Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:33, дипломная работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11

І-тарау. Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы.
Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41
1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22
1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65
2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51
2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69

СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80

Вложенные файлы: 1 файл

рыскулов.doc

— 340.00 Кб (Скачать файл)

1918 жылы 10 маусымда Әулиеата қаласына  кеңестердің бірлескен съезі  шақырылды. Т.Рысқұлов уездік  комиссарларға жіберген бұйрығында съездің күн тәртібіне қазіргі кезде уезде қалыптасып отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайды талқылау және азық-түлік мәселелерін реттеу жолдарын қарастыру сияқты маңызды мәселелердің кіргізілетінін хабарлайды. Алдағы съезге даярлану мақсатымен сол күні өткізілген уездік кеңестің мәжілісі бұрынғы төраға С.А.Федоров-Завадскийдің есепті баяндамасын талқылайды. Онда уездегі кедей, ашыққан халықтың мұқтажы үшін тұрғындардың ауқатты бөлігінен заттай-ақшалай салық алудың барысы қаралды. Уездің түздік ауқатты тұрғындарынан 10 млн. сом, ал Әулиеата қаласының ауқатты орыс тұрғындарынан 300 мың сом көлемінде салық алу жоспарланғанымен де, ал шын мәнінде жергілікті байлардан 75656 сом ғана алынып, салықтың қалған бөлігін жинауға тыйым салынған. Келіп түскен қаражаттың жұмсалуын құрамында Рысқұлов, Ерофеев, Черноволов бар комиссия тексеріп шығады. Кіріс пен шығыстың және қолда жұмсалмай қалған қаражаттың нақты есебінде үлкен өрескел бұрмалаушылық жіберілгені анықталынды.

1918 жылы 10-16 маусым аралығында Әулиеата  қаласында болып өткен қазақ өкілдерінің уездік съезі ауыл кеңестерін ұйымдастыру, қазақ тілінде газет шығару, аштарға көмек беру туралы және т.б. шешімдер қабылдады. Уездік атқару комитетінің төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов  съезде арнайы баяндама жасап, аштан қырылып жатқан халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін ауқатты адамдардан алынар салықтар туралы өз жоспарын ұсынады. Қазақ өкілдерінің уездік съезімен бір мезгілде жұмыс істеген уездік жұмысшы, шаруа, солдат және мұсылмандар депуттарының съезі Әулиеата уезінде жаңа өкіметтің органдарын қайта құрып, нығайту туралы кең көлемді бағдарлама қабылдады. Жаңадан ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, қаржы, сауда, азық-түлік және әскери іс бойынша уездік комиссарлар тағайындалды. Халық шаруашылығы кеңесі мен ұлт істері бойынша уездік комиссариат ұйымдастырылды. Уақытша үкімет тұсында «мұсылман комитеттерін» құрған уездің жергілікті халықтары енді өздерінің мұсылман депутаттарының кеңесі арқылы, ал қазақ депутаттарының кеңесі де осындай жолдармен келіп, уездегі біртұтас кеңестер жүйесіне бірікті. Осылайша, уезде жұмысшы, шаруа, солдат және қазақ депутаттарының біртұтас кеңестері қалыптасты. Бұл оқиға уездегі саяси дағдарысты, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарды бірлесіп шешуге деген ниет пен іс-әрекеттің ұштасқандығын көрсетті.

Біріккен съезде уездің қоғамдық-әлеуметтік және экономикалық жағдайын сауықтыру  шараларына ерекше көңіл бөлінді. Ең күрделі де маңызды, кезек күттірмейтін мәселелердің бірі – халықты аштықтан құтқарып қалу болатын, ол туралы Т.Рысқұлов  баяндама жасады. Көрсетілер көмектен үміттеніп, Әулиеата қаласы мен қала маңындағы елді мекендерге шоғырланып қалған аштарды кең көлемде жайыла бастаған  жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін Т.Рысқұлов оларды өз болыстарына қайтарып, аштықпен күрес ісін жергілікті жерлердің өзінде ұйымдастыруды ұсынды. Ол үшін әр аш адамға қоғамдық қордан ақшалай және азық-түлікпен көмектесу, өз үйлеріне жеткенге дейін көлікпен қарайласу қажеттігін ескертті. Аштық зардабын сезінбей, шаруашылығы мығым отырған ауқатты адамдарға аштардың бір бөлігін асырау міндетін жүктеуге шақырды. Аштардың ең әлсіз бөлігін мүмкіндігінше қоғамдық тамақтандыру органдарына жөнелту қажет деп есептеді. Уездегі барлық мекемелер мен өндіріс орындарына, сауда ұйымдарына, театрлар мен т.б. да мәдени ұйымдарға аштарға көмектесу қорына өз табыстарынан үлес аударып отыру міндеті жүктелді. Съезд Т.Рысқұловтың талаптары мен ұсыныстарын толығымен мақұлдап бұл мәселелер бойынша арнайы шешімдер қабылдады.

Аштықтың салдарынан уездегі жергілікті халықтың қатты қырылып, санының азайып кеткендігі соншалық, ендігі жерде бұрынғы әкімшілік-аумақтық жүйе бойынша басқаруды өзгертуге тура келді. Мемлекет тамақ іздеп, жан сауғалап босып кеткен халықтың есебін ала алмады. Сондықтан да Т.Рысқұлов уездегі халықтың жағдайын нақты біліп отыратын, қысқарып, ықшадалған әкімшілік-басқару аппараттарын жаңадан ұйымдастыруды және тұрғындары азайып кеткен болыстарды өзара біріктіруді ұсынды. Осындай жағдайда бюрократиялық басқару аппаратына жұмсалатын шығындарды қысқартып, босаған қаржымен аштарды қосымша тамақтандыруға мүмкіндіктер ашылар еді. Ол болыстарды біріктіру кезінде, ашыққан қазақтар мен қарулы орыс шаруаларын бір болысқа біріктірмей (онда бұл орыс шаруаларының түрліше арандатушылардың ықпалымен ашыққан қазақтарды жәбірлеп, қырып салу қаупін туғызар еді), қайта жер-су комитеттері арқылы жеке-жеке біріктіруді ұсынды. Бұл ұсыныс саяси көрегендік болатын Т.Рысқұловтың табанды талап етуімен съезд ашыққан қазақтарды салықтың барлық түрінен босату туралы шешім қабылдады.

Съезде уездік атқару комитетінің  жаңа құрамы сайланды: оған барлығы 16 мүше (8 мүше орыс фракциясынан, 8 мүше мұсылмандар  өкілі) кірді. Атқару комитетінің төрағасы болып – С.Хмелевский, ал бірінші  орынбасарлығына – Ерофеев, екінші орынбасар болып - Т.Рысқұлов сайланды. Комитет мүшелерінің 6-уы большевиктер партиясының, 6-уы солшыл эсерлер партиясының өкілдері еді.

Дегенмен Әулиеата уезінде халықты  азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы күннен-күнге ауырлай түсті. 1918 жылы 15 маусымда Әулиеата уездік кеңесі Т.Рысқұловтың ұсынысы бойынша арнайы қаулы қабылдайды, онда: «... Әулиеата уезінен басқа уездер мен облыстарға нан мен басқа да тағамдары, сондай-ақ малды және күнделікті тұтынатын заттардың барлық түрін әкетуге тыйым салынып, қатаң қадағалансын»76, - деген талап қойылды. Қаулыға сәйкес уездің аумағында азық-түлік жинау, сатып алу және басқа уездерге тасымалдау  ісіне қатаң бақылау орнатылып, алыпсатарлыққа, түрліше іріткі салу әрекеттеріне тыйым салынды.

Әулиеата уездік кеңесінің есепті баяндамасында 1918 жылдың мамыр-маусым айларында мынандай атқарылған жұмыстар атап көрсетілген: уездік учаскелік емдеу орталығы ашылып, оның тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етілді; үш елді мекенде (Грозный, Мерке, Новотроицк) жұқпалы ауруларға қарсы күресетін орталықтар ашылды; уезде тырысқақа ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді; санитарлық жұмыстардың сметасы жасалынып, бекітілуге ұсынылды; бүкіл уезді дәрігерлік және малдәрігерлік көмекпен қамтамасыз етудің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеп, ол бекітлуі үшін Ташкентке жіберілді77. Осы маңызды шаралардың көбі Т.Рысқұловтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылды.

1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік  кеңесі өзінің ең белсенді  мүше ретінде Т.Рысқұловты Ташкент  қаласында шақырылған Түркістан  Республикасы уездік  кеңестері төрағаларының І съезіне өкіл етіп жібереді. Ал, 1918 жылы 30 сәуірде Ташкент қаласында болып өткен V Жалпытүркістандық кеңестер съезі Түркістан АССР-ін (Түркістан Республикасын) жариялаған болатын. Оның құрамына бұрынғы Түркістан губерниясының аумағы кірген еді. Съезд республикада қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және әскери жағдайды талқылады. Орталық және жергілікті атқару комитеттерінің жұмысы қаралды. Съезд делегаттарының Түрікатком мен ХКК-нің өкілдерімен бірлесіп өткізген 1918 жылғы 19 шілдедегі мәжілісінде Т.Рысқұлов Ашхабадта 11 шілдеде  басталған контрреволюциялық бүлікке байланысты өз ойларын білдіреді. Бүлікті басу үшін қарулы күшке емес, негізінен үгіт-насихат жұмыстарына арқа сүйеу қажет екенін баса айтты78.  Ашхабадтағы бүліктің асқына түсуіне байланысты 19 шілдеде съезд өз жұмысын тоқтатады да, Т.Рысқұлов жедел Әулиеата қаласына оралады. 26 шілдеде Т.Рысқұлов Әулиеата уездік атқару комитетінің мәжілісінде өзінің спары туралы хабарлама жасайды. Съездің барысына, ол қабылдаған шешімдерге, алдағы атқарар істерге тоқталады.  Т.Рысқұловтың үлкен мән бере айтқан мәселесі – контрреволюциялық күштердің жандана бастаған жағдайында  Әулиеатада кеңес өкіметінің негізін нығайту шаралары болды. Азамат соғысы жағдайында кеңес мекемелеріне қандай іс-әрекет жасау қаеттігі қозғалды79. Уезде жаппай өршіп отырған қылмысқа және экономикалық құлдырауға қарсы бағытталған нақты шараларды іс жүзіне асырмай тұрып, уездік кеңестің сол жылғы 10 тамызға шақырылған съезін кейінге қалдыра тұру керектігін мәлімдейді.  Оның бұл ұсынысы қабылданды. Мәжілісте сондай-ақ, ауылдар мен селоларда, болыстарда кеңестердің жағдайын нығайту, жер-су комитеттерін ұйымдастыру туралы шешімдер қабылданды80.

Т.Рысқұлов 1918 жылы шілде айының ортасында  Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Әулиеата уездік комиссары И.Семихвостов 1918 жылы 3 тамызда Сырдария облыстық кеңесіне жолдаған №1556-шы есепті мәліметінде (шілде айының есебі) былай деп жазған: «1) Әулиеата кеңесінің атқару комитетінде мынандай өзгерістер болды: Хмелевский бұрын жергілікті лазереттің меңгерушісі болған кезінде істеген істері туралы есеп бергенге дейін бұл қызметінен алынып, оның орнына төраға болып Рысқұлов сайланды». С.Хмелевский қызмет бабында қылмыс жасаған деп айыпталынып уақытша орнынан алынған, бірақ қызметіне қайта оралмаған. Сонда Т.Рысқұлов Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып 1918 жылы шілде айының екінші жартысында, шамамен 20-на сайланған болып шығады, бірақ өкінішке орай, архив құжаттарының арасынан мәжілістің тиісті хаттамасы табылмады, сірә төраға С.Хмелевскийдің қылмыскер деп айыпталуына байланысты жойылып жіберілген болуы мүмкін. Төраға болып атқару комитетінің ең жас, ең беделді, зор ұйымдастырушылық қабілетімен, саяси көрегендігімен, таусылмас ерік-жігерімен ерекшелене бастаған мүшесі - Т.Рысқұловтың сайлануы уақыт талабы болды.

Жаз айларында қуаншылықтың күшеюіне байланысты ашаршылықтан әбден есеңгіреген  көшпелі қазақтар орыс шаруалары мұндай іспен айналысқан қазақтарды ешбір сотсыз, тергеусіз-ақ ұстап алып, соққыға жығатын, не табан астында атып тастайтын. Осындай өз бетімен жазалау фактілерінің уезде кең етек ала бастауына қатты алаңдаушылық білдірген Т.Рысқұлов қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатымен 1918 жылы 8 тамызда  атқару комитетінің арнайы мәжілісін шақырады. Мәжілісте Т.Рысқұлов атқару комитетінің мүшелеріне ашыққан қазақтардың мұндай келеңсіз істеріне кешіріммен қарау керектігін, оларды осындай іс-әрекетке тағдыр тәлкегі итермелеп отырғанын ашына айтып түсіндірді. Ал, орыс шаруаларының басбұзарлығы қатты айыпталынады, өйткені олар 1916 жылғы көтерілісті басып-жаншығаннан соң патша үкіметі тарапынан орасан зор көмек алғанын, сондықтан да аштықтың құрсауына ілінбей, тұрмыстары едеуір күйлі екенін ескертті. Келеңсіз іспен айналысқан қазақтарды орыс шаруаларының өз бетімен жазалауларын тыю үшін арнайы жариялаған 1918 жылғы 13 мамырдағы №29-шы қаулының 7-бабының қатаң орындалуын талап етті.  Мәжіліс қабылдаған қаулыда: аштық негізінде орыс шаруаларының егістігі мен малдарын тонаған қазақтарды қылмыс үстінде ұстап, таяу маңдағы селолық, не ауылдық, не болыстық комиссарға жеткізу, оларды ес жиып, әлденуі үшін тамақтандыру, артынан қылмысты іс қозғау, ал тым әлсіздерін қоғамдық  тамақтандыру орындарына жөнелту; қылмыс болған жерге өкімет мекемелерінің қызметкерлері мен комиссарлар шұғыл түрде жетіп, келтірілген  мүлік шығынын анықтап, қорытындысын заң орнына беру; селолық және болыстық комиттердің  төрағалары мен комиссарлары өз беттерімен жазалуын қатаң тыюға міндетті екендігі атап көрсетілді.

Патша заманындағы үстем жағдайларынан  айырылғысы  келмеген уездегі орыс кулактары Дмитриев селосында ресми  өкіметке бағынғысы келмейтінін  мәлімдеп, оның қаулылары мен жарлықтарын  орындаудан бас тартады. Ашыққан қазақтар мен армияға қажетті азық-түлік салығын төлеуден жалтарады. Т.Рысқұлов 30 шілдеде Дмитриев бүлігін басу үшін А.Давыдовтың әскери  бөлімшесін басқарып барып, негізгі операцияны іске асырушы З.М.Романенконың бөлімшесіне көмектеседі. Бүлік басылып, орыс кулактары азық-түлік  салығын төлеуге мәжбүр етілді. Уездің түрліше аймақтарында орын ала бастаған осындай бүліктерден сақтану үшін Т.Рысқұлов 13 тамызда атқару комитетінің арнайы мәжілісін шақырып, онда қайталануы мүмкін осындай бүліктерді басуға тыңғылықты даярлану, ол үшін уездегі большевиктер мен солшыл эсер партиясының мүшелерін қаруландырып, арнайы әскери бөлімшелер құру туралы шешімдер қабылданды.

Әулиеата уезінің экономикалық жағдайын жандандыру мақсатымен Т.Рысқұлов 1918 жылы 14 тамызда уездік Халық шаруашлығы кеңесін қайта ұйымдастырып, оның құрамында: халық шаруашылығы, азық-түлік, жер шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерін ашты81.  Уездік ХШК өз қызметі туралы уездік кеңестің алдында есеп беріп отырды.

Т.Рысқұлов басқарған Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті өте ауыр жағдайда жұмыс істеді. Оған түрліше объективті қиыншылықтармен қатар, мемлекеттік мекемелердің барлық  жүйесін қамтыған алып-сатарлық,  парақорлық сияқты әлеуметтік дертпен де  күресуге тура келді. Мысалы, Әулиеата уездік орыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ететін комитеттің төрағасы И.Тыщенконың мемлекет қазынасынан 27349 кез мата ұрлап, оны саудагерлерге сатқаны анықталынды. Жауапкершіліктен қорыққан Тыщенконың өзі қашып кетеді. Т.Рысқұловтың ерекше қимылдап, ұрыны тез арада қолға түсіру туралы жасаған шараларының арқасында қылмыскер ұсталып, дүние-мүлік қазынаға қайтарылды82. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат кез-клген істе өзінің оралымсыздығы мен жауапсыздығн көрсетіп отырды. Мысалы, Т.Рысқұловтың  тікелей басшылығымен 1918 жылы 16 тамызда Әулиеата қаласында баспанасыздар мен жетім балалар үшін мемлекеттің қамқорлығына алынған арнайы үй ашылған болатын. Бұл істің маңыздылығын кең түрде уағыздап отыру мақсатымен Т.Рысқұлов атқару комитеті мен басқару аппаратының барлық басшыларын ұйымдастырылып жатқан арнайымәжіліске шақырады. Ал мемлекеттік бюрократиялық басқару аппаратының кейбір басшылары бұл іске қырсыздық танытқан кезде, Т.Рысқұлов оларды өзінің Әулиеата қалалық милиция бастығына жолдаған №3621-ші бұйрығымен жиналысқа келуге күшпен мәжбүр еткен.

Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Т.Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалан білуге мәжбүр етті. Қолда бар күш-көлік, азық-түлік пен қаржының қорын талай рет қайта есептеп, бөлуге тура келді. 1918  жылы 27 тамызда Т.Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3000000 сом салық төлеттірсе, қаланың мұсылман капиталистерінен де ірі мөлшерде  салық алынған. Сол жылы 17 тамызда  уездің  бірқатар болыстары шаруаларының өкілдері Меркеге жиналып, сұрапыл аштықтың бетін қайтару үшін уездегі ауқатты адамдарға  заттай және ақшалай  салықтар салу туралы өз шешімдерін қабылдаған болатын.  Бір ғана Мерке капиталистерінен 237500 сом салық алу  көзделді. Мұндай төтенше шаралар уездегі ашаршылықпен күрес ісіне зор пайда  келтірді.  Уездік кеңестің азық-түлік  бөлімнің 1918 жылы 15 тамызда бектікен астық даярлау жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың күзі мен келер жылдың астық мөлшері 1113000 пұт деп белгіленген. Құжатта 1917-1918 жылдардың сұрапыл ашаршылығынан уездің көшпелі қазақ халқы арасындағы өлім саны 60 мың адам болғаны көрсетілген. Келер жылға арналған астық даярлау жоспары бойынша әр орыс тұрғыны үшін  тәулігіне 1 фунт, ал қазақ тұрғындары үшін 0,5 фунт беру көзделген. Бұл көрсеткіш көшпелілердің негізінен ет тағамдарын пайдаланатынына есептеліп жасалған. Уездегі 42 мың орыс халқының тек өте кедейленген бөлігі, яғни 14 мыңдайы ғана азық-түлік комитеттерінің көмегіне зәру блса, ал  235000 қазақ тұрғындарының 60 мыңдайы ауқатты, өз күнін өзі көре алатын адамдар қатарына жатқызылып, қалған 175 мыңы аш-жалаңаш, босқындар категориясына кіргізілді.

Информация о работе Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері