Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 14:23, дипломная работа

Краткое описание

Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.docx

— 86.68 Кб (Скачать файл)

 

        Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, субьективті азаматтық құқықтар мен оған тиесілі міндеттер кез келген құқық қатынастарының, оның ішінде азаматтық құқықтың түп қазығы болып табылады. Субьективтік құқытардың сипаты олардың саралауы арқылы көрінеді. Біріншіден, абсолюттік (шек қойылмаған) және арақатынасты құқық болып бөлінеді. Ал олардың айырмашылығы неде? Оларға тән ортақ қасиет аталған құқыққа сәйкес міндет кімнің мойнына жүктелгендігіне байланысты мәселе деуге болады. Кейбір құқықтар азаматтық айналымға басқа қатысушылардың бәрін де бұл құқықтардың жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді. Бұл құқықтар жөнінде үшінші тараптағылардың бәрі де міндетті субьект болып табылады. Мұндай құқықтар абсолюттік (шексіз) құқық деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда-абсолюттік құқықты қандай  біреу болмасын бұзуға болмайды, сондықтан бұл құқық қандай біреуден болмасын қорғалып отыруға тиіс. Мұндай құқыққа жататындар: меншік құқығы, авторлық және т.б.

      Абсолюттік азаматтық құқық мазмұны  жағынан қарама қарсы тұрған  арақатынасты құқық: бұл құқық  бойынша міндетті болатын бір  ғана белгілі жақ немесе бірнеше  белгілі жақтар. Бұл құқықтың  сол міндетті болған субьектіге  не міндетті субьектілерге ғана  күші бар, сондықтан бұл міндетті  бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілелерге негізделген құқықтардың  бәрі де арақатысты құқытар  болып табылады. Бұл құқықтарды  орындауды мәмлелер бойынша сол  міндеттерді мойнына алушылардан  ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты  орындау т.с.с. міндеттер.

       Екінші саралау азаматтық құқықтық  заттық және міндеттемелік деп  бөледі. Заттық құқық деп заттар  жөнінде туатын құқықты атайды. Бұл құқықтың иесі өзінің осы  құқығын басқаның көмегіне мұқтаж  болмай ақ, тікелей іске асыра  алады. Заттық құқықтардың ішіңдегі  бастысы –меншік құқығы. Енді  мынандай мысалға жүгінейік, меншік  құқығы затқа тән, сондықтан  да зат меншік иесінің тікелей иелігінде болады, меншік иесі мен заттың арасында ешқандай делдалдық жоқ. Сатып алушының затқа құқығы міндеттемелік деп бағаланады. Ол затты яғни тек сатушының, яғни міндетті адамның қатысуымен ғана ала алады. Заттық құқықтар абсолюттік құқық, ал міндеттемелік құқық –арақатынасты құқық болып табылады.

        Енді саралаудың үшінші түріне  келейік: мұнда құқық мүліктік  және мүліктік емес дап бөлінеді. Бұл жөнінде біз бірінші тарауда  айтқан едік. Сонымен азаматтық  айналымға қатысушылар өздерінің  құқықтарын емін еркін қолдана  алады. Дегенмен де заң азаматтыққұқықтарды  жүзеге асыру шектерін айқындайды. Бріншіден, оның азаматтық құқығын  басқа біреуге қасақана залал  келтіру үшін пайдалануына тыйым  салынады, сондай-ақ өзге құқық  түрлерін қолдану арқылы әлгіндей  мақсатқа жол берілмейді.

        Мұндай құқықтарды өзге біреуге  залал ету үшін қолданылуын  айқындау сот тәжирбесінде мүмкін  бе, жоқ па айта қою қиын. Ал  құқықты тұлғаның өзінің бас  пайдасына жолсыз пайдалануының  өзге түрлеріне келетін болсақ, ол азаматтық құқықтарды жүзеге  асыруды шектеуде ескертілген.  Бәсекелес кезінде комерциялық  ұйымдардың азаматтық азаматтық  құқығын шектеу олардың бас  пайдасы үшін жолсыз әрекеттерге  баруына тосқауыл қоюдан туындаған.  Бәсекені шектеу белгілі белгілі  бір тауар өндірушіден тек  бір екі фирманың ғана тауар  алу мүмкіндігінен көрінеді. Коммерциялық  ұйымдардың өзін жоғары қою  деп оның монополистік пиғылмен  бағаны асапандатып жіберуін  айтады. Бұл өзі кеңінен тараған  құбылыс.

        Бұзылған немесе дауға түскен  азаматтық құқық сотпен қорғалады.  Бұл орайда сот әртүрлі тәсілдерді  қолданады.

        Құқықты тану. Бұл жағдайда сот  кімнің дұрыс, кімнің бұрыс  екндігін, кімнің құқығына жөнсіз  қиянат жасалғанын анықтайды.  Мұрагерлік жөніндегі дауда мұрагердің  біреуі өзгесінің құқығын мойндамаса, онда сот мұрагерлікке құқықты  тану жөнінде шешім шығарады.

       Бастапқы жағдайды қалпына келтіру  және құқықты бұзатын немесе  оның бұзылу қаупін туғызатын  әрекеттерге тыйым салу. Оған  мысал ретінде затты иеленушіден  алып беру құқығын, сондай-ақ  оны бұрынғы заңды иесін қайтаруды  айтуға болады. Егер сіз затыңызды  жоғалтып алып, оны біреуден көрсеңіз, сот арқылы әлгі затыңызды  қайтара аласыз.

        Залалды өтеу. Егер тараптарға  оның құқығын бұзу арқылы  залат  келтірілсе, онда ол құқық бұзушыдан  толык түрде өтемін талап етуге  құылы. Залал бұл арады келтірілген  материалдық зианның ақшалай  көрінісі болып есептеледі. Қазақстан  Республикасы азаматтық кодексінде  залалдың екі түрі қарастырылады.  Біріншісі –нақты нұқсан келтірілген  залал, яғни мүліктің жоғалуы  немесе зақымдануы, немесе бұзылған  құқықты қалпына келтіретін шығын.  Екіншісі –алынбай қалған табыстар (айырылып қалған пайда) яғни  дағдылы айналым жағдайында оның  алуына болатын, бірақ алынбай  қалған табыстарды егер ол  түскен болса, онда құқық бұзылмаған  болар еді. Айталық, автокөлік  оқиғасының автомашина такси  бүлінді делік, ол бір апта  жөндеуде тұрады.автопарк бұл  арады залалдың екі түріне  де ұшырайды: оның бірі нақты  залал –яғни жөндеуге кеткен  шығын көлемі, екіншісі –есесін  жіберіп алуы, яғни автопарктің  таксидің жөнедеуде тұруына байланысты  босқа кеткен уақыттан түспей  қалған кіріс сомасы.

       Міндетті заттай орындауға ұйғарым  шығару. Жәбірленушінің көбіне көп  өз құқығын қалпына келтіруде  көңілі көншімейтін сондақтан  да ол құқығын бұзушыдан келген  залалды сол күйінде қалпына  келтіруді талап етеді. Егер  сіздің сатып алған теледидарыңыз  кепілдік мерзім ішінде істен  шығып қалса, онда оны алған  жерден ауыстырып беруді талап  етесіз, сөйтіп міндетті заттай  сол қалпына келтіруге мәжбүр  етуге құқығыңыз бар.

     Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің жаңа нұсқасы бұрынғы  кеңес үкіметінің заңында мүлдем  болмаған бұзылған құқықтарды  қорғаудың бірнеше тәсілдерін  қарастырады. Айталық, оған мемлекеттік  өкімет билігі органының, өзге  де мемлекеттік өкімет билігі  органының, өзге де мемлекеттік  органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа енмесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлінісі өтеуге тиіс. Азаматтық құқықты қорғауда мұндай тәсілдерді соттар жиі қолданады.

        Азаматтық кодекс материалдық  емес игілікті, мүліктік емес  құқықты қорғаудың екі тәсілін  қарастырады. 

        Моральдық залалды өтеу. Моральдық  залал деп азаматтардың материалдық  игілігі болып саналмайтын және  мүліктік емес құқығын бұзу  арқылы оған дене немесе рухани  залал келтіруді айтады. Оған  мысал ретінде отбасындағы құпияны  азаматтың еркінен тыс жария  етуді немесе оның атын жамылып  жарамсыз қылықтар жасауды және  т.с.с. келтіруге болады. Азаматтың  талабы бойынша сот құқық бұзушыға  келтірген моральдық залалды  ақшалай өтеуді міндеттей алады.  Мұндай өтемнің көлемін сот  қана анықтайды. Бұл бір жағынан  алғанда оңай шаруа да емес, өйткені залалдың көлемін анықтауда  белгілі бір қойылған шек жоқ.  Ол үнемі ақшамен есептеуге  келе бермейді.

        Ар-намысты, қадір қасиетті және  іскерлік беделді қорғау.   Азамат пен ұйым өзінің ар-анмысына, қадір қасиетіне және іскерлік  беделіне кір келтіретін мағлұматтарды  теріске шығару үшін сотқа  жүгінеді. Сотқа жүгіну ондай  мағлұматтарды таратушы адам  әлгі таратқан мағлұматтардың  шындыққа сай екендігін дәлелдей  алмаған жағдайда жүзеге асады.  Егер мұндай мағлұматтар бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы таратылған  болса, онда сол бұқаралық ақпарат  құралдарына берілген мағлұмат  тегін түрде теріске шығарылуға  тиіс. Егер аталған мағлұматтар  ұйымнан шыққан құжатта болса,  бұл құжаттағы мағлұматтардың  шындыққа сай келмейтіндігі туралы  тиісті адамдарға міндетті түрде  хабарлана отырып, мұндай құжат  алмастырылуға немесе кері алынуға  тиіс. Сонымен тұлға таратылған  жалған мағлұматтар арқылы өзіне  келген залалды (моральдық зиянды) өтеуді талап етуге хақысы  бар.

      Егер мұндай мағлұматтарды кім  таратқаны белгісіз болған күннің  өзінде жәбірленуші оның шындыққа  жанаспайтындығын дәлелдеу жөнінде  сотқа шағына алады.моральдық  залал жәбірленушіге оны келтірушінің  кінәснің дәрежесіне қарамастан  өтеледі.

        Енді тағы бір тәсіл-өзін өзі  қорғауға кетелік. Осы сөз тіркесінің  өзінен көрініп тұрғандай, азамат  пен ұйым өзінің құқығын өзі  қорғайды. Бұл орайда өзін өзі  қорғау тек құқық бұзушыға  және оның әрекеттерін жоюға  ғана бағытталуы тиіс. Тәжірбиеде  өзін-өзі қорғау жиі кездеседі.  Мысалы, телефон станциясы абоненті  көрсетілген қызметке төлемді  үнемі уақтылы төлемегені үшін  байланыс жүесінен айырып тастайды. Мұндай өзін-өзі қорғау құқығы  кепіл, мүлікті қорғау шарасы, қажетті қорғану және т.б. түрлерінде  кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАРАУ 3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

 

   Азаматтық  құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық  жауапкершілік қолдануға қажетті  жағдайлардың жиынтығы құрайды.  Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің қажетті жағдайлары  ретінде борышқордың кінәсі және  құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне  тарту үшін шығынның бар болуы  сонымен қатар борышқордың құқыққа  қарсы мінезімен және келген  шығынның арасында себепті байланыс  болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде  азаматтық –құқық бұзушылықтың  құрамы басқа элементтерін толығымен  қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің  жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
  4. құқық бұзушының кінәсі.

  Нақты  тұлғаға азаматтық –құқықтық  жауапкершіліктің жүктеу үшін  жалпы ереже бойынша қажетті  келтірілген негіздер жиынтығы  –азаматтық –құқық бұзушылықтың  құрамы болып табылады. Көрсетілген  негіздердің біреуі болмай қалса,  жауапкершілікке тарту мәселесі  туындамайды. Бірақта-кейбір жағдайларда  азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық  құрамының бар болуы мүліктік  жауапкершілікке тарту үшін жалпы  талаппен сенеспайды; мысалы: жоғары  қаутілік көзін иеленуші заңды  тұлға жәбірленушінің алдында  кінәсіз жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді азаматтық құқық  бұзушылықтың құрамының әлгінде  айтылған элементтерінің әрқайсысына  тоқтала кетейік.

      Құқыққа қарсы мінез.

      Құқыққа қарсылық құқық бұзушының  өзінің іс-әрекетінің құқыққа  қарсы екендігін білген немесе  білмегеніне  қарамастан құқық  нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.

     Азаматтық заңдылық нормаларымен  азаматтық айналымға қатысушыларға  әртүрлі талаптар белгіленген.  Азаматтық заңдылық негіздерде  сәйкес тараптық құқыққақарсы  мінез ретінде жеке тұлғаға  немесе азаматтық мүлкіне   немесе заңды тұлғаға келтіректін  залал саналады. Сонымен қатар  борышқордың міндеттемені орындауға  байланысты талаптарға жауап  бермеу құқыққа қарсы мінез  болып табылады. Азаматтық заңдылыққа  сәйкес міндеттемені орындауға  байланысты тараптарға жауап  бермеу құқққа қарсы мінез  болып табылады.

      Азаматтық заңдылыққа сәйкес  міндеттемені орындауға байланысты  талаптар тек қана заңмен шектелмейді,  сонымен бірге іскерлік айналымдағы  бақа нормативтік актілерден  немесе міндеттеменің пайда болуымен  туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа  қарсы мінезінің белгісі ретінде  міндеттеменің құрылуындағы кейбір  негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік  актідегі туындаған міндеттемедегі  құқыққа қарсы мінез болып,  осы әкімшілік актімен борышқордың  іс-әрекетінің сәйкес келмеуі  жатады. Егер міндеттеме шарттан  туындас, онда борышқордың шарт  талабын бұзуы құқыққа қарсы  мінез болып табылады. Егер бір  жақты мәмілеге байланысты міндеттеме  болса, борышқордың құқыққа қарсы  мінезі ретінде бір жақты мәміленің  талабын бұзуы танылады.

       Құқыққа қарсы мінез құқыққа  қарсы іс-әрекет немесе құқыққа  қарсы әрекетсіздік түрінде де  болуы мүмікн. Егер заңмен немесе  нормативті құқықты актімен тиым  салынған немесе заңға немесе  басқа құқықтық нормативтік акиіге  шартқа бір жақты мәмле немесе  міндеттеме талабының негізінде  қайшы келетін борышқордың іс-әркекті  құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің  273 бабы осының дәлелі . заңдарда  немесе шартта көзделгеннен басқа  реттерде міндеттемені орындаудан  біржақты бас тартуға және  оның шарттарын біржақты өзгертуге  жол берілмейді.

       Азаматтық заңдылық негізіне  сәйекс бір тараптың басқа  бір тараптың есебінен мүлкін  негізсіз сақтауға тікелей тиым  салынады. Алайда осы ережеде  негізсіз сақтау құқыққа қарсы  болып табылады. Шартпен белгіленген  сапаға сай келмейтін тауарды  сатып алушыға берудегі сатушының  әрекеті құқыққа қарсы саналады.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері