Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 19:16, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын, II бөлімінде Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдістерінің қолданылуын қарастырамын, ал ІІI бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып, қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая работа.docx

— 100.37 Кб (Скачать файл)

Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану  мақұлданады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол осы  фактіні ашып көрсетуі керек. Қаржылық есептіліктерді ұсыну (IAS) (2007 жылғы редакция) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 62 тармаққа түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 (IAS) (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс. 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша 8, 9, 48, 53, 54 және 57 тармақтарына түзетулер енгізілді. 22 тармақ алынып тасталды және 53А және 53В тармақтары қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап проспективті түрде жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Ұйымға түзетулерді, егер құрылысы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүліктердің әділ құны сол күндері анықталған болса, құрылысы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлікке 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кез келген күннен бастап қолдануға рұқсат етіледі. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және бір уақытта 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ХҚЕС-ының 5 және 81Е тармақтарына енгізілген түзетулерді қолдануы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «Инвестиция есебінің  әдістері: үлестік қатысу әдісі,  сатып алу құны әдісі» қолданылуы

 

2.1Үлестік қатысу әдісі,  сатып алу құны әдістерінің  қолданылуы

 

Инвестиция мына 2 әдіске салынады:

  • Үлестік қатысу әдісі;
  • Құндық әдіс (немесе құн әдісі).

Үлестік қатысу әдісі - бұл  әдіс бойынша инвестиция сатып алған  кезде сатып алынған күні бойынша  есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі  өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның  құны өсіп немесе кеміп отырады. Инвестордың  тәуелді шаруашылық серіктестігінің  таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің өзгеруі оның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде табыс немесе зиян ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған  жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы  немесе зиянындағы үлесінің мойындалған  бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады  және де ол табыс немесе змян ретінде  танылады.

Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды  иеленген мезетте сатып алу құнымен  көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі  мойындалуына байланысты олардың құнының  өсуімен (кемуімен) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің  таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.

Тәуелді шаруашылық серіктестігінің  жинақталған таза табысының жалпы  сомасынан тиісті дивидендттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.

Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестеріндегі  алған зиянына тең немесе артық  болса, онда мұндай зияндар келешекте  есепке алынбайды. Инвестицияның нөлдік құны бойынша көрініс табады.

Тәуелді шаруашылық серіктестігінің  активтерінің қайта бағалауына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.

Инвестор өзінің тәуелді  шаруашылық серіктестігінің таза табысында  үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.

Егер де тәуелді серіктестіктердің  активтері қайта бағаланса, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы  қайта бағалауға арналған резервте көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол қайта бағалауға арналған резервті азайтады.

“Топар” АҚ қоғамы “Арко” АҚ-ның 33%және “Күнгей” АҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алынған  акцияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге  құрған.

“Топар” АҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Топар” АҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгені қайта бағалауды  жүргізген. Бірінші жылдың қортындысы бойынша “Топар” АҚ 9900 мың теңге  зиян шексе, ал “Күнгей” АҚ 5000 таза табыс  тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидентті жария еткен. Ал келесі жылы “Арко” АҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “Күнгей” АҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.

Екінші жылдың қорытындысы  бойынша “Күнгей” АҚ 1000 мың теңге  таза табыс тауып, 200 мың теңгеге  дивидендті жария еткен, “Арко” АҚ – 1500 теңге деңгейінде зиян шеккен.

 

Кесте 2.1 үлестік қатысу әдісі

Қатар

Шаруашылық операциялар  мазмұны

Сомасы, теңге

Бухгалтерлік жазу

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1

Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан  баға бойынша акциялары сатып  алынды:

-«Арко» АҚ-33%айналысындағы  акциясы

-«Күнгей»АҚ-28%айналысындағы  акциясы

 

 

 

 

3110000

 

4600000

 

 

 

 

2210

 

2210

 

 

 

 

3310

 

3310

 

Жиыны

7710000

   

Бірінші жылы

2

“Арко” АҚ өзінің кейбір негізгі  құралдарының обьектісін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу әдісі  сомасы артып, инвестицияның құны өскен  “Күнгей”АҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99000 теңге құраған (300000*33%)

 

 

 

 

 

 

 

99000

 

 

 

 

 

 

 

2210

 

 

 

 

 

 

 

5320

3

Бірінші жылдық нәтижесі бойынша:

-инвестицияның құнының өсуімен  бірге «Арко» АҚ үлесі өскен,  өйткені «Күнгей» ААҚ үлесі  1400000 теңге құраған(5000000*28%)

-“Арко”АҚ зиян шеккендіктен ,”Күнгей”АҚ инвестициясының құны  да азайған

“Арко”АҚ шеккен зияннан  “Күнгей” АҚ-на  тиесілі 3267000(9900000*33%)теңге  құраған

(Шеккен зиянының үлесі  инвести-цияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік  деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58000 теңге сомасы баланстан тыс  шотта есепке алынған(3267000-3110000-99000)

-“Арко”АҚ –нан “Топар”АҚ  –на тиесілі, дивиденд сомасына  инвестиция құны азайды, ”Топар”  АҚ-ның алынатын дивиденд сомасы 560000 теңге құраған (2000000*28%)

 

 

 

 

1400000

 

 

 

 

 

 

3209000

 

 

 

 

 

 

58000

 

 

 

 

560000

 

 

 

 

2210

 

 

 

 

 

 

7610, 7620

 

 

 

 

 

 

011

 

 

 

 

1220, 1240

 

 

 

 

7610, 7620

 

 

 

 

 

 

2210

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2210

Екінші жыл

5

“Топар” АҚ –ында инвестициясы-ның  құны азайған, өйткені “Арко” АҚ  өзінің кейбір негізгі  құралдары-ның  құнын арзандатқан.

-бұрындары жасалған қайта  бағаланған соманың шегінде

-бұрындары артық жасалған  соманың шегінде 36000 теңге(135300-99000)

 

 

 

 

 

99000

 

 

36000

 

 

 

 

 

5320

7330,

 

7610

 

 

 

 

 

2210

 

 

2210

6

“Арко”АҚ  өзінің негізгі  құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, ”Топар” АҚ –ның қатысу үлестік  құны, яғни инвестициясының құны  өскен.

 

 

40000

 

 

2210

 

 

5320


 

Енді осы жасалған операциаларымен  байланысты бухгалтерлік жазбасын қарастырып көрейік.

Үлестік қатысу әдісі мынадай  белгілермен сипатталады:

• шаруашылықты серіктестікке  қатысты таза табыстағы қатысу үлесі  инвестордың инвестиция құнының  баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан бөлінеді;

• шаруашылықты серіктестікке  қатысты залалдағы қатысу үлесі  инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан бөлінеді;

• тиесілі дивидендтер  сомасы инвестордың инвестиция құнының  баланстық кемуінен көрінеді.

Инвестор «Топар» АҚ 70000 теңге құнындағы «Шығыс» АҚ қатысты 35% акциясын иеленді.

а) инвестицияның сату құнына :

 

  Д                 К                Сомасы 

2210           1030            70 000

Жыл қорытындысы бойынша: 

- тәуелді серіктестіктің  таза табысы-30000 теңге болады.

- жарияланған дивидендтер-15000 теңге

ә) таза табыс үлесіне:

  Д                 К                            Сомасы

2210          7610, 7620        30000*35%=10500теңге

б) дивиденттер үлесіне:

  Д                 К                            Сомасы

2170             2210               15000*35%=5250 теңге

Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік  қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі  өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвестицияның баланстық  құны кемиді.

Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

Инвестиция сатып алу  құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын  қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама  төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын  себептерінің катарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы  дивидендтерді бөлудің саясатына  араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асуры туралы келісімдерде карастырылған дивидендтерді  төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы  мүмкін.

Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды  қайтарған болып саналады және инвестордың  балансы сол сомаға азаяды.

 

2.2. Инвестицияның синтетикалық  есебі

 

Инвестицияның бухгалтерлік есебі  №27 ХҚЕС « Бірлескен  қаржылық есеп және еншілес компанияларға  инвестицияның есебі», №28  ХҚЕС «Қауымдастырылған  компанияларға берілген инвестицияларды  есепке алу», №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану  және бағалау», № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы» қарастырылған.

 Бухгалтерлік есеп  шоттарының жұмыс жоспарында  бірінші және екінші бөлімдерінде  орналасқан, активті кіріске алуы  Д, шығысқа шығаруы К  инвестиция  1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»  кіші бөлімі

1110-«Қысқа мерзімді ұсынылған  қарыздар», онда ұйымдардың мерзімі  бір жылға дейін берген қарыздары  есепке алынады; 

1120-«Саудаға арналған  қысқа мерзімді қаржы активтері», онда бағалардың қысқа мерзімді  ауытқуларынан пайда алу мақсатында  сатып алынған қысқа мерзімді  активтер есепке алынады. Қаржы  активтерін, егер ол құрылымы  қысқа мерзімді перспективада  пайда алуға ынталандыру туралы  куәландыратын портфельдің бір  бөлігі болып табылса, оны сатып  алу себептеріне қарамай, саудаға  арналған ретінде жіктеген жөн.  Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің  тиімді құралдары ретінде анықталған  жағдайларды қоспағанда, саудаға  арналған ретінде қаралады;

1130-«Өтеуге дейін ұсталынатын  қысқа мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар  мен дебиторлық берешекті қоспағанда, өтеу мерзімі басталғанға дейін  ұйым иелік етуге берік ниетті  және қабілетті тіркелген немесе  анықталатын төлемдері және тіркелген  өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді  қаржы активтері есепке алынады;

1140-«Сату үшін қолда  бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»,

онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:

ұйым берген қарыздар мен  дебиторлық берешек;

өтеуге дейін ұсталатын  инвестиция

саудаға арналған қаржы активтері.

1150-«Өзге қысқа мерзімді  қаржы инвестициялары», онда алдыңғы

топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар

есепке алынады.

2000-«Ұзақ мерзімді қаржылық  инвестициялар» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай  шоттар тобынан тұрады:

2010-«Ұзақ мерзімді берілген  қарыздар», онда ұйым бір жылдан  асатын мерзімге берген қарыздар  есепке алынады;

2020-«Өтеуге дейін ұсталатын  ұзақ мерзімді инвестициялар», онда  ұйым берген қарыздар мен дебиторлық  берешекті қоспағанда, ұйым өтеу  мерзімі жеткенге дейін иелік  етуге берік ниетті және қабілетті,  бекітілген немесе анықталатын  төлемдері және тіркелген өтеу  мерзімі бар қаржы активтері  есепке алынады;

2030-«Сатуға арналған қолда  бар ұзақ мерзімді қаржылық  инвестициялар», онда мынадай санаттарға  кірмеген қаржы активтері есепке  алынады:

ұйым берген қарыздар мен  дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын  инвестициялар;

2040-«Өзге ұзақ мерзімді  қаржылық активтер», онда алдыңғы  топтарда көрсетілмеген ұзақ  мерзімді қаржы активтері есепке  алынады, мысалы, өзіндік құны  бойынша есепке алынатын еншілес  ұйымдарға берілетін инвестициялар,  үйлесімді шоғырланым әдісімен  есепке алынатын бірлесіп бақыланатын  ұйымдарға берілетін инвестициялар.

Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380-«Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа  мерзімді сыйақылар көрініс табады;

3390-«Өзге қысқа мерзімді  кредиторлық берешек», мұнда алдағы  топтарда көрсетілмеген өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек  есепке алынады.

Кірістер мен табыс  пайыздары алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша  кірістерді алумен байланысты операциялар  көрсетіледі;

6140-«Инвестициялық жылжымайтын  мүлік операцияларынан алынатын  кірістер», онда капитал құнының  немесе сол және басқаның өсуінен  жалдау төлемдері немесе кірістерді  алу мақсатында (жалдау шарты  бойынша иеленуші немесе жалға  алушының) иелігінде бар (жер,  ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді  алумен байланысты операциялар  көрсетіледі;

6400-«Үлестік қатысу әдісі  бойынша ескерілетін ұйымдар  пайдасының үлесі» кіші бөлімі  үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

6410-«Қауымдастырылған ұйымдардың  пайда үлесі», онда үлестік қатысу  әдісімен ескерілген қауымдастырылған  ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;

Информация о работе Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері