Қейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 20:00, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдардан кейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын қарастыру;
Тәуелсіз жылдар кезі мен қазіргі уақыт аралығындағы динамикалық өзгерісін анықтау, оған баға беру.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 80.19 Кб (Скачать файл)

Өлімінің  негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың  үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.

Осы кезең  ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар  нәрестелер өлімінің ең көп тараған  себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте  шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы  осы жағдайға тиесілі болып табылады.

Биылғы  жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы  коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде  халық көші-қонының оң айырымы  сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы  оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға  келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД  елдерінен келгендер мен сол  елдерге қоныс аударғандар үлесі  олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.

Елдегі  қала халқы 8 662 432 адамды, ауыл халқы  – 7 347 165 адамды құрады. Қала халқының үлесі-54,1%, ауыл халқының үлесі – 45,9% құрады, 1999 жылы олардың арақатынасы тиісінше 56,4% және 43,6%-ды құраған болатын. Бұл орайда қала халқының саны 206 649 адамға немесе 2,4%-ға, ал

ауыл халқының саны 821 667 адамға немесе  12,6%-ға өсті. Санақаралық кезеңде ауыл халқы  санының айтарлықтай өсуі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық орналасуы туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 04.11.2006 жылғы № 184-3 ҚР Заңының 2007 жылы 1 қаңтарда күшіне енуімен байланысты болды, соның  салдарынан 700 мыңнан аса халқы бар  қала үлгісіндегі 122-ден артық кент қалалық категориядан ауылдық  категорияға  ауыстырылып, ал қала үлгісіндегі 28 кент санақаралық кезеңнің әр түрлі жылдарында ауылдық мекендерге өзгертілді.

Халық санының  айтарлықтай өсуі мына өңірлерде  белгіленді: Маңғыстау облысында - 54,3%-ға, Оңтүстік Қазақстан облысында - 24,8%-ға, Астана қаласында - 86,7%-ға және Алматы қаласында - 20,8%-ға. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары бойынша  халық санының тиісінше 17,8%, 12,9% және  10,9% -ға кемігені байқалды.

Оңтүстік  Қазақстан облысында қала халқының саны айтарлықтай - 178 831 адамға немесе 1,2 есе көбейді, ал ауыл халқының саны Маңғыстау облысында - 154 389 адамға немесе 3,3 есе артты.

 

2.2 Халықтың жыныстық  ерекшелік құрамы

 

ҚР-нда  ерлердің саны 7 712 224 адамды, әйелдердің саны – 8 297 373 адамды құрады. Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлердің саны 496 812 адамға немесе 6,9%-ға, әйелдердің саны- 531 504 адамға немесе  6,8%-ға өсті. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша 1999 жылғы санақтың деректерінде орын алған ерлер мен әйелдер санының арақатынасы сақталды (1000 әйелге 929 ер). Сондай-ақ халықтың жалпы санындағы ерлер мен әйелдердің үлесі өзгеріссіз қалды, тиісінше - 51,8% және 48,2%. Халық санының өсуі 0-4 жас,15-59 жас (35-39 жас, 60-64 жас топтарын қоспағанда) пен 65 жас және одан жоғары жас топтарында байқалды. Халықтың саны мына жас топтарындағы азайды: 5-9 жас, 10-14 жас, 35-39 жас және 60-64 жас. Халықтың жасы бойынша қалыптасқан құрылымы бала туудың динамикасымен айтарлықтай дәрежеде өзара сабақтасады (халық санын қалыптастыру құрауыштарының бірі ретінде).

Санақтың  қорытындылары бойынша 0-19 жастағы  еркектердің 1000 әйелге арақатынасында ерлер басым болса, ал 20-70 және одан жоғары жас тобында әйелдер санының артықтығы байқалады. Ерлер мен әйелдер санының арақатынасында қала және ауыл халқының жас топтарында айырмашылықтар бар: егер қала халқы үшін еркектер санының басымдығы 0-14 жас тобына тән болса, ал ауыл халқында мұндай басымдық 0-44 жас тобында байқалады.

Ұлттық құрамы


Республикада  қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2009 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 63,1%, орыстар - 23,7%, өзбектер - 2,9%, украиндар - 2,1%,ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,3% , немістер - 1,1%, кәрістер - 0,6%, түріктер - 0,6% 

Санақ статистикасы

Қазақстанда саны 10 мыңнан асатын 23 ұлт бар:

1. Қазақтар  – 10 млн 800 мың 

2. Орыстар – 3 млн 900 мың

3. Өзбектер – 510 мың

4. Украиндер – 390 мың

5. Ұйғырлар – 250 мың

6. Татарлар – 220 мың

7. Немістер – 190 мың

8. Кәрістер – 102 мың

9.Түріктер–95мың.  
10. Әзірбайжандар – 95 мың

11.Белорустар–86мың.  
12.Дүнгендер–50мың.  
13.Күрттер–45мың.  
14.Поляктар–40мың.  
15.Тәжіктер–38мың.  
16.Шешендер–35мың.  
17.Башқұрттар–25мың.  
18.Молдавандар–20мың.  
19.Ингуштар–17мың.  
20.Мордвалар–16мың.  
21.Қырғыздар–14мың. 
22.Армяндар–14мың.  
23.Гректер–12мың 
24.Чуваштар – 12 мың

 

Діні

Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық  мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар.

Елде  дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар  болса да, Қазақстан Республикасы -зайырлы мемлекет.

 

 

2.3 Халықтын көші-қоны (миграциясы)

Халықтың  көші-қоны - адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы  болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:

1) Шетелдегі  қандастарымыздың елге қайта  оралуы (оралмандар);

2) Халық  санының көбеюі және жетіспейтін  жұмысшылар орнының толықтырылуы;

3) Аумақ  бойынша тиімді орналастыру.

Бұл мәселелердің шешімін табу мемлекетті модернизациялаудың алғышарттарының бірі, яғни эқономикалық әлуетті толық пайдалану. Көші-қон - халықтың табиғи қозғалысына және құрылымына әсер етеді. Мигранттардың көбісі жастар, әсіресе әйел адамдар. Сондықтан көшіп келушілер көп аймақтарда туған балалардың саны артады, сыртқа кетушілер көп аймақтарда керісінше болады. Көшіп келушілер көбейсе, әйел адамдардың саны артып, көшіп кеткен жағдайда ер адамдар кебейеді.Туу деңгейі төмен аудандардан халықтың кешуі карт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім жоғарылайды, табиғи өсім төмендеп, аяғында депопуляцияға ұшырайды.

Бағыты  бойынша оны ішкі және сыртқы деп  бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Он, белгілі сальдо - халықтың есімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына барып косылуы, т.б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға болады.

Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді.

Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады.Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.

Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға кәрістер, поляктар, немістер, чечендер,ингуштар, балкарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші-қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар.

  • Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі (репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3,5 млн қазақ бар. Көшіп келушілердің 9/10 бөлігі Өзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және Монғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс аймақтарда қоныстануда.
  • Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 9/10 бөлігі Ресейде орналасуда.
  • Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе артық. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың 1/3 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.

Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:

1) ауыл  халқының қалаға көшуі;

2) кішігірім қалалардан үлкен қалаға көшу.

«Қаладан - ауылға», «ауылдан - ауылға» ағымдарының  мөлшері әте аз. Облысаралық көші-қон  арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.

Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру:

1) репатрианттар  - қандастар;

2) реэмигранттар  - бұрынғы Қазақстан азаматтары;

3) экономикалық  және экологиялық жағдайы қолайсыз  аудандардан көшіру.

Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған.

 

№3 кесте. Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп – қону үдерісінің динамикасы.

 

Жылдар

Барлық көшіп-қонушыға қатысушылар, мың. адам

Көшіп-кетушілер

Көшіп-келушілер

Көшіп-қону сальдосы

1995

309,6

71,1

- 238,5

1996

229,4

53,9

- 175,5

1997

299,5

38,1

- 261,4

1998

243,6

40,6

- 203,0

1999

164,9

41,3

- 123,6

Барлығы 1995-1999 ж.ж.

1247,0

245,0

- 1002,0

Орташа жылдық

249,4

49,0

- 200,4

2000

155,8

47,5

- 108,3

2001

141,7

53,5

- 88,2

2002

120,2

58,2

- 62,0

2003

73,9

65,6

- 8,3

2004

65,5

68,3

2,8

Барлығы 2000-2004 ж.ж.

557,1

293,1

- 264,0

Орташа жылдық

111,4

58,6

- 52,8

2005

74,8

52,1

22,7

2006

68,3

65,5

2,8

Ескерту- ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп жүйеленген


 

3 кестеге қарап, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа шығатын адамдар саны азайды, (бірінші рет соңғы 40- жылдың ішінде), сырттан келушілермен салыстырғанда. Статитстикалық мәліметтерге қарап баға берсек, 1206,7 мың орыс, 531,2 мың неміс, 177,5 мың украйндар кеткен, сонымен қатар осы аралық ішінде 171,8 мың қазақ көшіп кетті.

Информация о работе Қейінгі демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу