Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 14:23, дипломная работа

Краткое описание

Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.docx

— 86.68 Кб (Скачать файл)

В) зиян бүтіндей бірлікті құрап,  борышқордың кінйлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкіндік болмайды.

         Аралас інде  борышқордың  зиянды  әрекеті қанша ал несие берушінің  кінәсінің қанша екендігі анықтау  мүмкін болмаған кезде, осылардың  арасындағы зиянды анықтау кезінде  тек бір белгі ретінде осылардың   арасындағы зиянды анықтау кезінде  тек бір белгі ретінде борышқордың  және несие берушінің кінәсімен  дәрежесін (формасын) анықтау қолданады.  Бұл кезде міндеттеме қайсы  тараптың кінә дәрежесі көбірек  болса, зиянның көп бөлігі соның  есебінен өтеледі.

          Аралас кінәні бірлесіп келтірілген  зияннан ажырата білуіміз қажет.  Бірлесіп келтірілген зиян төмендегі  белгілермен сипатталады.

а) зиян несие  берушінің мүліктік сферасына пайда  болады.

Б) зиян екі  немесе одан да көп тараптардың құқыққа  қарсы әректімен келтіріледі

В) тараптардың  қайсысының әрекетіне зиян келтіру  мөлшерін анықтау болмайды.

Г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің  алдында солидарлы жауапкершілікте  болады.

         Кінәнің болмауынан міндеттемені  бұзған тарап дәлелдейді.

         Қылмыстық құқыққа қарағнада  азаматтық құқықта құқық дәлелдегенше  кінәлі деп танылады. Міндеттеменің  орындалуы үшін тарап барлық  тиісті шаралырды қолданса, онда  тарап кінәсіз деп танылады. Егер  азаматтық айналымға қатысушылардың  біреуі құқыққа қарсы әрекетімен  азаматтық айналымды бұзатын  болса, әрекет салдарынан зиянның  болғанын зиян келген тарап  қана біледі.

   ____________________

Варул В. А. «вина как обьективное  основание гражданско-правовой ответственности» 1986 г Санкт –Петербург 357 стр.  

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы  және құқыққа қарсы әрекетімен құқық  бұзушының арасындағы себепті байланысты дәлелдеу  фактілері жүктеледі.

        Алайда талапкер құқық бұзушының міндеттемені орындауды қандай шаралар қолданғанын және оның санасында қандай психикалық процестер қалыптасқаны, құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай боландығын біле алмайды сол уақытта құқық бұзушыға осының барлығы белгілі болады. Талапкерге қарағнада өзінің дәлелдемелерін келтіре  отырып,  құқық бұзушы  кінәсіздігін дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің   кінәсіздігін  дәлелдей алады.   Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше  кінәлі болып есептеледі. Сонымен қатар азаматтық заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлік презімпйиясы  туралы сотқа  талапкерде өзінің дәлелдемелерін келтіре алады.

       Азаматтық айналымдағы қатардағы  субьектілермен бірге өзінің  кәсіпкерлік қызметін тәуекелге  бел буып жүргізетін тауар-ақша  қатынасындағы кәсіпкерлер де  қатыса алады.

        Осыған байланысты кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асырудағы азаматтық  құқықтық жауапкершілік  тәекел  кезінде құрылады. Азаматтық кодекстің  359-бабының 2 бөлігі және 360 бабында  былай делінген: “кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асырған кезде міндеттемені  орындамаған немесе тиісті дәрежеде  орындамаған адам, егер бой бермейтін  күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі  төтенше және тойтаруға болмайтын  мән жайдың (дүлей құбылыстар, соғыс  қимылдары  және т.б) салдарынан  тиісті дәрежеде  орындауға   мүмкіндік болмағанын дәлелдей  алмаса,  мүліктік  жауаптылықта  болады.” Ондай мән жайларға  атап айтқанда, міндеттемені орындау  үшін қажетті тауарлардың жұмыстардың  немесе қызмет көрсетудің рынокта  болмауы жатпайды.

        Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немеес оны пайдаланудың  тиімсіз болу тәукелі кәсіпкерге жүктеледі.

         Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны  немесе тиісті дәрежеде өзінің  кәсіпкерлік қызметін орындамағаны  үшін көтеріңкі көтеріңкі жауапкершілікте  болады.  Ол тіпті міндеттемені  кәсіпкерлік қызметін орындамағаны  немесе тиісіт дәрежеде кездейсоқ  орындалмағаны үшін жауапкершілікте  болады.

         Алайда,  кәсіпкерлік  қызметпен   байланысты емес міндеттеме кәсіпкер  қатысы  оның жауапкершілігі  тәуекел ету барысында  емес, кінәсіне қарай болады.  Кәсіпкерлік  қызметті жүзеге  асырудағы   кәсіпкердің жауапкершілігі шексіз  емес. Егер міндеттемені орындауда   бой бермейтін күштің әсерінен  кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыру мүмкін  болмағандығын   дәлелдей  алса,  кәсіпкер жауапкершіліктен  босатылады.

         Бұл  ережеде  диспозитивті  сипатта екендігін  естен шығармау  керек. Осы  сұрақтың  басқа   шешімі заңда немесе  шартта  көзделуі  мүмкін. Азаматтық  заңдылық  негіздеріне  сәйкес  келтірілген   зиян  үшін жауапкершілік  егер  оның  кінәсінен болмағандығын   дәлелдей алса,  залады өтеуден  босатылады.  Тасымалдау  шартын  бекіту  кезінде  тараптар егер  кінәсі  бомаған жағдайда  жауапкершіліктен  босатуды белгілеуі мүмкін. 

   Көтеріңкі    қауіппен  байланысқан ( транспорт  ұйымдары,  өндірістік кәсіпорындар, құрылыстар, автотранспорт   құралдарының  иелері  және т.б)  азаматтар   және заңды  тұлғалар, егер  бой бермейтін  күштің немесе  талапкердің   қасақана  әрекетінен  зиянның  келгендігін дәлелдей  алмаса,  көтеріңкі қауіптің  қайнар  көзімен  келген зиян үшін  жауап  береді. Көтеріңкі  қауіптің  қайнар  көзі  ретінде  көрсетілген   обьектімен толық адам  басқара  алмайтын,  өзінің  зиянды  қасиеттерімен   ерекшеленетін материалдық  обьектілер  танылады.   Мысалы, автомобильді  қас қағым сәтте тоқтату   мүмкін  емес,  өйткені қоршаған  ортаға көтеріңкі  қауіп   туғызады.  Көтеріңкі  қауіптің  қайнар көздерінің  иелері  көтеріңкі   жауапкершілікті   қолдану  (кінәсіне  қарамастан)  оларды  көтеріңкі   қауіп  қайнар көздеріне   әрдайым  мұқият бақылап   отыруға  ықпал  етеді. 

        Сақтау  қызметімен  байланысты  ұйым  мүліктің  зақымдану   немесе кемшілігі  бой  бермейтін   күштің  әсерінен  болса, жауапкершіліктен  босатылады.

         Алайда  азаматтық  заңдылықпен  бекітілгендей  кінәсіне  тәуелсіз  жауапкершілікті  белгілеу  шексіз  емес.  Кейбір  жағдайларда   егер  талапкердің  қасақана  әрекетінің  салдарынан  болғандығын   дәлелдей  алса,  жауапкершілікке   тартылмайды.  Көп  ретте   бой  бермейтін  әрекеті   орын  алса,  жауапкершілік   қолданылмайды.

       Ережеден  тыс СССР-дің  әуе   кодексінің 101 бабына  сәйкес  самолетті   қондыру, ұшыру  кезінде   жолаушыға  келтірілген  зиян  үшін  бой  бермейтін  күшке   қарамастан  әуе  транспорт   кәсіпорны  жауапкершілікке   тартылады.  Осыған  байланысты  оқиға  және  бой   бермейтін   күшті  ажыратып  алуымыз керек. 

       Оқиға  бұл алдын ала   ешкім көруі  мүмкін  емес  жағдай.  Егер  оқиға  орын  алса,  онда  кінәнің де  болуы   мүмкін  емес.  Алдын ала көріп   білуге  мүмкін  болмағандықтан,  оқиға  субьективті қарсы   тұра  алмаушылығымен  сипатталады.  Сонымен  қатар  тарап   бола алатын  оқиға туралы  білсе, онда  оның алдын   алуға  мүмкіндік  болар  еді.  Мысалы, сауды ұйымы халықтың  әкелінген  тауарға  сұранысының   төмендейтінін  білген  болса,  онда  өзінің  сауда  айналымын   тоқтатпас  ішін  басқа  тауар   әкелетін  еді.

        Егер  оқиға  субьективті алдын-ала   алмаушылық  тән  болса,  бой   бермейтін  күшке  обьективтік   алдын  алмаушылық  тән.  Оны   көріп  білу  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  алдын   алуға мүмкіндік  болса,  да  оған  тараптың іс-әрекеті   жеткліксіз.  Мысалы,  кеме жүк   таымалдау  міндеттемесіне сәйкес  жүк  иесі тиісті  күнде   жеткізе  алатындығы  білсе   де,  сол  күні  теңізде   дауыл  болуына байланысты  жеткізе  алмауы. 

                                                                                                                                                                 Бой  бермейтін  күші  ретінде  табиғат  құьылыстарын  жатқызамыз ( жер сілкінісі  су тасқыны, дауыл т.б ) сонымен қатар қоғамдық  құбылыста  (әскери  әрекет,  көтеріліс, міндеттемеде көзделген  іс-әрекетке  тиым  салушы құзіретті  билік  органдарының  бұйрығы  және  т.б)  Алайда міндеттемені орындауда  бой  бермейтін күш  ретінде  саналмайды.  Жыл  мезгілдерінің ауысуына жоя алмаушылық тән, алайда ол төтеншелік белгісі жоқ әдеттегі  құбылыс.  Сондықтан берілген  берілген жағдай  бой  бермейтін  күшінде  саналмайды.  Бой  бермейтін  күш  ретінде кісі  өлімін қарастыруға  болмайды,  өйткені оның төтенше  қасиеті жоқ.

         Бой бермейтін  күшке  берілген  мысалдағыдай төтеншелік  және  жоя  алмаушылық  қасиеті   тән.  Ал  басқа жағдайларда   міндеттемені  орындау  кезінде   тарапқа  бой  бермейтін  күш әсер етуі мүмкін ,  ал  кейбірінде  міндеттемені  орындауға   кедергі   болатын  әдеттегі  құбылыс   ретінде  қарастырылады.  Дауыл  туралы  хабарлаған  кезде  кеме теңізге  шығып  кеткен  болса және жақын   жердегі  портқа  келе  алмаса,  онда  дауыл  бой бермейтін  күш ретінде қарастырмайды.

        Ғылыми  техникалық  прогрестің  дамуымен  байланысты  бой   бермейтін  күш түсінігі  пікірлер  көбеюде.  Бұрынғы  бой  бермейтін   күш  ғылым  және  техника   жетістіктеріне   байланысты  төтеншелік  белгісі  болып   немесе  жоя  алмаушылық  белгісінің  бірі  ретінде  саналып,  бой  бермеітін  күш маңызын   жоғалтып  отыр.  Қазір  техника   жетістіктеріне   байланысты  азаматтық  қатынасқа  қатысушылар   оны  бой  бермейтін  күшке   жатқызбайды.

     Зиян.  Зиян-заңмен қорғалатын  игілік  атаулының кемуі. Егер  зиян мүліктік сипат  алатын  болса  оны  залал  деп   атайды.  Заладың  ақшалай   баламасы шығын  делінеді.

     Азаматтық  кодекстің 9-бабында  құқығы бұзылған адам, егер заң  мен шартта аз мөлшердегі шығын  қаралмаса,  өзіне  келген залалдың  толық қалпына  келтіруді талап   ете алатындығы бекітілген. Залалдың  орнын толтыру жөніндегі  норма  императивті  тұрғыда келеді,  ол барлық азаматтық құқықтық  қатынастарға  жүреді  және  жақтардың   шартында  шығынды келтіру   қаралды  ма,  жоқ па,  оған  қарамай  әрекет  ете береді.

      Мемлекеттік  өкімет  билігі  органының,  өзге де  мемлекеттік   органының заңдарға сай келмейтін  құжат шығаруы, сондай-ақ осы  органдардың  лауазымда  адамдарының  әрекеті (әрекетсіздігі)  салдарынан  азаматқа   немесе заңды   тұлғаға келтірілген  залады  Қазақстан  Республикасы немесе  тиісінше  әкімшілік аумақтық  бөлініс өтеуге тиіс.

            Залалдар  мынандай екі  түрге   бөлінеді:

  1. құқығы  бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті  шығындар,  оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
  2. сол тұлғаның құқығы бұзалмаған болса,  дағдылы айналым жағдайнда  болатын, бірақ алынбай  қалған табыстары (айырлып қалған пайда)

   Мысалы,  тасымалдау  шарты  бойынша  мүлік  бүлінсе немесе зақымданса,  онда тасымалдаушы  тек қана  нақты  нысан мөлшерінде шығынын  төлейді.  Ал  айырылып  қалған  пайдаға,  мәселен,  азаматқа  жарақат  немесе  денсаулығына өзгеде  зақым келтірілген кезде  жәбірленуші   жоғалтқан немесе анық  иелене  алатын табыс,  сондай ақ  денсаулыққа  зақым келтруден  туындайтын  шығындар (емделуге, қосымша  тамақтануға  т.б) жатады.

           Егер құқықты  бұзған  тұлға   кейін кіріс  түсіретін   болса, онда құқығы бұзылған  тұлға  өзге  де  айрылып   қалған  пайдасымен  қоса түсуге  тиісті  кірістен  кем  емес  мөлшерде  орын алған  залалды  қалпына  келтіруді  талап   ете  алады.

       Мүліктік  емес  зиянға  тұлғаның  дене  кемтарлығы мен  психикалық  ауруына байланысты  моральдық  адамгершілік зардап, іскерлік  беделге  келетін залал,  біреудің  атын  пайдаланып  оған  залал  және  т.б  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

     Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

     Дейтұрғанмен  бұдан азаматтық құқық мүліктік  қатынастардың бәрін бірдей реттей  береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі  сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұны оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсты бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы. Міне, осы тәрізді белгілері болады.

     Мүліктік құндылық  қатынастарға ең алдымен қатысушылардың  құн заңына сүйенетін мүліктік  қатынастарының теңдігіне негізделген  тауар-ақша қатынастары және өзге  де қатынастар жатады десек,  нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.

     Мүліктік қатынас  адамдар арасындағы қатынас болғандықтан  ол мүліктік емес қатынастармен  біте қайнасып, ұштасып жатады.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері