Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 14:23, дипломная работа

Краткое описание

Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.docx

— 86.68 Кб (Скачать файл)

        Бұл   күнделікті  өмірде  “менің  меншік  құқығым  бар”,  “сіз бұлай   істеуге құқығыңыз  жоқ”, “оның   зейнетақы  алуға  құқығы  бар”   тәрізді  сөздерді  жиі  айтамыз,   ал  бұл   орайда кедесетін “құқық”   сөзі   заң  дегенді  емес,  тұлғаның,  нақті адамның  белгілі    бір  мүддесін  ғана білдіреді.  Бұл  жағдайларда “құқық”   туралы  субьективтік  мағынада  немесе  басқаша айтқанда,  құқықтық  нормалардың   құқық тұлғаларына   берген  құқықтық  мүмкіндіктер  болып есептелінеді.   Құқық   қатынастарының  элементті ретінде   атқанымыз,біз  субьективік   құқық  туралы   да  айтамыз  “құқтық”   деген  сөзге   беретін  екінші  мағына .

        Әрбір   құқық  қатынасында  қатысушының   бірінің   субьективтіқұқығына   екіншісінің  заңдық     міндеттілігі  сәйкестендіріледі,   яғни  біреуінің  екіншісі  алдындаы  міндеттілік   аясы  айқындалады.    Мысалы,  үйді  сатып алу-  сату    шартына   сәйкес  сатушы  мен  сатып   алушы   үйді  алуға  құқылы   да,   сатушы  оны  беруге  міндетті.

       3.  Заңдылық  фактісінің   түсінігі.  Азаматтық    құқық  нормалары    өздігінен     азаматттық  құқық  қатынастарын  тудырмайды.   Қандай да болсын  нақтылы    азаматтық  құқық   қатынастары  белгілі   бір   жағдай  болғанда   ғана  пайда   болады.  Мұның  мазмұнының  өзгеруі  немесе  оның  қысқартылуы   да  белгілі  бір  жағдайға   байланысты.   Осындай  құқық   қатынастарының  пайда  болуына,   өзгеруіне  немесе  оның  қысқартылуына   себепкер  болатын  жағдайларды   заңдылық  фактілер  деп  атайды.   Мысалы,  баланың   тууы,  мәміленің   бүлінуі   т.б.  заңдылық  фактілер  болып  табылады.

           Азаматтық  кодексте  сатып  алу-  сату,  жалдау,   мұра   қалдыру  және  тағысын  тағылардың  кезінде  пайда   болатын  құқық    қатынастарын  тәртітейтін   баптардың   болуы  сол   жеке  тұлғалардың  арасында  нақтылы  құқық    қатынастарын  өздігінен  тудыра  алмайды.  Белгілі  бір  азамат  пен   дүкен  араларында   сатып   алу- сату  туралы  АК- баптарында   көрсетілген  қатынастар  пайда   болу үшін   сол   азамат  дүкенге  барып  бір  нәрсе   сатып  алуы  керек,  яғни  дүкенмен   сатып  алу –сату   мәмілелеріне  кірісуі   керек.

          Заңдылық  оқиғалар.   Кейбір   заңдылық фактілер   осы   фактілер  нәтижесінде   туатын  құқық  қатынастарына  қатысушы  тұлғалардың  өздерінің  қалауы  және  ниетінен  тыс  пайда   болады.    Мұндай  заңдылық  фактілерді  оқиға   деп   атайды. (АК –тің  7  бабы,  8- тармағы).  Адамның  қлуі,  белгілі   бір  мерзімнің  өтіп  кетуі   фактілері  -  осылардың  бәрі  де  оқиғалардың  қатарына  жатады.  

          Заңдылық  әрекеттер.  Заңдылық  салдар,  яғни  белгілі   бір   құқық  қатынастарын   тудыратын   тұлғалардың    әрекеттері  де  заңдылық   факті   болып   табылады ( АК  -тің  7-бабы,  7-тармақ).   Мысалы,     мәміле  жасау,  ерлі-зайыптылардың  айырылысуы,  біреуге   әдейілеп  зиян  келтіру   заң  әрекеттері   деп   маңыз  бермейді;   біздің  әркеттеріміздің  көбі  құқық   үшін  бейтарап  әрекеттер,  бұл   әрекеттер  заңдылық  қатынастарды  тудырмайды  да,  өзгертпейді   де.   Кісі  біреумен  әңгімелесіп   отырғанда,    кітап  оқып  отырғанда,   жазатын  мақласын  ойланып  отырғанда,    кәдуілгі  жағдайдағы         оның  қызметтері  құқық  шеңберінен  тыс  жатады.

           Заңда,    заңдылық  салдары   бар  деп  табылатын  әрекеттердің  мазмұны  бірнеше  түрде   кездеседі  және  белгілі   белсенді  бір  түрінде-істелген  немесе  айтылған  сөз  түрінде,  сондай-ақ  әрекеттен  бой   тартқан (өзін-өзі ұстап  қалған)  түрде- әрекетсіздік  түрінде,  үн  қатпай  қалғандық  түрінде   кездеседі:

          Заңды  және  заңсыз  әрекеттер  (құқыққа сыйымды  және  құқыққа   сыйымсыз  әрекеттер).  Көп   жағдайларда  құқықтар  мен   міндеттер  құқық  тәртібінде  рұқсат  етілген  әрекеттердің  нәтижесінде  пайда  болып   өзгеріп  немесе  қысқарып  отырады.    Заңмен  тыйым   салынбаған   әректтер  заңды   әрекеттер  заңды  әрекеттер   болып  табылады.   Белгілі   бір  құқықтық   нәтижелер   тудыру  ниетімен істелген,  ерік  берілген,   заңды  әрекеттерге   мысал  бола  алатын,-  басқаша   айтқанда,  азаматтар  мен   заңды  тұлғалардың  азаматтық   құқықтары  мен  міндеттерін   белгілеуге,  өзгертуге  немесе  тоқтатуға  бағытталған  әрекеттері  мәмілелер   деп  танылады (АК-тің  4-тарауы)

           Мәмілелер  мен  қатар,  тікелей   құқық  және  міндет тусын   деген  ниетпен  істелмеген,   бірақ  құқық  қатынастарының  пайда  болуына  немесе  оның  қысқаруына  негіз  болып   табылатын  сан  түрлі   әрекеттер  болады.  Мұндай  әрекеттерге  мысал  болатындар:  некелесу,  әдеби  шығарма   жазу,  өнертабыс  және  т.с.с.

             Кейбір  әрекеттер  құқық   тәртібінде  тыйым  салынғандықтан  ғана,, яғни  заңсыз  болғандықтан   құқық  қатынастарын   тударыды. Мәселен,  АК –тің  917-бабында   былай  делінген:  басқа   біреудің   жеке  басына  не  мүлкіне  заңды  тұлғаға   зиян  келтіруші   сол  зиянды  толық  өтеуге  міндетті.  Зиян  келтіру (деликт)  болып  тадылатын   болғандықтан,  яғни  зиян  келтірушіні   азаматтық  жауапқа  тарту   салдарынан   тударатын  заңсыз  әрекет  болғандықтанзиянды  өтеу  міндеті   зиян  келтірушінің  еркінен  тыс  ретте  болады.

           Зиян  келтірушінің  жауаптылық  мөлшері.

           “Жауапкершілік”  термині   әртүрлі  аспектіде қолданылады.  Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық  жауапкершілікті кездестіруге болады.

           “Әлеуметттік жауапкершілік” түсінігі  жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы  болып жатқан жауапкершіліктің  барлық түрі қамтылады. Осы  тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық  және юридистикалық жауапкершілік  тек әлеуметтік жауапкершіліктің  түрі ғана.

           Алайда әлеуметтік жауапкершілік  ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік  психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде  осы жауапкершілік түрін  юридистикалық  жауапкершілік түсігіне ұқсастыруға  тырысады. В.А. Тархованың пікірі  бойынша: “өзінің істеген әрекетіне  жауап бере отырып міндеттеменің  реттелу құқығы –юридистикалық  жауапкершілік”, -дейді. Юридистикалық  жауапкершіліктің осындай түсінігі  жауапкершілік түсінігін шектен  тыс үлкейтіп, оның тәрбиелік  мағынасынан айырады.

         Қоғамдық өмірде “рухани жауапкершілік”  категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен  байланысқан және қоғамға жат  қылықты қоғамдық айыптау түріаен  ерешеленеді.

         Әдебиеттерде және заңдылықтарда  “экономикалық жауапкершілік”  түсінігі жиі кездеседі. Бұл  ретте байқағанымыздай, “Экономикалық  жауапкершілік” түсінігі екі  түрлі мағынада қолданылады. Барлығынан  бұрын ол “Мүліктік жауапкершілік”  түсінігімен астасып жатады. Және  бұнда ешқандай қорқыныш жоқ.  Нарықтық экономикаға өтуімізге  және әкімшілік халықтық әдістің  экономикалық әдіске өту, осындай  түсінікті құқыққа сыйымды етіп  көрсетеді. Яғни нарықтық қатынастарды  реттеуде жол ашады. Экономиканың  ықпалымен эконмикалық әдістердің  заңмен бекітілуі “экономикалық  жауапкершілікті” құқық бұзушыға  мүліктік ықпал ету шарасы  ретінде экономикалық жауапкершілікті  юридистикалық жауапкершіліктің  бір түріне айналдырады.

    Заң әдебиеттерінде “экоеомикалық жаупкершілік” түсінігіне юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға тырысады.

        Бұл жағдайда әкімшілік –құқықтық  шара туралы сөз болып, ал  азаматтық құқықтың жауапкершілік  түсінігі қарастырылмайды.

      Алайда, нарықтық экономика жағдайында  “экономикалық жауапкершілік”  түсініг мағынасын жоғалтады.

       Азаматтық-құқықтық жауапкершілік  юридистикалық жауапкершілікті  құрайтын, өзіне тиісті барлық  белгісімен юридистикалық жауапкершіліктің  бір түрін құрайды.

        Юридистикалық жауапкершілік үшін  оған негізгі төрт белгі тән:  юридистикалық жауапкершілік құқық  нормасын бұзушыға қолданылатын  мемлекеттік мәжбүрлеуге ықпал  ететін шаралардың тек бір  түрі; екіншіден, ол құқықтың бұзылуына  жол берген тарапқа ғана қолданылады;үшіншіден,  құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік  немесе басқа құзіретті орган  қолданады; төртіншіден,жауапкершілікті  қолдану үшін юридистикалық жауапкершілік  болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын санкция заңымен блегіленуі керек.

         Юридистикалық жауапкершлік құқық  бұзушыға қолданатын мемлекеттік  мәжбүрге ықпал ету шараларының  ерекше бір түрі ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне  әсер ететін басқа да тәсілдермен  ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік  мәжбүрлеуші шара ретіндегі реттеуші  сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық  жауапкершілік бола алмайтын  оперативті ықпал ету шаралары  болып табылады.

        Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық  жауапкершілікті азаматтық құқықта  ерекшеліктері бар . Бұл қасиеттер  қоғамдық қатынасты реттеуші  азаматтық құқықтың пәні және  әдісі ретінде, сонымен қатар  жалпы құқық жүйесі ретінде  азаматтық құқықтың қызметін  атқарады.

        Азаматтық құқықты реттейтін  ерекше қатынастар секілді мүліктік  сипатқа ие болып, мүліктік  қатынастарды құрайды. Азаматтық  құқық бойынша жауапкершілік  құқық бұзушыға қолданылатын  экономикалық ықпал ету қызметін  орындай отырып, қоғамдық қатынастарды  реттейтін экономикалық әдістерінің  бірі болып табылады.

         Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен қатар тікелей мүліктік  қатынастарды да реттейді. Осы уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс. Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

        Сонымен, азамат туралы жалған  мәлімет жариялау, оған жұмысқа  тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен  айналысуға қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жаңа заңдылық бойынша  жәбірленушіге жалған мәлімет  жариялау арқылы келтірілген  рухани залалды өтеу құқығына  ие болды. Ал азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық кемсітушілікті өтетуге құқылы.

          Азаматтық кодекстің 1-ші бабында  былай деп көрсетілген:

  1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлағалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
  2. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.

Ал заңды тұлғалар Қазақстан  Республикасы Азаматтық Кодекстің 44-бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен  қазыналық кәсіпорындардан басқа  заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша  өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап  береді.

Меншік иесі қаржыландыратын  мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз  болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты болады.

         Азаматтық құқық тауар иелерінен  тәуелсіз және тең құқықты  қатынастарды реттейді. Азаматтық  құқық қатынас міндеттеме бұзылған  жағдайда екіншісіне жүктейтін  тең құқылы талаптар арасында  құрылады. Азаматтық талап жауапкершілікте  болу фактісін көрсетеді.

       Талапкердің пайдасына өндірілетін  құқық  бұзушыға жүктелетін  мүліктік санкциялар қолданылады.  Алайда кейбір жағдайларда құқық  бұзушы зиян келтіріп қана  қоймай арам ниетпен жасалса  және қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты  тудырса, онда заңда белгіленгендей  белгілі мөлшерде немесе толық мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы мүмкін.

       Азаматтық құқықпен реттелетін  тауар-ақша қатынастары эквиваленті  өтелетін сипатта болады. Бұдан  шығатын қорытынды, талапкерге  зиян немесе шығынды эквиваленті  түрде өтейді. Азаматтық құқықтық  жауапкершіліктің ерекшелігі оның  конпенсациялық сипатта болуында. Оның мақсаты талапкердің мүліктік  сферасын қайта қалпына келтіру.

       Көрсетілген жағдай өз кезінде  азаматтық құқықтың жауапкершіліктің  шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік  сфераны қалпына келтіру тек  қана оған келтірген зиянды  немесе шығынды толығымен өтеген  кезде пайда болады. Сондықтан  азаматтық құқықтық жауапкершіліктің  ерекшеліктерінің бірі келтірілген  зиян немесе шығын мөлшерімен  жауапкершілік мөлшерінің сәйкес  келуі. 

Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері