұратын қазақ әйелдерінің  бала туу көрсеткіші ауылда тұратын  қазақ әйелдерінің бала туу көрсеткішінен  жоғары болып тұр. Бұл ешбір елде болмаған жағдай. Бұл миграциядан  болуы мүмкін. Яғни ауылда денсаулығы нашар, көңіл-күйі жоқ, некесіз адамдар  қалып, денсаулығы жақсы, жігерлі азаматтар, әйелдер көбіне қалаға кетіп қалады. Демек ауылға да жағдай жасасақ, бала туу деңгейі көтеріледі. Мысалы балаға берілетін 7 жарым теңге ауылда бір отбасыны асырай алады.  
«Қара домалақтар тасқыны» 2012-2015 жылдары шыңына шығады

Былтыр  туған балалардың саны 330 мыңға жуықтаса, биыл олардың саны 350 мыңға жуықтайды  деп болжап отырмын. «Қара домалақтар тасқыны» 2012-2015 жылдары шыңына шығады. Ол кезде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келетін болады. Туылған балалар саны неғұрлым көбейсе, ол бүкіл 20-шы ғасырда соғұрлым балалардың санының төмендемеуін қамтамасыз етеді. Яғни бұл балалар 20 жылдан кейін өз балаларын туады, 50 жылдан кейін немерелері туылады, 75 жылдан соң шөберелері болады.

Қазір Қазақстандағы қазақ саны 63 пайыз болса, 2015-ші жылдары 70 пайызға жетеді.

Қазір Қазақстанда  халық саны, ағымды статистика бойынша, 16 млн 442 мың деп есептеліп отыр. Қазақтың саны осы жылдың басында 9 млн 415 мыңдай болды. 5 миллион қазақ шетелде тұратынын ескерсек, әлем бойынша қазақтар саны 16 млн-ға, Қазақстанның өзінде 10 миллионға жақындайтын болады. Ал түркі тілдес халықтармен қоса есептегенде 70 пайызға жеттік. Мен неге 70 пайызға тоқталамын? Яғни қазақ өз жерінде 70 пайызға жетпей, өзінің унитарлы мемлекетін билеп отыра алмайды. Тілін мемлекеттік тұғырға шығара алмайды. Сондықтан бізге санмен қатар сапа да қажет. Ал Сапаны сан береді. Кейбіреулер бар, шіреніп, сан керек емес, сапа керек дейтін. Сан болмаса, сапа қайдан болсын? Қазақстанда қазақ саны 70 пайызға 2015-17 жылдары жетеді. Бізге оралмандардың саны қосылады, оралмандарға квота саны биыл 20 мыңға дейін көтеріліп отыр. Басында 5-10-15 мың квота берілетін. Бұл жыл сайын Қазақстанның халқы қатарына 100 мың адам қосады деген сөз. Қазақстандағы еуропа тектес халықтар арасында балалардың саны аз. Олар депопуляциядан шыға алмай отыр. Олардың арасында туудың төмендігі соншалықты, әлі өлгендердің сандарын толтыра алмауда. Бұл жалғыз біздің еліміздегі еуропалықтардың басындағы жағдай емес, олар тарихи отандарында да осындай күй кешіп отыр.

Отбасының әлеуметтік жағдайы артқан сайын, екінші, әсіресе үшінші баланың құндылығы  шеттетіліп қалады.

Әйел  адам отбасы жақсы тұрған сайын, басқа  құндылықтарға қызығады. Ол бір ғана бала туады, екінші бала туғаннан гөрі үлкен пәтер алғысы келеді, әкесі  джип мінсем дейді, өздері бірігіп шетелге  барғысы келеді. Осылайша екінші баланың, әсіресе үшінші баланың құндылығы  шеттетіліп қалады. Данияда үлде мен  бүлдеге оранып отырған әйел Тәжікстанда  балаларымен қара нанды бөліп  жеп отырған әйелдерге қарағанда  үш есе баланы аз табады. Алматыда базарда  жүрген орта азиялық мұсылман әйелдер  қазақ әйелдерінен екі есе, орыс әйелдерінен үш есе баланы көп  туады. Бала туу экономикаға байланысты емес. Бала туу тәлім-тәрбиеге, пиғылға  байланысты. Егер сіз көп балалы отбасында тәрбиеленіп, мұсылман дінін  қабылдап, дәстүрге жақын болсаңыз, сіз де көп бала өсіресіз. Ал жалғыз болсаңыз, сіз де жалғыз ғана бала өсіресіз

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Шуленова Л. Бытсервис для оралманов//Экспресс-2002-2
  2. Алексеенко А. Население Казахстана 1920 – 90, А., 1993
  3. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире – А., 1998
  4. Жумасултанов Т. Казахстан сегодня.-А., 1999
  5. Ярмухамедов М.Ш. Экономическая и социальная география Казахстана – А.: Рауан, 1996
  6. Шувалов Е.Н. География населения – М.: Просвещение, 1985
  7. Байбатша А. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы.: «Санат», 1998
  8. Кунжохаев Н.Р. Қазіргі Қазақстанның экономикасы: жағдайы және болашағы. Алматы.; 19998
  9. Абдиманапов Б.Ш. Казахстан в рисунках и таблицах. Алматы., 2006
  10. Казахстан: 1991-2001 годы. Информационно – аналитический сборник. Под ред. А.А.Смаилова – Алматы: Агенство РК по статистике, 2001
  11. Агентство РК по статистике. Демографический ежегодник Казахстана. Стат. сборник. Алматы.,2000
  12. Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане не рубеже ХХІ века: основные тенденции. Алма-Ата: Ғалым, 2001
  13. Саградов А.А.  Экономическая демография: Учебное пособие. М.: ИНФРА – М, 2005
  14. Медков В.М. Основы демографии: Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс, 2003
  15. Смаилов Ә. Қазақстан Республикасындағы халықтың орналасуы мен саны. 1- том.Алматы, 2001
  16. Шалданбаева А. Қазақстан Республикасы. «География және табиғат», №5, 2005. 69-71бет.
  17. Орынбек Б. Қазақстандағы халық санының динамикасы және оның этнодемографиялық көрсеткіштері. «География және табиғат»,№2, 2007, 14-19 бет
  18. Экономическая и социальная география. Под ред. М.М.Голубчика. М., Владос, 2003
  19. История переписей населения и этнодемографические процессы в Казахстане. Под ред. Ж.А.Кулекеева. Алматы. Агенство РК по статистике, 1998
  20. Мусабек Е.Н. Демографическая статистика и перепись населения // Экономика и статистика. №3, 2002
  21. Абилгазиева Ж., Минбаева З. О миграционных процессах в Казахстане. // Аль-Пари, №5-6, 2001
  22. Белгібаев М., Акишева Е. Қазақстан халқының өсуі мен кемуі туралы. «География және табиғат», № 4, 2007
  23. Асылбек М. Қазақстан халқы қалай өсуде? // Қазақ тарихы, №1, 2006
  24. Internet сайттары:

Информация о работе Қейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу