Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 14:23, дипломная работа

Краткое описание

Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.docx

— 86.68 Кб (Скачать файл)

         Жоғарыда қауіптілік көздерінің  өзара іс-қимылы салдарынан олардың  иелеріне келтірілген зиян жалпы  негіздерде өтеледі. Бұл орайда:

  1. бір тараптың кінәсінен келтірілген зиянды осы тарап толық көлемінде өтейді;
  2. екі немесе бірнеше тараптың кінәсінен келтірілген зиян олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне сай өтеледі.

        Тарптардың әрқайсысының кінәсінің  дәрежесін белгілеу мүмкін болмаған  кезде жауаптылық олардың арасында  тең бөлінеді.

         Зиян келтіруде тараптардың кінәсі  болмаған кезде олардың бірде-біреуінің  зиянды өтеуге талап етуге  құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы  мұндай жағдайда өзі шеккен  шығындар тәуекелін көтереді.

        3. Жоғары қауіптілік көзінің иесі, егер қауіптілік көзі басқа  тұлағалардың заңға қарсы әрекеттері  салдарынан иеленушінің иелегенен  шыққанын дәлелдесе, осы көз  келтірген зиян үшін жауап  бермейді. Мұндай жағдайларда жоғары  қауіптілік көзі келтірілген  зиян үшін ондай көзді заңға  қайшы иеленушілер жауап береді. Жоғары қауіптілік көзін оның  иелігінен заңға қайшы алуда  иеленушінің кінәсі болған жағдайда  жауаптылық иеленушіге де, жоғары  қауіптілік көзін иеленген тұлғалар  да жүктелуі мүмкін.

        Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің 932-бабында бірлесіп келтірілген  зиян үшін жауапкершілік анықталған:

        Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар  жәбірленушінің алдында ортақтасып  жауап береді.

         Сот жәбірленушінің арызы бойынша  және оның мүдделері үшін бірлесіп  зиян келтірген тұлғаларға үлестік  жауаптылық жүктеуге құқылы.

        4.  Заттар – азаматтық құқық  қатынастарынаң обьектілері. Азаматтық  құқық қатынастарының обьектілері  деп заттарды (мүлік және мүліктік  құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты,  материалдық деп есептелмейтін  игіліктер (мәселен атау) мен интелектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы обьектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл обьектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. әдетте, азаматтық құқық обьектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге дейін ақпарат оның аясына кірмеді. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарынаң обьектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды . Зат деп материалдық әлемнің кез келген обьектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырына оның сапасы мен құқылық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықтарда заттарды саралаудың (классификациялау) алуан түрі кездеседі.

       Заттар азаматтық айналымдағы  қатынасына орай шектеулі айналым  қабілеттігіне байланысты азаматтық  азаматтық айналымнан шығарылмаған  және азаматтық айналымнан шығарылған  деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан  шығарылмаған заттарды олардың  иелері өзгеге еркін түрде  бере алады, сөйтіп, ол ешқашан   шектеусіз қолдан қолға өте  береді. Былайша айтқанда, мұндай  заттар азаматтық айналымға емін  еркін қатысады. Айналым қабілеттілігі  шектелген заттар азаматтық айналымға  қатысушылардыңбелгіл бір бөлігіне  қатысты, немесе айналымы ерекше  тәртіппен жүзеге асады. Осы  обьектілердің шеңбері заңмен  айқындалады. Оған у, қару-жарақ,  оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар  мен тастар, мәдени және тарихи  ескерткіштер, тағы басқалар жатады.

       Сонымен, азаматтық заң кейбір  заттарды азаматтық айналымнан  шығарып тастайды. Өткені, оны өзі  мемлекеттің немесе басқа тұлғалардың  өзгеге беруге болмайтын жеке  дара меншігі болып табылады. Қазіргі кезде оған мысал ретінде  орман, су және басқа бірқатар  обьектілерді жатқызуға болады.

        Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін  деп жіктейді. Бөлінетін заттар  бөлінген күннің өзінде тұтынушылық  қасиетінен, бастапқы сапасынан  айырылмайды. Мысалы, бір бөлке  нанды алайықшы, оны қанша жерден  бөлсеңіз де нан күйінде қалады  емес пе. Ал бөлінбейтін заттарды  бөлсеңіз пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екіге   жарып кесіп тастаңызшы, онда ол тұтыну қасиетінен айырылып қалады ғой. Саралаудың мұндай заттық мәні мүлікті бөлу кезінде айқын көрінеді.

       Заттар құқық қатынастарында  жекеше белгіленген және тектес  қасиеттеріне қасиеттеріне қарай  белгіленген заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап,  немесе бүтін бір тобына, басқаларына  тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші  жағдайда жекеше белгіленген  заттар деп, екінші жағдайда  тектес қасиеттеріне қарай белгіленген  заттар дпе атайды. Жекеше белгіленген  тек басқасына емес, тек сол  заттың өзіне ғана тән. Мысалы, оған суретшінің суреттегі қолтаңбасы  немесе көйлектің өзіндік үлгісі  жатады. Зат сол жекеше күйінде  ғана бір құқық қатынасында  тектес қасиеттерімен анықталады, ал басқа ретте даралық сипатқа  ие. Айталық, тігін фабрикасы дүкенге  48 пішімді, 3-тұрақылы (рост) 100 көйлек  әкеліп сатуға шарт жасасты  делік. Бұл құжат бойынша аталған  тауар тектес белгілермен анықталады. Ал сатып алушы әлгі жүз  көйлектің өзгесін бере алмайды.

            Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын  болып екіге бөлінеді. Оның қозғалмайтынына  жермен тығыз байланысы бар  жер учаскелері, учаске қойнауы,  көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және  құралыстар жатады, олар тұтастығы  мен пайдаға асуына орай жерге  елеулі залал келтірмей бөліне  алмайды. Сондай-ақ азаматтық  кодекс қозғалмайтын заттар қатарына  әуе және теңіз кемелері мен  ғарыш обьектілерін де жатқызады.  Себебі, олар халықаралық дәстүр  мен халықаралық төрелік жасау  арқылы қолданылады. Осындай аса  қымбат саналатын обьектілерді  пайдалану белгілі бір мемлекет  құзырынан шығып та кетеді. Әрине,  мұндай обьектілердің қозғалмайтын  мүлік жөніндегі жалпы ережемен  сыласпайтындығын да мойындауға  тура келеді.

          Қозғалмайтын мүлікке берілетін  құқық мемлекеттік тіркеуден  міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл  сол сияқты мемлекеттік тіркеуге  қозғалмайтын мүлікке жасалған  келісім де жатады. Алайда біз  бұл арады ереже талаптарынан  шығып кететін жәйттерді де  кездестіреміз. Мәселен, автокәсіпорын  қазғалатын мүлік болып есептелгенмен  тіркеуге жатқызылады. 

        Кәсіпкерлікке пайдаланылатын кәсіпорын  мүліктік кешен ретінде мүліктің (заттың) ерекше түрі болып табылады. Ал кәсіпорын негізінен алғанда  қозғалмайтын мүлікке жатады. Мүліктік  кешен ретінде кәсіпорынға оның  қызметіне керекті мүліктің барлық  түрі енеді. Ол тек қажетті  обьектілерді ғана қамтып қана  қоймай, жер учаскесі, ғимарат, құрылыстар  тәрізді қозғалмайтын болып көрінетіндерді  өзіне қаратып алды, тіпті жеке  дара күйінде қозғалмалы мүлік  болып табылатын керек жарақ,  құрал-жабдық, шикізат, өнім, тіпті  талап ету құқы да, қарыз, атауы,  туралы және фирмалық белгілер, бәрі-бәрі одан іргесін аулақ  сала алмайды. Демек, егер кәсіпорын  сатылатын болса, онда оның  иесі сатып алушыға өзінің  қарамағындағы барлық мүлікті  беруге тиіс. Тек сатып алушымен  келісім арқылы мүліктің бір  бөлігін (мысалы, шикізат немесе  кейбір құрал жабдықтар) жекелей  түрде сатуына болады.

           Қосалқы зат және басты зат.  Дербес пайдалануға келмейтін,  тек басқа затпен (басты) ғана  бірге пайдалануға болатын заттар  қосалқы заттар деп аталады.  Жалпы ережеге сәйкес қосалқа  зат басқа заттың заңдық тағдырына  әсер етеді. Енді басты зат  пен қосалқы заттарға мысалдар  келтірейік: құлып пен кілт, есік  пен құлып, үй мен есік. Егер  сіз үйді сатып алу сату  жөнінде шарт жасассаңыз, онда  оған үйді есігімен, құлпымен, сондай-ақ  кілтімен сатылады деп жатудың  қажеті жоқ. Өйткені, ол басты  зат пен қосалқы зат ережелеріне  бағынады. Сатушы есіктің құлпын  алып қойса, онда сатып алушы  оны орнына қоюды талап етуге  құқылы. Кей жағдайда сатушы мен  сатып алушы арасында жасалған  келісім шарт бойынша қосалқы  затты басты заттан бөлуге  мәмлеге келе алады.

        Жаңа азаматтық кодекс азаматтық  құқық обьектілерінің тізіміне  жануарларды да қосады. Егер заңда  өзгеше көзделмесе, оған мүлік  жөніндегі жалпы ереже қолданылады.  Құқықты жүзеге асыру кезінде  жануарлармен ізгілік принциптеріне  қайшы келетін қатал да аямаушылық  әрекеттердің орын алуына жол  бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша  түсіндірме жасауды қажетсінеді.  Біріншіден, бұл арада әңгіме  жан-жануарлардың бәріне қатысты  ма, әлде тек үй жануарлары туралы ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне жатқыза аламыз ба? Солай болған күнде меншік иесі мұндай мүліктерді басқара алмайды емес пе.

       Сондай-ақ жануарға “қатал қарау-аямаушылық”  дегенге орай оған әдейі зардап  шектіру шегі қалай айқындалады,  бұл да оңай сауал емес. Өйткені,  ғылыми тәжірібиеге байланысты  жануарлады азаптауға, тіпті өлтіруге  тура келеді, онда қалай болады? Бұл сауалдарға  жауапты тек  соттың белгілі бір жағдайларға  байланысты шығарған шешім ғана  жауап бере алады.

          Затқа ақша, валюталық құндылықтар,  сондай-ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілермен  анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары  ғана оған кірмейді. Қазақстанның  барлық аумағында теңге заңды  төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте-100 теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады. Шетелдік валютамен есеп айырысу  тек заңда көзделген ретте  жүзеге асады.

        Валюта құндылығына қымбат бағалы  металдар, шетелдік, банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар  жатады. Олармен келісім жасау  1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған  Қазақстан Республикасының “Валюталық  реттеу туралы” заңымен жүзеге  асады. Бірақ валюталық құндылыққа  меншік құқығы басқа мүліктер  тәрізді жалпы негізде қорғалады.

       Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз- белгіленген  нысан мен міндетті реквизиттерді  сақтай отырып, қайсібір мүліктік  құқықты орнататын, оны куәландыратын,  өзін көрсеткендей ғана құқықты  іске асыратын құжат болып  табылады. Демек құнды қағаз жоғалса,  онымен жасалған мүліктік құқық  та қоса жойылады. Құнды қағаз  осы ерекшеліктерімен қарыз алғанда  берілетін қолхат ретінде әрекетке  түседі. Оның соңғысы мүліктік  талапты куәландыруға қызмет  етсе, ал оны жоғалту ондай  талапты қоюда  басқа куәларды  алға тартуға кедергі жасамайды.  Құнды қағаз өзінде көрсетілгендей, мүліктік құқықты анықтайтын  бірден бір құжат болып есептеледі.

      Ол белгіленген және міндетті  өлшемдерді (реквизиттерді) сақтай  отырып жасалады. Мәселен, жалпы  ережеге сәйкес коносамент жарамды  болу үшін оның белгіленген  өлшемі болуы шарт. Онда коносаменттің  атауы, белгілі бір соманы төлеуге  деген ұсыныс, оны кімнің төлейтіндігі, атауы, төлемді төлеу мерзімі  мен орны, кімге немесе тапсырыс  бойынша кімнің төлем жасайтындығы, коносаменттің жасалған уақыты  мен орнын көрсету, коносаментті  берушінің қолы тәрізді талаптар  қамтылады. Осылардың біреуі болмаған  жағдайда коносамент жарамсыз  болып танылады.

       Құнды қағаздарды бір тұлғадан  екіншісіне беруге болады. Бұл  орайда құнды қағазда қамтылған  құқықтардың бәрі соның қарауына  өтеді. 

       Қазіргі кезде құнды қағаздың  негізгі түрлері деп кеңінен  қолданылып жүрген облигацияны,  акцияны жинақ және депозитивті  сертификаттарды айтамыз. 

      Құнды қағаз ретінде облигация  оны шығарушы (көбіне көп мемлекет)мен  сатып алушының иесі белгілі  бір тәртіппен есептелген оның  номиналды бағасы мен пайзының  сомасын ала алады (мысалы, ұтыс  жолымен). Акция оны иеленушінің  (акционердің) акционерлік қоғам  түсірген пайданың бөлігін девидент  ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның  басқару ісіне қатысу құқығы  беріледі, ал акционерлік қоғам  таратылған кезде оның пайдасының  бір бөлігін меншіктену құқығына  ие болады. Банктың жинақ және  депозитивтик сертфикаты банкке  ақша салушының белгілі бір  мерзім өткен соң оны пайызбен  алуына құқық береді.

     Құнды қағаздар мынандай үш  түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік  және ұсынбалы. Оның атаулысы  белгілі бір адамға беріледі  әрі ондағы құқықты тек өзі  ғана жүзеге асырады. Оған мәселен  жинақ және депозитивті сертификаттар  жатады. Ордерлік түрі де белгілі  бір тұлғаға беріледі, бірақ ол  бұл қағазды басқа біреуге  бергенде бергені туралы оған  жазады (индосамент). Ал ол өз кезгінде  бұл қағазды үшінші біреуге  бере алады, т.с.с. Ұсынбалы  түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.

        Құнды қағаздар шығару (эмиссия)  тәртібі мен оны ұйымдастырып  шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі  заңмен реттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Субьективтік азаматтық  құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері