Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.
Бұл жинақтарда жазылған пьесалар мен ертеңгіліктердің, мектеп сахнасына арналған сценарийлердің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор. Жинақтарда жазылған кейбір образдар арқылы, олардың жақсы жақтарымен оқушылар санасына сіңіп кету, олардың бойында өнер мен әдебиет арқылы жақсы азаматтық қасиеттердің пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған ұл мен қоршаған ортаға деген махаббат сезімінің қалыптасуына көмектеседі.
Жеткіншек ұрпаққа музыкалық тәрбие беру мәселелері бойынша материалдарда бүгінгі мектептердің практикалық тәжірибесі бар болғанына қарамастан бұл проблеманың көптеген жүйелері әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер қазақ халқының музыка өнерін игеруде сабақ пен сыныптан тыс әрекеттердің өзара байланыстылығы мен халықтың музыка мұрасын игеруге тартуда қазақ музыкасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, мақсатты бағытталған әдіс- тәсілдермен жүзеге асырылса, онда оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты әртүрлі жүйелерде пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка тәрбиесі негізініде жұмыстар жүргізу, онда жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру, музыкалық тәрбие беруде бағалы жолдары болып табылады.
Біздің дәуірімізде мектеп жастарын тәрбиелеу жолында мектеп өмірінің мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде ән- музыканың , сабақтан тыс көркемөнер үйірмелерін жүргізудің маңызы ерекше болып отыр. Музыкалық тәрбиенің, оның ішінде сыныптан тыс жұмыс жүргізудің мақсаты жастарды білімді, жоғары саналы, өнерлі, жан- жақты етіп тәрбиелеу болып отыр. Бұл орайда балалар мен жасөспірімдер арасындағы музыкалық тәрбие жұмысын жетілдіру мәселесіне зор көңіл бөлінеді.
Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі оқушылармен жүйелі түрде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу.Сыныптан тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдетуге, іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыурға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын арнайы ұйымдастырылған жұмыстарды айтады. Бұл жұмыстарды пән мұғалімдері мен ата- аналар, қамқоршы мекеме қызметкерлері немесе оқушылар ішіндегі ең белсенді, дарындыларды жүргізеді. Әр педагог сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті.Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Мұндай істердің барлығы да, бұл тәрбие жұмысының материалының мазмұныдылығы методикалық сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Ең алдымен, оқушыларға әңгіме тақырыбын ұғындырып, ізденуге тапсырма берілуі қажет. Балалар мұғалім тапсырмасын орындай отырып, бұл жұмыстың мазмұнына қанығады, оның пайдалы жағын ұғынады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүргізгенде еңбек және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жүргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған жөн. Ол үшін мұғалім оқушыларды түгелдей қатыстыра отырып, оларға түрлі тапсырмалар беріп, әр оқушының шамасына қарай, нәтиже алып, ұялшақ, бұйығы, үлгерімі нашар балаларға көмектер көрсетіп, қабілетін арттыру үшін іске үздіксіз жаттықытурға міндетті. Мұның өзі жүйелі және творчестволық жоспарлы еңбек арқылы іске асады.
Сыныптан тыс жұмыстарды мазмұнды жүйелі жүргізу арқылы осы жұмыстар жөнінде оқушылармен үнемі пікірлесіп, ақылдасып, келісе отырып, оқушылардың жеке істер жүргізуіне, еркін ұсыныстар айтуына шек қойылмауы керек.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауымен олардың белгілі бір өнер түріне бейіміділігін ескере отырып ұйымдастырылады.Осы мақсатта алуан түрлі үйірмелер, қоғамдар, клубтар мен студиялар құрылуда. Олардың ішінде оқушыларға тәрбие беруде әсіресе көркемөнерпаздар үйірмелері ерекше орын алады. Қазіргі кезде көркемөнерпаздар үйірмелері жоқ мектептер кемде-кем.
Халық музыкасын оқушылардың музыкалық- эстетикалық және адамгершілік тәрбиесін жетілдіруде пайдалану мәселері А.Нұғманова, Т.Тұрсынов,А.Хасанов т.б зерттеулерде айтарлықтай көрініс тауып, жас ұрпақтың рухани дүниесіне ықпалы зор тәрбие құралы екендігі дәлелденген.
Оқушылар тәрбиесін жаңа деңгейге көтерудің тағы бір тиімді тәсілдері лекция- концерттер жүргізу, факультативтік курстар жүргізу. Факультативті курстарды, әсіресе , қазақ ұлттық өнер саласына, мысалы: айтыс, әншілік, жыр- терме және т.б. өнерлерден ұйымдастырған жөн.
Музыкалық тәрбие- ұзақ, күрделі әрі сан қырлы процесс. Ол ең алдымен балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде басталады. Ал жалпы білім беретін мектепте тікелей ықпал ету- музыка, өнер, эстетика жөніндегі факультативтер, сабақтан тыс уақыттағы көркемөнер үйірмесі арқылы тәрбие беруді жалғастыра түседі. Жыл өткен сайын ортаңғы және жоғарғы сыныптарда балалардың жас ерекшеліктері сараланып, музыка сабағында, әр түрлі елдерде өмір сүрген композитор шығармашылығымен, түрлі музыкалық аспаптармен танысады.
Мектеп оқушыларды әнді өз ырғағымен ән сала білуге, ән балаларды қуанышқа бөлейтіндей, оны жанындай жақсы көруге үйретеді.
Хормен ән салу музыка тыңдау және музыка сауаты. Бұл әрбір музыка сабағының өзегі, программаның басқа екі бөлімі бойынша жүргізген жұмысында мұғалім осыған сүйенеді. Ән сияқты музыкалық қабілеттерін дамытудың ең пәрменді түрі. Вокальды хор дағдыларды қалыптастыру әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отырады. Ән салу жөніндегі берілетін нұсқаудан бастап әннің ұнамды шығуына дейінгі барлық объект назарда болуға тиісті. Хормен ән салу музыкалық тәрбиенің ең оңай қол жетерлік түрі болып табылады. Бірінші сынып оқушылары өздерін қуанышқа бөлеп, машықтандыратын қарапайым әнді салуға болады.
Музыкалық тәрбие тек бір жүйемен үзбей үйрету негізінде ғана ойдағыдай және жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Ән салу үшін, балалар оны мұғалімнің орындауында ынта-ықыласпен тыңдап алуға тиіс, музыка сазын дәл меңгеріп, ойда сақтауға, әннің мазмұны мен көңіл- күйін жақсы ұғынып алып, оны өзінің орындауында басқаға жеткізе білуге тиіс. Дұрыс қойылған хор әні мектеп оқушыларынан музыкаға белсенді қатынасуды, еріктілікті, есте сақтай білуді, аңғарымдылықты талап етеді.
Музыка мен ән сабақтарының мазмұнына өзінің қарапайымдылығымен, жинақылығымен, сүйкімді тартымдылығымен және үлкен мәнерлілігімен ерекшеленетін халық әндері енгізіледі. Бұл әндер мектеп оқушыларына өз халқының музыкалық тілін түсініп, көркемдік талғамын дұрыс қалыптастыру үшін тамаша материал болуы мүмкін.
Балалардың басқа халықтар музыкасымен және әндерімен танысуының сондай-ақ үлкен тәрбиелік мүмкіндігі бар. Музыка пәні мұғалімі тарапынан дұрыс басшылық болса балалар басқа халықтар музыкасынан көркемдік ерекшеліктерін түсінеді де бағалайды. Басқа халықтардың көркемдік даналығын түсіну- балаларды көпұлттылық рухта тәрбиелеудің тамаша мектебі.
Ән салуды дұрыс жолға қойған кезде ол оқушы коллективін ұйымдастырудың маңызды құралы болып алуы мүкін.
Әнді тамаша орындау- орындаушы коллективтің үлкен еңбегінің нәтижесі. Ән салып үйрену жалпы үйлесімділік пен келісімділікті, жалпы эмоциялық көтеріңкілік, көңіл- күйді талап етеді. Міне, осының барлығы балаларды дәл түсіп топтастырады. Жақсылап орындау балаларға үлкен қанағаттанарлық әкеледі. Осы қанағаттандықты бірге көріп, бастан кешіру коллективті топтастырудың ең жақсы құралы болып табылады.
Мектепке келісімен баланың ойнау әрекеті үзіліп қалмайды, бірақ басқаша сипат қабылдап, белгілі бағыт алады. Балаларды эстетикалық тәрбиелеуде драматизациялар, инсценировкалар кеңінен пайдаланылады.
Әрбір оқушының ойнайтын рольдердің ауқымы мен мәні шамамен бірдей болғанда, балалар көптеп қатынасқан ойын аса қызықты болады. Өлеңдері оқу, драматизациялау, ән салу, музыка өз ара үйлесіп келіп отырылса, ертегілерді инсценировкалау және әдеби- музыкалық композиция жасау мұндай мүмкіншіліктерді бере алады.
Мұндай инсценировка мысалын В.А.Сухомлинскийй өзінің “Мектеп оқушыларының рухани дүниесі” деген кітабында келтіреді : ертегі оқығанда,ертегінің идеясын барынша айқын беретін оқиға туралы сөз болып отырған сәтте, балалардың көз алдына олардың қаһармандары тиісті костюмдерімен шығып ойнағандай болады. Бұл әдістің,- дейді автор,- балаларға әсер еткені соншалық, тіпті олар ертегіде немесе әңгімеде сөз болып отырған оқиғалар барысына өздері ықпал етуге тырысты”.
Балалар қоятын ойында жалпы ынтымақтылыққа жету мақсатын да педагогтың алдын ала елеулі жұмыстар жүргізуі қажет. Оған инценировкада барлық оқушылардың ұйымшылдығына, жинақтылығына, алаңсыздығына қол жеткізу керек. Балаларды жиі де ұзаққа созылған репетициялармен ығыр етпеген жөн. Қатысушы оқушылардың барлығы бірдей шығарманың мазмұнын, қатысатын адамдардың мінез- құлқын, қандай эпизод болсын әрекет бағытын түсініп, сезінгендерінің зор маңызы бар.
Жұмыс бастамас бұрын музыка пәні мұғалімі әрбір педагогтық әдістердің мәнділігін ойластырып алады. Балаларды әрбір ойынға ұқыпты әзірлеу керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда балаларды қандай ойыны болсын табысты болмақ деп жорамалдайтын кейбір мұғалімдердің көзқарасы зиянды болып табылады. Драматизация мен инсценировка оқушылардың ақыл- ой өрісінің дамуына үлкен әсер етеді : олардың сөйлеу қабілетін дамытады, оқушылар сабақтарда жақсы оқитын бола бастайды, қызықты әңгімелер айтатын болады.
Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі би билеумен шұғылдану болып табылады. Төменгі сынып оқушылар билеуге аса құштар. Би билеуде олар өздерінің қозғалыстағы, әсерлері мен іс- қимылындағы өзгерістерінің табиғи қажетін қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын балалардың әдемі қозғалыстарымен таныстыруға, оларды музыканы тыңдатуға үйрету үшін пайдалану қажет.
Би билеуге үйрету үстінде балаларды жалпы ұйымшыл, тәртіпті болу, бірі- бірімен достықпен, әдепті түрде сөйлесе білу, педагогтың нұсқауын ынта- ықыласпен тыңдай білуге талап етіледі. Осының барлығы тәртіптілікке, мінез- құлық эстетикасын тәрбиелеуге әсер етеді.
Бастауыш мектеп балаларынң хоеографиялық оқуына, халықтық, көпшілік және бал билерін , оңай ырғақты жаттықтыруларды, ойындарды үйрену енеді. Биге үйретуді халық билерінен бастаған жөн, өйткені олар қозғалыс пен образға бай, оларда ұлттық сипатты белгілер орын алған. Би билеу ойындарын көрсету үлкен даму ықпалын тек орындаушыларға ғана емес, сонымен бірге сахнада өтіп жатқан оқиғалардың барлығына терең толғаныспен сезініп отырған көрермендерге қалдырады.
Осылармен бірге үйірме жетекшісі бұл оқудың балалар үшін қуаныштың қайнар көзі болуына қамқорлық жасайды. Бұл музыканың сүйемелдеуімен, костюмдердің түр-сипаттарымен, оқуды өткізу барысында жасалған барлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
Мынадай да жағдайды ескеруге тура келеді, би үйірмесіне жазылған балалар барынша көбірек қуаныш, рахатқа бөленіп, қызыққа бату үшін келеді. Оқушыларға мынаны түсіндіру қажет, би- нағыз өнер шығармасы, сондықтан оны жасау үшін еңбек пен ұйымшылдық керек.
Оқудың маңызды бөлігі оқушылар үшін қол жетерлік көпшілік бал билерін үйрену болып табылады. Оларды мектептің барлық оқушылары орындайды, сонымен бірге үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқуға билеу қозғалыстарын дұрыс да, сауатты орындауды қамтамасыз ететін билеуге әзірлік элементтерін енгізген жөн.
Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады.Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптарға сыныптан тыс жұмыс, көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар көмегімен сыныптың оқушылар іс-әрекеті төңірегінде жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыс сабақ сияқты уақытпен шектелмегендіктен, оның мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды көптеген іс-әрекет түрлеріне қатынастыруға, ол іс-әрекет түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай туғызады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады. Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу,өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік және жалпы түрлерін бөліп қарайды. Тәрбиенің міндеттерін шешу үшін сыныптан тыс жұмыстың жалпы түрлерін пайдаланады. Тәрбиенің белгілі бір бағытының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін сыныптан тыс жұмыстың арнайы түрін анықтайды. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі. Ол ата-аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс-әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері