Ауданның геологиялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 12:29, дипломная работа

Краткое описание

ХХІ ғасыр мұнай ғасыры деп аталатыны белгілі. Мұнай мен газ – энергияның негізгі көзі және химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Дүние жүзінің экономикасында мұнай-газ саласы негізгі рөл атқарады. Осы шикізаттан түскен табыстардың арқасында еліміздің экономикасы жақсаруда.
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰҒЗ) жұмыстары қолданбалы геофизиканың саласы болып табылады, мұнда заманауи физикалық әдістер ұңғымадан алынған қималарды геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың қорларының көздерін табу және бағалау, кенорындарын өңдеу барысы және ұңғымалардың техникалық жағдайы туралы ақпараттарды алу үшін пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе 5
1 АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 7
1.1 Жалпы мәлімет 7
1.2 Қиманың литологиялық - стратиграфиялық сипаттамасы 9
1.3 Тектоника 14
1.4 Мұнайгаздылығы 16
1.4.1 Мұнай және газ қоры 22
1.4.2 Қабаттан мұнай қорын алуды талдау 23
2 АУДАНДАҒЫ ТАУЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ 25
2.1 Сазды минералдардың жалпы құрамының кеуектілікке және
өткізгіштікке әсері 26
2.1.1 Кеуектілік параметрінің тәуелділігі 26
2.1.2 Суқанықтылыққа тәуелді параметр 27
2.2 Қалдық су сипаттамасы 28
2.3 Капиллярлы қысым қисықтары 29
3 КОЛЛЕКТОР ТҮРІ ЖӘНЕ КОЛЛЕКТОРЛАРДЫҢ ӨТКІЗГІШТІК СЫЙЫМДЫЛЫҚ КЕУЕКТІЛІГІНІҢ ШЕКТІК МӘНДЕРІ 30
3.1 Керн бойынша жыныс коллекторлардың сыйымдылық қасиеттері 31
4 ҰГЗ КЕШЕНІ, ӨЛШЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛЫНЫҢ САПАСЫ 34
4.1 ҰГЗ жұмыстарының әдістері мен шаралары 36
4.1.1 Әдеттегі зондтармен тау жыныстарының көрінетін салыстырмалы кедергісін зерттеу(КС) 36
4.1.2 Өзіндік поляризацияның потенциал әдісі (ПС) 38 4.1.3 Кавернометрия (ДС) 40
4.1.4 Гамма- каротаж (ГК) 40
4.1.5 Нейтронды гамма каротаж (НГК) 41
4.1.6 Индукциялық каротаж (ИК) 43
4.1.7 Бүйірлік каротаж (БК) 45
4.1.8 Акустикалық каротаж (АК) 47
4.2 Зерттеу кешені 48
4.2.1 Расходометрия 48
4.2.2 Термометрия 50
4.2.3 Резистивиметрия 51
4.2.4 Влагометрия 52
4.2.5 Радиометрия 52
4.2.6 Барометрия 53
4.2.7 Акустикалық дауыс өлшегіш 54
4.3 Ұңғымада жүргізілген ҰГЗ көлемі 55
4.4 ҰГЗ жүргізудің техникасы мен технологиясы 56
4.5 Зерттеу мәліметтерінің сапасы 57
5 ҰҢҒЫМАДАҒЫ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ 58
5.1 Геофизикалық параметрлерді анықтау 58
5.2 Коллекторларды бөліп шығару және олардың нәтижелі қалыңдығын бақылау 58
5.3 Өнімді объектілердің коллекторлық қасиеттері 60
5.4 Қанығу сипаттамасын анықтау 61
5.5 Саздылық, кеуектілік коэффициентін анықтау әдістемесі 62
5.5.1 Саздылықты анықтау 62
5.5.2 Кеуектілік коэффициентін анықтау 65
5.5.3 Мұнайгазқанықтылық коэффициентін анықтау 67
6 АЛЫНҒАН ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ 69
6.1 Құмкөл кенорнының геологиялық үлгі түзілімі 69
6.2 Торды таңдау және құрылымдық сұлбасын салу 69
6.3 Қорытынды нәтижелері 70
7 ЖҰМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯСЫ 71
7.1 Құмкөл мұнай-газ кенорнын эксплуатациялау барысындағы геофизикалық әдістер кешенін ұйымдастырылуы кезіндегі еңбек жағдайын талдау 71
7.1.1 Демалыс және еңбек жағдайы 71
7.1.2 Арнайы киім мен қорғаныс жағдайы 71
7.1.3 Техника қауіпсіздігі 72
7.1.4 Өртке қарсы іс-шаралар 75
7.2 Қоршаған ортаны қорғау 76
Қорытынды 77
Диплом жұмысының графикалық бөлімдері 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 5 файлов

геологическая карта.cdr

— 1.58 Мб (Скачать файл)

каротажные диаграммы.cdr

— 4.68 Мб (Скачать файл)

структурная геология.cdr

— 1.61 Мб (Скачать файл)

диплом.doc

— 1.82 Мб (Скачать файл)

Ю-ІІІ горизонтынан мұнай өндіру жобаға сәйкес келе жатыр. Ұңғылар бойынша мұнай алу коэффициенті бірқалыпты. Бірақта горизонттың батыс бөлігіндегі № 219, 2191, 3093 ұңғыларда мұнай алу коэффициенті басқа ұңғыларға қарағанда жоғарырақ.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АУДАНДАҒЫ ТАУЖЫНЫСТАРДЫҢ  ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

 

 

Таужыныстардың фильтрациялық сыйымдылық қасиеттері (ФЕС) цемент құрамына және типіне,  фракциалды құрамды материалдарға байланысты анықталады.

Жұмыста көрсетілген, құрамында карбонатты материалы 15%тен көп болса, ереже бойынша, ФЕС төмен болады және келтіруде өткізгіштік кеуектілік  қолданылады.

Таужыныстардың өткізгіштігі және кеуектілігі ұңғымаларда алдын ала анықталған, бар шөгінділеріне қарағанда әлсіз цементтелген, жыныс коллекторда маңыздырақ. Осы ұңғымалардағы керн бойынша алынған өткізгіштік кеуектілік қатынасы M-I және  M-II беткейлеріна байланысты болып тұр.Берілген осы байланыстылық таужыныстардың кеуектілігі 0,20 дан үлкен және өткізгіштігі 0,01 мкм2 дан үлкен болған жағдайдағы өткізгіштік кеуектілік  қатынастылықты жақсы сипаттайды.

Орта мәнді өткізгіштік және кеуектілік  үшін өткізгіштік кеуектілік  қатынасы былай болады:

Kпр=5E+10*Kп 14,052(R2=0,9327)    (1)

 

Берілген мына мәліметтер көрсетеді, зерттелген үлгілер өткізгіштігі 0,010 мкм2 (жалпы өлшеудің 12,6%) болса,орташа кеуектілік 0,198(0,195-0,2) болады.

 Бұл қатынас Ю-I,Ю-III беткейлері үшін 1067 ші ұңғыма бойынша алынған керн юра шөгінділері үшін бір тәуелділікпен сипатталады.     

 

К пр=0,0009*e48…93*Kп (R2=0,86)    (2)

 

Жұмыс бойынша алынған тәуелділікпен сәйкес келеді.

Бүтіндей, юра шөгінділері үшін өткізгіштік кеуектілік тереңдетілген ұңғымалар бойынша  кернді есепке алмағандағы тәуелділік қатынасы былай жазылады:

 

Кпр=0,0008*е50,525,*Кп(R2=0,86)    (3)

 

1004, 1014, 1028 ұңғымалардағы құмтастар үшін өткізгіштік кеуектілік қатынас түрі мынадай болады:

 

Кпр=0,0008*е44,699,*Кп(R2=0,90)    (4)

 

1004,1014,1028 ұңғымалар бір зонада болғандықтан, өткізгіштік кеуектілік байланысын анығырақ деп есептейміз, себебі ол кенорын ауданы бойынша өнімді шөгінділерді қамтиды. ФЕС жақсы болып құрамындағы бөлшектердің өлшемі 0,01мм ден 10(15%) тен кем, әлсіз цементтеліп, құрамында аздап кальцитті цементтен тұратын құмтастар саналады.Құрамындағы бөлшектердің  өлшемі 0,01мм ден болып, ұлғайған сайын ФЕС төмен түседі. Сазды минералдардың өткізгіштік кеуектілік қатынасы әсер етуі 1014,1004,1028 ұңғымалары бойынша алынған керннен байқауға болады. Себебі осы ұңғымалардан алынған керн бойынша таужыныстардың минералогиялық құрамы анықталған нәтижелер бар. ФЕС өлшемі сазды минералдардың құрамына тәуелді. Таужыныстардың ФЕС сы беткейлердың мұнайқанықтылық немесе суқанықтылық қалыңдығының бар болуына тәуелді емес, себебі өнімді беткейлер шекарасында орналасқан үлгідегі таужыныстардан алынған өткізгіштік кеуектілік  қатынасының айтарлықтай айырмашылықтары жоқ.

 

 

2.1 Сазды минералдардың жалпы құрамының кеуектілікке және өткізгіштікке әсері

Жыныс құрамын X-RAY дифракция әдісімен зерттеу 1004,1014,1028 ұңғыма таужыныстары үшін жүргізілді. Карбонаттығы 15% тен кем болатын таужыныстар үшін өткізгіштік былай болады:

Cсаз=35,831,*Кп-0,1257 (R2=0,7821)   (5)

Кеуектілік қатынасы: Кпр=121,85*е6,8204*Кп  (R2=74,87)  (6)

 

2.1.1 Кеуектілік параметрінің тәуелділігі

Бор және юра  шөгінділері үшін кеуектілік параметрі Pn=Kn-1,678болып табылады.

Кеуектілікке кеуектілік параметрінің тәуелділігі 4 кестеде бор және юраның өнімді шөгінділері үшін  көрсетілген. Ол  жұмыста жүргізілген цилиндрлі формалы 55 және 203 үлгілер бойынша электрлік кедергілерін зерттеу арқылы анықталған. Бұл тәуелділіктегі айырмашылықтар нақты өңдеумен анықталады және борпылдақ үлгілерді есептемегенде.

1067 ұңғыманың юра өнімді  қабатты шөгінділерінің 32  үлгісіне  электрлік кедергі әдісі жүргізілді. Алынған жаңа мәліметтерге қарап, юра өнімді беткейлері үшін кеуектілік былай:

 

P=Kn-1,71 (R2=0,99)     (7)

 

Бор өнімді қабат шөгінділері үшін электрлік қасиеттері өзгермеді.

Алынған тәуелділіктер көрсетеді, егер кеуектілік 18-30%болған жағдайда бор және юра шөгінділері үшін өзгеру диапазоны бірдей, сондықтан Pn=f(Kn) тәуелділігі юра және бор дәуірінің өнімді таужыныстар үшін де бірдей  болады.

 

      

 

4 кесте  Барлау ұңғымаларынан алынған кернді зерттеу нәтижелерінің              петрофизикалық тәуелділіктері

 

 

Тәуелділік

                    Бор шөгінділері  

Юра шөгінділері

Кеуектілік -өткізгіштік

Кпр=0,0044*е42,074Кп

R2=0,60

М-I,II

Кпр=0,0033*е43,473Кп

R2=0,82

Ю-I,II,III,IV

Кеуектілік –өткізгіштік параметрі

Рп=1,1189*Кп -1,5904 R2=0,75

55 үлгі

Рп=0,9145*Кп -1,7469 R2=0,90

203 образца

Суқанықтылықтың қанықтылық параметрі

 

4 үлгі

Рн=0,98*Кв -1,94 R2=0,98

62 образца

Қалдықтық суқанықтылық кеуектілік

   

Sво=0,012*Кп -2,263

 R2=0,80

ұңғ14, 20 үлгі (тік әдіс)

Қалдықтық суқанықтылық өткізгіштік

Sво=2,4357*Кпр-0,,3322

 R2=0,80

13 үлгі.

М-II, ұңғ.2

(капилляро-метрия)

Sво=0,9037*Кпр -0,2151

 R2=0,71

ұңғ.14,  15 үлгісі (тік әдіс)


 

2.1.2 Суқанықтылыққа тәуелді параметр

Жұмыста кеуектілікке тәуелді кеуектілік параметрі P=Kn-1.89 бор және юра шөгінділері үшін болған.Суқанықтылықтан қанықтылық параметрі юра өнімді шөгінділерінен 59 цилиндрлі үлгісінен, ал бор шөгінділерінен 4 үлгі алынып, тәуелділік зерттелді. Автоматты өңдеу жұмыстарынан кейін мынадай теңдеу шықты: PH=0,98*5в-1,94 (R2=0,98) Барлау ұңғымаларынан алынған керн бойынша тәуелділікті анықтауда тек қалған қалдықтық суқанықтылық таужыныстарының электрлік кедергі шамасы пайдаланылды.

Қанықтылық параметрінің қатынасы- суқанықтылық, юра шөгінділерінің таужыныстары үшін алынған. Ол 1067 ұңғымадағы өткізгіштігі 0,020 мкм2 ден үлкен болатын, құрамында 0,01 мм ден және одан да кіші өлшемді бөлшектері бар жыныс коллекторлары арқылы алынды. Алынған “n” мәні әлсіз цементтелген таужыныстарға тән теориялық есептелген цементтелу коэфициентіне сәйкес келеді.

PH=0,99*SB-1,74 тәуелділігі стандартты түрге келтірілді.

PH=SB-n және бұл жағдайда m және n коэффициенттері арасында жақсы сәйкескелушілік байқалады. Алынған суқанықтылыққа тәуелді қанықтылық параметрі PH=SB-1,7 барлық өнімді қима үшін қолдануға болады, себебі өткізгіштігі әр түрлі болатын жыныс коллекторлары үшін есептелген, соның ішінде  бор шөгінділері таужыныстарына тән жоғары өткізгіштілікке жарамды.

 

 

 

2.2 Қалдық су сипаттамасы

 

1987 жылы қорды есептеу  жүргізілген кезде жыныс коллекторының  суға қанықтылығын 24 және 14 ұңғыма  бойынша капиллярометрия әдісімен, тікелей экстрационды-дистилляционды  әдіспен анықтаған болатын. Мәліметтер анализі 16 жұмыста алынды. Юраның мұнай қаныққан коллектор-қабатарды ашқан 14ұңғымадан алынған керн бойынша тікелей анықталған суқанықтылық бізге ең сенімді болып табылады. Юра өнімді шөгінділері үшін кеуектілік өткізгіштікке қалдықты суқанықтылық тәуелділігі берілген.

Бастапқы мәліметтердің жоқтығы себепті, бор өнімді қабат шөгінділері үшін, юра өнімді шөгінділері үшін алынған тәуелділік қабылданды. 1987 жылы қор есептеу жүргізілгеннен кейін қалдықты суқанықтылық орталық фугиралау әдісімен зеттелді. Ол 1067, 1059 ұңғымалардағы керн бойынша М-I беткейінен 16 үлгі, юра шөгінділерінен 28 үлгі алыну арқылы жүзеге асты. Алынған тәуелділіктер мынадай түрге келтірілді:

Sво=0,022*Кn-1,9596   (R2=0,70)    (8)

Sво=0,9118*Кn-0,196 (R2=0,83)    (9)

 

1067(юра) және 1059 (бор) ұңғымаларынан алынған керн бойынша тәуелділік (центрофугиралау арқылы анықталған) 16 жұмыста суқанықтылықты тікелей зерттегеннен ұңғыма бойынша көп ерекшеленеді. 14 ші ұңғыма мұнай негізінде бұрғылау сұйықтығымен бұрғыланған. Оның қалдықтық суқанықтылығының мәні төмен мәнде сипатталады.

 

Кеуектілік бойынша айырмашылық 0,09 болған жағдайда Kn=0,16

0,05 болған жағдайда Kn=0,36

Өткізгіштік бойынша    0,017болған жағдайда Kn=0,002 мкм2

0,027болған жағдайда Kn=5 мкм2

 

Қалдықтық суқанықтылық мәніндегі айырмашылықтар тікелей және жанама әдістер арқылы бағалануы және шартталуы мүмкін.

Бір жағынан (тікелей анықтауда) кернді жер бетіне көтеруде флюидтердің жоғалуы, екінші жағынан жанама әдісті пайдаланғанда қалдықтық суқанықтылық өлшемінің жетіспеуінен. Ең дәлірегі, қабат жағдайында қалдықтық суқанықтылық, кеуектілікке және өткізгіштігіне қарай, тәжірибелік жағдайда есептелген тікелей және жанама әдістерімен мәндердің ортасында болады деп тұжырымдауға болады.

 

 

2.3 Капиллярлы қысым қисықтары

 

1987 жылғы қор есебіне капиллярлық қысымның қисықтары тек М-II беткейі үшін болады. Олар екі ұңғымадағы 13 үлгілері үшін капиллярометрия әдісімен анықталған. 2002-2004 жылы юра шөгінділерінің 28 үлгісіне және M-I беткейінің 16 үлгісіне орталықфугиралау әдісімен капиллярлық қысым қисығын алғанбыз.

Юра шөгінділерінің керні бойынша алынған қисықтар, таужыныстардың өткізгіштігі бойынша дифференциалданады.

Өткізгіштігі 0,002-0,0086мкм2 болатын таужыныстар үшін қалдықтық суқанықтылық 0,64-0,75 болады. Бор шөгінділері үшін 1059 орталықфугиралау әдісі арқылы анықталған капиллярлық қысымның қисықтары (2) капиллярометрия әдісімен анықталған қисықтар түріне жақын. 1067 ұңғымадан алынған керн бойынша алынған капиллярлық қысым қисықтарының айырмашылығы бар. Капиллярлық қысым қисығының төмен мәнінде болса, оларға суқанықтылық жоғары мәндері тән келеді. Дегенмен үлгілердің фильтрационды сиымдылық қасиеттері жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 КОЛЛЕКТОР ТҮРІ ЖӘНЕ  ЖЫНЫС КОЛЛЕКТОРЛАРДЫҢ ӨТКІЗГІШТІК  СЫЙЫМДЫЛЫҚ КЕУЕКТІЛІГІНІҢ ШЕКТІК  МӘНДЕРІ

 

 

Бор және юра өнімді шөгінділерінің қалыптасу шарттарын кеуекті типінің терригенді коллекторлардың дамуы алдын ала анықталған.

1987 жылы қор есептеуіне кеуектілік және өткізгіштіктің шекті мәндері мына жолмен негізге алынды:2,8,9 ұңғымалар жоғары минералданған жуғыш сұйықтықтармен бұрғыланған және 24 ұңғымада қабат коллекторлар ГГК+НГК, АК+ГК, НГК+ГК мен ерекшеленіп бөлінді, БМК БК кешені бойынша бақыланды.

Кірігу белгілері бойынша бөлінген қабат коллекторларда және кіріктірмейтін қабатшаларда кеуектіліктің шекті мәнін анықтау үшін, таужыныстардың кеуектілік дәрежесін ҰГЗ мәліметтері бойынша анықталды. Кірігу белгілері бойынша кеуектілік ерекше қабаттарда, ҰГЗ бойынша берілген мәліметтері бор шөгінділері үшін 0,17-0,19 ден, юра шөгінділерінің коллекторлары үшін 0,13-0,16 дан асатын. Кірігетін және кірікпейтін қалыңдықтар үшін  кеуектіліктің шектік мәні бор үшін- 0,195, юра үшін-0,148

Жұмыста юра шөгінділері үшін жыныстың қалдықтық, суқанықтылық және кеуектілік ті қатар қоюмен анализ жасалды. Суқанықтылық- 14 ұңғымадағы керн бойынша алынған үлгілерге тікелей әдісаен зерттеу арқылы суқанықтылығы бағаланды. Коллекторларға нәтижелі кеуектілігі бар таужыныстар қатысты болады. Кп>0

Бұл жағдайда юра шөгінділері үшін кірігудің шекті мәні болып         2*10-3мкм2 болады.Кпр-Кп қатынасы бойынша Кпгр=0,16ға тең болады.

Неоком шөгінділері үшін капиллярометриялық өлшеулер нәтижесінде алынған Кпр-Ков қатынасы пайдаланылды. Фракция құрамы бойынша  <0,01мм, ГК және цемент құрамды кеуектілікпен өткізгіштікті қатар қою арқылы көлемді саз үшін шектік мәні 20-25% болады.

Сонымен, жыныс коллекторлардың кеуектілігі, саздылығы және өткізгіштігі ҰГЗ материалдарын өңдеу арқылы кернді зерттеу нәтижесі бойынша анықталды. Жыныс коллекторлардың параметрлерінің шектік мәні 1987 жылы қор есептеуде қолданылды және бекітілген. СССР бойынша 1067 ұңғымадағы керн бойынша (M-I, Ю-I,Ю-II,Ю-III) және 1059 (M-II) бойынша таужыныстарға бұрғылау сұйықтығының  фильтратының кірігуін анықтау мақсатында судың минералдығын анықтау жүргізіледі және орталық фугиралау әдісімен капиллярлы қысым  қисықтары анықталды.1067 ұңғыма керні бойынша зерттеулер нәтижелері өткізгіштіктің критикалық мәнін  анықтауға қолданылды. Юраның өнімді шөгінділері үшін есептелген флюидтің минималды қозғалысының қозғалысының сәйкес келетін мән.  

M-I беткейінен алынған 1067 және 1059 ұңғымалар үлгілер бойынша зерттеулерден кеуектілік 0,296 дан жоғары, өткізгіштік 1,356 мкм2 ден жоғары және ұстанды судың минералдығы қабат суының минералдығынан төмен және барлық зерттелген үлгілер бойынша.

Кернда хлор иондарының құрамын анықтауда бос кеңістіктің қабат суымен және бұрғылау сұйықтығының фильтратымен алып тұруы ескерілді. Дина-Старк әдісі арқылы, порового кеңістіктің көлемі су көлемі ұлғаюымен қаттылануы анықталды. Сонымен, хлоридтің құрамының өзгеруі бізге флюидтің қозғалу мүмкіндігін айтады.

Өткізгіштігі- 0,01-0,016 мкм2 ға дейін болатын юра шөгінділерінің үлгілері үшін хлоридтің шамасы 68г/л болады. Бұл қабат суының минерализациясына сәйкес келеді және фильтраттың жынысқа кірмейтінін көрсетеді. Өткізгіштігі- 0,01-0,016 мкм2 дан үлкен болса, минералдығы азаяды. Сонымен, юра шөгінділері үшін, бұрғылау сұйықтығының филтратының қабатқа кірігуі, өткізгіштік- 0,010 мкм дан үлкен болған жағдайда болатынын түсіндік.

Бұрғылау сұйықтықтарының фильтратының кірікпеген таужыныстар үшін, қалдықтық суқанықтылық мәні 0,6 тан асады. Ендірілген қатынас арқылы Кпр-Sво және Кп-Sво қалдықтық суқанықтылығы 0,6 болатын таужыныстардың кеуектілігі 0,16-0,17, өткізгіштігі шамамен 0,005 мкм2.

Информация о работе Ауданның геологиялық құрылысы