Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломная работа лаура (1).doc

— 582.00 Кб (Скачать файл)

Н. Л. Гродзенская музыка өнерімен оқушыларды таныстыру, онда тыңдаушыларға  музыканың  тәрбиелік ықпалының тиімділігін арттыру үрдісіне мүмкіндік беретін кестесін ұсынады: мұғалімнің кіріспе сөзі; музыкалық шығарманы тыңдау; талдау, шығарманы талдау; шығарманы жоғары  деңгейде зердемен (саналы түрде) жаңадан тыңдау; қайталау, музыканы есте сақтау. Осы кестені жүзеге асыру үшін автор педагогикалық тәжірибеде кеңінен пайдаланылатын әртүрлі тәсілдерді ұсынады. Бұл жағдайлар осы мәселе бойынша біздің пікірімізге сәйкес келеді, себебі, олар музыкалық шығармаларды саналы қабылдауға мүмкіндік береді, балаларды музыкалық шығармалардың мазмұны және мәнерлілік құралдарымен терең ойланып жұмыс  істеуге үйретеді, олардың  ара қатынасы мен өзара байланысын  түсінуге  үйретеді. Осындай тереңдетілген жұмыстар оқушылардың әртүрлі музыкалық шығармаларға қарым-қатынасын, музыка өнері саласында олардың талғамдарын, қызығушылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл өз  кезегінде  педагогтың  оқушылармен  тәрбие жұмысын жоспарлауына  көмектеседі, музыка өнерінің  тәрбие үрдісінде, соның ішінде балаларға патриоттық тәрбие беруде тиімдірек ықпал етуінің нақты мүмкіндіктеріне жағдай туғызады. Н. Л Гродзенскаяның айтқан пікірлері, музыка сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің  жолдары  мен әдістерін дайындап және негіздеуге, мазмұндарын таңдап алуға негіз болды. Бірақ та, оқушыларды музыкалық шығармалармен таныстыру ұйғарылған біздің көзқарасымызша, себебі, тәжірибеде көрсеткендей, оның жүйелілігінің кейбір кезеңдеріне белгілі өзгерістер енгізіліп, кейбір жағдайларда, егер шығарманы бар ықыласпен қабылдағаннан  кейін, музыканы  талдағанда оқушыларға қандай да бір білімнің негізінен мағлұмат беріледі (хабарланады), музыкалық шығарманы саналы түрде қабылдап  немесе орындауда, қайта тыңдағанда бекітіледі, сонда көбірек тәрбиелік тиімділігі болады, я болмаса, жететіндігін атап өткен жөн. Тақырыбымыздың негізгі мақсаты тәрбие жұмыстарының ішіндегі қазақстандық патриотизм болғандықтан, осы мәселеге тоқталамыз. Мектепте оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу мына төмендегі  салтанатты жиын, тәрбие сағаттары түрінде өтіледі:

1. 1-қыркүйек. Алғашқы қоңырауға  арналған салтанатты жиын “Ата  заңымызбен” тығыз байланыста  өткізіледі. Тамыздың 30-ы Қазақстан  Республикасының Ата заңы күні. Осы күні барлық сыныптарда  тәрбие сағаттары өткізіледі.

2. 16 желтоқсан – “Тәуелсіздік  күні”. Салтанатты жиын және тәрбие  сағаттар өткізіледі.

3. 22 наурыз – “Наурыз тойы”. Мектепте салтанатты жиын және  тәрбие сағаттары өткізіледі.

4. 7 мамыр – “Отан қорғаушылар  күні”. Мектепте салтанатты жиын  және тәрбие сағаттары өткізіледі.

5. 9 мамыр – “Жеңіс күні”. Мектепте  салтанатты жиын және тәрбие  сағаттары өткізіледі.

Мектептегі оқу жылы 1 қыркүйек – Білім күні, алғашқы қоңырау қағудан басталады. Әрбір сынып тәрбие сағаттарында  жас  ерекшеліктеріне  қарай Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің қазақ халқының тарихында алатын орны жайлы танысып және оқушыларды елжандылық, ұлтжандылық  отансүйгіштікке  тәрбиелеуде маңызы зор.

16 желтоқсан – Қазақстанның  тәуелсіздік алған күні сыныптан  тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбие сағаты түрінде өтілетіні белгілі. Бұл күні Отан, туған ел, туған жер туралы әндермен бірге, тәрбие сағатының тақырыбына сай, Ә. Тінәлиевтің “Желтоқсан желі”, І.Амановтың “Қасқалдақ” әндері орындалады. 1986 ж. 16 желтоқсанда болған оқиға бүкіл дүние жүзіне қазақ деген ұлттың бар екендігін паш етті. Осы оқиғада құрбан болғандар: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановалардың өмірлері үлгі - өнеге. Сол кездегі жастардың ереуілі “қазақ”, “Қазақстан Республикасы” – деген ұранымен болған. Осы мазмұнда өтілетін тәрбие сағаттары, тақырыпқа сай, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып табылады.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталып, халық арасында кең тараған Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әнінің орындауымен  жалғасады.  Сондай-ақ  Е.Хасанғалиевтің   “Күн   дидарлы -Қазақстан ”, бастауыш сынып оқушылары С. Мұхамеджановтың “Қазақстан” сияқты әндері орындалады. Осындай патриоттық тақырыптағы әндерді орындау арқылы мерекенің мазмұны ашылып,  әсері күшейеді. Осы тақырыпқа байланысты шыққан еліміздің Елбасы Н. Назарбаевтың сөзіне композитор Б. Тілеухановтың “Елім менің” әнінің тәрбиелік мәні орасан зор.

22 наурыз – “Наурыз тойы”.  Еліміздің  егеменді  болғанына  байланысты 60 жылдай жоғалып, қайта оралған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор. Бар табиғат еміреніп, жан-жануар түгел жаһан  дала  жаңғыра  бастағанда  олармен бірге жаңарып, бірге қуанған адамзат баласы да ұлыстың ұлы күнін ақ жарқын мерекеге айналдырған, оны барша ағайын-туыс, алыс-жақын, дос-жаран айналаның бәрі құшақ жая қарсы алып, төс түйістіріп, қол қусырап, аман-түгел алысып, мәз-мәйрам болысқан. Осы мереке арқылы оқушылар ана тілін, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрін үйрене отырып, ұлтттық дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Наурыз мерекесіне байланысты шыққан әндер: Б. Сарыбаевтың “Наурыз думаны”, С. Мұратовтың “Наурыз тойы”, Б.Есдәулетованың “Наурыз тойы”, қазақ халқының  кең  дархандығын, мейірбан – жомарттығын, қазақ даласының байлығын, көркемдігін суреттейді. Оқушыларға осы әндерді үйрету арқылы туған елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелейміз.

7 мамыр – “Қазақстан сарбаздарының  күні”. Халық даналығында “Отан  оттан да ыстық”, “Отансыз ер, бұралқы итпен тең” деп айтылатындай, біз ата-анамызды, ұлтымызды таңдай алмайтындай, Отанымызды  да таңдай алмаймыз. Отанды сүйіп, құрметтеу, қадірлеуге, жас өспірімдердің бойына мектепке алғаш аяқ  басқаннан  Отанды  қорғау  жауапкершілігімен астастырып, сіңіру қажет. Осы орайда, бастауыш сынып оқушыларына арналған  К. Қуатбаевтың  “Ел қорғауға әзірміз”, К. Дүйсекеевтің “Солдат болам мен ертең” әндерінің тәрбиелік мүмкіндігі мол. Жас өспірімдер ата-бабамыздан келе жатқан тарихи жауынгерлік дәстүрлермен танысып “азаматтық парыз”, “азаматтық борыш” ұғымдарынан мағлұмат алып, Отан қорғау қасиеті жауапкершілік сезімін түсінеді. Ал, жоғары сынып оқушыларымен алғашқы әскери дайындық пәні арқылы отан қорғауға дайындық жұмыстары жүргізіледі.

9 мамыр – “Жеңіс күні”. Мектепте Жеңіс күніне іс-шаралар салтанатты жиын, тәрбие сағаттары түрінде өткізіледі. “Ұлы Жеңіске –тағзым” тақырыбында мектептен тыс өткізілген іс-шаралардың оқушыларды, патриотизмге тәрбиелеудегі маңызы орасан зор болды. Оқушылардың ата-аналарымен бірігіп,  қаланың орталық алаңына шығып, соғыс ардагерлерімен сарбаздар шеруін көруі, теледидардан Ұлы Отан соғысы туралы фильмдерді көруі, ой-өрістерін кеңейтіп, сабақтардағы алған білімдерін толықтырып, тәрбие  сағаттарында саналы түрде өлең, тақпақ айтып, әндерді орындауға үлкен мүмкіндік туады. Тәрбие сағаттарында Р. Елебаевтың “Жас қазақ”, С.Байтерековтың “Әлия”  әндерінің орындалуы арқылы халқымыздың батыр ұл-қыздарының есімдері мәңгі есте сақталатындығын оқушылардың жүректеріне ұялатып, бойларына сіңіру қажет. Қорыта келгенде, мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие беру, алғашқы қоңырау соғылғаннан, соңғы қоңырауға дейін жүргізіледі. Әрбір сыныпта белгіленген жоспар бойынша іс  жүзіне асып отырады.  Әрбір мерекеге тыңғылықты дайындықпен, жүйелі түрде өткізілетін  тәрбие  сағаттарының  көзделген мақсатқа жетуі - әрбір сынып жетекшісінен үлкен жауапкершілікті  талап  етеді. Жоғарыдағы  аталған  тақырыптық  мерекелердің  оқушыларға  патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндігі мол, маңызы орасан зор. 

 

2 Бастауыш  сынып  оқушыларының  патриоттық  сезімдерін  педагогикалық  процестер  арқылы  қалыптастыру.

 

2.1  Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  бастауыш  сынып  оқушысының  патриоттық  сезімін  қалыптастыру  жолдары.

 

 

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие  жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Мектепте  музыкалық  тәрбие  беруде   музыка  сабағының  өзі  аздық етеді.  Музыкалық  тәрбиенің баланы жан – жақты етіп тәрбиелеуде, оларға патриоттық  тәрбие  беруде мәні зор.  Бірақ та бұл жөнінде  көңіл бөлетін  нәрсе  сыныптан  тыс  уақыттарда  тәрбиенің  бұл түріне көп көңіл бөлу керек.  Себебі, сыныптан  тыс өткізілетін  бағдарламалар  арқылы  баланың ой- өрісі дамып, бір өнердің түрімен  композитор шығармашылығмен кеңінен  танысуға  мүкіндік береді.   Балаларға  патриоттық,  музыкалық  тәрбие беруде,  музыкаға  құлшынысын  арттыруда  мектептегі  музыкалық  лектоийлер  үлкен роль атқарады.  Жақсы және жоспарға  сай ұйымдастырылған  музыкалық  лекторийлер  балалардың жан- дүниесіне әсер етіп, үлкен  қызығушылықпен келесі       өткізілетін  іс- шараларды  да күтетін  болады.

Болашақ   музыка  мұғалімдері  осы  музыкалық  лекторийлерді практика  кездерінде ұйымдастырып, өз білімдерін   көтерулер керек.  Сыныптан  тыс өткізілетін іс-  шаралардың  тәрбиелік мәні-  балалардың  бос уақытын  дұрыс  пайдалана  білуі, адамгершілік,  азаматтық  қасиеттерінің  дамуына, өнер  әлемінің  сырлы  саздарын  түсіне  білуге  септігін  тигізеді.

    Бүгінде  балаларды  тәрбиелеудің, оларға  дүние  танытудың  алуан жолдары бар. Бұл реттен  мектепте  музыка өнері мен көркем   әдебиеттің бірігуі, олардан  шыққан туындылар- басты құрал болып табылады. Көркем  әдебиет   пен  музыканың  мәні  мен  құнын  арттыратын  ең қолайлы  нәрсе-  мектеп  сахнасы  екені  даусыз, яғни   балалар көркем  әдебиеттен көркемдікті  ,тілді, ой- сана  мәліметтерін  үйренетін болса, ал  музыка   саласынан  әсемдікті, өнер  атты  әлемнің   құпияларын, оның адам  санасына   әсерінің   қандай екенін  біледі.  Мектептегі  көркем  әдебиет пен  музыка  саласымен  тығыз байланыста   өткізілетін   тәрбие шараларының   кең таралған  формасы  түрлі  тақырыптарда   өткізілетін  кештер, кездесулер, ойын  сауықтар болып табылады.  Бұл істерді  сыныптан  тыс  сабақ  уақытында  тақырыппен  байланыстыра  жүргізіледі. Халқымыздың  ұлы  перзенті   Абайдың  “Артыңа  із қалдырғың келсе,  кейінгі  ұрпаққа  білім нұрын  сеп,  білімге тәрбиелеу, болашағымызды  өз ұлт  өнері  мен мәдениетінің тұнығынан  сусындап, тарихын терең түсінетін  болсын” деген өсиеті  де болашақ ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелудің  қажеттігі  мен  маңыздылығын  дәлелдейді. Бүгінгі оқушы,  тәрбиеленуші- ертеңгі  дүние  тұтқасын  ұстап, халық мәдениетін   көтеретін азамат.  Ұстаздықтың,  соның  ішінде   музыка мұғалімі қызметінің қиындығы да  осында.  Мектептегі  музыка мұғалімі  өз сабағында  білім беруші,  білікті  маман ғана  емес,  музыкалық- тағылымдық  жұмыстарды жүргізуші  Мерекелік  кештер  мен концертттерді, түрлі  кештерді  үйірмелерді  ұйымдастырушы.

Оқушылардың өткізілетін  әрбір даталық, тақырыптық, өнертанымдық кештерді әзірлеу барысында  балалар  өз бетімен  ізденуге, творчестволық қабілетін  танытуға мүмкіндік алады. Өнерпаздық қабілеттері  ұшталып, арман  қиялдарына  қанат бітеді. Сондықтан жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінде  оқушыларды дәстүрімен, өнер  атты әлемнің   шоқтығы  биік жұлдыздары  шығармашылығымен  таныстыру, олардың  ой- пікірін  оқу  тәрбие  ісінің  тірегін  айналдыру- бүгінгі  күннің өзекті  мәселесі   деуімізге  әбден  болады.

Алайда  мектептердің  іс- тәжірибесінде  оқушылармен   сыныптан  тыс  уақытта  жұмыс жүргізу  жүйесінде  музыка  мәдениетіндегі  рухани    дәрежесі   мен  тәрбие  деңгейін  қалыптастыру   негізінде  жүргізілетін жұмыстарда  кемшіліктер  мен қайшылықтар  бар. Атап  айтсақ, мектеп  педагогикасында   ғасырлар  бойы ерекшелініп, өмір  сынынан  өтіп, келер  халықтық  ұрпақ тәрбиесіндегі  жинақталған  тағылымы,  тәлім- тәрбиесі  мен   салт- дәстүрінің  озық  үлгілерін  пайдаланбау-  жастар  арасында  өрескел  мінез- құлықтың   етек алып,  тәрбиелік  мәні,   мағынасы  таяз  жат рухани  кедейшілікке әкеп  соқты. Халқымыздың  ауыз екі   әдебиетінде, халық ән- күйінде , толғау   термелерінде  қаншама педагогикалық  мәдениет бола тұра, оны  тәрбие  мәселесіне   дұрыс қолдана  алмағандықтан  ар- ожданымыза , инабат- ізетіміздің  таяздап  бара жатқанын  енді ғана аңғардық.

     Сондықтан  өскелең  ұрпаққа   музыкалық  тәрбие  берудегі  біздің   алдымыздағы  ең басты міндет- оқушыларға  көркемдік  білім  беру мен эстетикалық  тәрбиені  айтарлықтай  толық, өнер шығармалырының  , туған табиғаттың сұлулығы мен  байлығын түсініп, бағалай  білу қасиетін қалыптастыру. Осы  мақсатта  әрбір   оқу  пәнінің,  әсіресе, зор танымдық  және  тәрбиелік   күші бар әдебиет, музыка  өнерінің эстетикалық  мүмкіндіктерін  жақсы  пайдалану  қажет.

     Музыкалық  тағылым  мен  эстетикалық  тәлім- тәрбие  беру жөнінде  көптеген  айтарлықтай  тәжірибе жинақталды. Осы мәселе жөнінде  оның түрлері, ұйымдастыру  әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая, Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және  басқалардың  зерттеулеріне  көрініс тапты.

Бүгінгі  таңда  оқушылардың  музыкалық- эстетикалық  тәрбие   мәселесі Қазақстан  ғылым педагогтары  А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов,М.Балтабаев т.б  еңбектеріне елеулі орын алған.

     Ал мектеп  сахнасына  арналған  тәрбие жұмыстарының  әр түрлі  формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр түрлі  тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және  сынып сағаттарына  сценарийлер жазып жинақтаған   көптеген ақын  жазушыларымызды атауға  болады. Солардың ішінде  Ә.Табылдиев, оның  “Тәрбие очерктері” , “Көңілді  кештер” атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың”Мектеп кеші көңілді”, Б.Ысқақовтың “Әлімнің әлегі”, Қ.Боқаевтың “Өнерлі өрге жүзер” т.б. жинақтарын  айта кетуге болады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері