Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:33, дипломная работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11

І-тарау. Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы.
Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41
1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22
1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65
2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51
2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69

СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80

Вложенные файлы: 1 файл

рыскулов.doc

— 340.00 Кб (Скачать файл)

Т.Рысқұловтың 95 жылдық мерейтойына  арналған мақаласында23 В.М.Устинов бұрынғы жіберген қателіктерін түзеп, жаңа тұрғыдан тың тұжырымдар жасайды.

Соңғы жылдары Т.Рысқұловтың саяси қызметінің кейбір жекелеген тұстары туралы ой-пікір қозғап, тұжырым жасауға ұмтылған авторлардың ішінен: М.С.Бурабаевты24, П.Шермухамедовты25, В.К.Григореьвті26, Н.Жағыпаров пен В.Осиповты27, А.акрамов пен К.Авлиякуловты28 атап өткен жөн. Алайда бұл авторлар Рысқұлов туралы жалпылама пікір айтумен шектелген. Ал тарихшы Т.Омарбеков29 пен Е.А.Прилуцкий30 ғана Т.Рысқұловтың саяси идеялары туралы біршама соны пікірлер білдіре алған.

Т.Рысқұловтың әдеби  бейнесін сомдауда көрнекті жазушыларымыз – М.Әуезов, Ш.Мұртаза және Т.Нұртазин ерен еңбек сіңірді. Қырғыз кинодрамтургтері Болат Шәмшиев пен Суйменқұл Чокмарев бала Тұрардың бейнесін кинода шебер бейнеледі. Ал атақты қазақ жазушылары – С.Сейфуллиннің, Ғ.Мұстафиннің, Ғ.Мүсіреповтың, С.Мұқановтың және т.б. шығармаларынан Т.Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметі туралы қызықты деректер табуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау.  Тұрар  Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде  қалыптасуы.

Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.

 

1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары

 

ХХ ғасырдың бас кезінде  Түркістан өлкесі Ресей империясының отарлы аймағы болатын.  Бұл - өлкенің  жергілікті халықтары отарлы езгі жағдайында күн кешіп, ұлттық кемістушілік пен  құқықсыздықтың сұмдық бұғауында әбден  титықтаған кез еді. «Азаттық», «теңдік», «бостандық» сияқты қасиетті ұғымдардың көмескеліне бастаған уақыты болатын.

Қазақстан мен Орта Азияны (Түркістанды) толық жаула, алғаннан кейін, патша әкімшілігі отарлау саясатын жоспарлы түрде күшейте түсті. Жергілікті халықтардың өкілдері саяси өкімет пен мемлекеттік басқару мекемелеріне жолатылмады. Отарланған аймақты игеру үшін және Ресейдің ішкі аймақтарындағы саяси-әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету мақсатында Түркістан өлкесіне орыс шаруалары мен орыс-казак әскерлерін қоныс аудару қауырт жүргізеле бастады. Қоныс аударушыларды жергілікті халықтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналастырды, ал өлкенің байырғы тұрғындары ата қоныстарынан қуылып, ауа райы қолайсыз, таулы-қыратты, далалы-шөлейт аудандарға ығыстырлды. Патша өкіметі тек 1906-1915 жылдар аралығында  ғана Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақтардан 2462265 десятина жер тартып алып, оны қоныс аударып келген орыстарға бөліп берді31. отаршылар бұл өлкені тезірек «... нағыз орыс жеріне32 айналдыру үшін жанталаса әрекеттенді. 1917 жылы Уақытша үкіметтің басшысы болған А.Ф.керенский 1915 жылдың өзінде-ақ, орыстар мұсылман халықтарына: «... ағылшындар мен француздар өз отарларына қалай қараған болса, солай қарауы тиіс»,33 – деп ұран тастаған болатын.

Патша өкіметі отарлау саясатын бүркелемей, ашықтын-ашық жүргізді. Ол Түркістанның жергілікті халықтарының табиғи өмір салтымен, дәстүрлі мәдениетімен есептеспей, оларға тек отарлық ұанаудың объектісі ретінде ғана қарап, оларды шоқындыруға,  тілінен және ұлттық санасынан айырып, мәңгүрттендіріп жіберуге жанын салды. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Н.А.куропаткин өзінің күнделігінде былай деп жазды: «біз түздіктерді 50 жыл бойы дамудан, мектептен және орыс  өмірінен (яғни прогрессивті мәдениеттен шет қағып келдік»34. Миссионерлер – Оструомов пен Лыкошин мұсылмандарды шоқындырып, орыстандыруға барлық ғұмырын сарп етті. Қоныс аударып келген орыстарды жергілікті халықтардан жоғары қойып, олардың арасында ұлттық өшпенділік отын қоздырып отырды. Жергілікті халыққа «надан», «тағы», өлсе құны жоқ деп қарады. Отаршылар өлкеге аса қатерлі дерт – маскүнемдікті де қоса ала келді. Мысалы, әулиеата уезінің Михайловка селосында тұратын 200 орыс тұрғындары 1913 жылы 5000 шелек, яғни 50000 литр арақ ішкен35. Маскүнемдікке салынған орыс шаруалары өздерін бұратанлардан мәдениеттіміз деп санайтын.

Түркістан өлкесінде  патша әкімшілігі әкімшілік-полициялық басқару жүйесін енгізді: генерал-губернатор – облыстық губернатор – уезд бастықтары. Бұл қызметтерге тек орыстар  тағайындалды. Ал жергілікті халықтардың өкілдерін биліктің ең төменгі сатыларында тұрған қызмет орындарына: болыстыққа, ауыл старшиналығына, қазылыққа «сайлады». Әкімшілік буындарында парақорлық, қызмет бабын өз мақсатына пайдалану сияқты әлеуметтік дерт жайлады. Қара халықтан алынатын салық түрінде есеп болмады. «Орыс шенеуніктері мұнда (Қазақстанда және Түркістанда) не білім дәрежесі жағынан, не жергілікті халықтың қастерлейтінінің барлығын келемеждеу – орыстандыру саясатының айырлмас серігі болды...»36, - деп ашына жазды Ә.Бөкейханов.

Сөйтіп ХХ ғасырдың бас  кезі отарлық езгінің күшеюімен  қатар патша режимінің де іштей  іріп-шіріп, оның саясатының дағдарысқа ұшырап, тығырыққа тірелгенін көрсетті. Төңкеріс пісіп жетіліп келе жатты.

Тұрар Рысқұловтың жастық шағы мен азамат болып қалыптасу жылдары осындай езгі мен ауыртпалық күшейген кезеңге тұспа-тұс келген еді. Т.Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысының Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында өмірі теңдік пен бостандық жолында тайсалмай күреспен өткен көшпелі қазақ шаруасының шаңырағында дүниеге келді. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы өткен ХІХ ғасырдың 80-шы жылдары  патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түлкібас ауданынан) осында қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан жергілікті болысты атып өлтіреді, Сібірге айдалады37. қорғансыз қалған Тұрар туыстарының көмегімен 1907 жылы Меркедегі орыс-түздік бастауыш мектепке түсіп, оны үздік бітіріп шығады. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұастанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько бала Тұрарды шоқындыруға әркететенсе38, Меркедегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады.

1910 жылы Тұрар Пішпектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық  мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы  қазан айында бау-бақша өсіруші  мамандығы бойынша бітіріп шығады. Мектепті бітіріп шыққандығы  туралы куәлігінде барлық пәндер  бойынша жоғары баға қойылған. Қаршадай жасынан әділетсіздікьің, озбырлықтың, теңсіздік пен ұлттық кемістушіліктің ащы дәмін татып өскен Тұрар тез есейді. Мектепті бітіруге жақын қалғанда Тұрардың орыс тілінде мектеп директорына жазған өтінішін оқи отырып, шәкірт баланың табиғи қабілеті  мен зейінділігіне еркісіз қызығасың. «Мен өте үздік оқи алар едім, - деп жазды ол, - өйткені өзімде табиғи ақыл-ой мен дарын барын сеземін, әйтсе де адам ғұмырында сәтті шақтар мен кесе-көлденең кесапаттанр басқалас болғандай ғой, сол бір кесапаттың салдарынан оқуым тығырыққа тіреліп, заңды өсіп-жетілуім күйрей жаздады. Бірақ өзімнің табандылығымның арқасында төбеме төнген бұлтты серпіп тастап, ІІІ кластан бастап іске шындап кірістім»39.  Одан әрі Тұрар өзінің әкеден панасыз қалған қара шаруа қазақтың басласы екенін, арпалыспен білім алғанын, ауыртпалықтан езіліп кетпей бой түзерліктей тіректі білімнен тапқанын, сондықтан да білім алуды одан әрі жалғастыруға көмектесуін өтінеді. Осы өтінішпен қатар архив құжаттарының арасында Тұрардың математика пәнінен жазған бақылау жұмыстары мен орыс әдебиетінен жазған шығармалары да сақталып тұр.

Тұрардың өтініші қанағаттандырылып, оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыр шаруашылығы училищисіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ  училище директоры: «қазақ – номад, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ»40, - деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Тұрар 1915 жылы Ташкентте жаңадан ашылған мұғалімдер институына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады41. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді.

Студент кезінен бастап-ақ ол ұлт-азаттық, революциялық қозғалыстарға  қатысып, жасырын саяси үйірмелердің жұмысына аралас бастады. Саяси әдебиеттерге барынша зейін қойып, зерттейді. Табиғатынан зерек жас теңдіктің күрессіз келмейтінін, азаттыққа апарар жол жеңіл болмайтынын терең ұғына білді.

1916 жылы жазда қазақ  даласында патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ ете түсті. Көтеріліс пашта өкіметінің отарлау саясатының табиғи нәтижесі болатын. 25 маусымдағы майданның қара жұмысына жұмысшы алу туралы патша жарлығы42 көтеріліс отының тұтануына сылтау ғана болды. Жарлық өлкеде 8 шілде күні жарияланды. Алынатындар тізіміне іліну қаупі төнген, әрі Ташкент қаласында басталған толқуларды көрген Т.Рысқұлов инстиуттағы оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Мерке селосына аттанады43.

Патша өкіметі орыс жұмысшыларына  қарағанда түздіктерді еркін пайдалануға болатын көнбіс, «тегін» күш деп санады. «Орыс қаруының» алдында түздіктердің қауқарсыздығына сенімді болған патша әкімшілігі жұмысшыларды жинауға шұғыл түрде кірісіп кетті»44, - деп еске алады Т.Рысқұлов көтеріліс тарихы туралы еңбегінде. Бірақ жер-жерде пашта жарлығына наразылық басталды.

Түркістан өлкесінен  қара жұмысқа алынуы тиісті 220000 адамды генерал-губернатор Н.А.Куропаткин өз әмірімен облыстар бойынша былайша  бөлді: Сырдария облысынан – 60000, Самарқант  – 32407, Ферғана – 51233, жетісу – 43000 және Закспий – 13830.  «Мақта өсіретін аудандардың мүддесін қорғау» мақстаныда артынан Самарқант пен Сырдария облыстарынан алынатын адам санын 40000-ға қысқартып, бұл адамдар мақта өсірумен шұғылданбайтын көшпелі халық мекендейтін жерлерден қосымша алынуы тиіс деп белгіленді45. Міне сондықтан да көтеріліс негізінен көшпелі аудандарды қамтып, мұнда кескілескен сипат алды.

Әулиеата уезінен 22675 жұмысшы алынуы тиіс болатын46. Нұсқау бойынша тыл жұмысынан: болыстық, селолық және ауылдық басқармалардың қызметкерлері, түздіктерден шыққан төменгі полиция шенеуніктері, имамдар, молдалар мен медресе шәкірттері, орта қызметтегі түздіктер, дворян құқын пайдаланушы түздіктер және ауқатты тұқымның құрметті азаматтары, сондай-ақ өзі құрметті азамат лауазымын пайдаланушылар босатылды.  Әулиеата уезінің уезд бастығы  полковник Суплатовтың басшылығымен уезде жұмысшы жинастырыла бастады. Патша өкіметінің  қара халықты зорлықпен майданғаи қара жұмысқа жинау әркетіне қатты ашынған халық арасында толқулар басталып, ел қарулана бастады. Өлкеде Түркістан генерал-губернаторының бұйрығымен әскери жағдай енгізілді. Халық толқуы қаруланған көтеріліске ұласты. Қазақ жасақтары Мерке селосы мен болыстағы басқа да орыс елді мекендеріне шабуыл жасап, қарулы қақтығыстар өрши түсті. Шошынған уезд бастығының нұсқауымен поселкелердің орыс шаруаларына қару үлестіріліп берілді.

Т.Рысқұлов Меркеге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Көтеріліске шыққан халықтың нашар қаруланып, жүйелі түрде ұйымдасқан іс-қимыл көрсете алмауы олардың қарсыласу мүмкіндігін шектеп, ұрыс даласында орасан зор құрбандықтарға ұшырауына алып келді. Ұйымдастырушылық қабілеті зор, саяси сауатты Т.Рысқұлов көтерілісшілер арасында тез бедел мен сенімге ие бола бастады да көп ұзамай ол көтерілісшілердің саяси басшысына айналады. Көтерлісішілердің патша үкіметінің жазалаушы бөлімдерімен болмай қоймас қақтығыстарын сезе білген Т.Рысқұлов оларды ұйымдасқан іс-қимыл жасауға, ұсақ топтармен әрекет істемеуге уағыздайды, негізінен патша әкімшілігіне қарсылық көрсетіп, орыс шаруаларына тиіспеуге кеңес берді. Менің қатты қауіптенген нәрсем, деп жазады кейін өз естелігінде Т.Рысқұлов, патша  әкімшілігінің орыс шаруаларын қазақ жасақтарына қарсы айдап салар арандатушылығы болды, ал мұндай жағдайда көтерілісшілердің жағдайы тіпті шиелінісіп кетер еді47. Ол көтерілісшілер көп шоғырланған жерлерде жиын өткізіп, империалистік елдер арасында жүріп жатқан соғыстың әділетсіздігін айыптайды, патша өкіметінің, жергілікті әкімдердің саясатын әшкерлеп,     халықты түрліше арандатушы тыңшылардан сақтандырды. Т.Рысқұлов осы ауданда әрекет етіпжүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әркетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағыт-бағдар сілтеді.

Меркедегі көтерілістің өршіген кезінде Т.Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әректінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. Саяси қызметпен айналысуға қатаң тыйым салынады48. Түрмеден босаған Тұрар бір айдай қатты науқастанып, көтерілісшілерге қол ұшын бере алмай қалады. Бұл кезде пашта әскері көтерілісшілерді талқандап, жер-жерде жазалаушы отрядтар халықты қуғын-сүргінге түсріпі, қатты жазалауға кіріскен болатын. Т.Рысқұловтың саяси күреске қайта кіріскенін сезген полиция оны тұтқындау мақсатымен тінту жүргізе бастаған кезде, ол жасырын түрде Ташкентке кетуге мәжбүр болады.

1916 жылғы ұлт-азаттық  көтеріліс Т.Рысқұловқа ащы болмыстың  бар қыр-сырын ашып берді, оны  туған халқының тағдыры налытты,  азаттық жолындағы күреске белді  бекем байлап кірісу қажеттігін ой-санасына ұялатты. Ол үшін зор даярлық, ұйымдасқан күш қажет еді. Енді Тұрар бар күш-жігерімен отарлық  бұғаудағы туған халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын, мәдени өмірін зерттеп білуге, патшаның отарлау саясатының қыр-сырын тереңірек тануға құлшына кіріседі.

Ресейде патша өкіметін жойған 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық революциясынан кейін құрылған Уақытша  үкімет Түркістан өлкесін уақытша басқару ісін сол жылы 6 сәуірде ұйымдастырылған Түркістан Комитетіне тапсырды. Комитеттің құрамына:  Н.Н.Шепкин (төрағасы),  Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Мақсұтов, В.С.Елпатьевский, А.Л.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкапский және Ә.Дәулетшин кірді49. комитет құрамы артынан біршама толықтырылды. Уақытша үкімет патша үкіметінің қолынан отарлау мен езудің, саяси көлгірсу мен жалған ұрандардың туын қабылдап алған саяси мұрагер болып шықты. Түркістан Комитеті өлкені басқару жүйесінде айтарлықтай өзгеріс жасай алмай, тек мардымсыз шаралармен ғана шектелді. Мысалы, Сырдария облысының әскери губернаторының орнына жаңадан облыстық комиссар болып бұрынғы уезд бастығы подполковник Тризнаны тағайындады. Уезд комиссарлары болып негізінен ескі патша шенеуніктері мен бұрынғы приставтар бектілді. Қышлақтар мен аудандарда билік бұрынғы болыстық басқармалар мен ақсақалдардың қолында қалды50. Алайда Түркістан Комитетінің кейбір мүшелері, атап айтқанда, ӘБөкейханов, М.Тынышпаев және О.Шкапский 1916 жылы қырғынға ұшыраған халықтың жағдайларын жеңілдету үшін айтарлықтай еңбек етті.

Т.Рысқұлов пен Түркістан  Комиетінің ара қатынасы ерекше зер қоя қарастыратын мәселе. Сақталып қалған архив материалдарының арасынан Тұрардың Түркістан Комитетімен қарым-қатынасын көрсететін құжаттар табыла қоймады, ал жанама құжат деректері  нақты пікір айтуға негіз бол алмайды.солай бола да сяаси оқиғалар барысынан оның шет қала алмағаны айқын. Бұл мәселе бойынша мынандай тұжырым жасауға болады: 1917 жылы жазда Т.Рысқұлов Түркістан комитеінің құрамындағы жергілікті ұлт өкілдерімен байланыс жасап, оған сенім білдіріліп, Т.Рысқұловты Сырдария облысына жетекші өкіл етіп тағайындау туралы сөз болады. Артынан Т.Рысқұлов бұл Комитеттен мүлдем қол үзіп, большевиктерге қосылады, оған түрткі болған көптеген объективті себептің бірі – Түркістан Комитетінің өлкеде орын алып отырған саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарысты, шиленіскен ұлт мәселесін шешуге қабілетсіздігі болс акерек. Т.Рысқұлов Уақытша үкіметтің табиғатын тез түсінді, бұл үкіметтің езгідегі туған халқын теңдік те, бостандық та алып келмесіне көзі жетті.

Информация о работе Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері