Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.
Отансүйгіштік тәрбие көзін ұлттық фольклорымызда жатқаны белгілі нәрсе. Фольклорымыздан нәр алып өскен бала еліміздің елдігіне, егемендігіне еңбек етіп, өркендеуіне үлес қосатын азамат болып қалыптасады. Міне, осы бағытта атқарылған шараларды іске асыру барысында жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәнінің қосатын өзіндік үлесі бар.
Сабақтарда көрнекті құралдар, оқушылардың тәжірибесі қолданылып, ұстазға сұрақ беруге оқушыларды ұйымдастыру қажет. Осының бәрі сабақтың есте қалуына ықпал етеді.
Ән сабағында оқушылар әр ұлттың музыкасын тыңдап, билерін үйреніп, ұлттық ойындарын ойнайды. Ән сабағының ұстазы, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып өз жұмысын жоспарлағанда басқа сабақтарда оқушылардың қандай тақырыптарды меңгеріп жатқандарынан хабардар болуы керек.
Негізгі эмоционалдық жүкті ұстаздың сөзі, көркемдік әдістер – музыка, картиналар, көркем әдебиеттер алады. «Жан дүниесі бай адам өз халқының тарихын, мәдениетін біледі. Сонымен қатар бауырлас халықтың мәдениетімен, тарихымен таныс болып, сыйлай білсе, ол екі есе байи түспек» деген Абай сөзіне құлақ салсақ оқушылардың жан дүниесін байыту, яғни азаматтың сезімін тәрбиелеудің, патриоттық сезімін қалыптастырудың маңызы өте зор[6].
Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз терең сезімге айналуы үшін, ол туралы көп білуге ықыластық артуы ғана емес, Отан үшін еңбек етудің қажеттілігі; оның байлығына ұқыпты қарау. Болашақ азаматты тәрбиелеуде өз еркімен еңбек етудің ролі маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының істері жеңіл және күрделі емес, сонда да олар оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушылардың ұжым үшін, сыныбы үшін өз еркімен жасаған жұмыстарын мадақтап отыру керек. Балалар әрдайым не, қалай жасау керектігін өздері сезіне бермейді. Міне осы кезде үлкендердің көмегі, тілегі, тәжірибесі керек.
Бір бөліммен патриоттық сезімді тәрбиелеудің бүкіл қыр – сырын көрсету мүмкін емес. Сонда да бастауыш сынып оқушыларының ұстаздары балаларды алғашқы боп Отанмен, қоршаған ортамен таныстыратындарын ұмытпаулары тиіс. Патриоттық сезімге тәрбиелеудің жолдары әр түрлі болады, ең бастысы оқушыларда Қазақстан Республикасының азаматығына деген, ең керемет сезімді қалыптастыру.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени жүйесінің даму мәселесі балалар мен жасөспірімдердің мәдени демалыс қызметі тәжіри-бесін халқымыздың тәлім-тәрбие мұрасынан бөліп қарауға болмайтыны айқындалды. Тұлға қалыптастыруда бүгінгі күннің әсері көп. Мәдени демалыс мекемелері балалар мен жасөспі-рімдердің жан-жақты тұлға ретінде дамуына себеп болып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда әлеуметтік мәдени мекеме болып табылады. Сондықтанда, тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының интеллектуалдық ой-өрісін дамытуда саналы да, сапалы тәрбие беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қандай озық мәдениет болмасын, адамға оның төл мәдениетін алмастыра алмайды. Қазақ мәдениеті – бірегей, қайталанбас құбылыс. Оның уызына қанбаған, оның нәрін бойына сіңіре алмаған қазақтың баласы – рухани қалыптаспаған тұлға. Олай болса, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыруда орасан зор рөл атқаратын ұлттық мұраларды сақтап қалудың бірден-бір кепілі мектеп және мәдени демалыс мекемелер қабырғасында оларды балалар мен жасөспірімдерге жүйелі түрде меңгерту.
Мәдени демалыс мекемелеріндегі тәрбие жүйесіндегі жұмыстар салт-дәстүрлерді, төл өнерді жаңғырту арқылы болашақ ұрпағымыз, яғни балалар мен жасөспірімдерге имандылық-эстетикалық тәрбие берілуі керек. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов бекерге айтпаған.
Клуб жұмысы мәдени-көркем жетекшілер мен оның жұмысын ұйымдастырушылардан талмай ізденуді, тың серпінді күш-қайратты талап етеді. Екіншіден, олардың шығармашылық бастамасы мен халық педагогикасының асыл мұрасын клубтардың мәдени-тәрбие жұмыстарына үнемі пайдалана білулері тиіс. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы» - деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап айтқандай, халық дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу бізге міндет.
Міне, осы мәдени ағарту мекемелері, ұл-қыздарымызды бойына «Ұлттық қасиет» өзінің тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген көзқарасы ерекше болып, осы қасиеттерді балалар мен жасөспірімдердің бойына сіңіре білген еліміздің абыройының асқақтағаны.
Мәдени демалыс мекемелері қызметінің тағы бір өзекті мәселені шешу жолы көрсетілген мақсатты, яғни балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру. Өкінішке орай әлеуметтік-экономикалық мәселе күрделі, себебі, жергілікті өкімет орындарынан балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыруға жеткілікті көңіл бөлінбейді.
Мәдени демалыс қызметі мәдениетті тұлғаның дамыту әдістері мен жаңа түрлерін және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, физикалық белсенділігімен интеллектуалдық қабілеттерін жандандыруға, үлкен қабілеттерді дамытуға көп әсерін тигізеді. Сондықтан, балалар мен жасөспірімдердің қабілеттіктерін дамыту ұлттық дамушылықтың өзекті мәселесі болып табылады.
Соңғы кезде біздің елімізде тәрбие деген көзқарас өзгерді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында былайша нақтыланды: «Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру». Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар балалар мен жасөспірімдердің дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан олардың ой белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы тұлғаның шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Шығармашылық танымдылық іс-әрекет нәтижесі болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық даралығын, қабілеті мен ынта-ықыласын, барлық табиғи нышандарын толық ашуға қолайлы жағдайы бар орта болып табылады. Педагогтық тәжірибе ұдайы қуаттап отырған бұл қағидалар біздің қоғамы-мыздың бастауыш ұясы болып табылатын әлеуметтік ұжымның өзіне ғана тән ерекшеліктеріне негізделеді. Әлеуметтік қоғамда ұжым мен жеке тұлғаның түпкілікті мүдделері үйлеседі, өйткені қоғам қарқынды дамуында өндіріс пен қоғамдық өмірдің, ақыл-ой мен дене еңбегінің барлық салаларында барынша алуан түрлі қызметке қабілетті, жан-жақты дамыған жеке адамды қажет етеді.
Педагог А.Байтұрсынов: «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білу керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеу керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу керек», - дейді.
Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен үндес, өмір бойы өшпейтін, ескірмейтін өсиет. Бұлай дейтініміз, болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға – ұйымдастырушы-педагогтар, көркем жетекшілер және ата-аналар.
Қазіргі заман олардан баланың жеке басын қалыптастыру, оның көкірек көзін оятып, ата-бабадан қалған және осы кезеңдегі халқымыздың асыл мұрасын баланың жас кезінен ойына ұялатып, бойына сіңіру, адамгершілік, ізеттілік, эстетикалық сезім-әрекеттерін қалыптастыру.
Ол үшін алдымен ұйымдастырушы-педагог өзі жан-жақты білімді, шығармашылықпен еңбектенетін, ізденімпаз, озық тәрбиені бойына түйіндеген, көреген,сезімтал, балаға жүрек жылуын төге білетін, оның ішкі дүниесін, жан сезімін көре білетін осы заманғы қоғамдық талап деңгейінде болуға тиіс. Егеменді ел болып тілімізді, дінімізді игердік. Тәуелсіздік тәрбие еркіндігін берді.
Тәуелсіздік мұраты өскелең ұрпақты жаңа сапада, қазіргі қоғамдық өмірге бейім, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр. Бұл талаптардың жүзеге асуы бір мектептің қолынан келуі тағы да мүмкін емес. Ендеше мәдени демалыс мекемелері қызметі керек. Екінші жағынан жаңа міндеттердің бәрі тек қана тәрбие жұмыстарының жаңа формалары мен әдістері арқылы ғана шешілуі тағы да мүмкін емес. Бұл қоғамның тарихи өміріндегі сабақтастылық байланыс заңын үзіп, жаңаша дами салған қоғамның өмірге келгенін таба алмайсың. Ендеше өскелең ұрпақтың жаңа қоғамдық санада, өзі өмір сүретін орта өзгерісі жағдайларына сай талап ықпалында тәрбиелеуінде оны жетілдіру мәселелерінде тарихи тәжірибелерді қайтадан пайдаланып, жабылған мәдени мекемелердің көптеген тарихи типтерін қалпы-на келтіріп, тәрбие міндеттерінің әсерлі шешімдеріне айналды-руға болады. Жәнеде болашақта мәдени демалыс мекемелерінің іріленуі, тәрбиеленушілердің жақсы жабдықталған клубтарға шоғырлануы мекемелердің толымдылығына, үйірмелер санының артуына көмектеседі. Соның нәтижесінде мәдени мекемелерді қаржыландыру мен материалдық қамтамасыз ету ісі жақсарып, әкімшілік пен қызметкерлердің штаты өседі. Ең негізгісі толық қанды ұжым құруға, әр жұмыс бойынша әдістемелік жүйені өрістетуге мүмкіндік туады. Түптеп келгенде бүкіл тәрбие проце-сінің деңгейін көтеруге объективті жағдайлар жасалады. Мекеме жұмысын жақсартудың, оның қазіргі талаптардан кенжелеп қалуын болдырмаудың неғұрлым перспективтік жолдарының бірі – аймақтық ірі мәдени демалыс мекемелерін құру.
Біз сол ұлы мақсатты іске асыру үшін тәрбиенің негіздерін айқындап, тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін бала мен жасөспірім бойына сіңіруге тырысайық.
Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары – Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Темірбеков, Л.И.Гончаров, З.Қоспақов, Б.Қарақұлов және А.С. Райымбергеновтар.
Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды» [8].
Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.
Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр.
Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.
Оқушының әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері